Пәннің атауы: «Өзін-өзі тану» - 2 кредит
1. Өзін-өзі танудың мәні:
A.Ішкі үйлесімділікке, психологиялық кемелдікке ие болу құралы
B. Организмнің ішкі күйлерінің қасиеттерін тұтастай бейнелеу
C.Организмнің ішкі күйлерінің жеке қасиеттерін бейнелеу
D. Есте сақталған мәліметтерді қайта санаға келтіру
E. Түрлі әсерлерді, бейнелерді, әрекеттерді бейнелеу
2. Өзін-өзі тану – бұл:
A.Тұлғалық, интеллектуалдық ерекшеліктерін тану
B. Өзіне қатысты құбылыстардың мәнін тану
C.Өзін қоршаған заттардың түрлі қасиеттерін тану
D. Өзін қоршағанның бәрін жанама түрде бейнелеу
E. Өз санасында ұмытылған нәрселерді қайта байланыстыру
3. Өзін-өзі қабылдау - бұл:
A.Өзінің жағымсыз және жағымды қасиеттерін мойындау
B. Өзінің қате пікірін мойындау
C.Өзіне қатысты өзгенің қателігін мойындау
D.Өзіне қатысты ережелерді мойындау
E. Өзіне айтылған сынды мойындау
4. Өзін-өзі қабылдау пайда болады:
A.Әлсіз санайтын қасиеттеріне позитивті эмоциялық қатынас негізінде
B. Өзінің жетістіктеріне жағымды қатынастың негізінде
C.Өзінің табыстарын мақтан тұтудың негізінде
D. Өзінің кемшіліктерін сынаудың негізінде
E. Өзін өзгелермен салыстырудың негізінде
5. Өзін-өзі төмен бағалау көрінеді:
A.Өзінің күші мен қабілетіне сенімсіздіктен
B. Қалай да болмасын мақтауға ілігуге ұмтылудан
C.Табысқа жетуге тырысудан
D. Сынға төмен сезімталдықтан
E. Жасырын агрессияны қолданудан
6. Өзін-өзі жоғары бағалау көрінеді:
A.Өзгелерден ерекшеленіп көрінуге тырысудан
B. Өзінің күші мен қабілетіне бейтарап қараудан
C.Мектепке жағымсыз қатынасынан
D. Педагогтарға жағымсыз қатынасынан
E. Құрдастарына жағымсыз қатынасынан
F) Өз позициясы мен қызығушылығын өзгелердікінен жоғары қоюдан
7. Өзін-өзі түсіну байқалады:
A.Өзінің күйзелісін, мақсаттарын, ойларын нақты, толық түсінуден
B. Өзіне қатынасында өзге адамдарды жіктеп қабылдаудан
C.Өзіне қатынасында өзге адамдарды дұрыс, толық қабылдаудан
D. Өзінің таным процестерін толық басқарудан
E. Өз өмірін өзінше сүруге жаупкершілігін сезінуден
8. Өзін-өзі жетілдіру – бұл:
A.Бұрын қолынан келмеген іс-әрекеттерді меңгеруге ұмтылуы
B. Өзінің «сыртқы Менін» қанағаттандыруға ұмтылу
C.) Өзінің «ішкі Менін» тежей білу
D. Физиологиялық қажеттілігін қанағаттандыруға ұмтылу
E. Органикалық қажеттілігін қанағаттандыруға тырысу
9. Өзін-өзі дамыту – бұл:
A.Өз өмірінің нағыз субъектісі болуға түбегейлі қабілеті
B. Өзін-өзі ынталандыру қабілеті
C.Өзінің қылықтарын басқару қабілеті
D. Әлеуметтік ортада өмір сүруге даярлану қабілеті
E. Айналадағы заттарды субъективті бейнелендіру қабілеті
10. Тұлғаның есеюінің көрсеткіші және оған қол жеткізудің маңызды шарттары:
A.Өзін-өзі дамытуға, жетілдіруге, танытуға қажеттілік
B. Өзін-өзі жоғары ұстауға ұмтылу
C.Өзін қайткенде де сыйлатуға ұмтылу
D.Өз беделін арттыруға қажеттілік
E. Өзін-өзі тежей білуге тырысу
11. Шығармашылық – ол:
A.Стандартты дүниелердің ауқымындағы жаңаның тууы
B. Ар-ұят, ұждан сияқты қасиеттердің дамуы
C.Маңызды әлеуметтік қажеттілік
D. Өзгелердің кейбір қылықтарына байланысты көңіл-күйін білдіру
E. Өзгелермен қарым-қатынасқа қажеттіліктің бірі
12. Шығармашылыққа оятатын күш болып табылады:
A.Қалыптан тыс стимул мен жағдаяттардың тууы
B. Түзетпей, асығыс қорытынды жасамай тыңдаудың қалыптасуы
C.Тәртіп пен ережені бұлжытпай сақтауға дағдылану
D. Ішкі сезіміне сенімнің пайда болуы
E. Дене әрекетсіздігінің ұзаққа созылуы
13. Кез келген іске шығармашылықпен қарау мүмкіндік тудырады:
A.Өзінің жан дүниесін ашуға
B. Заттар мен құбылыстардың сырын ашуға
C.Ерлікке тәрбиелеуге
D. Адалдық пен әділеттілікке баулуға
E. Өзіндік санасын өзгелерге мойындатуға
14. Адамның өзін-өзі тануында білімнің рөлін атап көрсеткен қазақ ағартушы-ғалымдары:
A.А.Құнанбаев, Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин
B. Ө. Жолдасбеков, И.Тайманов, Ы. Ноғайбаев
C.Қ.Сәтбаев, Ә. Қастеев, Ш. Айманов
D. М. Өтемісұлы, Д.Нұрпейісова, А.Ғалымбаева
E. Б. Момышұлы, Н. Құлжанова, Ә. Шәріпов
15. Жүрек қалауымен мамандық таңдауда сізге көмек көрсете алады:
A.Ата-анаңыз, мұғалімдер тәжірибесі мол мамандар
B. Хисса-дастандардағы кейіпкерлер
C.Ертегі кейіпкерлері
D. Аңыз кейіпкерлері
E. Бейтаныс адамдар
16. Сүйікті ісіңізбен айналысу мүмкіндік тудырады:
A.Тез арада өз салаңызда озық маман болуға
B.Тез арада билікке қол жеткізуге
C.Тез арада лауазымыңыздың өсуіне
D.Өзіңізді бәрінен жоғары сезінуге
E. Өзіңізді бәрімен теңдей сезінуге
17. Мен - тұжырымдамасы - болуы мүмкін:
A.Жағымды, жағымсыз, екіұшты
B. Сәтті, сәтсіз
C.Әділетті, әділетсіз
D. Бейтарап
E. Икемсіз
18. Адамның ішкі жан дүниесінің мазмұнын құрайды:
A.Сана, бейсана, тұтастай психика
B. Тітіркену, бейімделу
C.Қимыл-қозғалыс, жүріс-тұрыс
D. Қобалжу, мазасыздану
E. Ойлану, қиялдау
19. Махаббат мүмкіндік береді:
A.Барлық жағымды шығармашылық күштің оянуына
B. Адамда идентификацияның пайда болуына
C.Адамда инстинкттердің сақталуына
D. Адамда интуицияның оянуына
E. Адамда шартты рефлекстің қалыптасуына
20. Абайдың пікірінше, руханилық - адам бойына
A.Кітаптар, халық аңыздары мен өнер, рухани тәжірибе арқылы сіңеді
B. Органикалық, биоогиялық қанағаттанумен сіңеді
C.Материалдық заттар, көңіл-күйлер арқылы сіңеді
D. Қызықты құбылыстар арқылы сіңеді
E. Іс-әрекет, қимыл-қозғалыс арқылы сіңеді
21. Ш.Уәлихановтың пікірінше, халықтың, адамның адамгершілігі жоғары болады:
A.Бостандық, теңдік, тәуелсіздік алған кезде
B. Денсаулығы мықты болған кезде
C.Материалдық байлыққа жеткен кезде
D. Автономдық алып, билігін жүргізген кезде кезде
E. Өзгеге арқа сүйеген кезде
22. Адам өзінің ішкі дүниесін көрсетеді:
A.Қылықтарымен, сөзімен, әрекеттерімен
B. Тақпақ жаттауымен, өлең айтуымен
C.Ойын ойнауымен
D. Би билеуімен
E. Аң аулауымен
23. Тұлғаның руханилығының қалыптасуында ерекше рөл атқарады:
A.Өнер, ғылым, діни сенім
B. Экономика, саясат
C.Кездейсоқ жағдаяттар
D. Ерік күші
E. Іргелес ассоциациялар
24. Адамдар арасындағы қарым-қатынастың мәні:
A.Келісімде өмір сүре алу және соған талпыну
B. Өзінің материалдық байлығымен бөлісу
C.Лауазымын өсіруге талпыну
D. Байлықта өмір сүруге талпыну
E. Әлеуметтік жағдайын жақсартуға талпыну
25. Дәстүрлі қазақ мәдениетінде қарым-қатынасқа қажеттілік анық көрінеді:
A. Тату көршіліктен, қонақжайлылықтан, тілектестіктен
B. Тұйықтықтан, қабылдамаудан
C.Бытыраңқылықтан, жүзге, руға бөлінулен
D. Сенімсіздіктен
E. Агрессивтіліктен
26. Қазақстандағы қарым-қатынас мәдениеті жақын:
A. Тұлғааралық, эмоциялық қатынастарды құруға және толеранттылыққа
B. Ресми немесе бейресми қарым-қатынасқа
C. Тұғырлық қарым-қатынасқа
D. Рөлдік қарым-қатынас мәдениетіне
E.Іскерлік қатынастарды құруға
27. Адамдар арасындағы түрлі қашықтықта қарым-қатынас зонасы (аумағы):
A.Көпшілік және жеке зона, әлеуметтік және интим зонасы
B. Ыңғайсыз және ыңғайлы зона
C. Мәдени зона және ресми зона
D. Арнайы зона
E.Бейресми зона
28. Кез келген дау-дамай жағдаятында болады:
A.Жеңімпаздар,жеңілгендер
B. Табыстылар,бақылаушылар
C.Бақылаушылар, жәбірленушілер
D.Бақылаушылар, келісушілер
E.Жеңімпаздар,бақылаушылар
29. Қарым-қатынас мәдениеті өзіне ендіретін механизмдер:
A.Тыңдау, есіту,қарау, көру, рефлексия, эмпатия
B. Эмпатия, қайталау, кінәләушылық
C. Көру, есіту
D. Қарау, тыңдау
E. Рефлексия, қайталау
30. Отбасында сүйіспеншілікке бөленген адамда дамитын сапалар:
A.«Қажеттілік» комплексі, альтруизм, мейірімділік, эмпатияға қабілеттілік
B. «Қажетсіз адам» комплексі, толымсыздық комплексі
C.Мүсәпірлік комплексі
D.Эгоизм, агрессия
E.Біреуді сүюге қабілетсіздік
31. Туыстық байланыстар басты рөл атқарады:
A.Өз отбасын құруда, өмір жолын таңдауда, қиын жағдаяттарда
B. Болашақ жарын таңдауда, некені бұзуда
C. Өзіне дос таңдауда
D. Достарымен көңіл көтеруде
E. Еңбек ұжымында әріптестермен қарым-қатынаста
32. Достықты білдіретін маңызды қатынастардың түрлері:
A.Рухани жақындық, бірлескен іс-әрекеттегі тең құқықтылық
B. Тәндік жақындық және тек жолдастық қатынастар
C. Кейбір қатынастарда теңсіздікті ұғыну
D. Бірлескен іс-әрекетте билік жүргізу
E. Серіктестік қатынастар
33. Достықтың қалыптасуына әкеледі:
A. Өмірге ортақ көзқарастардың болуы
B. Өмірге көзқарастардың алшақтығы
C. Тек бір түрлі ұлтқа қатыстылық
D. Тек бір жынысқа қатыстылық
E. Жеке-дара іс-әрекет, өзара жарысқа түсу
34. Достықтың негізінде жатады:
A.Өзара ұнату, көңіл ауу,тұлғалық қасиеттеріне сыйластық сезімі
B.Өзара ниеттердің сәйкес келмеуі
C.Өзара сенімнің көмескілігі
D. Адамның лауазымына сыйластық сезімі
E. Адамның әлеуметтік жағдайына сыйластық сезімі
35. Қазақстанда өзара толеранттылық пен құрметті нығайтудың ізгі жолы:
A.Қазақ ұлтының бай тарихи жолы мен мәдениетінің төлтумалылығынтанып, білу
B. Қазақстандағы барлық ұлттардың тарихын білу
C.Көп ұлттың тілін білу
D. Әр ұлттың өз мәдениетін артық санауы
E.Төлқұжатта ұлтын көрсетпеу
36. Қазақстандық патриотизм дегеніміз - Қазақстанға сүйіспеншілігі:
A.Қазақстанды мекендейтін бүкіл ұлттың
B.Тек қазақтардың ғана
C.Оралман қазақтардың
D.Шет елдерде тұратын қазақтардың
E. Шет елдерде оқып жүрген қазақ жастарының
37. Отанына және өз халқына деген махаббат бастау алады:
A.Анаға, туған үйіне, деген махаббаттан, бақытты балалық күндерден
B. Жер жүзіне саяхат жасаудан
C.Жоғары оқу орнындағы білімнен
D. Сүйіктісіне деген махаббаттан
E. Ойынға әуестіктен және достарымен қарым-қатынастан
38. Бүгінгі әлемнің басты ерекшеліктерінің бірі – жаһандану, бұл:
A.Адамдардың біртұтас ақпараттық кеңістікке бірігуі
B. Адамдардың ұлты бойнша бірігуі
C. Адамдардың қызығушылығы бойынша бірігуі
D. Адамдардың мамандығы бойынша бірігуі
E. Адамдардың тұрғылықты жері бойынша бірігуі
39. Үйлесімді дамыған тұлға өзінде ұштастыруы керек:
A.Кәсіби және адамгершілік мәдениет пен өмірлік, кәсіби әдепті
B. Төзбестікті, менменшілдікті
C. Іскерлікті, рационализмді, өзара тәуелділікті, бақталастықты
D. Сұлулық пен агрессиялықты
E.Басқаша ойлайтындарды сыйламауды
40. Қазіргі әлемде үйлесімді дамыған тұлғаның бойында болуы керек:
A.Қарым-қатынас,кәсіби, адамгершілік мәдениет
B. Тамақтану мәдениеті, киім кию мәдениеті
C. Ауылшаруашылық мәдениеті
D. Жүріс-тұрыс, қимыл-қозғалыс мәдениеті
E. Тұрмыстық, әеуметтік мәдениет
41. Педагогтың шығармашылығын дамытудың қысқаша формуласы:
А.«Теориялық білім + тәжірибе рефлекциясы = даму»
В.«Адам – Ғарыш - Әлем»
С.Тұлғаның бостандығы
D. Қарым-қатынас
E. Кәсіби білімдер түрлері
42. Құндылықтар жүйесі –