Студенттердің білімін бақылау және бағалау материалдары

«Ювеналдық құқық» пәні бойыншаэссе тапсырмалары

1. Ювеналдық құқығы - заң саласы ретінде.

2. Бала жəне жас өспiрiмдердің қылмыстары.

3. Балалардың тең құқықтығы.

4. ҚР баланың конституциялық- құқықтық мəртебесі

5. Ювеналдық соты.

6. Кəмелетке толмағандардың азаматтық құқық қабілеттілігі мен əрекет қабілеттілігі

7. Отбасы заңнамасында көзделген баланың жеке жəне мүліктік құқықтары

8. Кəмелетке толмағандардың еңбек саласындағы құқықтары мен міндеттері

9. Əкімшілік жауаптылық ұғымы, белгілері

10. Қылмыстық құқығы бойынша жəбірленуші ретіндегі кəмелетке толмағандардың құқықтық жағдайы

11. Кəмелетке толмаған сезікті, айыпталушы, қамауға алынған балалардың құқықтық жағдайы.

12. Азаматтық іс жүргізушілік құқықтық қабілеттілік жəне əрекет қабілеттілік

13. Кəмелетке толмаған қылмыскерлердің жеке басының сипаттамасы

14. Кəмелетке толмағандардың қылмыстары туралы iстер бойынша анықтауға жататын мəн-жайлар

15. Кəмелетке толмағандардың қылмыстығының алдын-алу жолдары

16. Ювеналдық құқық қайнар көздері, пəні.

17. Ювеналдық əдiлеттiң міндеттері.

18. Баланың құқықтарына тыйым салу

19. Баланың жеке құқықтары мен бостандықтары

20. Ювеналдық əдiлеттің адамгершiлiгi.

21. Кəмелетке толмағандарға қорғаншылық пен қамқоршылық тағайындау

22. Ата-аналық құқықтарынан айыру жəне шектеу негіздері

23. Кəмелетке толмаған қызметкерлерді көтермелеу жəне тəртіптік жауаптылық негіздері.

24. Əкімшілік жауаптылықтан босату

25. Кəмелетке толмаған тұлғаларға қолданылатын жазалар түрлері

26. Бас бостандығынан айыру жазасын өтеудегі кəмелетке толмағандардың құқықтық жағдайы

27. Кəмелетке толмағандардың азаматтық іс жүргізудің қатысушы ретіндегі құқықтық жағдайы

28. Қылмыстық сот ісіндегі айыптау тарапынан кəмелетке толмағандардың қатысушыларының құқықтық жағдайы

Студенттердің білімін бақылау және бағалау материалдары - student2.ru І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті   СМЖ ЖМУ Е/ОӘК.09-2015 3 басылым
САПА МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕСІ
Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыздандыруларының картасы Ф.4.09-33
28.05.2015 ж.

Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыздандыруларының картасы

Ювеналдық құқық

  пәннің атауы:        
  Шифр Әдебиет атауы Бар болуы Ескерту  
  Кітапханада   %  
  Негізгі  
  Х628.332я73 Ю14 Учебник.- Алматы: Жеті жарғы, 2008.- 424с.      
  Х623(2Р) Р12 Рабец, А.М. Ювенальное право Российской Федерации: Учебник для магистров / А.М. Рабец.- 2. изд., перераб. и доп.- М.: Юрайт, 2013.- 447с      
  Қосымша  
  Хя73 О78   Құқық негіздері: Оқу құралы / Қ.И. Оспанов.- Алматы: Жетi жарғы, 2009.- 296      
  Х620.12(2К)я73 С21   Сапарғалиев Ғ. Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы: Оқулық - Алматы: Жетi жарғы, 2008.- 480      
  Х0я21 З 22   Заң терминдерінің сөздігі.- Алматы: Жетi жарғы, 2007.- 832.      
  Хя21 С 28   Сәбікенов С. Заң терминдері мен ұғымдарының қазақша-орысша орысша-қазақша сөздігі.- Алматы: Жетi жарғы, 2007.- 688      
  Демонстрациялық материалдар (оның ішінде Интернет)  
    booksefir.ru/science/8793-ugolov. vk.com/club10339116 juristlib.ru/book_4480.html bibliofond.ru/view.aspx?id=28885        
                       

Дәрістер кешені

Тақырып 1:Ювеналдық құқық пəні, міндеттері.

Ювеналдық құқығы - заң саласы ретінде.

Ювеналдық құқық қайнар көздері, пəні.

Ювеналды саясат

Бала құқығы туралы конвенция.

Осыдан 250 жыл бұрын Ресей заңгерлері қылмыскер жасөспірімді, ересек қылмыскерлер сияқты жазалауға болмайды деген ойға келді. ХYІІІ ғ ортасынан бастап ювенальды құқық жүйесі қалыптаса бастады.

1744 жылы үкімет сенаты (Правительственный сенат) 14 жасқа толмаған балаға ересек адамға қолданылатын жазаны қолдануға болмайды деген бұйрық шығарылды. Императрица ІІ 18 жасқа дейін балалар ісін қарайтын соттарды «совестный суды» яғни «ар сотын» құруды бұйырды.

1864 жылы жасөспірімдерге арналған арнайы түзеу мекемелерін құру туралы шешім шығарылды. 1864 жылға дейін құқық бұзған жасөспірімдер жалпы түрмеде ересектермен бірге ұсталды. Бірақ Ресей империясында түрме басқа түзеу мекемелеріне қарағанда жеңіл жазаларды өтейтін жер болып саналды. Олар құрғақ, 2-3 орынды камера, арнайы серуенге шығу уақыттары беріліп тұрды. 1866 жылы тəрбие-түзеу мекемелері 10 жастан 16 жасқа дейінгілерді ұстап отырды. Қалада (приют) балалар үйлері, селоларда колониялар пайда бола бастады. Оларды жеке адамдар мен қоғамдық бірлестік ұйымдастырып, құрып отырды. Тамбовская тəрбие колониясында 200 бала өз жазасын өтеп болғаннан кейін, тек біреуі ғана қайталап құқық бұзушылық жасаған.

1896 жылы балалар үйінің əкімшілігі балаларды қанша уақытқа ұстау жөніндегі мəселені өздері шешетін болды. Түрмеде анықталған мерзімдер болып отырды. «Матросская тишина» деген түрменің балар бөлімінде бұл мерзім 3,5 жыл болатын. Жыл сайын түзеу мекемелерінің басшыларының съезі болып отырады. Онда олар балаларға қатысты мəселелерді қарастырды.1895 жылы балаларға дене жарақатын түсіруге тиым салатын шешім шығарылды. Осы шешімдер негізінде заңнамалар дайындалды. Ярославтағы тəрбие түзеу мекемесінде теріс қылық жасаған балаларды алыс жерге шығарып арнайы лашыққа салып, сыртынан кілттеп кілтін баланың өзіне беретін болған. Бала қашан өзін түзелдім деп ойлағанда кілтпен ашып шығатын болған.

Петербургтағы Дума ювенальды сот жүйесін қалыптастыру туралы шешім шығарылды. Онда сот мəжілісі төмендегідей өткізілді. Судья арнай тергеу камерасында болады, онда қорғаншы яғни адвокот, немесе əлеуметтік қызметкер болады. Сонан сон жасөспірімге сұрақтар қойылады. Сот оның пікірін тыңдап оны міндетті түрде ескереді. Судья шешім шығарарда тек қылмыс ауырлығын ғана емес, баланың өткен өмірін, қылмысты мойындауын, сезінуін, шын өкінуінне де назар аударады. Сот баланы соттаса да соттамаса да оны алдағы уақытта бақылауға алады.

Ювеналдық құқық пəні құқық салаларымен өте тығыз байланысты:

- халықаралық құқықпен (конституциялық, муниципалдық құқықпен);

- материалдық құқық (қылмыстық, қылмыстық атқару, əкімшілік, азаматтық, отбасылық, еңбектік құқықпен жəне т.б.);

- іс жүргізушілік құқықпен(қылмыстық іс жүргізу, азаматтық іс жүргізу). Ювеналды саясат - кəмелетке толмаған жас адам мен мемлекет арасындағы қылмыстық іс жүргізу аймағына енген тұлғалардың құқығын, заңды мүддесінің басымдығын тану негізінде оның қылмыстық – құқықтық тыйым салуын бұзу нəтижесінде пайда болған əлеуметтік жанжалды шешуге бағытталады.

Ювеналды саясаттың субъектісі мемлекеттік органдар (заң шығарушы, атқарушы, сот органдары), лауазымды адамдар (мекемелер жəне құқық қорғау органдарының басшылары кейбір мемлекеттік құрылымдардың жетекшілері, дипломатиялық консулдықтың басшылары т.б. кəсіптік бірлестіктердің өкілдері (адвокаттар), жұртшылық өкілдері, көбінесе ғалымдар болып табылады. Қазіргі заманда біздің қоғамдағы барлық жастағы адамдардың құқықтық санасында өзгеріс бар, соның ішінде жиі байқалатыны кəмелетке толмағандардың құқықтық санасының бұзылуы алаңдаушылық туғызады.

Бұзылған құқықтық санамен күрестің маңызы зор, сондай-ақ ондай өзгерістің себептерін жою жұмысын жалпы мемлекеттік көлемде іске асырылуы қажет. Бүгінгі ювеналды саясат жеке тұлғаны, қоғамды, мемлекеттік қылмыстық əрекеттерден қорғау жəне құқық бұзушылықтан келген зиянның орнын толтыру мақсатында жалпы əлеуметтік, арнаулы жəне жеке сипаттағы жиынтық шараларды жасау мен іске асыруға бағытталған. Отбасындағы қолайсыздықтар көбінесе мынадай факторлардың иынтығынан байқалады, бұл: отбасылық байланыстар мен қатынастардың бұзылуы, мəдени, жалпы білім жəне кəсіптік деңгейдің төмендігі, қарабайыр мүдделер, бұзылған имандылық жəне құқықтық көзқарастар. Осының барлығы балалардың құқықтық санасында əртүрлі заң бұзушылықтарды қалыптастырып, олардың болашақта шындықты бұрыс қабылдауына əкеледі. Əртүрлі себептермен отбасылардың кейбір бөлігі өзінің тəрбиелеу қызметін орындамайды, бұл отбасылардың кəмелетке толмаған мүшелерінің адамгершілікке қарсы, кейде құқыққа қайшы бағдар алуына əкеледі. Қазақстанда кəмелетке толмағандардың ауытқуларына қарсы əрекет жүргізумен кəмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиялар, кəмелетке толмағандардың істері жөніндегі бөлімдер, сот прокуратура, қорғаншылық жəне қамқоршылық органдары, кəмелетке толмағандарды уақытша оқшалау, бейімдеу жəне сауықтыру орталықтары шұғылданады.Қылмысқа қарсы іс - қимыл – бүкіл қоғамның, оның барлық институттарының міндеті. Құқық қорғау қызметі қылмыстың деңгейін төмендете алады, белгілі мөлшерде оны бөгеп немесе тіпті азайтуы да мүмкін, бірақ оның жеке өзі бұл құбылысты жоя алмайды. Шекті Мөңке би «Баланы ұру, ұрысу, тым еркелету – уақытты босқа кетіру» деп айтқандай, ата-аналар мен кəмелетке толмағандардың құқықтық сауаттылығы жоғары деңгейде қалыптасса - құқық бұзушылықтың алдын аламыз. Қазақстанда ювеналды əділеттің, ювеналды құқықтың қалыптасуы жетімдіктің жəне қараусыздықтың, балалардың қылмыс жасау санының азаюына ықпал етеді деп ойлаймын.

Қазіргі таңда барлық дамыған елдерде балалық шақ мəселесі басты назарда болып отыр. Бізді аумақтық жəне əлеуметтік-құқықтық, геосаяси жəне тілдік шекаралар бөліп жатыр. Əйтсе де балаларға қатысты саясат бірдей болуы тиіс. Жер шарының кез келген жерінде балалардың бақытты балалық шағы мен құқықтарының қорғалуына құқықтары бар. Теріс, құқыққа қарсы мінез- құлық мəселесінің де шегі жоқ. Жəне де бұл мəселе жаһандық-құрлықтық болып табылады. Дүние жүзіндегі көптеген елдерде заңға қайшы проблемалары бар жеткіншектер жəне балалармен жұмыс бойынша мол тəжірибе жинақталған. Ювеналдық əділет жүйесі, сынау қызметі, қатерлі топтың балаларымен жұмыс бойынша комиссиялар, балалар мен жеткіншектерді қайта əлеуметтендіру бойынша комитеттер жəне т.б.Бұл тəжірибе қажетті жəне пайдалы. Біздің пікірімізше, қоғамның негізгі міндеті

– бұл балалар м ен жеткіншектер арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу. «Емдегеннен» гөрі «алдын алған» əрдайым тиімдірек емес

пе. Өмірде қиын жағдайға душар болғандар; қатерлі топтар; теріс мінез- құлықты (девиантты) балалармен алдын алу, диагностикалық жəне түзету шараларын жүргізу жүйесін жасау қажет. Дамыған елдердің тəжірибесінде бізді көбіне аталған топ балаларымен жəне жеткіншектерімен жұмыс істейтін мамандардың кəсіби құралдары қызықтырады.

Францияда1945 ж. – Ордонанс (əділ соттың ювеналдық жүйесі) қабылданды. 1958 ж. 23 желтоқсанда – Декрет қабылданды. 1974 ж. – кəмелетке толу жасы 21 жастан 18 жасқа дейін түсірілді.ОРДОНАНСТЫҢ НЕГІЗГІ ҰСТАНЫМДАРЫ:(1) Жазалау шараларынан бұрын тəрбиелеу шараларына артықшылықберу ұстанымы. (2) Бұл – кəмелетке толмаған құқық бұзушының психологиясымен, тұлғасымен жете танысу. (3) Тек кəмелетке толмағандардыңістерімен ғана айналысуы тиіс соттардың мамандануы.

1958 ж. қабылданған Декреттің негізінде қарастырылды: (1) егер де мүмкін болған жағдайда, баланы отбасында, ата- анасымен немесе əжесі жəне атасымен қалдыру қажеттілігі; (2) тағайындалған жазаға отбасының келісімін алу қажеттігі. Осы мақсатта ата-аналарды судьяның ресми қабылдауына шақыру жүзеге асырылады; (3) баланың қалыпты тұрғылықты орнын айыру қажеттігі туындаған жағдайда, судья оның тəрбиесін сеніп тапсыра алады; (4) отбасының басқа мүшесіне немесе сенім білдіруге тұрарлық үшінші тұлғаға;

(5) дəрігерлік немесе тəрбиелік сипаттағы, əдеттегі немесе мамандандырылған қызметке немесе мекемеге; (6) балалық шаққа əлеуметтік көмек көрсету қызметіне. Хатшының көмекші кітабы Францияда Əділет министрлігі басқармаларының бірі болып табылатын, жастарды заңды қорғау

– ЖЗҚ басқармасы əрекет етеді. ЖЗҚ басты міндеті – құқық бұзушылықтардың алдын алу, кəмелетке толмағандардың тəрбиесі мен жаңа құқық бұзушылықтардың жасалуының алдын алу. Бұл құрылым құқық бұзушылықты жасаған немесе қауіп төнген кəмелетке толмағандарды, сондай-ақ əлеуметтік проблемалары бар 21 жасқа толмаған кəмелетке толғандарды тəрбиелеу жəне оқыту мəселелерімен айналысады. Сонымен қатар ЖЗҚ жастардың заңды қорғау қызметтерінің əкімшілік, қаржылық жəне педагогикалық қызметтерін бақылау функциясын жүзеге асырады.

Тақырып 2.Кəмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз етудегі ювеналдық құқықтың орны мен рөлі.

1. Бала жəне жас өспiрiмдердің қылмыстары.

2. Ювеналдық əдiлеттiң міндеттері.

3. Ювеналдық құқығы, Ювеналдық əдiлет қағидалары

Жасөспірімдер арасындағы қылмыстылық күннен күнге өсуде. Қазіргі кезде бұл мəселе бойынша Қазақстан артта қалып отырған жоқ. Қазақстанда үш тəрбие колониясы сотталған кəмелетке толмағандарға арналған. Олар Алматы, Ақтөбе, Петропавловскіде орналасқан. Бұдан басқа Қазақстанда кəмелеттік жасқа толмаған қыздарға арналған əйелдер колониясы Алматы облысының Жағауышты поселкісінде арнайы шағын жерде орналасқан. Соттың алдында кəмелетке толмаған құқықбұзушы жасөспірім қылмыскер болса, бұл жер кəмелетке толмағандардың құқығын дамыту жəне оларға қатысты əділетті шешім қабылдау мəселесі тұрады. Кəмелетке толмағандардың ісі жөніндегі инспекцияның тізімінде тұрған сотталған жасөспірімдер мəселесі қоғамдық жəне мемлекеттік органдардың уайымын туғызып отыр. Ол кəмелетке толмағандарға қатысты заңды əсер етудің бұзылмауын қадағалау. Б.т. Олардың алдында баланы бас бостандығынан айыруға болады ма?, Ол оның қайта тəрбиеленуіне ықпал ете ма? Альтернативті ықпал ету шараларын қолдануға болады ма? деген сұрақтар тұр.

Кəмелеттік жасқа толмағандардың құқықтық жағдайын реттейтін халықаралық-құқықтық доктриналар мен ресми құжаттарда көрініс табады. Олар:

«Бала құқығы жөніндегі конвенция»

«БҰҰ жасөспірімдерге қатысты минималды стандартты ережелері»

«Кəмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға байланысты БҰҰ басты принциптері»

«Бас бостандығынан айрылған жасөспірімдердің құқығын қорғау жөніндегі БҰҰ ережелері» жəне т.б.

Қазақстан үшін бұл құжаттардың маңызы зор, себебі кəмелетке толмағандардың құқығын қорғаудағы саясатта, халықаралық стандарттарда көрініс табады. Олар келесі іс əрекеттерден көрініс табады:

-алдын алу жұмыстарын жүзеге асыру;

-əлеуметтік бірігу;

-кəмелетке толмаған құқықбұзушыларға қатысты адам құқықтарының жүзеге асырылуына кепілдік;

-бас бостандығынан айыруға альтернативті болатын шаралар қолдануда;

-кəмелетке толмаған құқық бұзушыларды ұқстағанда немесе абақтыға қамау кезінде ең аз мерзімдерді қолдану;

-кəмелетке толмағандарға қатыстыөлəм жазасы мен өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасынан бас тартудан.

ҚР халықаралық құқықтық кеңістікте БҰҰ-ның стандартты құжаттарын пайдалануда. Оған: «ҚР мемлекеттік жастар саясатының концепциясы» 28 тамыз 1999 жыл, «ҚР кəмелетке толмағандардың арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алуға байланысты комплексті бағдарламасы» 8 шілде, 1998 жыл. т.б. жатады. Соның өзінде де жастар арасындағы құқық бұзушылықтар азаяр емес. Оған қоса қоғамдағы əлеуметтік-экономикалық, саяси жағдайлардың тұрақсыздығы да кері əсерін тигізеді.

«ҚР мемлекеттік жастар саясатының концепциясы» бірінші рет ҚР заңнамасында ҚР ювенальды əділеттілікті құру көзделген. Ювенальды əділеттілік-жасөспірімдердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың жүйесі ретінде қиын жағдайға тап болған жасөспірімдер мен қиын өмірлік жағдайға тап болғандармен жұмыс жасауда маңызды əмбебаб орталығы болары сөзсіз.

«Ювеналды əділет» түсінік барлық дүниежүзінде оның бас буыны - кəмелетке толмағандар істері жөніндегі сотпен байланысты əділет, яғни cот əділдігі деген түсінікті белгілейді. Кəмелетке толмағандар істері жөніндегі алғашқы сот 1899 жылдың 2 шілдесінде Чикагода Иллинойс штатының Заңы негізінде құрылғаны белгілі. ХХ ғасыр басында кəмелетке толмағандар үшін соттардың басқа елдер қатарында құрылғандары белгілі болды, яғни мына елдерде: Канада, Англия, Бельгия, Нидерландтар, Ресей, Польша, Венгрия, Испания, Грекия, Ирландия жəне тағы басқаларында.Бұдан басқа кəмелетке толмағандарға қатысты əділеттілікті орнату бұл істің қай органмен жүзеге асырылуына да байланысты.(полиция, милиция, сот, əлеуметтік қамсыздандыру ұйымдары, əлеуметтік қызмет т.б.) сонымен қатар бұл органдардың жақсы жəне жоғары мамандандаралғандығында.

Ювеналдық əділеттілік-комплексті жүйе ретінде ол құқықтың, соттық жəне əлеуметтік нормалар мен институттардың жиынтығы ретінде, төмендегілерді білдіреді:

-кəмелетке толмағандармен жұмыс істейтін əлеуметтік педагогикалық жəне əлеуметтік бөлімшелер;

-ювенальды полиция;

-ювенальды прокуратура;

-ювенальды сот;

-арнайы жартылай жабық жəне ашық оқыту мен тəрбиелеу бөлімшелері;

-арнайы жартылай жабық жəне ашық медициналық тəрбиелеу бөлімшелері;

-жабық тəрбие бөлімшелері;

-патронаж қызметі;

-кəмелетке толмағандарға тəрбие көрсететін мекемелерді бақылауға алу.

Ювеналды əділет - кəмелетке толмағандар үшін сот төрелігінің ерекше жүйесі. Бұл жүйенің негізінде «parens patrie» доктрина жатыр, осыған орай кəмелетке толмағандар үшін оларға зиян келтіру ортадан жəне қауіп төну тəртібінен сақтай отырып мемлекет қамқоршы немесе жауапты тұлға болып келеді. Бұл тəсіл екі идеямен негізделген: жеткіншектер өздерінің дамуында өзінің нақты қылықтарын ұғуға жəне оған толық жауап тартуына əлі қабілетсіз; жеткіншектің жас мөлшеріне қарап оны əлі қайта тəрбиелеуге болады.

Ювеналды əділеттің рөлі мен мəні құқық бұзушы жас жеткіншекті қоғамға қайтару болып табылады. Бұл стратегияны іске асырудағы əдістер мен тəсілдер, кəмелетке толмағандар арасында қылмыстың себебін анықтау жəне алдын алу болып табылады.

Наши рекомендации