Оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы. Білім беру саласы: «Қатынас»

Күні:

Білім беру саласы: «Қатынас»

Бөлім: Сауат ашу және жазу негіздері

Тақырыбы:Ауылда. Үй жануарлары мен үй құстары (әңгіме құрастыру)

Оқу іс-әрекетінің мақсаты: әңгімені балаларға түсіндіру барысында сөздік қорларын толықтыру, сөйлеу мәдениетін тәрбиелеу, ойлау қабілетін дамыту. Ауыл туралы түсінік беру. Үй құстары (балапандары) мен жануарларына (төлдеріне) қамқорлық жасауға тәрбиелеу. Жазуға қолдарын жаттықтыру.

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап ,әңгімелеу.

Сөздік жұмысы: Қармақ, күбі.

Оқу іс-әрекетінің көрнекіліктері: суреттер.

Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық Балалар шаттық шеңберіне тұрады. Бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді. Балалар шаттық шеңберіне тұрады. Бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.
Ұйымдастыру-іздестіру Педагог балаларға сұрақ қояды. - Бүгін ауа райы қандай? - Айналада қандай өзгерістер бар? - Жылдың қай мезгілі? - Бір аптада неше күн бар? - Бүгін аптаның қай күні - Жазғы демалысты қайда өткіздіңдер? - Ауыл сендерге ұнайды ма? Балалардың жауаптары тыңдалады.   Тыныштық сәтін өткізу. Балалар ыңғайланып отырып, үн таспадан құстың сайрағанын, судың сылдырын,жапырақтардың шуылын және т.б.дыбыстарды тыңдайды және көздерін жұмып,табиғат аясын көз алдарына елестетеді. - Ауылымызың табиғаты қандай тамаша! Айналамыз жап-жасыл,сан алуан тамаша гүлдердің иісі аңқиды. Сайраған құстардың үні өзеннің сарқыраған дауысы естіліп тұр. Терең тыныс алып көзімізді ашайық. Негізгі бөлім. Н. Қадырбаевтың "Ауыл" әңгімесін немесе басқа да ауыл туралы әңгімені оқып беру. Әңгіменің мазмұнын ашуға қойылатын сұрақтар: -Бейбарыс мен Шолпан жазғы демалыстарын қайда өткізді? -Бейбарыс кімнің қасында болды? -Атасымен бірге не істеді? -Шолпан кімнің қасында болды? -Әжесі екеуі не істеді? -Бейбарыс көрші балалармен қайда барды? -Шолпан әжесі екеуі қайда барды? -Шолпанның әжесі тамақты қалай пісіреді екен? -Шолпан қайда кетті? -Бейбарыс ше? Сергіту сәтін өткізу. Атамның алып күрегін, Ауланың қарын күредім. Әжеме құдықтан су әкеліп беремін, Еденді де жуамын, шаң-тозаңын сүртемін. ( Қимылмен көрсетеді) Негізгі бөлім. Дәптермен жұмыс. А) 8-9 беттердегі суреттер бойынша <<Үй жануарлары мен үй құстары>> деген тақырыпта әңгіме құрастыру. Тірек сөздер: күркетауық, тауық ,қаз, үйрек, балапан, қой, қозы, ешкі, лақ ,жылқы құлын, сиыр, бұзау, түйе, бота. Ә) Үзік сызықтарды қосып, әтеш пен есектің суреттерін салу ,бояу. Тауықтың балапаны мен үйректің балапанын штрихтау, қойдың жолын қосып сызу (8-9 беттер).   << Айырмашылығын тап>> дидактикалық ойыны. Ойын шарты: үй жануарларының суреттері және жабайы аңдардың суреттері берілген. Балалар суреттерге қарап үй жануарлары мен жабайы аңдардың айырмашылығын табу керек. Сұрақтарға жауап береді.   Дыбыстарды тыңдайды және көздерін жұмып,табиғат аясын көз алдарына елестетеді.     Н. Қадырбаевтың "Ауыл" әңгімесімен танысады.     Әңгіме бойынша сұрақтарға жауап береді.     Тәрбиешімен бірге қимылдарды қайталайды.     «Үй жануарлары мен үй құстары» деген тақырыпта әңгіме құрастырады.   Тауықтың балапаны мен үйректің балапанын штрихтайды, қойдың жолын қосып сызады.   Балалар суреттерге қарап үй жануарлары мен жабайы аңдардың айырмашылығын табады.
Рефлексивті – түзетушілік Оқу іс- әрекетін қорытындылау. Сұрақ –жауап, көрнекі және түсіндіру әдістері арқылы сабақта алған білімдерін пысықтау. Балалар сендер де ауылға ата –әжелеріне қонаққа барасыңдар ма? Ауыл сендерге ұнайды ма? Несімен ұнайды? Үй жануарларына нелер жатады? Үй құстарына қандай қамқорлық жасау керек? Үй жануарлары мен құстарына қандай қамқорлық жасадыңдар? Алған білімдерін тиянақтайды, бекітеді.

Күтілетіннәтиже:

Нені білу керек:Ауыл туралы түсініктері кеңейеді.

Нені игереді: Үй құстары (балапандары) мен жануарларына (төлдеріне) қамқорлық жасауға тәрбиеленеді.

Нені біледі:әңгімені балаларға түсіндіру барысында сөздік қорларын толықтырады.

Мектепалды даярлық тобына арналған ұйымдастырылған

Наши рекомендации