Зін өзі бақылауға арналған сұрақтар. 1)Мектеп ішіндегі бақылау дегеніміз не?
1)Мектеп ішіндегі бақылау дегеніміз не?
2)Білім, білік және дағдының сапасы дегеніміз не?
3)Оқыту мен тәрбие нәтижелерін бағалаудың негізгі әдістерін атаңыз.
4)Психологиялық бақылау мен диагностика не үшін қажет?
5)Оқу-тәрбие процесінің нәтижелерін есепке алу мен бағалаудың қажеттілігін не анықтайды?
6)Оқу-тәрбие жұмысының нәтижелерін есепке алу мен бағалау неге тұтас жүйені құрауы керек?
7)Байқап бақылаудың қандай түрлерін білесіз?
8)Байқап бақылауды жүргізудің бірізділігі қандай?
9)Әңгіме-сұқбатқа арналған сұрақтардың негізгі түрлерін атаңыз.
10)Әңгіме-сұқбат өткізер алдында сұрақтар тізімін жасап алу не үшін қажет?
Здік жұмысқа арналған тапсырмалар
1)Әңгіме-сұқбат жүргізудің тәртібін жасаңыз (бақылап-зерттеуді жүргізу тәртібін негізге алыңыз). Таңдап алған әңгіме-сұқбатты дәлелдеңіз.
2)Оқушылардың белгілі бір пәнге деген ынта-ықыласы деңгейін бақылап-зерттудің кестесін жасаңыз (мысалы, математика). Ол үшін оқушылардың оқуға деген ынта-ықыласын айқындауға болатын негізгі параметрлер қандай екенін, қанша оқушыны және қандай уақыт аралығында бақылап-зерттейтініңізді анықтап алу керек. Содан кейін ғана кестені жасаңыз.
3)Мектеп бағдарламасының бір тақырыбы бойынша тексеру жұмысын жасаңыз (мысалы, биология бойынша: "Гүлді өсімдіктер" тақырыбы бойынша тексеру жұмысы).
4)Сіздің ойыңызша, мұғалім еңбегін бақылаудың басты критерилері қандай екенін анықтаңыз.
Реферат тақырыптары
1 .Тест, тәрбие процесс барысындағы оқушылардың жеке тұлғалық қасиеттерінің дамуын зерттеу әдісі ретінде.
2.Педагогикалық процесте мектеп ішіндегі бақылаудың
қажеттілігі.
3.Оқушылардың білім, білік және дағдыларды меңгеру деңгейін есепке алу мен бағалау әдістері.
4.Тәрбиелік жұмыс нәтижелерін есепке алу мен бағалаудың қажеттілігі.
5.Психологиялық бақылау мен диагностика, тұтас педагогикалық процесс нәтижелерін тексерудің қажетті бөлігі ретінде.
6.Оқыту нәтижелерін есептеу мен бағалау, олардың тұтас педагогикалық процесс жүйесіндегі орны.
7.Өзін-өзі бағалау мен бірін-бірі бағалау әдістері, оқыту процесін белсендіру факторларының бірі ретінде.
8.Тәрбие жұмысының нәтижелерін бағалау әдістері.
Педагогикалық технологиялар.
Мақсат: Педагогикалық технологиялар туралы тұтас білімді қалыптастыру және күнделікті оқыту технологиясының жетістіктерімен кемшіліктері.
Міндеттер:
а)Негізгі "технология", "педагогикалық технология", "традициялықдәстүрліктехнология" ұғымдарға анықгама беру.
б)Дәстүрлі ж»не жаңа оқытудың педагогикалық технологиялардың мәнін ашу.
в)Қазіргі кездегі жаңа педагогикалық технологияларға сипаттама.
г)Педагогикалық процесті жүзеге асырудың технологияларының ерекшеліктерін ашып көрсету.
Жоспар
1.Технологиялар туралы ұғымдар. Педагогикалық технологияларға негізгі сипаттамалар.
2.Оқытудың әдеттегі дәстүрлі технологиясы.
3.Кейбір жаңа педагогикалық технологиялар.
4.Біртұтас педагогикалық процесті жүзеге асырудың технологиясы.
Негізгі ұғымдар: технология, педагогикалық технология, біртұтас педагогикалық процесс, инновациялық мектептер; сабақ, творчество (шығармашылық), творчестволық іс-әрекет, мұғлімнің шеберлігі.
Пәнаралық байланыстар: философия, социология, кибернетика, психология, педагогика тарихы, этнопедагогика, жеке әдістемелер.
Технологиялар туралы ұғымдар.Педагогикалық технологияларға негізгі сипаттамалар.
Қазіргі кезеңдегі психологиялық педагогикалық әдебиеттер ғылыми-технологоиялық процестің жетістіктері мен білім беру саласына "жаңа компьютерлік технологияларды" енгізуімен бірге келген "технология" деген ұғым жиі кездеседі. Ғылымда арнаулы технологиялық бағыт пайда болды. Бұл бағыт XX ғасырдың 60-шы жылдарында АҚШ және Англияда пайда болды және қазіргі уақытта практика жүзінде барлық дүниежүзі елдеріне тарады.
Барлық жасалған және қазіргі күнде адамның қолданып жүрген технологияларды екі түрге бөлуге болады: өндірістік және әлеуметтік, өндірістік технологияларға үлгі ретінде табиғат шикізатын қайта өңдеу технологиясы болады. Бұл жағдайда технология деп бастапқы материалды өнім "шығуында" белгілі бір алдын ала берілген қажеттерді бөліп алу мақсатымен қайта өңдеу процесі деп айтады.
Әлеуметтік технология деп, онда бастапқыда соңғы нәтиже болатын адам болады,ал негізгі оның көрсеткіші өзгеріп тұратын бір немесе бірнеше оның қасиеттері болады. Әлеуметтік технологияға классикалық үлгі ретінде жұмысшыларды өз мамандықтарына оқыту қызмет етуі мүмкін. Әлеуметтік технология ол өндірісте қолданатын технологиядан принципиалды түрде өзгешелігі бар. Әлеуметтік технологиялар ұйымдастыру мен жүзеге асыру жағынан өте күрделі және оралымды. Әлеуметтік технология бұл өте жоғары деңгейдегі ұйымдастырылған технологиялар деуге болады, себебі адам әлеуметтік технологияның объектісі, ал ол өте тым көп жақтылы жүйе. Оған күші мен бағыты әртүрлі болатын соны көп сыртқы әсерлер ықпал етеді, кейде олар қарама-қайшы болады, осыған орай көбінесе әсерлер қандай қаншалықты тиімді болатындығын
алдын ала айтуға қиын. Сондықтан әлеуметтік технологияны өндірістік технологияның аықтамасында мүмкін болатындай белгілі бір дәл таңдап алынған процестердің жиынтығы деп айтуға болмайды. Өндірістік технологияны дамыту арқылы тым жоғары нәтижелерге жетуге деген ұмтылушылық білім беру саласында тастап кетпейді аттап кетеді. Педагогикалық іс -әрекет саласына "технология" деген сөздікті енгізу "индустриялдық" технология (Ф.Б.Гильбрейт, Ф.У Тейлор және т.б.) деген идеяға негізделген және ол оқытуда техникалық жабдықтарды қолданумен байланысты. Бұл бағытты бірқатар бұрынғы кеңестік үкіметтің аймағында ғалымдар (В.П. Беспалько, П.И. Пидкасистый және т.б.) қолдайды. Білім беру салсындағы педагогикалық технологияның басқа бағыттары оқу материалын талдау техникасын, мұғалім мен оқушылардың оқу іс- әрекетін (Т.А. Ильина) ұйымдастыруды іздестіруде. Осымен қатар педагогикалық технология ұстаздар мен оқушылардың аз ғана күш жұмсап ең жақсы нәтижелерге жетудің тиімді принциптері мен әдістерін анықтауға бағытталған.
Бірақ, егер материалдық өндіріс саласында еңбек затын бірте-бірте терең меңгеру негізінде еңбек өнімінің өсуіне «желінетін жаңа технологиялар жасалса, ол білім беру саласында басқаша технологиялар ұстаз іс-әрекетінің жеке жақтарына сай жасанды, қолдан істелген конструциялар ретінде жасалынады ғылыми әдебиеттердегі бар терминдер технологияны жасаушылардың дара жеке мәселелерге (проблемаларға) білім меңгеруге бағытталған оқу моделі жағына өлшем жасалған.
Назар аударған: (оқыту технологиясы, ойын технологиясы, тест жасау технологиясы, информативтік-оқыту технологиясы, дистанциондық оқыту технологиясы, рейтингілік оқыту технологиясы және т.б.) (Г.К. Селевко).
Шындығында педагогикалық технологияны жасаушылардың назары (терминдік түсініктемелеріне қарағанда) педагогикалық еңбектің жеке құбылыстар саласына бағытталған. Білім беру технологияларының басым көпшілігі негізінен оқушылардың белгелі бір білім жиынтығын меңгеруге бағытталған. Концепция жасаушылардың "ұстаздар-оқушылар" жүйесінің ерекшеліктерімен ұстаз еңбегінің технологиясының
өзгешіліктері арасындағы өзара байланыстардың түрленген түрлерін көрсетудің басылмауы олардың ең осал жері. Егер кәсіби іс-әрекеттке жеке өзгерістер енгізілсе еңбек саласында түбегейлі өзгерістерге жету және оның нәтижелеріне аса ықпал жасау мүмкін емес. Бұл тағы да "технология" ұғымының мазмұны туралы айтуға мәжбүр етеді.
Бар және жасалынатын жаңа педагогикалық технологияны бағалаудың негізінде: концептуальдық; Ұстаздық қатысы бар заттық саласының мазмұнын түсіну ұстаздың қатысы бар; ұстаз іс-әрекетінің соңғы парадигмасының нақтылғы; жалпы технология және оның ішінде жеке және педагогикалық технологияның қайда жасалынатынымен және қолданылатындығының саласының ұғымына сипаттама болып отыр.
"Технология" деген термин гректің түп тамыры techne-өнер, шеберлік, кәсіп және logos-ғылым, білім деген сөздерінен шыққан. Екі түп тамырының бірлігін шеберлік туралы ғылым немесе ілімді беретін сөзді құрайды, ол өндірістік процестері жұргізудің тұсілдері мен құралдары туралы білімдер жиынтығы, мысалы металдардың технологиясы, химиялық технология, құрлыс жұмыстарының технологиясы және т.б. Бұл осы термин өнімді өндіру процесі барысында жүзеге асырылып шикізатты материалдарды немесе жартылай фабриканттарды өндеудің жасаудың, жағдайларын қасиеттерін, формаларын өзгерту әдістерінің жиынтығы ретінде бірқатар басқаша анықталады. Технология ғылым ретінде міндеті-практикада өндіріс процестерінің ең тиімділерін анықгау мен қолдану мақсатында физкалық, химиялық, механикалық және тағы басқа зандылықтарды анықтау. Міне осыдан бірқатар өте маңызды айқын анықтамалар туады:
-технологияны жасау үшін нақтылы еңбек затының қасиеттерін байланыстарымен қатынастарының жолын сипаттайтын заңдылықтарын білу керек;
-еңбек затын өңдеу тәсілдерін білу;
-еңбек затының жағдайын анықтай білу (диагностика);
-еңбек затының жағдайын өзгерту тәртібін (әрекет тізбегін) жасау.
Негізінен ең алдымен көрсетілген технологияның белгілері педагогикалық еңбектің технологиясы дегеніміз не екенін анықтау береді.
Педагогикалық технологиялар білім беру аймағына қатынасы болады егер білім берудің мақсаты білім жұйелерін меңгеру ретінде анықталса, онда технологиялар да білім беру сияқты білімнің сапасы мен көлемін меңгерумен бағаланады. Бірақ әдеттегі білім беру моделінің дағдарыс педагогикалық негізгі категорияларының бірқатар мазмұнын қайта қарауға әкеледі. XV ЮНЕСКОның басты конференциясында білім беру дегеніміз әлеуметтік көлеміне, келген және дербес жетілген тұлғаның қабілеттері мен мінез-құлықтарын жетілдірудің нәтижесі мен процесі деп есептеу қабылданады. Бұл анықтамаға басқа білім беру тұлға мен қоғамның мүддесіне байланысты жүргізілетін педагогикалық ұйымдастырылған әлеуметтендіру процесі деген анықтамада, қайшы келмейді.
"Білім беру" ұғымына берілген анықтамалар педагогикалық технологиялар егер олар білім берудің мақсаттарына-біртұтас педагогикалық процестегі тұтас тұлғаның қалыптасуына қызмет еткен жағдайда анықталатындығын көрсетеді. Демек педагогикалық технология егер ол "педагогтар - оқушылар" жүйесінің ерекшелігіне оның жағдайының өзгеруі біртұтас педагогикалық процесс болатындығына негізделе отырып жасалған.
Қазіргі уақытта "педагогикалық технология" ұғымы әртүрлі түсіндіріледі. Көп тараған анықтама В.П. Беспалько ұсынған: ол педагогикалық технология оқу мен тәрбие процестерінің (теориялық негізделген) еске түсіру барысында қолданған құралдар мен әдістер жиынтығы, олар білім мақсатын тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Педагогикалық технология қол жеткен жетістіктерді сатылы өлшеу мен қортынды бағалаудың объективті мүмкіншілігін жеткілікті дәрежеде сақтайтын мақсаттары мен тапсырылған оларға сәйкес ғылыми жобалардың болуын қалайды. Бірақ бұл анықтамадағы көрсетілген бір-бірімен тәуелсіз және дербес өмір сүруін оқыту және тәрбие процестері болады деген оймен келісу қиын. Тұлға дегеніміз тұтастай тұратын құрылым, және ол біртұрас педагогикалық процеспен байланысты.(Ильин В.С.), демек педагогикалық технологияда осы педагогикалық процестің басты белгісіне сәйкес болуы керек.
Педагогикалық технологияға берілген басқа да анықгама бар, ол: оқыту процесін жүзеге асырудың мазмұндық техникада (В.П.Беспалько), педагогикалық ұйымдастыру мен жүзеге асырудың жобасы (алгоритмі), оқыту процесін ұйымдастырумен жүргізуді жобалау басрысындағы бірлескен педагогикалық іс-әрекеттің моделі (В.М.Монахов), барлық сабақ беру процесін жасаудың, қолданудың және анықтаудың жүйелі әдісі, білімді меңгерудегі техникалық және адам және олардың өзара әрекеттерін ескеру (ЮНЕСКО), мазмұнын қортындылау (Г.К. Селевко). В.Ң. Бордовская мен А.А. Реанның көрсетуінше білім беру технологиялары дегеніміз бұл білім беру процесіндегі ұстаздар мен оқушылардың жүйелілік іс-әрекеттеріне,ол мақсат мазмұн әдістерді ұйымдастырудың белгілі бір нақтылы принциптері мен өзара байланыстылығына сай нақгылы идея негізінде жасалынады.
Г.М Құсайыновтың есебінше педагогикалық технология әдеттегі түсініктерден басқа-ол мұғалімнің жоспарланған оқыту мен тәрбиелеудегі мақсаттары мен нәтижелерге жету мен сабақ беру процесі емес, ол кәсіби ұстаздың басшылығымен оқушылардың өзінің және өзара оқыту процесі, ол білім берудің мазмұнымен оқу жоспарымен бағдарламаларыында ескерілген іс- әрекеттердің сол түрлерін меңгеру жұмыстарының әрбір сатыларындағы болатын өзгерістер мен қайта құру болады.
В.А.Сластенин бойынша педагогикалық технология деген; ол қатал ғылыми жоспарлау және дәлірек айтқанда педагогикалық әрекеттің жетістігін қамтамасыз ететін елестету. Педагогикалық процестің белгілі бір принциптердің жүйесі негізінде жасалатындықтан, педагогикалық технология сол принциптерді сыртқы және ішкі іс-әрекеттердің жиынтығы ретінде қарастырылуы олардың объективтік өзара байланысындағы ұстаз тұлғасының тұтасымен көрінетін бірізді жүзеге асыруға бағытталған. Міне педагогикалық технологияның сабақ беру мен тәрбие жұмысының әдістемесінен айырмашылығы, өзгешелігі осыдан тұрады. Егер "әдістеме" деген ұғым оқыту мен тәрбиелеу әдістерін оны жүзеге асырушы әрекетінен тыс тұтас комплексті қолдану процедурасын көрсетеді, онда педагогикалық технология оған ұстаз тұлғасының барлық жақтарымен көптеген
көріністерімен қосылуын ұйғарады. Сірә осыдан, қандайда болмасын иедагогикалық міндет тек қана оған сай кәсіби маман ұстаздың жүзеге асыратын технологиялар көмегімен тиімді шешілуі мүмкін.
Демек, барлық педагогикалық технологиялардың негізгі мәні туралы пікірлердің қарама-қарсылықтарына қарамастан оны сабақ беру мен ұстаздың жоспарланған мақсаттары мен окушылардың іс-әрекеттерінің жетістіктеріне жету процесі ретінде түсіндіруге болады.
Қандайда болмасын технологияның негізгі бөлігі ол соңғы негізгі жетістікті толық анықтаумен оған жетуді дәлмен-дәл бақылау болады. Негізінен, (өндіріс пен әлеуметтік аймақтағы) қарапайым процесс ол алдын ала жобаланған, өнімнің негізгі қасиеттері мен анықтаудың құралдары анықталғанда осы процесті жүргізу үшін жағдайлар мақсатта бір қалыптасып және ол "жіберілсе" ғана технология статусын алады.
Оқытудың дәстүрлі технологиясы. Оқытудың дәстүрлі технологиясы деп ең алдымен XVII ғасырда дидактика принциптерінде қалыптасқан, Я.А. Коменский негіздеген және қазіргі дейін дүниежүзі мектептерінде басым көпшілігі қолданатын оқытуды класс-сабақтық ұйымдастыру деп түсінеді. Класс-сабақ жүйесі педагогикалық процестің одан әрі жетіліп ұйымдастырыл-ған дайындау қажетілігіне байланысты пайда болған, себебі сол ғасырдың ортасында оқуға келушілердің санының көбейе түсуіне байланысты шамамен бір жастағы балаларды оқу топтарына жинақтала бастады.
Соңғы жүз жылдықта класс-сабақ жүйесін одан әрі дамытуға бағытталған бірнеше зерттеулер жүргізілген. Олар оқу жұмысының ұйымдастырудың мынадай формаларын іздестірумен байланысты болды. Ол сабақтың кемшіліктеріне, айталық оның орта оқушыға бағытталуын, оқудағы алға басушылық қортындыларының мазмұнының біркеліктілігі мен орташа шамасы, құрылымының өзгермейтіндігі: үйге берген тапсырманы сұрау, жаңа сабақты баяндау, үйге тапсырма беру. Дәстүрлі сабақтың кемшілігінің нәтижесі, ол оқушылардың танымдық белсенділігіне дамуымен және оның дербестігіне тежеу болатындығында.
Дәстүрлі класс-сабақ технологияларынын аса көрнекті белгілірі ол: біржастағы оқушылардың тұрақты құрамы мен дайындық деңгейлері; кластың бірыңғай жылдық оқу жоспары мен бағдарламасымен жұмыс істеу; сабақ оқудың негізгі бірлігі; әрбір сабақ бір оқу пәніне тақырыпқа арналған, себебі класс оқушылары ортақ бір материалмен жұмыс істейді; сабақтардың үнемі тұрақты алмасуы кесте (расписание) мұғалімнің басқарушылы ролі және с.с
Сонымен, оқушы, оқу күні, сабақтар кестесі, оқу каникулдары, үзілістер-бұл класс сабақ жүйесінің белгілері.
Дәстүрлі оқыту технологияларының концептуалдық негізін Я. А. Коменский жасаған педагогика принцитері ғылымилық, бірптілік, жүйелілік, берікгілік, белсенділіктегі сапалылық, көрнекілік теорияның практикамен байланыстылығы жас аралық пен өзіндік ерекшеліктерді ескеру.
Оқыту дегеніміз ересек үлкен ұрпақтардан емес келе жатқан ұрпақтарға білім, білік және дағдыларды, әлеуметтік тәжірибені алып беруін айтамыз. Бұл тұтас процестің құрамына мақсат, мазмұн, әдістер мен құралдар кіреді.
Оқытудың мақсаттары бірқатар жағдайларға байланысты тиісті бір құрамдас бөліктен кіргізетін ойнақы өзгерткіш категория болады. Мақсаттың ерекшелігіне сай дәстүрлі оқыту дегеніміз тұлғаны белгіленген қасиеттермен, тәрбиелеу болып табылады. Мақсаттың мазмұнына байланысты дәстүрлі оқыту тұлғаны дамытуға (жан-жақты дамыту тек қана мәлімдеме ғана) емес көбіне білім, білік және дағдыларды меңгеруге бағытталған. Қазіргі кездегі жалпы мектепте мақсат біршама өзгерген айталық идеологияландыру шығарылып тасталған, жан-жақты үндестерілген даму ұраны алып тасталған, адамгершілік тәрбиесінің құрамы да өзгерістерге ұшыраған, бірақ мақсатты жоспарланған қасиеттер сапалар (оқыту стандарттары) жиынтығы ретінде қарастыру парадигмасы бұрынғы сияқты қалып отыр.
Білім берудің дәстүрлі жалпы мектептің мазмұны бұрынғы кеңес үкіметі жылдарында қалыптасқан, ол елді индустриализациялау міндеттерімен дамыған капиталистік елдердің техникалық деңгейіне қиыншылықпен, жалпы
ғылыми-техникалық прогрестің ролімен және ол осы күнге шейін технократиялылығымен анықталады.
Дәстүрлі технология ең алдымен авторитарлық педагогиканың талаптарына оқушының ішкі өмірімен өте нашар байланысты ілім болып табылады, ал ол әртүрлі сауалдар мен мұқтаждықтардан тұрады, онда тұлғаның өзіне тән қабілеттерін көрсету үшін жағдайларымен творчестволық көріністері болмайды. Оқыту процесінің авторитарлығы іс-әрекетті регламентациялаудан көрінеді; оқытуды атқару тәртібінің ықтиярсыз істелінетіндігі ("мектеп тұлғаны даралайды"); бақылауды бір орталықтандыру; орташа оқушыға бағыттанушылық ("мектеп талаптарды өшіруде") Онда оқушы позициясы ықпал етуге оқыту объектісіне бағынған, оқушы "тиісті" оқушы әлі толықанды. Тұлға емес, рухсыз "винт" ретінде көрінеді. Ал мұғалімнің позициясы-ол командир, жалғыз инциативті адам, төрешісі ("әрқашанда ол дұрыс айтады") жас үлкен адам (ата-ана) оқытады; пәнмен балаға, "жазалаушы оқ" стилі.
Білімді меңгеру әдістері дайын білімдерді хабарлауға негізделеді, оқыту белгілі бір үлгілермен, индуктивтік логикамен жеке даралықган жалпылыкқа механикалық есте сақтауға көзбен көргенді мазмұнын айқын беру, репродуктивтік еске түсіру елестету.
Дәстүрлі оқыту технологияларының әдістерін екі келесі топтарға жатқызуға болады:
1.Иллюстративті-түсіндіру әдістері (лекция, баяндау, әңгімелесу, тәжірибелерді көрсету, еңбек операциялары, экскурциялар және т.б.) мұғалім түсіндіреді және оқу материалын көрнекті түрде көрсетеді.
2.Репродуктивтік әдіс: мұғалім білімді, іс-әрекет тәсілдерін, тапсырмаларды шешуді тәжірибелерді елестету үшін тапсырмалар құрастырады; оқып үйренуші оқу материалдарын белсенді еске түсіреді. (сұрақтарға жауап береді, есепетер шығарады және с.с), сонымен "білім көшірмелерін қалыптастырады ".
Сонымен дәстүрлі оқыту технологиясының артықшылықтарына мыналарды жатқызуға болады: ерекшеліктердің жүйелілігі; оқу материалын логикалық дұрыс бере білу ұйымдастырудың анықтылығы; мұғалім тұлғасының
оқушыларға тұрақты әсерлі эмоция сезімдік ықпал,жалпы оқу барысында қаржыны орынды жұмсау. Бұл технологияның нашар жақтары мыналар: біркелкілік, табандық құрылым, сабақ уақытын тиімсіз бөліп тарату, оқушыларды бір-бірімен қатынастардан изоляциялау. оқшаулау, оқушыларда дербестіктің болмауы, енжарлық (немесе көзбоярлықтағы белсенділік); оқушылардың сөз іс-әрекетінің нашарлылығы; оқушыларға орташа өлшеммен қарау, индвидуальды оқытудың таза болмауы, нашар қайта байланыс. Бұндай сабақтарда материалдан тек қана хабардар болуын қамтамасыз етіледі, ол ең жоғарғы деңгейге жету үй тапсырмасын орындауға қолданылады.
Сабақ негізгі форма ретінде оқыту-тәрбиелеу процесін ұйымдастырудың басқада формаларымен толықтырылуы мүмкін. Олардың бір бөліктері сабақты паралелді дамытады; яғни класс-сабақ жүйесі шеңберінде (экскурсиялар, консультациялар, үй жұмысы, оқу конференциялары, қосымша сабақтар. Жоғары оқу орындарында қолданылатын лекция-семинар жүйесінен алынып пайдаланған. Олар оқушылардың жас ерекшелгін ескеруге бейімделген (лекциялар, семинарлар, практикумдар, зачеттар, экзамеңдер). Мысалы, лекция- семинар-зачет оқу жүйесінде (формасында) алдымен класқа оқу материалы лекциялық әдіспен беріледі, содан соң семинар, практикалық және лабораториялық сабақтарда талқыланады (меңгеріледі, қолданады) және меңгеру нәтижесі зачеттік формада тексеріледі.