Оқу мен оқыту үдерісіндегі сұрақ қою тәсілдері және оның маңыздылығы

Ерманова Сәуле Тұрарқызы

География пәні мұғалімі

Шолаққорған ауылы

2015 жыл

Әлем елдері арасында айқындалып, өзіндік бет-бейнемізді қалыптастыру жолында білім беру салалары алдында жаңа серпілістер мен қадамдар тұр. Еліміздің ертеңгі болашағы нұрлы, жарқын құрылымдарға айналу бағытында ұстаздар қауымы аянбай еңбек етуде. Мұғалім мектептің жүрегі, оқушы еліміздің болашақ тірегі екендігін ескерер болсақ, бала тәрбиесі мен сапалы білім беру ісі өркениетке жетудің қайнар көзі екені даусыз. Сондықтан да, білім беру саласында әрбір ұстаздың көзі қырағы, сөзі ұтымды, іс-әрекеті өзгерудің жаңа сатысына бейім болуы шарт. Заман талабына орай, оқу мен оқыту үдерісінде оқушының талап-тілектері ескеріле отырып, балалардың дамуына қолайлы тұрғыдан қарастыруға негізделеді.

Оқушыға қолайлы орта әзірлеу, бұл-топтық, жұптық жұмыстар аясында орындалатыны мәлім. Кіші және үлкен топтарда, жұптарда бірлескен оқу барысы балалардың дамуы мен алған білімдерін талдап, саралауға, жаңа сатыға көтерілуіне мүмкіндіктер береді. Бірлескен оқулар пікір алмасу, түрлі идеяларды ортаға салу, өзара бағалау, өзара есеп беру аясында бірін-бірі оқыта отырып, тақырыптың терең ашылуына септігі тиеді. Психологиялық тұрғыдан оқушылар еркін, өз ойларын шынайы жеткізе алады. Мұғалімнің үстемдігінен арылады, өзіне сенімділігі артады. Қолайлы, жағымды әсерде болады. Мұғалім өз сабағының жоғары дәрежеде өтуіне жауапты. Сондықтан әрбір сабақ құрылымын жасағанда сабақ мақсатына сай әдіс-тәсілдерді тиімді таңдап, нәтижеге қол жеткізуді көздейді.

Әдіс – оқу-тәрбие жұмыстарының алдында тұрған міндеттерді дұрыс орындау үшін мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жұмыс істеу үшін қолданатын тәсілдері. Әдіс арқылы мақсатқа жету үшін істелетін жұмыстар ретке келтіріледі. Оқыту әдістері танымға қызығушылық туғызып, оқушының ақыл-ойын дамытады, ізденуге, жаңа білімді түсінуге ықпал етеді. Оқытуда ең басты нәрсе – оқушылардың танымдық жұмыстары. Оқыту әдістері ең анық фактілерді білуді қамтамасыз етеді, теория мен тәжірибенің арасын жақындатады.
Тәсіл – оқыту әдісінің элементі. Жоспарды хабарлау, оқушылардың зейінін сабаққа аудару, оқушылардың мұғалім көрсеткен іс-қимылдарды қайталауы, ақыл-ой жұмыстары тәсілге жатады. Тәсіл оқу материалын түсінуге үлес қосады. Сонымен тәсілдер оқыту әдістерінің құрамына кіреді, әдістің жүзеге асуына көмектеседі. Оқыту әдістерінің басты қызметі - оқыту, ынталандыру, дамыту, тәрбиелеу, ұйымдастыру. Оқыту құралдары - білім алу, іскерлікті жасау көзі. Міне осы тұста, оқу мен оқыту үдерісінде не істеу қажет ? Қандай әдіс-тәсілдер маңызды ?Оқушы үшін қолайлылығы қандай ? Нәтижеге қол жеткізу мүмкіндігі қаншалықты ? т.б. сұрақтарға жауап бере отырып, ең ұтымдысын таңдау қажеттігі туындайды. Сондықтан да, мен бүгінгі баяндамамда сіздерге, СҰРАҚ ҚОЮ әдіс-тәсілдерінің өз тәжірибемдегі әсері мен жетістіктерін жеткізуді жөн көрдім.

Бүгінгі баяндамада қаралатын негізгі тақырып " Оқу мен оқыту үдерісіндегі сұрақ қою тәсілдері және оның маңыздылығы".

Мақсаты: Оқу мен оқыту үдерісінде сұрақтарды оқу мақсаты мен оқушылардың білім алу қабілеттеріне сәйкес негіздеу арқылы, тақырыптың түйінді ойларын игерту.

Оқу мен оқыту үдерісінде тақырыптың терең ашылуы мен зерттеу, талдау жұмыстары барысында және балалардың ойы мен тіл шеберлігін дамытуда сұрақтарды ұтымды пайдалану, сапалы білім кілтіне бастама болатынын байқадым. "Бастама-жауап-кейінгі әрекет" нысанындағы сұрақ қою тәсілі, мұғалімнің үстемдігін және оқушының дамуына әсерінің төмендігі жайында деңгейлік курс барысында түсінгендей болдым. Яғни, оқушының тақырып туралы нақты түсінігін қалыптастыруға бағытталғандығын дәлелдейді. Сұрақ беру оқу мен оқыту үдерісінде маңызды орын алады. Менің курсқа дейінгі тәжірибелерімде, сабақ үдерісіндегі сұрақтар тақырыпты танып, түсінуге бағытталатыны анық еді. Себебі, оқушыларым тақырыпты жаттанды түрде оқып, танысады. Ал, оны талдап, дамыту әрекеттеріне басымдық берілмейтінді белгілі болды. Курстан кейін, сұрақ беру тәсілімді де жетілдіруге ден қойдым. Сұрақтарды оқу процесінде тиімді қолдану үшін, мұғалімдерге арналған нұсқаулықтағы ережені басшылыққа алдым. Яғни, сұрақ қоюдың түрткі болу, сынақтан өткізу, қайта бағыттау техникаларын игере отырып, тақырыпты ашуға бағыттау. Мұнда, түрткі болу оқушы жауабын жетілдіруге, өткен материалмен бүгінгі тақырып арасындағы байланыстарды бекітуге және оқушының толыққанды жауап беруіне бағытталған сұрақтар болатыны белгілі. Сынақтан өткізу - тақырып аясында толық жауапты игере отырып, оқушы ойы мен идеяларын дамытуға арналған көмекші құрал қызметін атқаруы тиіс. Қайта бағыттау сұрақтары, оқушы жауап бере алмаған жағдайда , сыныптағы басқа оқушылардың белсенділіктерін арттыруға бағытталады. Оқушылар бір-біріне көмекке келеді, ойларын жетілдіреді, түрлі пікірлер қарастырылады. Сұрақ қою тәсілдерін жетілдіру барысында, оқу мен оқыту үдерісінде сынақтан өткізужәне қайта бағыттау сұрақтарын қолдану аясын кеңейту аса маңызды болмақ. Жуырда, аудандық "Құстар - біздің досымыз" атты сайысқа бардық. Оқушылар наразы болып қатты. Басқа командалар жауап бере алмаған сұрақтарға жауап беруге неге мүмкіндік берілмеді? Біз өз командамызға қосымша ұпай жинаған болар едік... - деген уәж айтты. Сайыс сабақтар барысында немесе интеллектуалды ойындарда қайта бағыттау сұрақтарына кеңінен жол ашылуы тиісті деген қорытындыға келдім. Бұл жерде бір команда мықты, бірі төмен деген ниет емес, олар бір-біріне толықтырулар жасайды, жаңа ой қосады. Қайта бағыттау сұрақтары тақырыпты толық қанды ашуға, оқушылардың жаңа деңгейге көтерілуіне мүмкіндік жасайды. Бірнеше баламалы ойлардың түрленуіне, ой жүйелерін қайта құруға, бағалауға , талдауға мүмкіндіктер беріледі. Ал, сынақтан өткізу сұрақтары оқушының өз ойларын анық білдіруге , өз идеяларын дамытуға көмектесетіндей етіп құрылуы қажет және "Сіз мысал келтіре аласыз ба?" деген сияқты сұрақтар тапсырманы орындау барысында оқушыға бағдар беріп отырады.(МАН, 41 бет)
Оқу мен оқыту үдерісінде сұрақтарды жетілдіру және қолдану аясында әдіс-тәсілдер көп десек те болады. Тек қана, сабақ мақсаты мен оқушылардың білім алу қабілетіне сайжоспарласаңыз болғаны. Өз сабақтарымда сұрақтарды тиімді пайдалану мақсатында мынадай міндеттемелерді нақтылап алдым:

1. Оқушылардың қызығушылығы мен қабілеттеріне сәйкес әрекет ету;

2. Оқу мен оқыту үдерісінде оқушыларды белсенді іс-әрекетке түсуге бейімдеу;

3. Тақырып аясында дамуға жағдай қалыптастыру және зерттеу, талдау жұмыстарына ынталандыру;

4. Сыни ойлауға, сындарлы сөз саптауға ықпал ету;

5. Тақырыптың терең ашылуы мен түйінді ойларды саралауға дағды қалыптастыру;

6. Бірлескен, диалогтық оқыту арқылы оқушыларға қолайлы орта әзірлеу.

Аталған міндеттеріме қол жеткізу барысында, сұрақ беру тәсілімді өзгертуіме мүмкіндіктер жасадым. Мұнда тиімді әдіс-тәсілдерді таңдап алып отырдым. Курсқа дейін, тақырыпты білуге, түсінуге бағытталған "төмен дәрежелі" сұрақтарды қолдану басымдығынан, курстан кейін "жоғары дәрежелі" сұрақтардың оқу мен оқытудағы маңыздылығын игере бастадым. Жоғары дәрежелі сұрақтарды Блум әдісіне сала отырып, қолдану, талдау, топтау, бағалау түрінде ұйымдастыруға қолайлы ойындық жағдайларды таңдау оқушылардың белсенділігі мен шығармашылық пен жұмыс жасауына мүмкіндік берді.

"Брейн-ринг" оқыта үйрету ойыны (жарыс-ойын)

Құрал-жабдығы:

1.Номерлері және атқаратын рөлі жазылған жетондар;

2. Тапсырмаларға арнап бес бөлікке бөлінген жаймалар;

3. Сандар жазылған жаймалар;

4. Сары (3-бағасы), жасыл( 4-бағасы), көк (5-бағасы) түсті фишкалар және толықтыру жасағандарға берілетін көк түсті жарты фишкалар;

5. Ортақ бағалау парағы;

6. Үстелдердің сілтемесі;

7. Төмен , орта, жоғары тапсырмалар жазылған карточкалар түстерге байланысты орналастырылады;

8. Жауап үлгілері жазылған карточкалар.

Ойынның жүру барысы:

Сынып 5 адамнан топтарға бөлінеді: мұнда 4 ойыншы және бір жүргізуші болады.Ойынға қатысушыларға номер жазылған жетондар таратылады. Әрбір топ жеке үстел басында отырады.Үстелдің үстінде - үстелдің сілтемесі және 5 бөлікке бөлінген жаймалар; осы карталардың үстіне тапсырма жазылған карточкалар қойылады. Жүргізуші жайманы жаяды. Мысалы, "2" саны түсті делік, яғни , 2-ші номерлі ойыншы жауап береді.Егер жауап толық болса, ойыншыға фишка беріледі.Егер жауап толық болмаса, кез-келген ойыншы оны толықтырып, жарты фишка ала алады. Бөліктерге бөлінген әрбір жаймаға бір ғана тапсырма карточкасы ( онда 1-2 сұрақтан) қойылады. Бір үстелге - қызыл түсті карточка, екіншісіне - көк, сосын - сары, жасыл түсті карточкалар қойылады.Топ қызыл үстелдегі тапсырманы орындаған соң, көк үстелге, одан - жасыл және сары үстелдерге көшеді.Дайындалуға міндетті түрде уақыт беріледі (5-7 минут). Командалар бір уақытта ойнайды. Бір үстел басындағы ойынның уақыты 10 минут. Әр ойыншыға 2 минуттан жетеді.Ойын барысында әрбір ойыншы фишка алып отырады.Солардың санына және түсіне қарай баға қойылады.Бір ойында әр

оқушы әртүрлі деңгейдегі 10-18 сұрақтарға жауап бере отырып тапсырма орындайды. Қатысушылар жетоны

Жүргізуші

Билеттер орналасатын шеңбер

( 5 адамнан тұратын топқа)

Наши рекомендации