Айтыстың көркемдік ерекшелігі 4 страница

Шығармалары:

· Ахмед Йүгінеки. Ақиқат сыйы. Түпнұсқаның фотокөшірмесі, транскрипциясы, прозалық және поэтикалық аудармасы, Баспаға дайындағандар: Ә. Құрышжанов, Б. Сағындықов., А., 1985. Хибат-ул хақайық, Ташкент, 1971.

· Малов С.Е., Памятники древнетюкской писменности, Тексты и исследования, М-Л., 1951;

· Бердібаев Р., Жазба мұралар, ежелгі мәдениет куәлары, А., 1966;

· Шербак А.М., Грамматический очерк языка тюркских тексто

АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ
(1873—1938)
XX ғасырдың басында қазақ халқы аса ірі қоғамдық-саяси өзгерістермен қатар ауқымды рухани жаңғыруларды да бастан кешті. Ұлттық мәдениет пен әдебиеттің, білім мен ғылымның туын көтерген, жұртшылықтың санасына демократиялық ойлар сіңіріп, алға жетелеуге ұмтылған зиялы топ қалыптасты. Халықтың зердесіне сәуле түсіріп, санасын оятқан осы топтың рухани көсемі Ахмет Байтұрсынов еді.
Қазақ әдебиеті мен әдебиеттану ғылымының, тіл білімінің атасы, ұлы түрлендіруші-реформаторы атанған ол өзінің алдындағы Шоқан, ЬІбырай, Абайлардың ағартушылық, демократтық бағыттарын жалғастыра отырып, өз заманындағы тұтас бір зиялы қауымның төлбасы болды.
Өмір жолы. Ахмет Байтұрсынов 1873 жылы 18 қаңтарда қазіргі Қостанай облысының Торғай өңіріндегі Сартүбек деген жерде дүниеге келеді. Әкесі Байтұрсын Шошақұлы намысқой, сергек, еті тірі адам болады. Сол себепті де Байтұрсын мен оның ағайындары патша өкіметінің өкілі — уезд бастығын соққыға жығып, түрмеге қамалады. Бұл оқиға он жасар бала Ахметтің санасына қатты әсер етеді. Мәселенің түп негізін толық ұқпағанымен, ол өмірдегі әділетсіздік пен зорлық-зомбылықты, әлеуметтік теңсіздікті көзімен көріп, көңіліне ой ұялатады.
Табиғатынан зерек әрі талапты бала Ахмет 1882—1884 жылдары көзі ашық ауыл адамдарынан сауатын ашып, хат таниды да, кейін жақын маңдағы ауыл мектебінде оқиды. 1886—1891 жылдары Торғай қаласындағы екі сыныпты орысша-қазақша училищеде, 1891—1895 жылдары Орынбордағы мұғалімдер даярлайтьш мектепте білім алады. Бұл жылдары ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің үлгісінде жұмыс істейтін, игі дәстүрлері мол жаңаша мектептер саны көбейген болатьш. Міне, осы тәрізді оқу орындарында оқып, сапалы білім алып шыққан Ахмет Байтұрсынов 1895 жылдын 1 шілдесінен өзінің мұғалімдік, ұстаздық қызметін бастайды. 1895—1897 жылдары Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы уездерінде ауылдық, болыстық мектептерде, екі сыныптық училищелерде сабақ береді.
Мұғалім бола жүріп ол қоғамдағы болып жаткан құбылыстарға, әлеуметтік өмірге үңіледі. Халыққа білім берудің жолдарын, қазақ тілі мен әдебиетінің мәселелерін зерттеу мүмкіндіктерін қарастырады. Көп кітаптар оқиды, өз бетімен ізденеді. Әдебиетпен айналысады, өлең-жырларын жазады, ауыз әдебиетінің үлгілерін жинайды, оқулықтар мен оқу құралдарын әзірлейді. Өзінің білімімен, ақыл-парасатымен ел аузына іліге бастайды. Бостандық аңсаған, күреске үндеген өлеңдер жазады. Соның салдарынан 1910 жылы Қазақстанда тұру құқығынан айырылып, Орынбор қаласына келеді.
1913—1918 жылдары өзі ұйымдастырған "Қазақ" газетінің редакторы бола жүріп, кең ауқымды әлеуметтік істер атқарады. Газет бетінде халык өмірінің аса күрделі мәселелерін көтереді. Елді оқу-білімге, ілгері ұмтылуға шақырады.
1917 жылғы Қазан төңкерісінен кейін қоғамдық өмірге белсене араласқан Ахмет Байтұрсынов қазақ жұртының тәуелсіз мемлекетін құруды мақсат еткен Алаш қозғалысы көсемдерінің бірі болады. Кейінірек Қазакстанның тұңғыш халық ағарту министрі, Қазақстан академиялық орталығының жетекшісі, Алматыдағы, Ташкенттегі жоғары оқу орындарының профессоры қызметтерін атқарады.
Кеңес өкіметі тұсындағы коммунистік идеология аласапыранының салдарынан 1929 жылы жазықсыз ұстальш, ұзақ уақыт түрме мен лагерь азабын тартқан Ахмет, 1936 жылы елге қайтьш оралғанымен, 1937 жылы қайта тұтқындалып, 1938 жылы атылады.
Алаш қозғалысының көсемі ретінде "халық жауы" деп атылған А.Байтұрсыновтың есімі де, шығармалары да көпке дейін жұртшылық үшін жабық болды. Тек тәуелсіз Қазақстан жағдайында ғана ақынның шығармалары жарық көрді, мұралары зерттеле бастады. 1988 жылы ақталғаннан кейін А. Байтұрсынов шығармаларының жинағы (1989), "Ақ жол" кітабы (1991) жарық көрді.
Шығармашылық мұрасы. Ірі қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсыновтың артында аса мол әдеби, ғылыми еңбектер қалды. Ол өз заманында әрі ақьш, әрі аудармашы, әрі ғалым ретінде танылды. Ахметтің 1909 жылы Петербург қаласында "Қырық мысал" деген атпен жарық көрген алғашқы кітабына негізінен орыс мысалшысы И.Крыловтан аударған аударма мысалдар жинақталды. Бұрын мысал арқылы тұспалдап айтылған ойларын Ахмет 1911 жылы Орынбор қаласында шыққан "Маса" атты өлеңдер жинағында өз сөзімен ашықтан-ашық жария етті. Бұл жылдары ол қазақ тілі мен әдебиетінің әр түрлі мәселелеріне арнап көптеген мақалалар жазып, баспа беттерінде жариялады. Әсіресе 1913 жылы жазыльш, "Қазақ" газетінде жарияланған "Қазақтың бас ақыны" атты мақаласы Ахметті білікті әдебиеттанушы ғалым ретінде танытты. Бұл мақала ұлы Абайдың үлттық әдебиеттің тарихынан алатын орнын айқындауға, ақын шығармашылығына баға беруге арналған тұңғыш ғылыми зерттеу еңбегі еді.
Әдебиетші Ахмет Байтұрсынов мұрасының маңызды бір саласы — оның ел аузынан жинап, жүйелеп, баспа бетінде жариялаған ауыз әдебиеті нұсқалары. Атап айтқанда, Ахмет жинаған фольклорлық үлгілер негізінде Мәскеу қаласында 1923 жылы "Ер Сайын" жыры, 1926 жылы "23 жоқтау" кітаптары жарық көрді.
Ахмет Байтұрсынов қазақ тілінің ұлы түрлендіруші-реформаторы, теоретигі әрі қазақ тіл білімі саласына орасан зор еңбек сіңірген көрнекті ғалым болды. Ол араб әріптерінің негізінде төте жазу үлгісін, яғни қазақтың төл әліпбиін жасады. Өзінің "Оқу құралы" (1912), "Тіл құралы" (1914), "Әліпби" (1924), "Жаңа әліпби" (1926) тәрізді кітаптарында қазақ тілінің ғылыми, теориялық және әдістемелік мәселелерін кеңінен талдап берді. Қазақ тіл білімінде терминдер жүйесін қалыптастырды. Қазақ тілі грамматикасындағы ұғымдар мен категорияларға жаңаша әрі дәл анықтамалар берді.
"Әдебиет танытқыш" кітабы. Ахмет Байтұрсынов — қазақ ғалымдарының ішінен шыққан тұңғыш әдебиет теоретигі. Оның әдебиетші ғалым-теоретик ретінде тұлғасын айқындаған басты еңбегі—"Әдебиет танытқыш". Еңбек 1926 жылы Ташкент қаласында басылып шыққан. Бұл кітабында ғалым алғаш рет қазақ әдебиетінің теориялық, методологиялық мәселелерін негіздеп берді. Әдебиеттану ғылымындағы басты ұғымдар мен терминдер жүйесін жасады.
"Әдебиет танытқыш" кітабы екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде көркем әдебиеттің бейнелеу құралдары мен әдіс-тәсілдері талданса, екінші бөлімде әдеби жанр түрлері сөз болады. Тұтастай алғанда, Ахмет Байтұрсынов өнер атаулыны екі топқа бөледі. Оның бірі — тірнек өнері, екіншісі — көрнек өнері. Көрнек өнеріне ғалым сәулет (архитектура) өнерін, сымбат (скульптура) өнерін, кескін (живопись) өнерін, әуен (музыка) өнерін және сөз (әдебиет) өнерін жатқызады.
"Өнердің ең алды — сөз өнері саналады. "Өнер алды — қызыл тіл" деген қазақ мақалы бар. Мұны қазақ сөз баққан, сөз күйттеген халық больш, сөз қадірін білгендіктен айтқан. Алдыңғы өнердің бәрінің де қызметін шама қадарынша сөз өнері атқара алады, қандай сәулетті сарай болсын, қандай сымбатты әрі кескінді суреттер болсын, қандай ән-күй болсын, сөзбен сөйлеп суреттеуге, көрсетуге, таныстыруға болады. Бұл өзге өнердің қолынан келмейді" деп жазады Ахмет Байтұрсынов.
Әдебиеттін көркем бейнелеу құралдары, жанрлары жөнінде талдау жасай келіп, А.Байтұрсынов олардың, әрқайсысына әлемдік әдебиеттану ғылымындағы атауларға сәйкес дәлме-дәл қазақша балама атаулар береді. Бүгінгі қазақ әдебиеттану ғылымында қолданыльш жүрген ұғымдар мен категориялардың атауларьш термин дәрежесіне көтеріп, қолданысқа енгізген Ахмет Байтұрсынов дейтініміз сондықтан.
Әдебиеттің жанрларын айқындау, тарихи кезеңдерге, бөліп қарастыру мәселесінде де бұл еңбекте көптеген тұжырымды ойлар айтылады. Бұлардың кай-қайсысы да қазақ әдебиеттану ғылымындағы жаңалық болатын.
Сонымен қатар, "Әдебиет танытқышта" Ахмет Байтұрсынов аса бай фольклорлық материалды пайдаланды. Теориялық қисьндарды қазақ ауыз әдебиетінен және баспасөз беттеріндегі қазақ ақын-жазушыларының шығармаларынан алынған мысалдар арқылы бекітіп отырды.
Ахмет Байтұрсынов мұрасының көлемді де көркем саласы — оның өлеңдері мен мысалдары. Жасынан зеректік танытып, көркем сөздің қасиетін танып өскен ол — халық поэзиясын, өзінің алдындағы Абай мен Ыбырай өлеңдерін ерте бастан-ақ оқиды. Өмір құбылыстарын тану, айналадағы ортаны сезіну, оны өлең тілімен өрнектеу машығын ең алғаш солардан алады.
Ахметтің өлеңдері мен аударма мысалдары негізінен 1909 жылы жарық көрген "Қырық мысал" және 1911 жылы шыққан "Маса" жинақтарында жарияланды. Ақын поэзиясының басты бағыты — ағартушылық, яғни халықты ояту, білім беру, мәдениетті өмірге шақыру болды. "Маса" жинағына енген өлеңдер, негізінен, осы идеяға құрылды. Жинақтың осылай аталуының өзінде үлкен мән бар. Ақын өз сөзінің масаның ызыңындай болса да халықтың құлағына жетуін көздейді.
Ұйқысын аз да болса бөлмес пе екен,
Қоймастан құлағына ызыңдаса, — деп үміттенеді. Мұндағы маса сергектік пен оянуды, қозғалыс, серпілісті бейнелейтін ұғым. Ол "үстінде ұйықтағанның айнала ұшып" ызыңдайды, қоғамның, адамдардың енжар күйден арыльш, серпілуіне қызмет етеді
"Маса" жинағының негізгі идеясы халықты рухани жаңғыруға шақыру болды. Ахметтің ойлары Абай мен Ыбырай, Шоқандардың ағартушылық бағытымен үндесіп жатты. Жинақтағы көп өлеңдерінде ақын осынау ұлы ағартушылардың дәстүрін ілгері жалғастырды.
Бірқатар өлеңдерінде Ахмет Байтұрсынов өзін қоршаған ортаға, қоғам тіршілігіне, адамдарға ойлы көзбен сьнай қарайды. "Қазақ қалпы", "Қазақ салты", "Жиған-терген", "Досыма хат", "Тілек батам", "Бақ" сияқты өлеңдері осы тәрізді тарихи, әлеуметтік шындықтың бетін ашады. Қоғамда орын алып отырған келеңсіздіктерге немқұрайды қарай алмайды.
Ахмет айналасындағы әлеуметтік теңсіздікті, күштінің әлсізге жасаған зорлығын, патша өкіметінің отаршыл озбыр саясатының салқынын ерте сезінді. Он үш жасында әкесі Байтұрсынмен бірге Ахмет те түрмеге қамалады. Осынау қапастан жазылған хат іспетті "Анама" деп аталатын өлеңінде Ахмет сол тұстағы өзінің көңіл күйі, сезім, танымы туралы нақты баяндайды.
Өлеңде патшаның итаршысы секілді уезд бастығы Яковлевті соққыға жыққан Байтұрсын мен ағайындары, оның ішінде он үш жасар Ахмет те бар, Семейдің түрмесіне қамалған сәт бейнеленеді. Ақын болған оқиғаны емес, сол күндердегі бала көңілінің жай-күйін жеткізуге тырысады. Жазықсыз жалалы болып, дәрменсіз күйге түскен жанның анасына деген жан сыры бар өлеңде.
Мал ұрлап, кісі өлтірген айыбы жоқ,
Өкімет өр, зорлыққа не бар шараң, — деп, өздерінің жазықсыз екенін, патша өкіметінің әділетсіз әрекетін баяндайды. Бала жүрегі осы бір қиянатты өзіне тиген оқ тәрізді қабылдайды.
Оқ тиіп он үшімде, ой түсіріп,
Бітпеген жүрегімде бар бір жарам.
Әйтсе де бала Ахмет бұл қиянатқа жасымайды. Анасын өзі үшін уайым жемеуге шақырады. Өзінің алдағы өмірге деген құштарлығын жеткізеді.
Адамнан туып, адам ісін етпей,
Ұялмай не бетіммен көрге барам?— деген жолдарда Ахметтің азаматтық бағдары, қайсар жігері жарқырап көрінеді. "Анама" өлеңі қиындыққа тап болған он үш жасар баланың анасына егіле жазған хаты емес, керісінше, үмітке, оптимизмге толы қуатты шығарма больш шыққан.

Тайпалған талай жорға, талай тұлпар
Тағдырдың кез болып тұр кермесіне.
Солардан жаным, тәнім ардақты емес,
Орынсыз күйзелейін мен несіне! — деп аяқталатын бұл өлеңде сол заманның ішкі ахуалы да, патша саясатының сипаты да, қазақ елінің жай-күйі де, "елім" деп еңіреген ерлердің көңіл ауаны да ерекше көрінеді.
Өз заманының шынайы қалпын дәл бейнелейтін шығармалар қатарында ақынның "Қазақ қалпы", "Қазақ салты", "Досыма хат", т.б. өлеңдерін атауға болады. Оларда қазақ жұртының мінез-құлқы, тұрмыс-тіршілігіндегі кемшіліктер өткір сыналады. Ақын сынының негізгі нысанасы — патша өкіметінің сұрқия саясатына сергек қараудың орнына, өзара айтыс-тартыстан арылмаған алауыздар, абыройын ақшаға айырбастап, халқын сатқан қу мен сұм, мал мен байлықтың құлына айналған ашқарақтар мен жемқорлар. Соларды көре тұрып ақын әсіресе адамшылықтың азайып бара жатқанына күйзеледі.
Атап айтқанда, "Қазақ қалпы" деп аталатын өлеңінде ақын туған халқын ашық теңізде ескексіз қайық мініп қалтылдаған, жел соқса тағдырдың қандай тәлкегіне ұшырары белгісіз дәрменсіз жандарға теңейді. Мұндай жағдайға тап болуының себебін іздейді. Сөйтсе, оның төркіні әріде жатыр екен. "Көппен көрген ұлы той" деп жүретін қазақтың жайбарақат тіршілігінде, жалқаулығында екен.

Бұл күйге бүгін емес, көптен кірдік.
Алды-артын аңдамаған бетпен кірдік.
Шығармай бір жеңнен қол, бір жерден сөз,
Алалық алтыбақан дертпен кірдік, — дейді ақын. Сол арқылы елді бірлікке, ынтымақты, берекелі іс-әрекетке шақырады.
Осы тәрізді тарихи, әлеуметтік шындықты мейлінше дәл бейнелеп берген шығарма — ақынның "Жиған-терген" деп аталатын өлең. Өлең жазылу формасы Абайдың әйгілі "Сегіз аяқ" туындысының үлгісінде. Ішкі мазмұны, сыншыл сипаты жағынан да Абай жырымен тікелей үндесіп жатыр.
Өлеңде қазақ өмірінің бұдан бұрынғы кезеңдерін еске ала келіп, ақын өз заманы мен замандастарының жай-күйін ашына баяндайды. Сергек ойлы ақынның сол сәтте көз алдына тұрған тарихи сурет мынадай болатын:

Ұйқышыл жұртты
Түксиген мұртты
Обыр обыр, сорып тұр.
Түн етіп күнін,
Көрсетпей мінін,
Оятқызбай қорып тұр.
Обыр болса қамқорың,
Қайнағаны сол сорың!
Сол заманның дәлме-дәл көрінісі! Ақынның "ұйқышыл жұрты" — қалың ел, сахараны жайлаған қазақ жұрты, ал "түксиген мұртты обыры" — патша өкіметінің, соның сойылып соғып, саясатын жүргізіп отырған орыс отаршылдарының образды бейнесі. Көз алдындағы ащы шындықты ақын дәл осындай ащы да уытты сөздермен өрнектейді. Әлі де ұйқыдан арылмай отырған өз халқын ақын осынау озбырлыққа төзбеуге, ой-санасын оятьш, өзінің, ертеңгі ұрпактарының болашағы үшін күресуге шақырады. Қиындықтан шығатын жол сол ғана!

Қазағым, елім,
Қайқиып белің,
Сынуға тұр таянып.
Талауда малың,
Қанауда жаның,
Аш көзіңді ояньш.
Қанған жоқ па әлі ұйқың,
Ұйықтайтын бар не сиқың! — деп ашына жырлаған жақсы күндерге жетелеу болды.
Мұндай ағартушылық, демократтық ойлар, ұлт болашағына айрықша жанашырлық таныту, Абай дәстүрінің үлгісіндегі сыншылдық сипаттар ақынның "Маса" жинағына енген барлық өлеңдеріне тән деуге болады. Сонымен қатар, Ахмет өлеңдерінің көркемдік бояуы қалың. Оларда бейнелі тенеулер, образды тіркестер, әсем сөз айшықтары аса мол кездеседі.
Тұтастай алғанда, ақынның өлеңдері — ежелден келе жатқан қазақ поэзиясының ұлы дәстүрлерін, Абай бастаған реалистік, шыншыл сипаттағы ағартушылық, демократтық әдебиет үлгілерін жаңа тарихи кезеңде жаңарта жалғастырып, жаңаша дамытқан идеялық, көркемдік деңгейі биік туындылар.
Мысалдары. Ахмет Байтұрсыновтың қаламынан туған мысалдар негізінде аударма түрінде. "Қырық мысал" жинағы түгелдей орыс мысалдарының, оның ішінде И. Крылов шығармаларының аудармасы болып келеді. Бұл кезеңде қазақ әдебиетіне көркем аудармаға деген талпыныс күшті болды.
XX ғасырдың басындағы әлеумет жағдайы, ағартушылық, демократтық ой-пиғыл ауаны аударма туындылар, оның ішінде аударма мысалдар арқылы жаңаша серпіліс тудыруға, бұқараны алға жетелеуге болатынын ұқтырды. Бұл салада бірқатар тәжірибе де қалыптасты. Абай, Ыбырайлар негізін салған игі дәстүр жалғасын тапты.
Ахмет Байтұрсыновтың "Қырық мысал" жинағы да, міне, осы дәстүр үлгісінде туды. Жинаққа қырық мысалдың аудармасы енді. Олардың тақырыбы әр алуан. Оларда көшпілікке ұғымды идея қазақ тұрмысына етене таныс суреттермен ұласа келіп, тамаша ғибратты ойлар ұсынады. Атап айтқанда, "Аққу, шортан hәм шаян", "Қарға мен түлкі", "Қасқыр мен қозы", "Қартайған арыстан", "Айна мен маймыл", т.б. өзге аудармашылар арқылы бізге бұрын да таныс шығармалардың өзі жаңаша мазмұнда көрінеді.
"Аққу, шортан һәм шаян" мысалында бір затты үшеуі үш жаққа тартып, орнынан қозғай алмаған аққу, шортан, шаянның әрекеті баяндалады.
Жүк алды Шаян, Шортан, Аққу бір күн. Жегіліп тартты үшеуі дүркін-дүркін.
Тартады Аққу—көлге, Шаян—кейін. Жұлқиды суға қарай Шортан шіркін, — деп басталатын мысалдың өне бойынан аудармашы ақынның шеберлігі анық сезіледі. Аудармада мін жоқ. Аударма емес, қазақтың төл тұрмысынан алынып жазылған өз өлеңі тәрізді. Мысалдың соңынан Ахмет Байтұрсынов оқырманына осы оқиғадан шығатын өз қорытындысын ұсынады.

Жігіттер, мұнан ғибрат алмай болмас,
Әуелі бірлік керек болса жолдас.
Бірінің айтқаныңа бірің көнбей,
Істеген ынтымақсыз ісің оңбас.
Ақынның өз жанынан қосқан бұл түйінді ойы көпшілікке түсінікті әрі нақты ғибрат береді.
Ахмет Байтұрсыновтың орыс мысалдарын аударудағы негізгі ерекшелігі осында. Яғни ол орыс тұрмысынан алынған оқиғалардың өзін қазақ тіршілігіне соншалықты жақындатуға тырысады. Және сонымен бірге әрбір мысалдың соңында авторлық қорытындысын беріп отырады.
Ғибратты ойларға жетелейтін "Ала қойлар", "Қартайған арыстан", "Үлес", "Өгіз бен бақа", "Қайыршы мен Қыдыр", "Ат пен есек" сияқты көптеген мысалдарда қоғамдық, әлеуметтік жағдайларды көрсететін оқиғалар, сол кезеңдегі адамдардың психологиясы мен жайлар, өнегелі тұжырымдар аса мол. Аудармашы тұпнұсқа оқиғасының баяндалу сипатына көркем ой мен әдемі сурет қосып, автор пікірін жандандыра түседі. Өз жанынан оңтайлы детальдар қосады. Неғұрлым қазақ оқырманына түсінікті болуын көздейді.
"Қартайған арыстан" мысалында әбден қартайып, бойынан әл-қуаты кеткен кешегі аң патшасының есектен қорлық көрген жайын суреттей келіп аудармашы:

Бақ қонса, сыйлар алаш ағайын да,
Келе алмас жаман батыл маңайыңа.
Басыңнан бақыт құсы ұшқан күні
Құл-құтан басынады малайың да, — деген таза қазақи ғибрат ұсынады.
Қорыта айтқанда, Ахмет Байтұрсыновтың қаламынан туған аударма мысалдардың тақырыбы мен кейіпкерлері сан алуан болғанымен, аудармашының оларды аударудағы мақсаты біреу-ақ. Ол — халыққа ғибратты ойлар, нақты насихат айту.

АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ (1873-1938)

Ахмет Байтұрсынов - қоғам кайраткері, ақын, әдебиеттанушы, лингвист, аудармашы, публицист, ағартушы-ғалым, ұлт ұстазы.
1873 жылы, қаңтар айында Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Сарытүбек деген жерде дүниеге келді.
Әділетсіз орыс оязының зорлығына қарсы тұрған әкесі Байтұрсынның 15 жылға Сібірге жер аударылуы он үш жасар бала Ахметтің жүрегіне өшпестей жара салады.
1886-1891 жылдары Торғай қаласындагы екі сыныптық мектепте, 1891-1895 жылдары Орынбордагы мұғалімдер даярлайтын мектепте оқиды.
1895-1909 жылдары ұстаздықпен айналысып, бала оқытады.
1905 жылы жер меселесі, казақтың өз жерін өзіне кайтару жөнінде патшаның атына хат жазушылардың бірі болады. Патша өкіметіне наразылығы үшін 1907, 1909 жылдары абақтыға қамалады. 1910 жылы қазақ жерінен қуғындалып, Орынбор қаласына жер аударылады.
Халықтың ой-санасын оятуға бар күшін, қаламгерлік қуатын салып, 1909 жылы И.А.Крылов мысалдарын аударып, "Қырық мысал" жинағын шығарады. Қазақ поэзиясына өзіндік жаңалық, ою-ернек әкелген "Маса" жинағы А.Байтұрсыновтың ағартушылық, демократтық, гуманистік идеяларын халыққа жеткізеді.
1913 жылдан 1917 жылға дейін М.Дулатовпен бірге "Қазақ" газетін шығарады. Саяси бағыттағы мақалалары патша үкіметі орындарына жақпаған басылымның редакторы ретінде А.Байтұрсынов бірнеше рет түрмеге жабылады.
Патша тақтан түскен соң Ахаң қазақ зиялыларымен бірігіп, ұлттық "Алаш" партиясын құрады. Кеңес үкіметі орнаған соң А.Байтұрсынов Қазақстан үкіметінің мүшесі, Халық ағарту Комиссариаты жанындағы ғылыми-әдеби комиссияның төрағасы болып сайланады.
Орынбор, Ташкент, Алматы қалаларындағы педагогикалык жоғарғы оқу орындарында сабақ береді. Голощекиндік асыра сілтеу саясатына қарсы болғаны үшін 1929, 1937 жылдары екі рет саяси репрессияға ілігіп, жазықсыз атылды.

Наши рекомендации