Азақстанға қоныс аудару

Айтыс болуы

· Сағындым жаным, мен сені!

· Көркіңді жүрген қуаныш қылып, мендей ме екен бар ағаң,

· Шын інім болсаң, бас бұрма, жаным, өсек – ғайбатқа бораған.

· Қажет жерінде қатыгездік пен қаталдық керек десек те,

· Адамның заңғар ұлылығын сен сағынышымен есепте.

· Онсыз сен тіпті тұлпар да болсаң, қосыла алмайсың қатарға

· Әуелі әбден сағынып алмай шығушы болма сапарға.

· Сағынбай барсаң, теңіз де сенің тебіренбес жастық шағыңдай,

· Бұлбұлдың дауысын есіте алмайсың, бауларға кірсең сағынбай.

· Сағынбай барсаң, таулар да сенің алдыңнан шықпас асқақтап,

· Ойлауың мүмкін дүниені мынау кеткен екен деп тас қаптап…


Айтулы толғауды осы бір жерден үзеріміз үзіп алып, әрі-сәрі күйге түстік. Көз жауын алардай жауһарды сындырып алғандай, соның сіздерге тек бөлшегін ұсынғандай пұшайман болдық. Осы бір жырдағы алабұртқан екпін, тау суындай күркіреген қарқын, бірінен-бірі туындап, сытыла шапшыған бұла сөз толқын, буырқана бұлықсып атқыған сезім серпіні үзуге, іркуге келер емес еді, көнер емес еді. Жыр жүйрік. Апшы қуырған асау ағыс. Аяғына дейін жіберіп, ат басын ағытқан осынау бір тұлпар шабысты тек тамашалай бергің келеді. Тамсана бергің келеді. Ақын үніне үн қосып, сөз шығындап жатқың келмейді. Мың құбыл шұғылалы жыр жауһарларын назарларыңызға бірінен-кейін бірін ұсынып, айберен толғауға үнсіз ден қойып отыра бергің келеді, осынау сұңғыла шабысқа қосыла қол шапаттап отыра бергің келеді. Төрт аяғы тең жорға Төлеген жырларын, шашасына шаң жұқпас ақпа жырларға қара сөзбен түсініктер жазып сипаттап, суреттеп жату — бір әурешілік. Қазақтың арнасы кең жыр дариясына сонау алпысыншы жылдар аяғында бір бүйірден апшып келіп, бір ақжал толқын ұрғаны есте. Төлеген — толқын. Арқырап ақжалданып шиыршық атып келген толқын.

Тұманбай Молдағалиев (1935 жылы туған)-қазақ поэзиясындағы сыршыл лиризмді дамытқан ақын. Тұманбай Молдағалиев1935 жылы Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында дүниеге келді. Әкесі Ұлы Отан соғысында қаза тауып, ол анасының тәрбиесінде өседі. Тұманбай 1951 жылы Есік қаласындағы мектепті, одан соң қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітіреді. Оның алғашқы өлеңдер жинағы «Студент дәптері» (1957) аталған.

Өзінің шығармашылық еңбек жолын «Лениншіл жас» газеті мен «Пионер» журналынан бастайды. Тұманбай Молдағалиев 1959-1970 жылдары «Жазушы» баспасында аға редактор, 1970-1973 жылдары «Балдырған» журналында жауарты хатшы, 1973-1984 жылдары «Жалын» альманағының бас редакторы, 1984-1986 жылдары Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы қызметтерін атқарды. Ол 1986 жылдан «Балдырған» журналының бас редакторы. Тұманбай Молдағалиевтың өлең, поэмалары 40-тан астам жинақ болып басылып шықты. Ақынның 1990 жылы 13 томдық шығармалар жинағы, 2004 жылы 14 томдық шығармалар жинағы жарық көрді. Тұманбай Молдағалиев- Қазақстан комсомолы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері, 1992 жылы Физули атындағы Халықаралық түркі дүниесі ақындары сыйлығы тапсырылды. Тұманбай Молдағалиев шығармашылығының ең басты ерекшелігі-оның өлеңдері сезімге толы. Ақынның «Қош көктем», «Жаңа дәптер», «Жүрек ояу қашанда», «Махаббат оты сөнбейді», «Жүрегім менің сапарда», «Мен де жиырма жаста едім», «Жүректегі жазулар» т.б. жыр-жинақтарын жазды.

Қазан айының 10-ы күні 76 жасында ақын Тұманбай Молдағалиев өмірден өтті. Қазақ әдебиетіне соғыстан кейін келген Тұманбай Молдағалив Хрущевтің кезіндегі саяси «жылымықты» да, онан кейінгі «кемелденген социализм» мен тоқырау, «қайта құру» жылдарын да, Қазақстан тәуелсіздігін де көріп кетті.

«Соғыстан соңғы өртеңге шыққан» жастар арасынан әдеби ортада «лирик ақын» ретінде мойындалған оның шығармашылығында «портреттер галереясы» ерекше орын алды. Бұл галерея соңғы жылдары Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа арналған өлеңдермен толықты.

ЛИРИК АҚЫН

Басқа ақындар секілді уақыт талабына сай «Ұлы октябрьді» («Қазақ әдебиеті», 7.11.1979) жырлады, «Ұлы Отаным СССР-ді» («Социалистік Қазақстан», 31.12.1982), комсомолды («Жас өмір туралы жыр». «Социалистік Қазақстан, 20.3.1958) өлеңге қосты

Алайда ол қазақ әдебиетінде ең бірінші лирик ақын ретінде есте қалды. Қазақ ақындары да, әдебиеттанушы ғалымдары оны ең әуелі лирик ақын ретінде мойындайды.

«Тұманбай Молдағалиев қазақ жырындағы лирикалық поэманың хас шеберлерінің бірі немесе бірегейі. ...Саясаттың салқын қабағы жібіп, темір тізгін сәл босаған сәтте жас Тұманбай көптің көптің көкейіндегі көптен күткен арманның нәзік сырын дәл баса білді. Оның тонды жарып шыққан бәйшешектей қарымды да қызулы жырлары шынында да өлең өлкесіне көктем шуағын алып келген құбылыс болды» деп жазады ақын Несіпбек Айтұлы.

Тұманбай Молдағалиев композиторлар Шәмші Қалдаяқов, Нұрғиса Тілендиев, Сейдолла Бәйтереков, Әсет Бейсеуовтердің халық арасында кең тараған бірқатар әндерінің сөзін жазды. «Бақыт құшағында», «Әнім сен едің», «Шақырады көктем» атты әндердің;

«Жаз өмірін, мәз өмірін қысқартып,

Бара жатыр, бара жатыр құс қайтып,

Зымырайды менің бала кезімдей,

Бір жалт етіп өте шыққан сезімдей» деген сөзі әлі күнге ел аузынан түспейтін «Құстар әнінің» де өлеңін жазған Тұманбай Молдағалиев еді.
Уайдин Үмбетбай Уайдаұлы (10.10.1935 ж.т., Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы "Темірбастау" ауылы) - жазушы, журналист, фельетоншы. ҚазҮУ-ды бітірген (1965). 1954- 58 ж. Донбастағы Красный Луч қ-нда шахта құрылысшысы, 1958 ж. Шалқар ауданы газеті редакциясы жанындағы баспаханада әріп теруші болып жұмыс істеген. 1959 жылдан қазақ радиосы, "Ара" журналы, "Өнер" баспасы, Қазақстан кітапқұмарлар қоғамы мен Жазушылар одағында әр түрлі қызметтер атқарған. Уайдиннің "Қара көзілдірік" (1968), "Құрдым шиыр" (1971), "Ендігісін айтпаймын" (1974),"Ішің білсін"(1976),"Контейнермен келген кемпір" (1978), "Тілсіз қоңырау" (1980), "Быды-быды" (1982), "Нанайын ба, нанбайын ба?" (1984), "Инабат иірімдері" (1985), "Мәселе қайда жатыр?" (1987), "Пәлен-пәштуан" (1992), "Мәңгілік мәселе" (1993) кітаптары жарық көрген. Шығармалары орыс, украин, қырғыз, қарақалпақ, тува тілдеріне аударылған. Қазақстан сатириктерінің "Найзагер" қауымдастығы президентінің орынбасары. Қазақстан Жоғ. Кеңесі Құрмет грамотасымен марапатталған.[1]

Үркер - қазақ жазушысы Әбіш Кекілбайұлының кіші жүз руларының Ресей Империясына қосылған кездегі жағдайды сипаттайтын көлемді тарихи романы. Бұл тарихи жағдайға арнап Әбіш Кекілбайұлы Үркер (1981) және Елең-алаң (1984) атты екі романнан тұрады.

Үркер шығармасы негізгі төрт бөліктен тұрады:

· Тығырық

· Елшілік

· Арбасу

· Айқас

Кейіпкерлер

· Әбілқайыр хан

· Бөкенбай батыр

Рецензия

Соңғы бес-алты жылдың жүзінде, Қазақстанның сонау ескі заманнан бастап бүгінгі күнге дейінгі көп томдық тарихын жасау ісіне тікелей қатысуыма байланысты, мұның ішінде, әсіресе, қазақ жерінің Ресейге қосылу процесіне байланысты бірсыпыра тарихи деректерді, атап айтқанда: қазақ елінің ескі тарихын баяндайтын түрлі деректерді, тарихи әдебиетті, халық ауыз әдебиетінің қағаз бетіне түсірілген әр түрлі үлгілерін, қазіргі қазақ көркем әдебиеті қорында бар бірнеше елеулі туындыларды /романдар мен повестерді/ тағы да қарап шығуыма, кейбіреулерін мұқиятты оқып шығуыма тура келді. Бұлардың арасында еліміз, халқымыз тарихын, өмір жолын, өндіргіш күштері мен өндірістік қатынастардың даму процесін қазіргі заман, ғылым талаптары тұрғысынан әділетті сипаттайтын жанры жағынан тарих проблемаларына арналған көркем шығармалар жасалғаны немесе дәйекті түрде қалыптасып келе жатқаны байқалады. Мұның өзі де қазақ халқының рухани мәдениетінің мықтап өсіп отырғандығын байқататын, иекке елеулі тиек боларлық байырғы көрсеткіш.

Солардың бірі – жақында ғана қолжазба күйінде оқуыма тура келген, соңғы 10-15 жыл жүзінде өз туындыларымен ерекше көзге түсе бастаған белгілі қаламгер Әбіш Кекілбаев жолдастың «Үркер» атты романы. Бұл — өзінің жанры жағынан қазақ елі басынан өткен аса ауыр кезеңдерді, XVII-XVIII ғасырлар бойында орын алған ірі-ірі оқиғалар негізінен алғанда нақты тарихи деректерге сүйеніп жазылған, көп қанатты, тарих шежіресін жырлайтын дерлік тұлғалы туынды, тарих әдебиеті қатарында белді жерден орын алатын, сонымен қатар көркемдік дәрежесі де жоғары, айрықша орамды шығарма.

Бірақ біз бұл арада Ә.Кекілбаев романы бойынша біткен барлық қасиеттерді: композициялық құрылыс-құрылымын, барлық сюжетті мен персонаждарын көркемдік дәрежесін, стиль қасиеті мен тіл байлығын және басқа сондай толып жатқан жақтарын әңгіме еткелі отырғанымыз жоқ. Бұлар өз алдына дербес әңгіме болатын, алдымен әдебиет сыншылары айналысатын дүние. Біздің әзірге айтайын дегеніміз, жұртшылық алдына тартар ойымыз, барынша ықшамдап айтқанда, мыналар: -роман желісі, басты қағидалары қазақ елі мен жері бай тарихының қазіргі кезде жалпы жұрт санасына әбден дерлік сіңген, ғылымда берік қалыптасқан ұғымдармен үндес пе, яғни тарих қағидаларымен қайшы емес пе деген мәселе; – роман басты персонаждары /басты кейіпкерлері/ ойдан шығарылмай /мұндайлар көркем әдебиетте әрқашан болып тұратын құбылыс қой/, өмірде, тарихта нақты болған, белгілі дәрежеде өшпес із қалдырған адамдар ма деген жағдайлар; – шығармада әңгіме болып отырған дәуірдегі, заманадағы, қазақ елінің қоғамдық дамуына, өмір жолына, әдет-ғұрып салтына берілген сипаттамалар мен бағалар орынды ма дегендер; – ақырында, қазақ елінің сол тұста басында болып жатқан нағыз шытырман, қиын-қыстау жолда барар жер мен басар тауды іздеу процесінің баяндалуы мен бағалануы дұрыс па, әділетті ме деген әлеуметтік мәні бар жайттар.

Енді осындай маңызды да күрделі проблемаларды талдау мен шешудегі романның құндылығы мен жағымды жақтарын қарастырып көрелік.

1. Романда әңгіме болып отырған қазақ елінің, қоғамының, өмірі, әлеуметтік тартыстары, ішкі-сыртқы қатынастары XVII-XVIII ғасырларда орын алған, белгілі із қалдырған тарих желісімен, барлық елеулі кезеңдерімен негізінде үндес баяндалған, жалпы тарих межелері /тіпті нақты даталары да/ толық сақталған. Мұның өзі жалпы алғанда бүкіл ел тарихымен, жекелеп алғанда қазақ даласының сол замандағы әбден шиеленіскен өмір жолымен жете хабардар екенін көрсетеді. Бұл – шын мәнісінде көп, қажырлы еңбектің жемісі.

2. Қазақ жұртының сол замандағы тарихы, этнографиялық әдет-ғұрпы, өмір салты, үш жүздің /ұлы, орта және кіші жүздердің/ құрамы, өзара қатынастары мен тартыстары да бірсыпыра, негізінде дұрыс қамтылады-сипатталады. Бұл да автордың осыншалық ауыр жүкті-шежірелік мәні бар қиын мәселелерді шешуді мойнына алғанын көрсетеді. Әрине, автор мұндағы жол-жөнекей, жанамалап талдауымен шежіре проблемасын түгел шешіп берді деген ұғым әсте де тумайды. Бұл әлі де талай терең және жан-жақты зерттеулерді қажет ететін проблема. Дегенмен, роман авторы өз талдауымен, өз әрекетімен қазақ шежіресінің кейбір күмәндау жүрген мәселелерін анықтай түсуде азын-аулақ үлес қосқан тәрізді.

3. Роман мазмұны, ең басты, нағыз өзекті мәселесі – қазақ елінің өз жері, өз бостандығы, дербес ел болып өмір сүруі үшін талай, жылдар бойы табан тіресіп жүргізген күресінің жайы, айбынды асулары. Бұл күрестің ең белді жері, зор діңгегі – қазақ жеріне сан рет рахымсыз шапқыншылық жасаған, қазақ елін XVII ғасыр басында ақтабан шұбырындыға ұшыратқан жоңғарларға қарсы жүргізілген, мүмкіндігінше мықтап ұйымдастырылған ұрыс-тартысы еді. Алдымен ашып айта кетейік: бұл тартыстың да тарихи, мұндағы талай тар жол, тайғақ кешулер арқылы өткен өткелдер жалпы алғанда дәлелді де, әділетті де айтылған. Әрине, көркем шығарманың өзіне тән ерекшелігі, жалпы жорушылығы болады. Осы тұрғыдан алғанда мұнда, қазақтар мен жоңғарлардың майдан, ұрыс даласындағы айқасын көрсетуде-жазуда әсірелеу пен азын-аулақ асырып айтушылық жоқ емес. Бірақ болған оқиғаларды баяндаумен бағалаудың жалпы бағыты, барлық желісі әбден дұрыс, тарих тұжырымдарына ешбір қайшы емес. Сондықтан қазақтар мен жоңғарлар арасындағы тартыс жолы мен бейнесі жалпы тарих тұрғысынан да, көркем әдебиет тұрғысынан да әбден әділ берілген деп есептейміз.

4. Шығарманың барлық басты персонаждары – кейіпкерлері – айталық, Тәуке, Әбілқайыр, Бөкенбай, Тевкелев немесе белгілі билер: Қазыбек, Төле, Әйтеке және басқалар әсте де ойдан шығарылған пенделер емес, өмірде, тарихта болған, қоғам өмірінде өздерінің істеріне қарай белгілі дәрежеде із қалдырған нақты адамдар, үлкенді-кішілі қайраткерлер. Әрине, романда автор ойынан шыққан, керекті жерінде қажетімен кіргізілген кейіпкерлер де жоқ емес. Бұлар да көркем шығармада кездесіп отыратын әбден табиғи құбылыс. Бұлар өздерінің бояуларымен, іс-әрекеттерімен шығарма мазмұны мен іреңін кемітіп тұрған жоқ, қайта кеңейтіп, айрықша ашып тұр. Сонымен, бұл шығарманың ерекше айырмашылығы мен артықшылығы сол – ол түгелдей өмірде болған адамдардың өздері мен нақты /жағымды да, жағымсыз да/ істеріне негізделіп құрылған. Сондықтан да бұл – шын мәнісінде тарих шежіресіне құрылған тарих жанрына жататын туынды. Мұның өшпес маңызы мен тарих төрінен алатын орны алдымен осында.

5. Еңбекте одан әрі талай жылдар бойы жоңғар басқыншыларына қарсы жүргізілген жауынгершілік кезеңдерде қазақ елінің, қазақ хандықтарының Ресей империясына /патшалығына/ деген көзқарастары, бұған байланысты бұл мемлекетпен жақындасуға, мүмкін болса тіпті одақ жасауға бағытталған ниеттері мен әрекеттері әр жақты әңгіме болады. Бұл да, әлбетте, әбден орынды, өз дәрежесінде, екі ел арасындағы елшілік қатынастырды көрсету арқылы баяндалған. Бұл арада айрықша атап өтетін бір жағдай сол – бұл құбылыс әдеттегідей, бұрынғы әдеби деректердің көбінде бір жақты айтылатындай емес, жан-жақты, яғни мұның жағымды да, жағымсыз да жақтары бірдей, барынша объективтік түрде сипатталған. Бұл тарихи шындыққа әбден жақын. Өйткені сол заманда қазақ жұртшылығының бәрі Ресеймен елдесуді жақтады десе, шындықтан гөрі өтірікке жол бергендік болар еді. Автордың тағы бір әділдігі дәл осында.

6. Шығармада суреттелген шытырман жағдайларда, қазақ жері мен елінің тағдыры қыл үтсінде тұрғанда – бостандығы мен дербестігінің сақталуы қауіпті жағдайда болып жатқанда – халық кемеңгерлігі нышанының көріне бастауы, барар жер-басар тауды іздеуі әбден табиғи нәрсе. Өмірлік мәні бұл мәселелер де жан-жақты, орынды айтылған. Бұл арада барынша басып талданған нәрсе сол – жалпы алғанда ел ойы мен тілегін, замана талаптары тапқан Әбілқайыр ханның, оның толып жатқан жақтастарының әрекеттері, барлық жақтарынан бірдей – барлық қайшылықтарымен бірге баяндалған. Мәселен, автор алдымен кіші жүз ханы Әбілқайырдың Ресейге қосылу жөніндегі антын әр жақты сипаттайды. Сөйтіп қазақ елінің Ресей қол астына қарау процесін сипаттайды. Бұл – нағыз өмір шындығы.

7. Сайып келгенде, романның негізгі мазмұны, идеялық нысанасы – қазақ елінің Ресей елімен орыс халқымен одақ болу, ынтымақтасу қажеттігін дәлелдеу, мұның бірден-бір дұрыс, нағыз прогрестік жол екендігін айқындау, ашып айту. Сондықтан да еңбектің құрылысы – тығырық, елшілік, арбасу және айқас деп аталатын бөлімдері – жаңағы алға қойылған проблемаларды көркем шығарма құралы – тілі арқылы көрсетуге бағындырылған. Бұларда қазақ елінің сол замандағы ауыр жағдайларын, түрлі әлеуметтік жіктер тартыстарды барынша толық талдау арқылы бірден-бірге Ресеймен жақындасу, одақтасу мәселесіне әкеліп тірейді. Автордың бұл ниетін, шығармада қолданған бұл әдістерін түгелдей құптамауға болмайды.

8. Дәл осы арада, реті келіп тұрғанда, шығарманың көркемдік құндылығы жайында бір ауыз сөз айтпауға болмай тұр. Шығарманың тақырыбы нақты тарихи-әлеуметтік мәселе болғанымен қазақ елінің, халқының, бойындағы талап тамаша қасиеттері: ежелгі парасаттылық-адамгершілік, әділділік, жақсылықты дәріптеушілік, озат өнерге ұмтылушылық, сөз қадірін жете білушілік және басқалар орнымен, барынша шебер, оқушының жадында мәңгі қаларлықтай түрде берілген; қазақ тілі қорындағы мақал мен мәтелдер, қанатты сөйлемдер, шешендік сөздер мол қолданылған. Мәселелер, Тәукені күллі қазаққа ортақ хан сайлап, жеті жарғының жосығын қабылдаған ұлы жиын аяқталғасын жиылған жұрт: «Ертең елге барғанда айта барарлық үш би бізге не дейді екен? Соны естіп кеткіміз келеді», — деп тырп етпей тұрып алды дейді автор.

:— Сонда үш биден не сұрайсыздар? — депті хан Тәуке.

Жұрт:

— Үш би бізге ең әуелі заман құлқынан үш ауыз сөз айтсын!

— Енді үш би бізге кәрілік пен жастық хақында не мәслихат қосады екен!

— Енді үш би бізге ұл мен қыз хақында не айтар екен!

— Үш би бізге енді адам құлқынан үш ауыз сөз айтсын! /128-131 беттерді қараңыздар/.

Автор осы арада бұл сұраулардың бәріне үш бидің /Төленің, Қазыбектің, Әйтекенің/ берген, мейлінше тауып айтқан жауаптарын толық келтіреді. Мұның өзі, бір жағынан, халық бойындағы тұнып жатқан мол кемеңгерлікті көрсетсе, екінші жағынан, роман авторының ел бойындағы осындай қасиеттерді іздеп-тауып алып, орнымен шебер бере білгендігін байқатады. Мұндай мысалдар, оқушыларды лажсыз тартатын, үйіріп әкететін терең толғаулар романда жиі-жиі кездеседі. Осылардың өзі-ақ шығарма құндылығын, халыққа әбден қажеттілігін толықтыра түседі.

# Жоғарыда бір жерде атап өткеніміздей, бұл роман қазақ елі өміріндегі аса қиын, асулы кезеңдерді қамтитын, әлеуметтік дамудың өзекті мәселелерін әңгіме ететін, етек-жеңі мейлінше кең шығарма. Әрине, мұндай көп қанатты дүниеде азын-аулақ олқылықтарда болмай қоймайды. Ондайлар мұнда жоқ емес. Бұлардың бастылары біздің байқауымызша, мынадай: романның бірсыпыра жерінде, әсіресе, бірінші, үшінші және төртінші бөлімдердің алғашқы кіріспелерінде тым алыстан орағытушылық, айналаның тозаң әңгімесімен айналушылық бар, кейбір жерінде, белгілі оқиғаларды суреттеуде, қайталаушылық кездеседі. Мұның өзі романның ұзын-ырғасын орынсыз ұлғайтып жібереді, оқушыларын жалықтырады. Бұлармен қатар әлеуметтік, қоғамдық, мәні бар термин-ұғымдарды қолдануда алақұлалық байқалады /бұлар, әсіресе, рулардың, таптардың, халықтардың аты-жөнін айтуда жиі ұшырайды/. Кейбір халықтардың мінез-құлқын, іс-әрекеттерін айтуда да екі-ұшты, өкпеге тиетін сөздер кездесіп қалады /мысалы, орысқа сенбе, суға сүйенбе деген сияқтылар/. Бірақ бұлардың бәрі редакциялауда түзететін дүниелер.

1. Түйіндісі. «Үркер» романы – тарихи тақырыбы мен атқаратын идеялық ролінің маңызы жағынан да, көркемдік құндылығы мен тіл тартымдылығы жағынан да түбінде, ертелі-кеш, қазіргі профессионалдық қазақ совет көркем әдебиетінің нағыз төрінен өзіне лайық орын алатын сегіз қырлы бір сырлы шығарма.

Бүгінгі біздің оқып көріп отырғанымыз автор жоспарлап, жазып жариялағалы отырғаны Қазақстанның Ресейге қосылуының 250 жылдығына /1981 жылы аталып өтетін/ тарту ретіндегі көлемді туындысының тек бірінші кітабы көрінеді. Ал мұның қазір жазылып жатқан жалғасы — екінші кітабы қазақ елінің Ресейге қосылу процесін – аса тарихи асулы кезеңдердегі әлеуметтік өмірін барлық жағынан бірдей баяндайтын жыр болмақ. Міне, сонда, шебер қаламгер Әбіш Кекілбаев қолы мен талантынан туған «Үркер» романының қазақ халқы басынан өткен екі ғасырға жуық ұзақ өмірді еске салатын, қазіргі мен болашақ ұрпақтардың игілігі ететін шын мәнісіндегі эпопея болатындығына ешқандай күмән жоқ.

Сондықтан біз, сөз жоқ, болашағы мол бұл еңбектің тез жарияланып, жұртшылығымыздың игілігі болуын қолдаймыз.

Фариза!
Фаризажан, Фариза-қыз,
Өмірде ақындардың бәрі жалғыз.
Шыдай-шыдай ақыры жалығармыз,
Бірімізден біріміз арылармыз.
Біздерді де жоқтайтын жан болса егер,
Шаң басқан архивтерден табылармыз.
Сен мені білесің бе, білесің бе?
Жаралмаған жан екем күресуге.
Жылай жүріп, өтірік күлесің де,
Жүресің де қоясың, жүресің де.
Бірі итеріп кеудемнен, бірі шалып,
Тастағысы келеді күресінге.
Фаризажан, сен соны білесің бе?...
Жанарымды тұманмен тұмшаладым,
...Серіппесі үзіліп тұр садағым.
Жігітінен қазақтың дос таба алмай,
Қыз да болсаң мен саған мұң шағамын.
Ауырлар деп ойлап па ем мұнша халім...
Ақын болып несіне жаратылдым,
Арасында қап қоймай қара түннің.
Қасиетін сезем деп Ана тілдің,
Қауырсыны қалмады қанатымның.
Қу тірлікке құл болып, аяң басып,
Құлашымды жая алмай баратырмын.
Момын едім, жақсы едім, ұяң едім,
Аттап өттім олардың қия белін.
Енді, міне, қауқарсыз құр ашуды,
Жия бергім келеді, жия бергім.
Маңдайымнан сипаған бір жан болса,
Енді қалған өмірімді қияр едім.
Білмеймін, бұзықпын ба, жындымын ба?!
Кеп тұрады тілегім мұңды-мұңға.
Енді қалған өмірдің құрдымында,
Өлтірсе де көмбеймін жырды құмға!
Нөл болады деп айтам, жалтармаймын,
Көбейтсең де қаншама мынды-мыңға...
Айналаға қарайық анық барлап,
(Түн кеткесін, күн шығып, жарық болмақ),
He туралы жырласақ, Фариза-қыз,
Бағыштайық бәрін де халыққа арнап.
Фариза, Фаризажан, Фариза-қыз,
Бірімізден біріміз арылармыз.
Том-том болып дүкенде тұрмасақ та,
Подвалдағы архивтен табылармыз...

ХАНДЫҚ ДӘУІР ӘДЕБИЕТІ
Хандық дәуір әдебиетінің құрылуы қарсаңындағы қоғамдық- әлеуметтік, саяси жағдай

Қазақ хандығы түріндегі Қазақ мемлекеттігінің пайда болуына негіз болған объективті себептер: Дешті Қыпшақтың, Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның қазақ рулары мен тайпаларының этникалық және саяси топтасуының күшейе түсуі, казақ халқыньщ қалыптасу процесінің аяқталуы, феодалдық қатынастардың дамуы.
Хандықтың негізін салушылар - Ақ Орда билеушісі Ұрұс ханның ұрпақтары Керей мен Жәнібек.
ХҮІ ғасырдағы қазақ хандығы. ХҮІ ғасырда қазақ хандығының нығайып, территориялық жағынан ұлғая түсуі. Қасым ханның тұсында казақ хандығында ішкі қайшылықтардың жойылып, саяси және экономикалық жағынан нығаюы, шекараның ұлғаюы.
Алғашқы қазақ заңы - « Қасым ханның қасқа жолының » жасалуы.
ХҮІ ғасырдың екінші жартысында әлсіреген хандықты біріктіруде Ақназар ханның үлесі. Тәуекел хан тұсында қазақ хандығы мен Ресей арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың нығаюы және Орта Азияның сауда орталықтарына шығуы.
ХҮІІ ғасырдағы қазақ хандығы. Есім ханның орталықтандырылған мемлекет құру әрекеті. Қазақ хандығының Есім хан тұсында Оңтүстік шекараларының кеңеюі. «Есім ханның ескі жолы» деп аталатын заңның сипаты.
ХҮІІ ғ. екінші жартысындағы Қазақ хандығының саяси, әлеуметтік жағдайы. Тәуке хан билік құрған кезеңде (1680-1717) халықтың бірлік, ынтымағының арта түсуі.
Қазақ мемлекетінің әлеуметтік, экономикалық және ішкі жағдайды реттеуге бағытталған реформалары.
Қазақ халқының тарихына ірі кұқықтық өзгерістер жасаған «Жеті жарғы» заңының жасалуы.
ХҮІІ ғ. алғашқы жартысында Жоңғар хандығының құрылуы. Қазақ-жоңғар қатынастары.
Тәуке хан қайтыс болғаннан кейінгі кезеңде қазақ хандығының әлсіреуі. Қалмақтардың қазақ жеріне шапқыншылық жорығы.
1710-1711, 1717, 1723-1725, I 740-1742 жылдарда қазақ жеріне жасалған жоңғарлардың жорықтары.
Қазақ халқының жоңғар басқыншылығына қарсы күресі. Жоңғар мемлекетінің күйреуі. Жоңғар қалмақтарына күйрете соққы берген қазақ батырларының жеңісті жорықтары.
Жоңғарларға қарсы күресті ұйымдастырудағы Абылайдың рөлі.
Қазақ хандығының мемлекеттілігін, тәуелсіздігін сақтап қалудағы Абылайдың батырлығы, ұйымдастыру, дипломатиялық шеберлігі.
Абылай ханға, жоңғарларға қарсы күресте ерлігімен танылған қазақ батырларына арналған поэзиялык туындылар. Осы шығармалардағы Абылай бейнесі.
Ежелгі түркі поэзиясының жаңа коғамдық саяси жағдайлардағы дәстүрлі жалғасы болып табылатын қазақ жырауларының тарих сахнасына шығуы.
Қазақ әдебиеті тарихынан жыраулар поэзиясының алатын орны.
Жырау, жыршы, ақын сынды халық әдебиетін жасаушылардың өзіндік ерекшеліктері. Жыраулар поэзиясының дара табиғаты, тақырыптық ерекшеліктері. Жыраулардың қоғамдык-әлеуметтік тұлғасы.
Хандық жүйе кезеңінде жыраулардың ханға, мемлекет билеушілеріне кеңесші көмекші болуы, оның мемлекет істеріне араласуы, қоғамдағы рөлі. Жырау - хан мен халық арасындағы дәнекер тұлға.

Жыраулардың қазақ хандығы қалыптасып, нығаюы процесінде хандардың бір орталыққа бағынған мемлекет құру саясатын іске асыруда ұраншы, үгітші қызметін атқаруы.
Жыраулардың саяси және қоғамдық өмірдегі езгерістерге орай жорықшы, батыр жауынгер болуы.
Жыраулардың келесі бір функциясы – сәуегейлігі, көріпкелдігі, болашақты болжауы. Жыраулар шығармаларындағы болжал өлеңдер.
Хандық дәуір әдебиеті тарихының даму бағыттары және көркемдік-идеялық ерекшеліктері

Жыраулар поэзиясындағы дара әдебиетке тән белгілер және фольклорлық сипаттар. Жыраулар поэзиясының калыптасу, даму кезеңдері. Жыраулар поэзиясыньщ даму кезеңдерін үш кезеңге бөліп қарастыру:

I кезең. (ХІ-ХІҮ ғасырлар) жыраулық дәстүрдің негізі қаланған ілкі
кезеңі. Кетбұға, Сыпыра жыраулардың, Қодан тайшының бізге жеткен
мұралары.
II кезең. (ХҮ-ХҮІ ғасырлар) жыраулық поэзияның қалыптасу кезеңі.
Қазтуған, Асан қайғы, Доспамбет, Шалкиіз жыраулардың шығармашылығы.
III кезең. (ХҮІІ-ХҮШ ғасырлар) жыраулық поэзияның неғұрлым
кемелденген кезеңі. Жиембет, Тәтіқара, Үмбетей, Ақтамберді, Бұқар жыраулар
шығармашылығы.

Жыраулар поэзиясының жариялану, зерттелу жайы. Хандық дәуір әдебиетінің жиналуы, жариялануы XIX ғасырдың екінші жартысынан басталады. Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиеттің жиналып, жариялану, зерттелуін үш кезеңге бөліп қарастыру.Бірінші кезең. XIX ғасырдын екінші жартысынан бастап Кеңес үкіметі орнағанға дейінгі кезең аралығындағы жиналу, жариялану жұмыстары. Ш.Уәлихановтың, В.В.Радловтың жыраулар шығармашылығына қатысты пікірлері, жинап бастыруы. Жыраулар мұрасының «Ноғай уа құмық шығырлары». М.Османов, «Жақсы үгіт» М.Бекмұхамедов, «Шайыр», «Көксілдер», Ғ.Мұштақ «Тауарих хамса»,Қ.Халидұғлы «Ақын» А. Берқалиұғлы құрастырған жинақтарға енуі.
Екінші кезең. 1917 жылдан - 1959 жылдар аралығындағы жиналып жариялануы, зерттелуі.
Үшінші кезең. 1959 жылғы әдеби мұра жайлы мәселе көтерілген конференциядан кейінгі және осы күнге дейінгі зерттелуі. XX ғасырдың 60-90 жылдар аралығында жыраулар поэзиясының тиянақты зерттелуі: Б.Кенжебаев, Ә.Марғұлан, Х.Сүйіншәлиев, М.Мағауин зерттеулерінің маңызы.
Жыраулар поэзиясының көркемдік-идеялық ерекшеліктері. Жыраулар поэзиясында туған жер, қоныс, сыртқы жаулармен болған, азаттық күрес, жаугершілік заман көрінісі, өз дәуірінің шындығы, моральдық, этикалық қағидалар, ерлік, ел бірлігі тақырыптарының жырлануы.
ХҮ-ХҮІІІ ғасырлардағы жыраулар поэзиясы - сол дәуірдің түрлі көріністерін қазақ тілінде көркем жырланған төл мұрасы. Жыраулар поэзиясында қолданылған көркемдік кестелер, суреттеу тәсілдері, образдар жүйесі.
Толғау жанрының өзіндік ерекшеліктері. Толғаудың сипаттамасы. Жанрлық белгілері. Толғау – импровизациялық дәстүрдегі дара шығармашылық үлгісі. Толғаудың мазмұнына, тақырыбына қарай жіктелуі. А.Байтұрсынов, Е.Исмайлов, С.Мұқанов, М.Мағауин, Б.Әбілқасымов сынды ғалым-зерттеушілердің толғауды классификациялау үлгісі. Толғаулардағы, арнау-толғаулардағы көркем шындық, тарихилық мәселесі. Толғаулардың тирадаларға белінуі, дидактикалық сипаты.

Шалкиіз жырау

ХV ғасырда өмір сүрген көрнекті жыраулардың бірі Шәлгез (Шалкиіз). Оның шығармалары қазақ, ноғай, қарақалпақ халықтары арасына кең тараған.

Шәлгездің әкесі Тіленші аталады. Халық арасында Шәлгез әке, шешсі белгісіз, салмен ағып келіп кезігіп, Орақ, Мамайға бала болған немесе шешеден ерте айрылып, Ноғайлының ұлы биі нағашысы – Мұсаның қолында тәрбиеленген деген әңгімелер кездеседі. Ғасырдан ғасырға көшіп, аңызға айналыңқырап жеткен, мазмұны жағынан бір-бірімен сабақтас бұл әңгімелер жырау тегі туралы бізге қолға ұстатқандай нақты деректер бермегенмен, атадан балаға ұласып, халық жадында қалыптасқан шындық сілемін аңғартқандай. Ол шындық – Шәлгездің Орақ, Мамай мырзалармен не өзі қасына көп ерген Темір бимен бірге тумағандығы. Сондықтан да қанша айбарлы батыр, айдынды жырау болса да, өмір тәлкегін көп көргендігі. Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының қорындағы Әкіш ақсақал тапсырған қолжазбада: «Шәлкез Мұсаның қызынан, Орақпен тетелес апасынан туған», - делінеді. Осы деректер негізінде бұл пікірді М.Мағауин өз зерттеулерінде келтіреді. Ғалым Ә.Дербісалин Шәлгезді Мұса бидің жиені санау жансақ пікір дейді. Ә.Дербісалин пікірінше, Шәлгез Орақ, Мамаймен замандас, жасы қатар адам. Сондықтан оның қызынан тууы мүмкін емес. Бұл әлі де анықтай түсуді қажет етеді.
Шәлгез жыраудың өмір сүрген дәуірі мен мекені туралы ел аузынан жазылған қолжазбалар мен жыраудың өз шығармалары ғана хабар береді. Ертелі-кешті жырау шығармалары жарияланған жинақтарда, қазақ ақыны Мұрат Мөңкеұлы жырлаған «Шәлгез» толғауында, сондай-ақ ел аузынан жазылған материалдарда Шәлгездің «нрғайлы» екендігі айтылады. Біздің қолымыздағы «Салкез батырдың Орақ, Мамайға айтқаны» деген қолжазбада жыраудың балалық, жігіттік шағы Орақ, Мамай маңында өткендігі, бірақ батырдың Ноғай ордасындағы бедел, құрметін күндегендер оны елден кетірмек болып, жауға жалғыз жұмсағаны, батырдың жауды жеңіп келіп, аттан түспестен, Орақ, Мамай мен жиналған жұртқа жыр толғап - өкпесін айтып, жапан-түзге кеткені айтылады. Аталмыш материалдарға қарағанда, Шәлгездің Ордада – Орақ, Мамай маңында өсіп, бедел-даңқы сол кезде белгілі болғаны көрінеді.

Шәлгез Темір биге Орақ, Мамай ордасынан кеткесін барғанға ұқсайды. «Би Темірге айтқаны», «Би Темірді хажы сапарынан тоқтатуға айтқаны» деген толғауларына қарағанда, оның Темір бидің қолбастар батыры, жұртты аузына қаратқан аталы сөз айтар ақылшы жырауы болғандығы аңғарылады. Өкпелеп, ажырап кетіп барып қайта табысады. Бұл жайды аталмыш толғаулар мазмұнынан және В.В.Радлов ноғайлар арасынан жазып алған «Шалкиіз» деген материалдан, «Шайыр» жинағындағы жырау шығармаларына берілген түсініктерден айқын көреміз.

Соңғы жылдарда табылған, яки ноғайлар арасынан жазылған Шәлкез өлеңдері де жырау өмірі туралы жаңа деректермен толықтыра түседі. Ноғайлар арасынан филология ғылымының кандидаты А.Сиқалиев жазып алып, жариялаған «Мен иемнің күнінде», «Алай жаным» деген өлеңдеріне, Үпі (Уфа) архивіндегі «Қазақ өлеңдері мен хиссалары» дәптеріндегі «Әжікам, сен Мансұрұлы Тоқусан» деген өлеңіне қарағанда, Шәлгез бірқатар уақыт Әзике (Әжіке) сырза қарамағында болады.

Біздің қолымызда бар деректерден,-деп жазады М.Мағауин, - Шалкиіздің (біздіңше, Шәлгез деген қисынды. - С.Қ.) Темір би өлгеннен соңғы өмірі Мамайдың және оның інісі Жүсіптің төңірегінде өткендігі көрінеді.

Мен жоғарыда баяндап өткен жайларға қарағанда, Шәлгездің ХV ғасырдың ІІ жартысы мен ХҮІ ғасырдың 70-жылдары аралығында өмір сүргені аңғарылады. Ел аузынан жиналған материалдарда Шәлгездің сәби кезінде Орақ, Мамай аты белгілі батырлар. Зерттеушілер мәліметіне сүйенсек, Алшағырұлы Орақ 1496-1548 жылдарда өмір сүрген. Мамай 1549 жылы өледі. Шамамен Орақ 20-25-терде батыр атанды десек, Шәлгез 1516-1520 жылдар дүниеге келген болады. Бірақ бұл жоба тарихи деректерге қайшы келеді. Себебі, Шәлгез ұлығылай жырлайтын Темір би 1480 жылы Угре жорығына қатысады, ХV ғасырдың 90-жылдары тарих сахнасынан кетеді, Ноғай Ордасын 1504 жылы оның ұлы Тәуекел билейді. Демек, Шәлгездің Темір дүниеден өткесін тууы шындыққа сәйкес келмейді. Бұған қарағанда, дәл сол тұста ел аузынан жазылған деректерге сүйенудің жөні жоқ. Себебі, тарихи деректерде Орақ, Мамай Шәлгезбен тұрғылас, тіпті бірқатар жас кіші боп та шығады.

Шәлгезді Хақназарға кетуге мәжбүр еткен Жүсіп 1554 жылы өледі. Бұл кезде жырау Орақ, Мамай, Би Темір, Тәуекел, Әзике, Жүсіп маңында болып, Қазақ хандығына барған, егдерген кезі еді. Шәлгезді ХV ғасырдың ІІ жартысы мен ХVІ ғасырдың орта кезі аралығында өмір сүрген деу орынды.
Ел аузынан жиналған қолжазбалар мен ХХ ғасыр бас кезінде баспа жүзін көрген кітаптарда Шәлгез ноғайлының жырауы еді делінеді.

«Шайыр» жинағындағы Шәлгез толғауына берілген түсінікте оның Қояс руынан екені айтылады. Бұл деректі ел аузынан жазылған шежірелер де бекіте түседі. Алшын ішіндегі «ноғайлы» құрамындағы Қояс руының қариясы Ақбаев Елеш өзін Шәлгез батыр ұрпағы санайды. Елеш өз ата-тегін: Шәлгез-Ержақай-Жанғабыл-Бекболат-Аружан-Қараша-Қалмамбет-Шақа-Сақ-Сәмет-Құдайберді-Қаз-Ақбура-Байғазы-Құрманғазы-Құлмақамбет-Өтәлі-Ақбай деп таратады. Демек, Шәлгез – Елещтің он тоғызыншы атасы. Елеш қария шежіресіне қарағанда, алтыншы атасы Ақбура батырды беріш Саржала батырмен байланысты әңгімелейді.

Шәлгез шыққан Қояс руы қазіргі ноғай халқы құрамындағы тайпалар мен ру аттары арасында кездеспейді. Бұған қарағанда, Ноғай Ордасының көптеген рулары Еділдің Кавказ бетіне көшенде, Қояс руы түгелдей Алшын арасында қалса керек. Немесе Қояс руы Ноғай батыр дәуірінен (ХІІІ ғ-дан бері) Алшын арасында жүрген түрік-моңғол руларының бірі, кейін барып «ноғайлы» не «ноғай-қазақ» руы құрамына кіруі мүмкін. Демек, Қояс руы бағзы «ноғайлы» руы болсын әлде Ноғай Ордасы сарқыншағы болсын, қалай болғанда да, Шәлгез Ноғайлы елінде, Ноғайлы аймағында – Батыс Қазақстан өңірінде дүниеге келіп, бар өмірін Еділ, Жайықтан Қазан мен Түменге, Жемнен Сыр сағасына дейінгі Қыпшақ даласында өткізгендігі аңғарылады.

«...Өз заманы үшін қадірлі де құрметті кейбір шығармалары ауызша ғана тарап қоймай, жазбаша да тарағандығы туралы болжам жасауға итермелейді. Мүмкін, бізге жеткен М.Османов, Ғ.Мұштах (Ғ.Қараш) жинақтарына негіз болған ел ішіндегі қолжазбалар, Үпі архивіндегі «Қазақ өлеңдері мен хиссалары» сол дәуірдегі жазбалардан біреу көшіру арқылы жеткен мұралар болар. Мұндай жазбалар ертелі-кешті архив қазыналары мен сол кезде ноғайлы аталған аймақтан тараған түркі тілдес халықтар арасынан табылуы мүмкін.
Шәлгездің «Ғизмет иәм би Темір», «Бәйтерек», «Арық хан», «Қатынасы биік көлдерден», «Боз үстінде от жаққан», «Мен иемнің күнінде» өлеңдері мен кейбір жыр жолдары қазақ, ноғай арасынан жиналған жырау мұрасының қай-қайсысында да кездеседі. Ал Шәлгез мұрасының ең маңызды әрі көлемдісі саналатын «Би Темірге айтқаны», «Би Темірді хажы сапарынан тоқтатуға айтқаны», «Шағырмақ бұлт жай тастар» толғауларының қазақ арасынан жиналып, алды бұдан бір ғасыр бұрын (1875) жарық көрген.

Шәлгездің бізге жеткен жырлары түгелдей азаматтық, әлеуметтік лирикаға жатады. Ол өз көңіл күйін толғайтын бірділі-екілі толғауының өзінде де өмір заңдылығын, заман үлгісін қатар суреттей отырады. Жырау – «от басы. Ошақ қасының» қарапайым пендешілік халіне айналмай, өзіне дейінгі Һәм өз заманындағы қилы-қилы сырларға көз жібереді, өмірде көрген көп жайларын көңіл таразысына салып, қорыта толғайды, көсем көңілмен, өнегелі сөзбен ізгілікке үндейді.

Шәлгез шығармалары ой, мазмұны жағынан қисынды, жүйелі келеді. Мысалы, өлең жолдары бірінде аздау, кейбіреуінде көбірек он бір тирададан тұратын «Би Темірге айтқаны» толғауын алайық. Кеше ғана Темір би сарайында шалқып жүрген өзі би, өзі батыр атақты жырауды бүгін тағдыр түзге тентіретсе, жыр дүлдүлінің бақ, мансабын көре алмаған орда маңындағы «күйбеңдескен көп жаман» жанындай санап, бек сенген Темір биді бұған қарсы қойса, жырау не демек, өз көңіл күйін қалай жеткізбек? Жырау Темір биге деген өкпе-ызасын, оның маңындағы жандайшаптарға деген кекті Һәм сілтілі сөздерін бірден лақ еткізбей, алыстан орғыта, өз халін табиғат құбылыстарына ұқсата, жұптастыра, салыстыра толғайды. Шәлгез нөсер алдындағы түнерген аспанды, көкшілден соққы жеген құс еркесі қудың қайғылы халін тектен-тек айтып отырған жоқ.

Көп ішінде бір жалғыз
Көп мұңайып жылайды.
Күйбеңдеген көп жаман
Сөзі тигенге ұқсайды.

Міне, алғашқы тираданың соңғы төрт жолының өзінде де жанама хабар айтқандай, жай жоспармен, меңзей толғайды. Ал екінші шумақта өзі үшін Темір би кім еді, үшіншіде өзі Темір үшін кім еді, - соны жырлайды.

Кемел ақыл, кенен ой, бұлтартпас биік, тепсінген тегеурінмен Темір биді тізгіндеп, жуасытып алған жырау кейінгі бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы шумақтарында ақыл, ғибратқа көшеді. Шәлгез бұл тұста «шамаңды біл, жасық жима, асыл жи» дегендей. Тек толғау соңында ғана тағы да бәсік көңілмен үшінші шумақта айтқан Темірге ақ-адалдығын дамыта, тереңдете түседі.
Шәлгез жырларында суреттелетін адамдар – Темір, Әзике, Мансұр, Арық хан және жыраудың өзі. Жыраудың өзін біз көбінесе лирикалық «Мені» арқылы танимыз. Осылардың ішінде жыраудың Темір би мен өзін бейнелеуінен сөз зергерлігін анық аңғарамыз.

Темірді құдіретті етіп көрсетуде жырау оны сахара аспаны астында көздеген жеміне жасындай ойнап, жайдай жарқ етер сұңқардың тегеурініне балайды. Жырау «қу сұлтаны – саһар, саһарды сайлап қаусырған боз сұңқар» - Темірді құс азғыны құладынға қарама-қарсы қойып, шендестіре суреттейді. Шәлгез бейнелеуінің әсерлілігі сол - әлгі сұңқардың сұмдық қайрат-қуаты мен қимыл-әрекетін көріп отырғандай сезінесің. Демек, бұл жырау сөзінің эмоциялық әсер-қуатының күштілігі.
Шәлгездің «Арық хан», «Боз үстінде от жаққан», «Әжіқам, сен Мансұрұлы Тоқусан», «Мен иемнің күнінде» сияқты өлеңдерінде Темір бейнесін толықтыра түсер детальдар мол. Бұлардың қай-қайсысында да Темір туралы үлкен мақтаныш сезіммен мадақтай жырлайды.

Шәлгез аталған жырларда Арық хан, Әзике, Мансұр сияқты шонжарларды Темір образына қарама-қарсы бейнеде суреттейді.

Жырау бейнелеуіне қарағанда, Арық хан – Темірдің тегеурініне төтеп бере алмас төменшік адам, Әзике – қатыгез, әділетсіз мырза.

Шәлгез жырларынан жыраудың өз бейнесін де ажырата тану қиын емес. Ол Темірге арналған толғауларында өзін бидің жан аямас шын берілген ақ, адал қызметшісі – «көп құлының бірі» ретінде суреттейді. Бірақ Шәлкез мәңгі бақи сол күйде, сол көңілде қала бермейді. Оған өз жолдары куә:

Басымды менің қорласа,
Көп туғаным жоқтаман.
Аяғымнан менің басыма
Етектеп плтын құйса, тоқтаман!

Байлық мен мансап, атақ пен абырой жел айдаған бұлттай жөңкіліп жүре беріп, тар кезеңге тап болған жырау өмірінің біраз ізі осы шумақтан да байқалады. Бұл хас батырға тән мәрттік мінезбен қатар, заман тәлкегіне түсіп, неге болса да бел буып, бекінген жанның берік тәуекелі мен ашынған көңілінің ақтарылған сыры дерлік. Мұны өлеңнің тепсініп келген тегеурінді ырғағымен, күңіренісімен күші басым өлең жолдарынан мол сезінеміз. Мұндай әуен Шәлгездің әЕділім» толғауына да тән. Бірқатар жолдары Қазтуған жырына сәйкес келетін бұл шығарма – жыраудың туған жерімен амалсыз қоштасуы, «Шөбі – секер, суы – шәрбет» ата қонысты қимас сезімнен туған телегей теңіздей терең тебіренісі.

Шәлгез жырлаында философиялық толғаныс, тебіреніс ретінде келетін дидактикалық өнеге-өсиет, мақал-мәтел, ақыл-нақылды шумақтар мол. Жырау өнеге-өсиеттік бірқатар жолдарында өрісті ойларын жақсы мен жаманды салыстыра отырып суреттейді:

Құсты жисаң, бүркіт жи,
Қыс тоныңды түлкі етер.
Бір жақсымен дос болсаң,
Азбас, тозбас мүлкі етер.
Бір жаманмен дос болсаң,
Күндердің күні болғанда,
Жүмле ғаламға күлкі етер.

«Жақсыдан – шарапат, жаманнан – кесепат» дегендей, бұл шумақтағы жақсы – шарапатты шын дос та, жаман – жалған дос, екіжүзді сатқын бейнесінде.

Жырау жақсы мен жаман арқылы ер мен ез, мәрт пен нәмарт сияқты адам бойында кездесетін екіұдай кереғар қасиет-мінездерді салыстыра суреттеу арқылы дәуірден дәуірге көшіп келе жатқан көптеген өмір сырын байыпты бағалайды. Шәлгездің «Қатынасы биік көлдерден», «Тобылғының берігі», «Бостаны барды теректің», «Айдынға шүйсең, тардан шүй», «Бар күшіңді сынамай» шумақтары және «Шағырмақ бұлт жай тастар» дейтін ұзақ толғауы – не замандар бойы өмір тәжірибесінен қорытылған саралы ойлар жиынтығы, өмір аксиомасы дерлік. Бұларда ақыл-ғирбат та, өнегелі өсиет те мол. Бұл саладағы толғауларынан Шәлгездің өрісті ойларын, замана шындығын, дәуірдің елеулі мәселелерін көтере білген кемел парасатын тани түсеміз.

Міне, жырау өмірдің өзінен туындап жатқан ащы шындықты айқын көре алған да, жақын жеп жаманға жан тартуға емес, «жақсыда жаттық жоқ» дегендей адамды, азаматты, абзалдықты суюді өсиет етеді.

Атаның ұлы ерлерге
Малың бер де, басың қос,
Басыңды қос та, бек сыйлас, -
Күндердің күні болғанда,
Басың жауда қалар ма?!

Бұл жолдардағы Шәлгез ұғымындағы «Ата ұлы» адамдығы мо азамат ерлер ретінде танылады. Даңқты жорық жырауы Шәлгездің өзі де дарабоз тұлға болған. Ол - өзі заманының айтулы батыры, ақылгөй абызы.

Қорытынды

Тарих беттерін бір дүбірлеткен жырауларымыздың өмірі бізге аңыз болып отыр. Олардың өнері мен шеберлігіне қарап, жырларын сүйсіне оқығанның да өзіндік орны бар. Ақын өмірі жай адамнан өзгеше екені әркімге анық. Сондықтан да, Асанқайғы, Шаркиіз, Қазтуған сиықты жыраулар сонау заманның тылсым өмірін келер ұрпаққа өз еңбектерімен жеткізген. Әлеуметтік және саяси дүниені ашып көрсеткен.

Шалкиіз жырау

ХҮ ғасырда өмір сүрген көрнекті жыраулардың бірі Шәлгез (Шалкиіз). Оның шығармалары қазақ, ноғай, қарақалпақ халықтары арасына кең тараған.

Шешендік сөз тарихы

Шешендік өнер бар да, сол өнер жайлы ғылым бар. Антикалық грек-рим мәдениетінен белгілі “Риторика” ілімі шешендік өнердің табиғатын, болмыс-бітімін, сыр мен сымбатын зерттейді. Қазақ әдебиеттану ғылымында шешендік өнерді зерттейтін ғылымның терминдік атауы қалыптаспаған. Әдебиеттану ғылымының құрамдас бөлігі ретінде қарастырылады.

Қазақ топырағындағы шешендік өнерді зерттейтін ғылымның жеке сала болып қалыптасуы, өзіндік терминдік атау-ұғымдарының пайда болуы, әлемдік маңызға ие болуы — болашақтың ісі.

Сонымен, риторика, шешендік өнер әлем тарихындағы көне ғылымдардың бірінен саналады. Мыңдаған жылдар өмір сүріп келеді. Шешендік өнер ғылым ретінде қоғам дамуының әртүрлі кезендерінде бірде маңызы артып, еңді бірде мәні төмендегенімен, өзінің дамуын үзбей өрістеп келеді.

Шешендік өнердегідей, басқа ғылымдармен салыстырғанда, мәдениет пен өнер тарихындағы сабақтастық, дәстүр, мәдени тоғыс, тарихи ұлттық тіл мен діл, сондай-ақ жалпы ортақ адами сипат наты, дәл көрінбейді.

Наши рекомендации