Стаздың кәсіби картасы

Петропавл қаласы Солтүстік Қазақстан облысы

Абуева Райса Тұрлыбекқызы

С. Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназиясында 2004 жылдан бастап бастауыш сынып мұғалімі қызметінде істейді.

Туған жылы, айы күні: 1973.03.27.

Туған жері: С.Қ.О.

Білімі: М. Қозыбаев атындағы СҚМУ

Лауазымы: Бастауыш сынып мұғалімі, әдістемелік бірлестік жетекшісі

Лауазым бойынша еңбек өтілі: 18 жыл

Санаты: бірінші

Марапаттаулар мен ғылыми атақтары:

1. Сертификат «Оқытудағы жаңа инновациялық технологиялар» 2010ж ҚБ

2. Сертификат «Ақпараттық технологияны оқу-тәрбие үрдісінде тиімді пайдалану» 2012ж (қалалық семинар) №1685

3. Сертификат «Өзін-өзі тану» пәні жүргізілуіндегі кәсіби құзыреттілік СҚ ПКБАКДИ 2010.21.06. №0214293

4. Құрмет Грамотасы ҚР СҚО Петропавл қаласының білім бөлімі 2011ж

5. Құрмет Грамотасы ҚР СҚО Петропавл қаласының білім бөлімі 2012ж

6. Құрмет Грамотасы ҚР СҚО Петропавл қаласының білім бөлімі 2013ж

7. Куәлік «Халықтың компьютерлік сауаттылығын көтермелеу» семинары 2012ж

8. Қадірлеушілік сертификаты СҚ ПКБАКДИ 24.02.2012ж

9. Сертификат «Бастауыш мектеп педагогтарының инновациялық және шығармашылық іс-әрекеттерінің даму жолдары» СҚ ПКБАКДИ 2011ж №0287021

10. I дәрежелі диплом қалалық ғылыми-зерттеу жұмысына жетекшілік еткені үшін 2013ж Психология және тұлғаны дамыту орталығы

11. Сертификат Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған республикалық қашықтық олимпиадасы, 2014ж КИО

Басылымдары:

1. Баспаға шықты: «Бастауыш сынып пәндеріндегі құзырлықты дамытуға бағытталған тапсырмалар» Халықаралақ ғылыми- тәжірибелік конференция материалдары, « Өрлеу», СҚ ПКБАКДИ

2. Басылымдар: «Бастауыш сынып ұстаздары мен ата-аналарына үй жұмысы туралы» мақала ( растау анықтамасы)

3. «Білім бұлағы» Ақпараттық ғылыми – әдістемелік журналы «Алғашқы ұстаз» акциясы

4. Ustaz.kz Ашық сабақтар сайытында екі ашық сабақ, бір ашық тәрбие сағаты жарияланды.

Оқушылар жетістіктері:

1. Диплом және Сертификат «Ақ бота – 2011» II орын Туткушева Шынарай, Тоқтамыс Шадияр, Жамбылова Жібек, Кусаинова Карина.

2. Диплом және Сертификат «Ақ бота – 2011» IIIорын Амантаева Камила.

3. Диплом және Сертификат «Ақ бота – 2012» IIIорын Туткушева Шынарай, Нұрлан Ерасыл.

4. Диплом және Сертификат республикалық «Зерде» зерттеу жұмысында II орын алғаны үшін Ташетова Мерей 2012ж.

5. Қазақ тілінен қалалық олимпиада, 3- орын Тлегенов Сұлтан, 2012ж.

6. I дәрежелі диплом және заттай сыйлық «Таныстыруға рұқсат етіңіз» Жангельдиева Томирис, Қайырбай Диас, Сиргебаева Әмина. 2013ж.

Ткізген іс – шаралары.

Кесте 3

Іс- шара Деңгейі Түрі Мерзімі
«Сусын ішу тәртібі» Әдебиеттік оқу, 3-сынып Қалалық семинар Ашық сабақ
«Отбасы және туған туысқандар» Дүниетану,3-сынып Облыстық семинар (СҚ ПКБАКДИ курсанттарыны) Ашық сабақ
«Бастауыш сынып пәндеріндегі құзырлықты дамытуға бағытталған тапсырмалар» Халықаралық ғылыми- тәжірибелік конференция Баяндама
«Қармаққа түскен шағала» Әдебиеттік оқу, 4-сынып Облыстық семинар (СҚ ПКБАКДИ курсанттарыны)   Ашық сабақ
«Көптен безген көгермес» Әдебиеттік оқу,4- сынып Қалалық семинар Ашық сабақ
«Абайлаңдар балалар!» «Салтанат» балабақшасының даярлық тобыа Ашық тәрбие сағат
«Ыы дыбысы мен әрпі» Сауат ашу,1-сынып ПҚББ «1- сынып оқушыларының адаптация кезеңі» Ашық сабақ
«Күз аруы» 1-сынып ПҚББ «1- сынып оқушыларының адаптация кезеңі» Ашық тәрбие сағат
«Сезім мүшелері. Құлақ.Мұрын» Дүниетану,1-сынып On-line режим Ашық сабақ

Бастауыш сынып мұғалімі Абуева Райса Тұрлыбекқызы

іс-тәжірбиесі жөнінде пікір

С. Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Райса Тұрлыбекқызының сапалы білім беру жолында өзінің теориялық және әдістемелік мүмкіндігін үнемі жоғарлатуға тырысатын ұстаз.

Райса Тұрлыбекқызы өз пәніне қызығушылық туғыза біледі, сабақта әңгіме, пікірталас туғызатын сұрақтар жиі қояды, мұғалім материалды түсінікті, нақты, анық түсіндіретіні әрқашан байқалады,сабақты түрлі тәсілдермен қызықты өтізеді, талап қоя біледі, әр оқушыны әділ бағалайды, сабақ уақытында және сабақтан тыс тыс жұмыс кезінде пән бойынша қызықтырады, шыдамды, әдепті, әр оқушыны әділ бағалауы байқалады. Ол кісімен жақын сөйлесуге болады және оқушылар сенім артады. Жалпы сабақты шығармашылық деңгейде өткізеді және жақсы нәтижелері бар.

Ұстаз оқу материалының жүйелі түрде бөлінуіне, ойлау тілін жетілдіруге үлкен көңіл бөледі. Сабақтарында оқушымен қарым-қатынасты жүзеге асыру мақсатында ойлау, оқу, тыңдау және жазу, яғни, сөйлеу әрекетінің барлық түрлерінің іске асуына ықпал етеді. Оқушыларды ұлттық дәстүрмен, қазақ халқының тарихымен, мәдениетімен, туған жерінің табиғатымен таныстырады. Райса Тұрлыбекқызының оқушыларды мектеп, қала олимпиадаларына, жарыстарға белсенді түрде қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүр.

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ филиалы «СҚО бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында курс тыңдаушыларына сабақ өткізіп, іс-тәжірбиесімен бөлісті.

2012 – 2013 оқу жылында обылыстық ғылыми жобалар сайысында Ташетова Мерей деген оқушысы ІІ орынға, 2013 – 2014 оқу жылында 1-сынып оқушылары ғылыми жобалар сайысында І дәрежелі Дипломға ие болды. Осы еңбегінің арқасында білім беру жүйесіндегі шығармашылақ еңбегі үшін қалалық, обылыстық білім бөлімдерінің Құрмет грамоталарына ие болды. Бүгінде ата-аналар, мұғалімдер, оқушылар ұжымдар арасында беделі зор ұстаз.

3. Сабақтар мен тәрбие бойынша шараларға қатысу. 23. 01. 2017 – 09. 02. 2017 күні аралығында өтілген іс – тәжірибеде мен жетекшім өткен барлық сабақтарына қатыстым. Райса Тұрлыбекқызының сабақтарын бақылау барысында мен өзіме көп нәрсе ала алдым. Ол кісі әр сабағын қызықты, тартымды өтеді. Педагогикалық шеберлігі өте жоғары. Мен Райса Тұрлыбекқызынан оқушылармен қалай жұмыс жасау керектігін, сабақ барысында қай пәнде қай әдісті көбірек пайдалану керектігін үйрендім. Сонымен бірге «Оқушы құқығы» атты тәрбиелік іс – шараға қатыстым. Балалар бұл іс – шарадан көп нәрсе үйренді, тіпті кейбіреулері сабақта шулау, мұғалімнің айтқанын тыңдамау, сабақ оқымау құқық бұзу екенін білгеннен соң сабақта шуламай отыратын болды, біздіде тыңдайтын болды.

Тәрбие жұмысының міндеті мен мақсаттары:

1. Оқушылардың білімдерін дамыта отырып тәрбиелеу.

2. Оқушыларды адал болуға, тәртіпті болуға тәрбиелеу.

3. Мектепте тәртіп сақтауға тәрбиелеу.

4. Оқушыларға өз құқығын сақтау мен қатар, тәртіпті бұзбауға тәрбиелеу.

5. Бір-біріне көмек көрсетуге, бірлесе отырып

жұмыс жасауға тәрбиелеу.

Тәрбие жұмысының ұйымдастыру принциптері:

1. Сыныпты ұйымшыл болуға үйрету.

2. Оқушыға өз құқықтарын түсіндіре отырып мектеп ұжымына құрметпен қарауға үйрету.

Тәрбие жұмысының бағыттары:

Құқықтық тәрбие беру баланың жеке тұлғасын қалыптастырып, олардың бойына жоғары идеялық пен қоғамдық меншікке қатынасты көзқарасты дарытудың асыл міндеттерін атқарады. Мемлекетіміз жастарға құқықтық тәрбие беру ісіне үнемі маңыз беріп келеді. Қазақстан заңдарына терең құрмет сезімін қалыптастыру, оларды сөзсіз сақтау және орындау -ұзақ уақыт тәрбие жұмысын жүргізудің жемісі. Көбіне құқықтық сананың төмендегі, материалдық және рухани игіліктердің не екенін жөнді түсінбеушілік қоғамға жат қылықтарды туғызады. Сондықтан да әр оқушының санасына құқықтық нормаларды жеткізу, жеткізіп қана қоймай оның күнделікті мінез-құлық нормасына айналдыру үшін күресу құқықтық тәрбиенің міндеті болып табылады.

4. Оқушылармен және ата-аналармен жұмыс ұйымдастыру.

Сынып жетекшісінің ата – аналармен атқаратын жұмыстарының мазмұны мен міндеттері

В.А. Сухомлинский оқушылардың ата – аналарымен жұмыс істеудің мазмұнына ерекше назар аударып: «Тек ата – аналармен бірге жалпы күш жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бақытты беруі мүмкін», – дейді. Олай болса, отбасы мектеп пен бірге тәрбиелік ортаның тұтастай негізгі ықпал ету факторларын жасайды. Сондықтанда педагогикалық әрекетте мектептің жалпы міндеттерінің көлемінің кеңдігіне қарамастан ата – аналармен жұмыстың маңызы ерекше.

Ата–аналармен жүргізілетін жұмыстағы сынып жетекшісінің негізгі міндеттері:

1. Ата–аналармен тұрақты байланыс орнату.

2. Отбасы мен мектептің балаға қоятын талаптарының бірлігін қамтамасыз ету.

3. Ата–аналар ұжымын құру.

4. Ата–аналардың педагогикалық білім дәрежесі мен мәдениетін үнемі арттырып отыру..

Наши рекомендации