Айтыс, оның түрлері мен көркемдік ерекшеліктері 2 страница

«Әуезов әйелдері»

Қазақтың сөз өнеріндегі «Әуезов әйелдері» деп атауға болатын айырықша әсем образдар галереясы ұлы эпопеяның жан тебірентер ғажайып жаңа бейнелерімен толықты да молықты. Төрт кітапта үлкенді-кішілі, ірілі-ұсақты жүзге тарта әйел кейіпкерлер бар. Романның буларға арналған беттері оқырманның көзі мен көңілін қатар жаулап, жан-жүрегін қоса баурайды. Бұлар жүрген жерлер кейде шетсіз-шексіз мұхит бойын түгел жайлаған шарапатты жылы ағыс (Гольфстрим) секілді, кейде қиырсыз кең-байтақ құрылықтың ойы-қырын тегіс сәулелендіре шүлен шұғыласына бөлеген күн нұры тәрізді, кейде көк жиекті керіп әкеткен кербез теңіздің көз жеткісіз көк айдынына сән берген аппақ ақ шағалалар сияқты...

Әйел-ана ма, жар-жұбай ма, бұла-бойжеткен бе... Әйтеуір қияпаты бөлек қазақ қызының мінез-құлқын, іс-әрекетін, сыр-сезімін, қимыл-қылығын дәл, терең, нәзік суреттеуге келгенде шіркін шебер алдына жан салмайды. Сонда әр бейненің тастан қашалғандай бедер табатыны сондай, әрқайсысы - бір адам ғана емес, бір топ адамның жиынтық бейнесі боп оқырманның көз алдында турады да, есінде қалады. Сонда әр кейіпкер - тип; әркімнің қашанғы таныс-бейтанысы боп шығады. Сонда бар ожданы тап-таза иманнан құйылғандай мейірім-шафхатқа толы Зере - әжелердің үлгісі; салқын қанды, сарабдан, сабырлы ақыл иесі Ұлжан - аналардың үлгісі; «сылдырлаған шолпысы әлдеқандай былдырлаған тілмен» бар сыры мен назын Абайға ғана құпия баян ететін «ақ еті атқан таңдай аппақ» ару Тоғжан - алыстан қарайлайтын қол жетпес арман секілді махаббат таңының үлгісі; әні сәніне, сәні әніне астасқан асыл, аяулы Әйгерім - жас жігіттің нақ сүйер сұлу жарының үлгісі...

Табиғат бейнесі

Теңіздің сырын тамшыдан тануға болатыны сияқты, эпопеяның көркемдік ерекшелігін, әсіресе тілін тану үшін бір ғана пейзажға тоқталсақ та жетіп жатыр. Пейзажды біз, әдетте, көркем шығармада суреттелген табиғат көріністері дейміз. Рас, пейзаж - табиғат. Бірақ бұл жеткіліксіз. Нағыз пейзаж - поэзия! Мінез! Адам! Неге десеңіз, адамның қабылдауынан, сезіну-түйсінулерінен, көңіл күйінен тыс табиғат суреті - пейзаж жоқ. Пейзаж жазушының стилін де белгілейді. Ал стиль - адам. Пейзаж образ сырын ашады. Ал образ - адам. Дәл осының дәлелі - Әуезов эпопеясындағы пейзаж (Алдымен, бұл неткен бай табиғат!). Кітаптың әр бетінде әр түрлі тіршілік дүниесі бар. Мұнда қазақ даласының хош иісті гүлі, қызыл шымқай қызғалдағы, қошқыл-кермек жусаны, сида-бұта шиі, домаланған қаңбағы, шиыр-шалғыны, кербез тауы, көк тіреген шыңы, түпсіз тұңғиық құзы, күлкішіл өзені, ақ айдын көлі, жасыл майса көгалы, торғын аспаны, шудаланған бұлты, сіркіреген жаңбыры, ақ ұлпа қары, асау бораны, ерке желі, тентек құйыны, шымыр сызы, шымшығыш ызғырығы, сұлаған бел-белесі, ойшыл орманы, тынысты тоғайы, ақ ару айы, жымыңы көп жұлдызы, мөлдір шығы, тұнжыр тұманы, алдамшы сағымы... - күндізі, түні, - қысы, жазы, күзі, көктемі... - бәрі, бәрі бар. Осының бәрі жан тебірентер ғажап, мың құбылған түрі бар, сан иірім сыры бар - тұтас бір образ, адам мекені, халық мекені - дала образы! Және, Әуезов пейзажы - бай палитраның түрлі-түсті бояуларымен келістіре салынған сурет қана емес, шынында да құдды жанды адам: дем алады, қозғалады, жадырайды, жабырқайды, күледі. Жылайды - дәл адамша әрекет етеді. Бұл шебер мелшиген қара тасқа тіл бітіріп, сөйлетіп, ән салғызады. Жел сызғырған бір түп қуқыл шиге немесе селдір қияққа шежіре шерткізіп, ертек айтқызып қояды. Суды кейде сылқаласысылқ күлдіреді. Кейде ызаға булықтырып, бұлқынтып байлап тастайды. Тауы сыздап, тұнжырап, ызғар шашады. Кейде қаңқаласықаңқ етіп сізге наз айтады. Аспаны мен жерінде не ғажап сыр бар. Айының оң қылығының бірін алып қараңызшы: сізбен жасырынбақ ойнап, бірде бетін баса қап, бірде көзін сығырайтып, күле қарап, құлдырап болады: Енді бірде аппақ адал пейілімен, бар ықыласымен ғашықтар жүрегінің лүпіліне үнсіз куә болады... Мынау не деген сырлы поэзия, сонымен бірге не деген терең философия: «Көптен қаладан шықпаған Абайға жаңа көктем енді ғана өзінің келе жатқанын баян етті. Сол жақта, алыс көкжиекте, көкшіл мұнар ішінде Семейтау көрінді. Қардан о да арылыпты. Кесек, жұмыр бір ғана қатты толқын бүктетіліп, түйіліп кеп, мәңгіге мелшиіп, қатып тұрып қалғанға ұқсайды. Айнала, сардала ортасында оқшау бітіп, оқыс тұрып қалған бір үзік тау. Мәңгі бақи жым-жырт боп, жәй созылған сахараның бір заманда әлденеден булығып, лықсып шыққан ереуіл толқыны ма? Ашу-қажыры ма? - сол бейнелі бөлек тау. Абай тау ажарынан осындай оқшау бір бітім көріп, қадала қарап отырып тымағын алды. Пысынаған басына, бетіне Семейтаудан ескен қоңыр жел кеп, леп тиді. Абай жер көркін, өз көңілін еркін өлең етіп кетті » Не деген әсер, эмоция! Осыны енжар, селқос оқу, тебіренбей, толқымай оқу мүмкін бе? Бұл - төрт кітаптағы табиғаттың мың суретінің бірі. Тіл қандай, бояу, ажар қандай? Жанды қимыл, мағыналы символ қайда жатыр? Шеберлік сыры неде? Осы проза ма? Жоқ, прозадағы поэзия! Нәзік те терең лиризм. Бұл - жансыз табиғат суреті емес, адамның жан толқыны, жүрек лүпілі, сан иірім сезім тіл тапқан. Қысқасы, кітаптың пейзажды беттері - қағаз емес, нақ тірі табиғаттың өзі. Адамды үйден шығарып алып кетеді. Бір жерде ақ кірпік боранға адасып кетеміз, енді бір жерде ауадағы дымқыл сыз бетке тиеді, тағы бір жерде ай нұрына малынып, тоғайда жүреміз, енді бірде маңдайымыздан шақырая қадалған күнге қолымызды қалқалаймыз... Бұл не нәрсе, бұл? Бұл - біріншіден, Әуезов құрғақ, сылдыр сөйлем құрмайды, ең әуелі өзі тебірене толқып алады да, сол тілсіз сезім тілімен сөйлейді; екіншіден, Абай емес-ау, алдымен Әуезовтің өзі анық ақын: тұтанбай, ұшқындамай, лапылдамай, өртенбей жаза алмайтын нәзік діріл, сыршыл ақын; үшіншіден, Әуезов - суретші, нағыз художник - қағазды, кітап парақтарын аспанға, жерге, құбылысқа, дүние-тіршілікке айналдырып жіберетін шебер; төртіншіден, Әуезов - терең психолог, оқырманның жан дүниесін сілкіп-сілкіп жіберетін күш! Демек, «Абай жолы» секілді ғасырлық туындыны тек осындай қабілет пен қасиеттің адамы ғана туғыза алады.

Ұлы жазушының ұлы туындысы

«Абай жолының» энциклопедиялық сипаты туралы академик Қ. И. Сәтбаев аса әдемі айтты: «Қазақ халқының өткенін зерттегісі келетін ғалымның бірде-бірі бұл кітапты жанап өте алмайды: ғалым-филолог одан фольклордың бай материалдарына қанығумен қоса, қазақ әдеби тілі мен сөздігінің қаз басуы мен қалыптасуын көреді; ғалым-этнограф қазір көне заманмен қоса көнерген небір тұрмыстық белгілер мен өмір құбылыстарын біледі. Құс салып, саят құрған, қыз ұзатып, ас беруді, өлік жөнелтуді суреттейтін тараулар, билер айтысы мен билік шешкен қазылық картиналарының әрқайсысы жеке-жеке-ақ ғылыми-этнографиялық толайым еңбектерге парапар; ғалым-экономистер Қазақстанның XIX ғасырдағы халық шаруашылығының құрылысынан дәлме-дәл нақты мәлімет алады, ондағы тап қайшылығының өзіндік ерекшелігімен танысады; ғалым-юристер шариғаттан бастап, билер кесіміне шейінгі даланың заң-жобаларынан бағалы мағлұматтар жинайды». Классикалық эпопеяда жан тебірентер көркемдік күшпен жинақталған өмірдің жиынтық шындығы ғылымның әр саласындағы маман адамдар үшін осындай таным-тағылым қайнары болса, қалың оқырман үшін Абайдан Дәрменге дейінгі барлық басты кейіпкерлер ақыл мен сананың, арман мен ойдың сарқылмас кені секілденеді. Демек, шығармаға ауадай керек нәрсе - парасат (интеллект) десек, «Абай жолын» оқыған адам өмірдің өнерге айналған академиясынан өткендей болады. Задында, таланттар тарихы мен тағдырын барлай қарасақ, басты жазушылардың бәрі ғұмыр бойы өзінің бас кітабын жазу мақсатында әрекет еткен және солардың талайы жазып үлгіре алмай кеткен. Туған халқына мәңгілік мура болғандай ғасырлық туынды сыйлау тек қадау-қадау ұлылардың ғана үлесіне тиген. «Абай жолы» - ұлы жазушының ұлы туындысы - бас кітабы, ол өзінің өлшеулі ғана ғұмырында өлшеусіз шығармашылық ерлік жасап, өзінің осынау мәңгілік кітабын жазып үлгіріп кетті. Дананың өз ортасынан әрқашан озық, оқшау тұратын даралығы да осы арада жатыр.

«Абай жолы» эпопеясы дүние жүзі халықтарының 116 тіліне аударылған (1993).

Кітап кейіпкерлері

1. Абай - (Ибраһим) Құнанбаев (Құнанбайұлы) (1845-1904) — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор.

2. Құнанбай - би, аға сұлтан, Абайдың әкесі, көрнекті қайраткер. Құнанбай жасынан палуан, найзагер болды, қатал да әділдігімен ерекшеленіп‚ әкесі Өскенбайдың тәрбиесінде ел билігіне араласты.

3. Зере - (1785 – 1873) – Абайдың әжесі. Өскенбай бидің бәйбішесі, Құнанбай қажының анасы. Азан шақырып қойған аты – Тоқбала. Өскенбай би 5 әйелінен 10 бала сүйген. Зереден Құттымұхамбет (жастай қайтыс болған), Құнанбай, Тайбала туған. Зерені Ырғызбай тұқымдары, барша ауыл адамдары “кәрі әже” деп атаған. Қартайған шағында құлағы естімей қалған Зере немерелеріне дұға оқытып, үшкіртеді екен. Абай әжесін өлеңмен үшкірген. Ақылды, зейінді, мейірімді Зере немерелерінің ішінде Ибраhимді ерекше жақсы көріп, оны Абай деп еркелеткен. Ізгі жүректі, үлкенге қамқор, кішіге пана бола білген Зере әже Абай өміріне, ақындығына игі әсерін тигізген.

4. Ұлжан - Құнанбайдың екінші әйелі, Абайдың анасы.

5. Біржан сал — Әйгілі қазақ ақыны, сазгер.

6. Еркежан - Оспанның бәйбішесі. Күйеуі елген соң, әмеңгерлік жолымен інісінің орнын баспақ болған қайнағасы Тәкежанға кеңілі толмайды, Абайдың ез басын кепілдікке апуды етінеді. Сұлу, қылықты, мінезді, көзі ашық Еркежан тіршілікте Абай үшін көп жақсылық жасаған адам. Байсалды, жарасты көңілмен кейін олар ерлі-зайыпты өмір сүрген.

7. Ділда - Абайдың бірінші әйелі.

8. Базаралы - Абайдың әкесі Құнанбаймен тартысып, айтысып өткен адам. Қауменнің баласы

9. Шөже - шыншыл жыршы, ақын.

10. Бөжей - Жігітек руының билеушісі

11. Тоғжан - алыстан қарайлайтын қол жетпес арман секілді махаббат таңының үлгісі; әні сәніне, сәні әніне астасқан асыл ару.Тоғжан тазалығы, сұлулығы, пәктігі Абайдың әсемдік мұратының биік нысанасы секілденіп кетеді, ол қанша ұсынса қолы жетпес алып тұғыр, мәңгі тарқамас ұлы сағыныш, орны толмас арман секілді.

12. Қуандық - ақын қыз

13. Салтанат - Абайдың досы, ақын қыз, Абай Семейде істі болғанда кепілдікке алып, көмек қөолын созған.

14. Әйгерім - жас жігіттің нақ сүйер сұлу жарының аяулы үлгісі...

15. Үмітей - жас қыз, Әмірдің сүйгені

16. Керімбала - жас қыз, бойжеткен, сауыққұмар, әнші

17. Дәркембай - кедей жатақтардың бас көтерер адамы, намысшыл,

18. Мәкен - Абайдың келіні, Әбдірахманның жары, шын аты Мағрипа

19. Ербол - Абайдың жан досы; екеуінің арасында өле-өлгенше сызат түспеген тамаша достық болды.

20. Тәңірберген - Абайдың ағасы, Құнанбайдың үлкен баласы, романда Тәкежан деп атаған

21. Өскенбай Ырғызбайұлы - (1773-1850) - Абайдың атасы, тобықты руының атақты биі болған. Өскенбай заманы тәуелсіз қазақ хандығы мен Ресей империясының отаршылдық заманында өмір сүрген.

22. Жұмабай - Құнанбайға қадірі бар және Абайды Ахмет Риза медресесінен алып келген кісі

23. Байтас - Абайды медреседен алып келген адам

24. Майбасар - Құнанбайдың тоқал шешесінен туған інісі

25. Қалиқа - Жұманның әйелі

26. Тобжан - Ызғұттының әйелі

27. Айғыз - Құнанбайдыңі тоқалы, Абайдың екінші анасы

28. Тонтай - Абайдың нағашысы

29. Қамысбай - Майбасардың атшабары

30. Байсал - Құнанбайдың сенімді адамдарының бірі

31. Қаратай - ел ісіне араласатын Құнанбайдың сенімді адамы

32. Сүйіндік - Құнанбайдың туысы

33. Жиренше - Байсалдың немере інісі, Шоқаның баласы, Абайдың досы

34. Оспан - Абайдың кіші інісі

35. Тәкежан - Абайдың ағасы

36. Қодар - жақыны жоқ, жалғыз үйлі бір Борсақ

37. Сағит - молданың үйіне барғанда кедергі жасаған сотқар бала

38. Солтабай төре - Сыбан елінен шыққан, Құнанбайға Қодар мен Қамқа жайын бетіне басып айтады

39. Қамқа - Қодардың келіні, Құтжанның әйелі

40. Құтжан - Қодардың баласы

41. Жәмпейіс - Қодардың жиені және бірге тұрады

42. Бектен көсе - Сүйіндіктің Қодарға жіберген кісісі

43. Жетпіс - Жексеннің інісі

44. Жексен - Қодардың аталас ағайыны

45. Әйтімбет - Қодар мен Қамқа ісінің мән-жайын білуге көмектеседі

46. Жұмағұл - айбасардың атшабары

47. Байкөкше - Барластың шәкірті, жыршы

48. Барлас - Абайдың ауылына келген ақын

49. Беркімбай - Зере мен Ұлжан үйінің жылқышысы

50. Жарқын - Зере мен Ұлжан үйінің жылқышысы

51. Түсіп - Ділдәнің әкесі, Жігітектің Бөжейден соң басты адамы

52. Күңке - Құнанбайдың үлкен бәйбішесі

53. Таңшолпан - Құнанбайдың тоқал шешесі

54. Бопай - Құнанбайдың кәрі жеңгесі

55. Ақбердінің шешесі

56. Ырсайдың шешесі

57. Жортайдың шешесі

58. Құдайберді - Құнанбайдың Күңкеден туған баласы

59. Жақып - Құнанбайдың тоқал шешесінен туған

60. Үркер - Құнанбайдың әкесімен туысқан ағасы

61. Мырзатай - Құнанбайдың әкесімен туысқан ағасы

62. Жортар - Құнанбайдың әкесімен туысқан ағасы

63. Сүгір - Бөкенші руының адамы

64. Асылбек - Сүйіндіктің үлкен баласы

65. Құлыншақ - Құнанбайды қонысымен құтықтап келуші, Торғай руының басы, "Бес қасқаның" әкесі

66. Байдалы - Жіігітек адамы

67. Үркімбай - Жігітек адамы

68. Қаумен - Бөжейдің жақыны

69. Қараша - Бөжейдің жақыны

70. Наданбай - Құлыншақтың ұлы

71. Манас - Құлыншақтың немересі,Тұрсынбайдың ұлы, Бесқасқаның бірі

72. Жұман - Ырғызбай адамы

73. Төлепберді - Ырғызбай адамы

74. Көтібақ - Шыңғыста қыстауы бар кіші ауыл басшысы

75. Балағаз - Қауменнің баласы

76. Абылғазы - Қарашаның баласы

77. Бейсембі - Жігітектен Құнанбайға қарсы шыққан адам

78. Әбділда - Жігітектен Құнанбайға қарсы шыққан адам

79. Оралбай - Жігітектен Құнанбайға қарсы шыққан адам

80. Қожақан - Бөжей мен Байсал қарамағындағы жігіт

81. Пұшарбай - Бөжейдің құрдасы, досы

82. Кәмшат - Айғыздың қызы, Абайдың қарындасы

83. Смағұл - Айғыздан туған, Оспанмен түйдей құрдас бала

84. Қалел - Айғыздың үлкен баласы

85. Ғабитхан - әскерден қашып келген татар жасы

86. Қазағуар - Қарқаралыдағы татар саудагері

87. Қарабас - Майбасардың атшабары

88. Алшынбай - Абайдың қайын атасы, Ділдәнің атасы

89. Тіленші би - Алшынбайдың әкесі

90. Майыр - Құнанбайдың оң қолы

91. Қасқа - Майырдың қазақ тілмашы

92. Құсбек - бұрынғы аға сұлтан

93. Жамантай - бұрынғы аға сұлтан

94. Хасен молда - мешіт имамы

95. Балта - Алшынбайдың қасында жүретін ақын

96. Әділбек - Сүйіндіктің баласы

97. Көжекбай - Жамантайдың баласы

98. Қанатжан - Сүйіндіктің әйелі, Тоғжанның анасы

99. Масақбай - жылқышы

100. Мұңсызбай - Бесқасқаның бірі

101. Тұрсынбай - Бесқасқаның бірі, Манастың әкесі

102. Садырбай - Бесқасқаның бірі

103. Чернов - орыс-казактарды Қарқаралыдан бастап келген шенеунік

104. Ырсай - жиынға қатысушы қарт

105. Байғұлақ - Тоғалақ ішіндегі мықты

106. Мырзахан - Құнанбайдың Қарқаралыға барарында жанына ерткен сенімді адамы

107. Құсбек - Қарқаралының жаңа аға сұлтаны

108. Тінібек бай - Семейдің үлкен саудагері

109. Мәкіш - Құнанбайдың қызы, Абайдың әпкесі

110. Көккөз - Алшынбайдың пысық жігіті

111. Сергей - Майырдың Керекудегі жақын ашынасы, көпес

112. Мишка - Сергейдің пысық дабернайы

113. Қатша - Ділдәні айттыруға барғанда Ұлжанның қасына еріп барған әйел

114. Қадырбай - Бөжейдің асына келген ақын

115. Қапа - Керімбаланың жеңгесі, Әкімқожа әйелі

116. Ақылбай - Абайдың Ділдәдан туған баласы

117. Күлбадан - Абайдың Ділдәдан туған қызы, Абай оны "Сарышаян" деп атайтын

118. Қаражан - Тәкежанның әйелі

119. Абылғазы - Қарашаның баласы

120. Әділхан - Қарашаның баласы

121. Нұрғаным - Құнанбайдың тоқалы,төртінші әйелі

122. Қарашаш - Асылбектің келіншегі

123. Шәкәрім (Шәке) - Құдайбердінің баласы

124. Шұбар - Құдайбердінің екінші баласы

125. Нұртаза - Құдайбердінің үшінші баласы

126. Ақбас - Облыстың үлкен адвокаты

127. Көгадай - Қодардың інісі

128. Дәрмен - Көгадайдың баласы

129. Өңдірбай - Құнанбаймен меккеге баратын адам

130. Дарқан - Оспанның досы

131. Көшір - Ұлжанмен Қарқаралыдан қайтқан кісі

132. Бекей - Абай тоқтаған үй иесі, Шекейдің бауыры

133. Наймантай - Бекейдің баласы

134. Еламан - Бекей-Шекей күйеуі

135. Мағжан - Абайдың ең жақсы көретін баласы (Мәкіш)

136. Әбдірахман - Абайдың баласы (Әбіш)

137. Баян - күтуші әйел

138. Есбике - күтуші әйел

139. Сақыш - Есбикенің қызы

140. Бәшібек - Есбикенің күйеуі

141. Бүркітбай - бие сауушы

142. Баймағамбет - Бүркітбайдың көмекшісі

143. Ағай - Бүркітбай баласы

144. Байсүгір - қозы бағушы бала

145. Байторы - Байсүгірдің әкесі

146. Зылиқа - Ұлжан жанындағы әйелдердің бірі

147. Әмір - Абайдың інісі, Құдайбердінің баласы

148. Балбала - Базаралының көршісі, Әнет қызы

149. Әкімқожа - Сүгір баласы

150. Оралбай - Әкімқожа інісі

151. Көшпесбай - Балбаланың туған қайнысы

152. Бесбесбай - Көшпесбай ағасы

153. Базар - Топай кісісі

154. Даданбай - Торғай адамы

155. Күнту - Бөкеншінің білімді жігіті

156. Жабай - Бөжейдің баласы

157. Марқабай - Бөкенші мықтысы

158. Құндыз - Марқабай ұнатқан қыз

159. Кішкене молда - Абай балаларын оқытушы

160. Мақұлбай - Тәкежанның баласы

161. Дәндібай - Абайдың бұрыннан танысы, Ералы ауылының тұрғыны

162. Еренай - Абайдың бұрыннан танысы, Ералы ауылының тұрғыны

163. Тентек ояз - сайлауға дайындыққа келген адам

164. Лосовский - советник

165. Андреев - Абайдың адвокат досы

166. Михайлов - Орыс жерінен Семейге айдалып келген кісі, Абайдың досы

167. Сергей - каталашкадағы күзетші

168. Николай - каталашкадағы күзетші

169. Хомутов - каталашканың надзирателі

170. Әлдеке - Салтанаттың әкесі,саудагер

171. Кошкин - Абайды тергеуге қатысқан, ең үлкен сот орны,окружной суд бастығының күйеуі

172. Қауменов - уезд начальнигі

173. Кәрім - Абайдың абақтыдан шыққан соң түнеген үйі

174. Киізші Дүйсеке - Салтанаттың нағашысы іспеттес жақын адам

175. Ысқақ - Қызылмоланың болысы, Абайдың бір анадан туған інісі, Құдайбердіге еріп, Күнкенің қолында өскен

176. Төре - белгілі қорашы ұста

177. Тұраш - Абайдың Әйгерімнен туған баласы

178. Кузмич - Михайлов кітаптарды беріп жіберетін адам

179. Дәмелі - Ерболдың әйелі

180. Ысмағұл - Ерболдың баласы

181. Дүтбай - Алатай баласы, Көкше Қаратайдың туысы

182. Әмір - Үмітейдің сүйген адамы, Абайдың інісі

183. Мұхамеджан - Әмірдің досы, жас әнші,ақын,сері

184. Кенжеқан - Нұрғанымның бауыры

185. Мырзағұл - Әмірдің жолдасы

186. Бәшей - мерген, Шәкемен еріп келген жас жігіт

187. Тұрғанбай - Абалармен аңшылыққа шыққан ең үлкен бүркітші, саятшы

188. Әділ - Бөжейдің тоқалынан туған баласы

189. Дүйсен - Тоғжан отырған ауылдың қонақ күтуші ағайыны

190. Молда - Дүйсеннің қасында жүрген жігіт

191. Найман - Тоғжанның қайын атасы

192. Аққозы - Тоғжанның күйеуі

Сыртқы сілтемелер

Абайдың қара сөздері

Абайдың көркемдік, әлеуметтік гуманистік және дінге көзқарастары терең білінген еңбегі - қара сөздері. Абайдың қара сөздері (Ғақлия) - ұлы ақынның сөз өнеріндегі көркемдік қуатын, философиядағы даналық дүниетанымын даралап көрсететін классикалық стильде жазылған прозалық шығармасы. Жалпы саны қырық бес бөлек шығармадан тұратын Абайдың қара сөздері тақырыбы жағынан бір бағытта жазылмаған, әр алуан. Оның алты-жеті үлгісі қысқа болса, қайсыбіреуі мазмұн, тақырып жағынан өзгешелеу, ауқымды болып келеді. Абай өзінің қара сөздерінде шығарманың ажарына ғана назар аударып қоймай, оның тереңдігіне, логикалық мәніне зер салған.

Наши рекомендации