Сабаққа тән дидактикалық функциялары

Информатика сабақтарының дидактикалық ерекшеліктеріне байланысты сабақтар:

- демонстрациялық;

- лабораториялық жұмыс;

- жеке практикум түріне бөлінеді.

Демонстрация. Компьютердегі орындалатын әрекеттерді мұғалімнің түсіедірмей – ақ оқушыларға демонстрациялап көрсету. Комплятордың программадағы қатенің орнын көрсетуі де демонстрациялау болып табылады. Оқушы өз әрекетінің нәтижесін мұғалімге, жолдастарына демонстрациялап көрсете алады. Демонстрацмялық сабақтың дидактикалық функциясы – оқушыларға жаңа оқу мазмұнынан мағлұмат береді. Рольді оқу орындарындағы іс - әрекетті де демонстрациялап көрсетуге болады. Мұнда модельдеу мен нәтижелерді корнекі көрсетуде негізгі мәселелерге көңіл аудару қажет. Мысалы, кез – келген объектінің моделі қарапайым және оның қасиеттері модельдеу кезінде көрінбеуі мүмкін. Демек, ақиқат дүниені байқау, зерттеу арқылы тануға шақырған Я.А. Коменскийдің пікіріне сүйеніп, мұғалім оқушыларға ақиқат дүниенің модельден өзгеше болатынын, ал модельден ақиқат дүниенің кейде алшақ болатынын екертіп отыруы керек.

Лабораториялық (фронтальді жаппай) жұмыс жағдайында оқушылардың барлығы бір мезгілде мұғалімнің берген тапсырмасымен жұмыс істейді. Бұл кезде мұғалім оқушылардың іс - әрекетін бақылап, тиісті әдістемелік көмек көрсетеді. Бұл сабақтың дидактикалық функциясы оқушылардың компьютерлік ортада жұмыс істей білу іскерлігін қалыптастыру.

Жеке практикум – мұғалім оқушыларға өзіндік тапсырмалар мен оларды орындауға нұсқаулар береді. Бұл сабақтың мақсаты оқушылардың қолданбалы және ашық программалармен өз бетімен жұмыс істей білу іскерлігін қалыптастыру. Мұнда теориялық білім практикалық әрекетпен ескеріледі.

Жалпы алғанда, информатика пәні – білімнің үш көзін (сөз, бақылау, іс - әрекет) табиғм бірлікте қарастырады. Мысалы, нұсқауды (сөз) оқып, мұғалімнің әрекеті мен ЭЕМ – дегі өзгерістерді бақылау (заттық әдіс) арқылы оқушы компьютермен жұмыс істейді (практикалық әдіс). Бұл әдістер бір – бірін үнемі толықтырып отырады.

Дәстүрлі оқыту әдістеріне талдау жасағанда, оқытудың сөздік әдісінің өзіндік орны бар екені байқалады. Бұл әдіс Аристотельдің философиялық трактаттарын әңгімелеу арқылы баяндағанынан бастау алғаны белгілі. Сондықтан классикалық педагогикада бұл әдісті Аристотель әдісі немесе сөздік әдістер деп атайды. Төменде осы әдістердің бірқатарына талдау жасалған.

Әңгімелеу. Бұл әдістің негізгі дидактикалық функциясы – сезімдік – құндылық қатынастар туралы негізгі мәліметтер беру, оқушылардың білімді меңгеру деңгейін анықтау, білімдегі олқылықтардың себебін білуге ұмтылу, өз бетінше жұмыс істеуге бағыттау. Мұнда білім мазмұны теория жүзіне игеріледі. Ойлау логикасы қатаң емес. Көбінесе, ұқсастық мысалдар арқылы түсіндіріледі. Оқушылар тыңдағанын қайталай алады. Кері байланыс оқушының зейін дәрежесіне сәйкес келеді. Мысалы, ЭЕМ – нің қолданылу аймағы, программаларды қателерден қорғау, жиі кездесетін қателер, вирустар мен оларды жасаушылар тақырыптарының әңгіме түрінде баяндаған тиімді. Әңгіме – кіріспе, баяндау, қорытынды кезеңдерінен тұрады.

Пікірлесу. Пікірлесудің ерекшелігі оқушыларды белгілі мақсатқа жеткізетін сұрақтар жүйесі бойынша жетелеу. Әдетте практикаға дейін практикадан кейін қажетті сұрақтар талқыланады. Әдістің дидактикалық функциясы – оқушыларға талқылау үлгісі бойынша шығырмашылық тәжірибесін үйрету. Бұл негізінен теориялық әдіс. Дегенмен бұл әдісте озық тәжірибеге сүйенуге болады. Себебі, проблемалық баяндау формасында оқушылар субьективті түрде жаңа білімдерден өздері үшін «жаңалық» ашады.

Лекция. Лекция сабақтың әрі формасы, әрі әдісі. Бұл әдістің дидактикалық функциясы – қандай да бір мәселе бойынша білім беру, білімді жүйелеу, қорытындылау, жоғары оқу орындарындағы оқу түріне дайындау.

Классикалық үлгідегі лекция сабағына тән белгілер – сыйымдылық, логикалық, күрделілік. Лекцияның проблемалық сипатта болғаны тиімді. Сондықтан коспектілеудегі теориялық материалды толықтыру үшін парақтың сол жағына түсііндірмелер жазатын орын қалдырған тиімді. Бұл оқушы әрекетін дараландыруға, ойлау операцияларын жіктеп көрсетуге бағытталады. Егер лекция материалдары компьютерге жазылып қойылған болса, онда ол оқушының танымын басқаруды күшейтеді және лекция жазу барысында үлгермей қалу деген секілді «қауіптен» арылтады.

Семинар жалпы теориялық білімнен жеке іс - әрекетке өту формасы болғандықтан информатиканы оқытуда осы мәнін сақтайды. Бұл оқыту формасының дидактикалық функциясы:

- өтілген тақырып, тарау, бөлім бойынша игерген білімді жалпылап, жүйелеу;

- қосымша әдебиеттермен жұмыс істеуге үйрету;

- өз пікірлерін айта білу;

- сөйлеу мәдениетін қалыптастыру;

- баяндамалар, рефераттар, тезистер, мақалалар, хабарламалар жоспарын жазуға дағдыландыру.

Компьютерде жұмыс істеу тәжірибесі негізінде оның мүмкіндігін толық болжауға қабілеттілік оқушының маңызды интелектуалды біліктілігі болып табылды. Оны жузеге асыруда семинар сабактарынын манызы ерекше.Компьютермен «бетпе-бет» тәсілі секілді жеке оку формасының ұжымдық формаға өту үшін де семинар сабақтары керек.

Рольдік ойындары семинармен ұштастырып талдауға болады.Оқушы семинар сабағында нені «тапсыруы»керек екенін білуі керек. Мысалы,

-енгізуге дайын алгоритмнің мәтіні;

-алгоритмнің орындалуы (блок схема,ауызша немесе алгоритмдік

тілде)

- сұхбаттық программаның жобасы;

- нұскау бойынша сұрақтарға жауап беру ;

- өзінің немесе өзгенің прграммасына нұсқау беру;

- өзінің немесе өзгенің ппрограммасына түсініктеме беру;

- программа нәтижесін сипаттау;

- ойынға қатысушылардың рольдік функциялары мен қателерін

талдау.

Нұсқау. Компьютерлік сыныптарда жұмыс істеудің техникалық қауіпсіздігі, клавиатурамен жұмыс істеу тәртібі нұсқау арқылы берілгені дұрыс. Нұсқау ауызша немесе жазбаша түрде беріледі. Оқушылардың бір – бірімен пікір алмасуы сұхбаттық программа түрінде болуы мүмкін. Нұсқаудың дидактикалық функциясы – теориялық материалға сәйкес әрекеттердің қалыптасқан, дәстүрлі тәсілдерін меңгеру. Іс - әрекет үлгісін нұсқау ретінде көрсетіп, оқушыларды практикалық жұмысқа даярлау кезінде кең көлемді талқылау болмайды. Себебі, оқушы іс - әрекетті орындайды немесе нұсқауда көрсетілген әрекеттерді қайталап шығады. Мұндағы кері байланыс ауызша бақылау жағдайында орындалады. Ол үшін міндетті түрде нұсқау берілуі қажет. Оқушының нұсқаусыз жұмыс істеуі компьтерде көп уақыт алады және ол өз іс - әрекетінің мәнін түсінбеуі мүмкін.

Текстпен өзбетінше жұмыс. Мақсаты – оқушыларды практикалық жұмысқа дайындау. Дидактикалық функциясы – игерген білімді іс жүзінде қолдана білу. Мұнда логикалық ойлаудың барлық формалары қолданылады. Оқушылардың өз бетінше білімін көтеруге өте тиімді форма ретінде анықталады.

Аристотель ерте кездің өзінде – ақ оқытуда сөздік әдістердің жеткіліксіз болатынын байқап, білімді кітаптан ғана емес өмірдегі заттардың өзінен байқап, тану арқылы меңгерудің тиімділігін айтқан. Яғни, білімді ақиқат дүние, өмір шындығы арқылы игерудің мәнін көрсеткен. Демек, оқытудың көрнекілік әдістерін тиімді қолдана білу қажет.

Көрнекілік әдісі. Информатикада оқушылардың немесе мұғалімнің іс - әрекетіне байланысты компьютерлік ортаның өзгерісін көрсету – көрнекілікті қолдану болып табылады. Мұнда мұғалім оқушылардың сезім мүшелері арқылы қабылдауы жоғары болатынын, әсіресе көру каналының маңызы ерекше екенін ескергені жөн. Ғалымдардың тұжырымдауынша, «көру анализаторымен» байланысты ми қабатының, естуге байланысты аймақпен арақатынасы 100:1 тең.

Информатика сөз де, белгі де жаңа сапаға ие болатынын ескерген, оқу процесіне оқытудың техникалық құралдарын немесе компьютерлік технологияны үйлесімді пайдаланудың берері көп болмақ. Демек, бұл кезде оқытудың иллюстрациялық әдісін қолданған дұрыс.

Иллюстрация. Информацияның таңбалық табиғаты барлық затты (көзге көрінбейтіндері де) иллюстрациялауға мүмкіндік береді. Атап айтқанда, ЭЕМ жадының моделі, жад ұяшықтары, т.б. бойынша олардың қызметін баяндау сөздік әдіспен ұштастырылған иллюстрация болып табылады.

Наши рекомендации