Тақырып. Тұтас пед процестегі тәрбиенің мазмұны.
Тәрбиенің мақсаты, міндеті, мазмұны және олардың өзара байланысы.
Тұлғаның жан-жақты мазмұнды сипатта дамуы адамзаттық мәдениетті меңгерумен байланысты.
Интегралды тұлғалық сана, әлем мәдениетімен шығармашылық байланыста болу қабілетін сипаттайтын, ақыл-ой мәдениеті, еңбекке дайындығы, тұлғаның политехникалық мәдениеті, адамгершілікке тәрбиелілігі, экологиялық, эстетикалық, дене тәрбиесі. Дүниетаным әлемге, адамдарға, өзіне деген көзқарасынтардың жүйесі ретінде мәдениеттің дамуы және меңгерілуінің белсенді шарттары. Тәрбиенің түрлері:
а) жеке тұлғаның ақыл-ой мәдениеті, оның мәні. Жалпыадамзаттық мәдениет әлеміне ену процесіндегі базалық білімнің ролі. Ақыл-ой күші және қабілеті. Сөз мәдениеті және ойлау мәдениетінің тәрбиесі. Ғылыми дүниетаным жеке тұлғаның ақыл-ой компоненті ретінде. Танымдық қызығушылықтың ақыл-ой мәдениетіндегі алатын орны. Оқушылардың өзіндік білім алуға дайындығын қалыптастыру.
ә) жеке тұлғаның адамгершілік тұтастығын қалыптастыру. Адамгершілік тәрбиесінің мәні. Жалпыадамзаттық құндылықтар жеке тұлғаның адамгершілік тұтастығын қалыптастырудың негізі ретінде. Адамгершілік тәрбиесінің міндеттері мен мазмұны. Адамгершілік тәрбиесінің ерекшелігінің оқушылардың кез келген іс-әрекетіне қатынасы. Жеке тұлғаның моралбдық нормалар мен талаптарды меңгеру логикасы және механизмнің ерекшеліктері.
Адамгершілік тәрбиесінің жағымды –эмоционалдық фонын жасау арқылы (мотивация, байланыс жасау, іс-әрекеттің нәтижесімен адамгершілік жағын бағалау) өзін-өзі тәрбиелеуге ынтасын қалыптастыру.
б) мамандықты саналы таңдау арқылы еңбекке дайындығын қалыптастыру, қоғамның өтпелі кезеңде нарықтық қатынасқа көшуіндегі әлеуметтік-экономикалық тенденциялар және оқушыларды еңбекке тәрбиеудің міндеттері. Балалардың потенциалдық мүмкіндіктері кейінгі өмірлік жолдарын таңдауға мүмкіндігін тигізеді.
в) қазіргі қоғамның жаңа идеологиялық жағдайына байланысты жеке тұлғаның саяси және құқықтық мәдениетін қалыптастыру. Оқушыларда саяси мәдениетті қалыптастырудың міндеттері мен мазмұны. Қазіргі кезеңдегі мұғалім жұмысының күрделілігі мен қарама-қайшылығы. Құқықтық мәдениеттің мазмұны, міндеттері мен мәні.
г) оқушыларды эстетикалық мәдениетке тәрбиелеу. Эстетикалық тәрбиенің мазмұны, міндеттері және мәні. Эстетикалық санасын, идеалын, сезімін, көркемдік шығармашылық қабілетін қалыптастыру.
д) оқушыларды экологиялық мәдениетке тәрбиелеу. Экологиялық тәрбиенің мазмұны, міндеттері, мәні.
е) жеке тұлғаның дене тәрбиесі. Салауатты өмір сүру салты. Оқушылардың дене тәрбиесінің мазмұны мен міндеттері. Адам мәдениетін меңгерудегі оқушылардың негізгі іс-әрекетінің түрлері.
Негізгі ұғымдар: педагогикалық процесс, педагогикалық процестің компоненттері, мақсаты, міндеті, мазмұны, жеке тұлға, мәдениет, тұлғаның интегралдық санасы, іс-әрекет түрлері.
Тақырып. ТПП-тегі тәрбие әдістерінің формасы мен құралдарының жүйесі.
Құралдар, формалар, әдістер ПП-тің қозғаушы тетіктері ретінде. Құралдар, формалар, әдістер және тәсілдер туралы жалпы ұғым, олардың ТПП-тегі өзара байланысы. Оларды оқуда және оқудан тыс уақытта қолданудың ерекшеліктері. ПП-тің әдістеріне сипаттама және оларды жіктеу.
Оқыту мен тәрбие әдістерінің өзара байланысы пп-тің барлық қызметініңбірлігінің көрінісі ретінде. Оқудан тыс уақыттағы жеке тұлғаның қалыптастыру әдістерінің өзіндік ерекшеліктері. Жеке тұлғаның санасын қалыптастыру әдістері: түсіндіру, әңгіме, сендіру, көзін жеткізу, үлгі.
Тәрбиелік жағдайаттар жасау, үйрету, тапсырма беру, жаттығу. Оң мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру әдістері, іс-әрекет пен мінез-құлықты ынталандыру әдістері: мадақтау, жазалау, олардың түрлері. Оларды қолданудың педагогикалық жағдайы.
Педагогикалық шығармышылықтың белгісі ретінде тәрбиенің әдістерін сұрыптау. Бақылау және өзіндік бақылау әдістері.
Тәрбиелік іс-әрекетті тиімді ұйымдастыру жағдайы ретінде құрал, форма, әдістердің өзара байланысы.
Негізгі ұғымдар: пп-тің қозғаушы тетіктері, құралдар, форма, әдістердің өзара байланысы.