Педагогика және психология факультеті
Жас ерекшелік педагогикасы мен психологиясы кафедрасы
С И Л Л А Б У С
Қарым-қатынас гармониясы мен дисгармониясы пәні бойынша
5В010300 «Педагогика және психология» мамандығы үшін
Оқыту түрі: күндізгі
курс: 3
семестр: 5
кредит саны: 3
барлық сағат саны: 135, соның ішінде:
дәрістер: 30
іс-тәжірибелік сабақтар: 15
СӨЖ (соның ішінде ОСӨЖ): 90
Емтихан: 5 семестр
Талдықорған 2016 ж.
Оқытушы туралы мәлімет
Капенова А А
Жас ерекшелік педагогикасы мен психологиясы кафедрасының доценті, п.ғ.к
103 кабинет 1 қабат
Пәннің пререквизиттері: бұл пәнді оқу үшін студенттердің «Мамандыққа кіріспе», «Педагогика», «Психология және адам дамуы» пәндерінен білімі болу керек.
Пәннің постреквизиттері: студенттердің бұл курс бойынша меңгерген білім-іскерліктері психологиялық-педагогикалық пәндерді оқу мен курстық, бітіру жұмыстарын жазу үшін қажет.
«Қарым-қатынас гармониясы және дисгармониясы» МБ-1 «Болашақ педагог- психологтың кәсіби іс-әрекет негіздері» модулінің компоненті болып табылады.
Курсқа жалпы сипаттамажоғары оқу орнында студенттерді болашақ педагог-тәрбиешілерді кәсіби даярлау жүйесінде оларда қарым-қатынас мәдениетін дұрыс ұйымдастыру білігін қалыптастыру аса маңызды іс. Осыған байланысты білім беру жүйесі оның әр саласын жаңартуды талап етеді. Өмір талабы әрбір тәрбиеші, қоғамдық тәрбие мекемесі жетекшісі, ата-ананың алдына күнделікті білімін көтеру, педагогикалық білім, ғылым жетістіктерін меңгеру, озық тәжірибені зерттеу, тәрбиеде шығармашылықты жетілдіру міндетін қойып отыр. Бағдарлама мазмұны төрт модуль бойынша құрастырылған.
Курс пәні –мемлекеттік стандарты талаптарына сәйкес болашақ педагог-психологтарды бойында қарым-қатынас мәдениетінің теориялық, практикалық білім, білік және дағдыларын кеңейту әрі тереңдету.
Курс мақсаты: болашақ мамандықтарына сәйкес қарым-қатынас психологиясы мәселелерін, коммуникативті құзыреттілікті меңгеру, топ және социумдағы өзара әрекеттестікте рөлдерді психологиялық орындау әскерлігі.
Курс міндеттері:
- әр түрлі индивид, топаралық қарым-қатынаста психологиялық процестер, қасиеттерді талдау іскерлігін қалыптастыру;
- педагогикалық мамандықтардағы студенттерді болашақ тәрбиешілерді кәсіби даярлау жүйесінде оларда қарым-қатынас мәдениеті жөніндегі білім, білігін қалыптастыру.
- кәсіби әрекетте нәтижелі қарым-қатынас орнату техникасы мен әдіс, тәілдерін меңгеру іскерлігі.
Курсты тыңдау нәтижесінде студент:
Қарым-қатынастың педагогкалық-психологиялық негіздерін; үйлесімді қарым-қатынас орнату ерекшеліктерін меңгеріп, алынған білімді тәжірибеде дұрыс қолдануды білуі тиіс.
Бұл пәнді оқыту келесі құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағытталады:
а) түйінді құзыреттер(ТҚ):
- ойынның педагогикалық психологиялық негіздері, оның сипаты, ойынның түрлері, оларға қойылатын педагогикалық психологиялық талаптар мен ұйымдастыру ерекшеліктерін білу, және практика жүзінде оларды қолдана алу дағдыларын қалыптастыру
б) пәндік құзыреттер(ПҚ):
- қазақ, орыс, шетел тілдері, қарым-қатынас технологиясы, коммуникативті стратегия саласындағы білімдерлі меңгеру;
- педагогикалық, психологиялық тезнология саласындағы білімдерді меңгеру, осы салада іздену, бағалау, саралау, қолдану біліктері мен дағдыларын меңгеру;
- педагогикалық менеджмент саласындағы білімдерді меңгеру, мониторингті іске асыру, алынған нәтижелерді түсіндіріп беру біліктері мен дағдыларын меңгеру, өзән өзә бағалау мен бақылауға ұмтылу, әділдікке, ақиқатқа ұмтылу;
в) арнайы құзыреттер(АҚ):
- болашақ мектепке дейінгі мекеме тәрбиеші маманы үшін қажет теориялық білім, білік, дағды меңгеру;
- сын тұрғысынан ойлауға қабілетті, түрлі альтернативті шешімдер қабылдауға бейім болу;
- білім берудің нормативті құжаттарымен(стандарт, бағдарлама) таныс болу.
Студенттердің білімін бағалау жүйесі