Дәріс. Әлеуметтік педагогика саласындағы зерттеулерді ақпараттық қамтамасыз ету. 3 страница
Осылайша, жоғарыда ұсынылған үдерістер жүйесі әлеуметтік-педагогикалық қызметтің (ғылыми-зерттеу және ғылыми-өңдеу) ақпараттық қамтамасыз ету технологиясын қалыптастырады.
3. Жалпы және әлеуметтік педагогикада ғылыми зерттеулерді ақпараттық қамтамасыз етуде ерекше мәнге ақпараттық ұяшықтың мазмұнын құрайтын құжат формасы жатады. Әлеуметтік-педагогикалық ақпаратты сақтау нысаны мыналарды айқындайды: әлеуметтік-педагогикалық құбылыстар туралы ақпараттарды таңдауды; әлеуметтік педагогиканың теориялық ережелерін; ақпарат сақталатын мәтіндік және баспа мәліметтер көлемін; ҒЗАҚЖ-ның тұтынушылардың ақпапаттық сұраныстарын қанағаттандыру мүмкіншіліктерін; ұсынылатын ақпараттың құрылымы мен мәнін; өзге де сипаттамаларды.
Әр ғылымның ақпараттық құжаттарды жасау тәжірибесі бар.Жалпы педагогикада олардың мынадай түрлері белгілі: практиктерден алынған (оларға арналған) мәліметтерді (ИКА1) және ғалым зертеушілер мәліметтері (ИКА2) қамтитын ақпараттық – педагогикалық модуль (ИПМ), педагогикадағы ақпараттық-ізденіс жүйелерінің біріңғай модулі; практиктер мен ғалымдардың жұмыс құжаттары (ЗЖҚ1 мен ЗЖҚ2); кері байланысы бар белгі картасы №1 мен №2, индивидуалдық абоненттің картасы және ақпараттық парақшасы және т.б.
Қазіргі кезде әлеуметтік педагогикада ақпараттық құжаттың екі түрі қолданылады. Олардың біреуі ақпарат көздерін кітапханалық-библиографиялық сипаттауға сәйкес келеді, ал екіншісі белгілі бір сқранысқа сәйкес ақпаратты ұсыну, сақтау, қорытындылау, жинақтауға арналған диссертацияның әдістемелік кескіні (ДӘК) болып табылады.
Диссертацияның әдістемелік кескіні екі кезеңде жасалынды: біріншісінде диссертация туралы алғашқы мәліметтерді қамтитын қарапайым нұсқауда жасалынады; екінші кезеңде бұл нұсқаулық кеңейтіледі. Қазіргі кезде әлеуметтік педагогикадағы ДӘК қамтиды: диссертация авторының аты-жөні, диссертациялық жұмыстың ғылыми зерттеушісі, диссертациялық зерттеуді ғылыми экспертизасын жүзеге асыратын жетекші мекеме, диссертация құрылымы, зерттеу социумының негізгі приоритеті, диссертациялық зерттеудің мақсаты, пәні және объектісі; жұмыс барысында шешілетін міндеттер, диссертацияның ғылыми жаңалығы, теориялық және практикалық жаңалығы; қорғауға ұсынылатын болжамдар және т.б.
Диссертациялық зерттеудің мұндай элементтер жиынтығы ДӘК-де үш типтегі міндеттерді шешуге мүмкіндік береді: әлеуметтік педагогика бойынша ғылыми зерттеулерді ақпараттық қамтамасыз етуді жүзеге асыру (міндеттердің мәндік типі); ақпараттық сұраныстарды есептеу негізінде әлеуметтік-педагогикалық ақпараттарды статистикалық өңдеуді жүзеге асыру (міндеттеменің статистикалық типі); диссертациялық зерттеуде әлеуметтік-педагогикалық талдауды жүзеге асыру (міндеттеменің ғылыми типі); Болжау типіндегі міндеттерді ҒЗАҚЖ-ның эксперттік және болжау жүйесі ретінде қызмет етуі кезінде мүмкіншілігі пайда болады. Осылайша, әлеуметтік педагогикада ақпараттық құжаттар ережесі инфологиялық концептініңмазмұнын құрайды.
4. ҒЗАҚЖ-ның ақпаратты сақтау, іздеу, өңдеу жұмысын ұйымдастырудың алуан түрлі бағыттары өзге ғылымдардың тәжірибесі мен әлеуметтік-педагогикалық ғылыми зерттеулердің ерекшелігін ескере отырып ҒЗАҚЖ-ны әлеуметтік педагогикада қалыптастыру қажеттілігін туғызады. Осы мәселені шешу әлеуметтік педагогикада ғылыми зерттеулерді ақпараттық қамтамасыз ету қағидаларын қалыптастыруға септігін тигізді. Негізгі қағидалар:
Әлеуметтік педагогикада ғылыми зерттеулерді толық ақпараттық қамтамасыз етй қағидасы ғылыми – зерттеу іс-әрекетінің сапасының әлеуметтік – педагогикалық ғылымның дамуына, тұтынушылардың ақпаратқа қол жетімділік деңгейіне тәуелділігін бейнелейді және мыналарды айқындайды:
· Әр түрлі уақытта және мемлекеттің әр түрлі аймақтарынан алынған әлеуметтік педагогикалық мәліметтер көздері туралы толық ақпарат;
· Ақпараттың әрбір көзінің мазмұны туралы толық мәліметке ие болу;
· Өзге ғылымдарда қалыптасқан мәселелер бойынша кең ақпараттарды жинау;
Ғылыми әлеуметтік-педагогикалық зерттеулердің ақпараттық қамтамасыз етілуінің шынайылығы әлеуметтік педагогика іс-әрекетінің ғылыми – зерттеулер сапасының әлеуметтік-педагогикалық үдерістер мен құбылыстарын бейнелейтін және қалыптасу, даму, өзгеру тенденцияларын ескеретін ақпараттардың нақтылық деңгейіне тәуелділігін бейнелейді және мыналарды айқындайды:
· Алуан түрлі көзқарастарды, ғылыми мектептер мен бағыттардың қамтамасыз ететін ақпараттар мен әлеуметтік педагогиканың ақпарат ағымында қызмет ететін жан-жақты әлеуметтік-педагогикалық мәліметтермен қамтамасыз ету;
· Тұтынушыны ақпараттық сұраныс арқылы алатын терминологиялық, мәндік, құрылымдық және құжаттық нақтылықпен қамтамасыз ету;
· әлеуметтік – педагогикалық ақпарат банкісін кері байланыс арқылы сапалы, негізделген, тексерілген, ғылыми зертеу нәтжелерімен сәйкес келетін мәліметтермен толтыру;
· ақпарат жүйесіне сенімсіз және сапасыз мәліметтердің енуіне жол бермеу;
Педагогикалық ақпараттарды уақытылы толтыру қағидасы ғылыми – зерттеу іс әрекетінің үзіліссіз, бірқалыпсыз сипаттамасын, оның қоғам, мемлекет, жалпы және нақты әлеуметтік педагогикадағы әлеуметтік ғылымды бейнелейді және мынаоарды айқындайды:
· Мәліметтер банкісін, мәселелік бағытталған базаларды, ақпараттық ұяшықтарды ізденіс және енгізілмеген әлеуметтік педагогикалық мәліметтерді сәйкестендіру және әлеуметтік педагогика мен өзге ғылымдардың жаңа зерттеулері арқылы алынған ақпараттар арқылы үзіліссіз толықтыру;
· Уақытылы және дұрыс сұраныстарды қалыптастыру мақсатында енгізілген әлеуметтік-педагогиклық ақпараттар туралы хабарлап отыру
· Әлеуметтік педагогианың өзге бөлімдерімен салыстырмалы аз ақпараттары бар мәселелер, тақырыптар және бөлімдер туралы ақпараттар жинау;
Әлеуметтік-педагогикалық ақпараттың бейнелілік қағидасы әлеуметтік педагогикалыө білімнің жүйелік –құрылымдық сипаттамасын және пәнаралық пен пәнішілік байланыстардың болуын бейнелейді және келесілерді айқындайды:
· Әлеуметтік-педагогикалық ақпараттарды уақытылы өңдеу; жалпы ақпараттық банк құрылымы, нақты әлеуметтік-педагогикалық білімнің байланыстары туралы мәліметтер беретін жалпылама ақпараттық құжаттарды қалыптастыру мүмкіншілігі;
· Негізгі мәселелер, ғылыми зерттеу бағыттары мен мазмұны туралы практиктер мен зертеушілер арасында өзара байланыс қалыптастыру мақсаттылығы;
Ақпаратты типтік ұйымдастыру қағидасы әлеуметтік – педагогикалық зертеу мен тәжірибенің даму заңдылықтарының сипаттамасын (тенденцияларды, заңдылықтарды, даму үлгілерін іздеуге бағыттылық) бейнелейді және келесілерді айқындайды:
· Ақпараттық ағымдарды, мәселелік бағытталған базаларды, ақпараттық ұяшықтарды типтік, ғылыми негізделген концепцияларга, заңдылықтарға, гипотезаларға, педагогикалық мәселелерді шешу алгоритмі, педагогикалық үдерістердің даму шарттары түрінде қалыптастыру;
· Әлеуметтік – педагогикалық ақпарат тұтынушыларының сұраныстары сәйкес типтік формада ақпараттық құжаттарды жасау және типтік сұраныстар кітапханасын қалыптастыру;
Әлеуметтік педагогикады ғылыми зерттеулерді ақпарттық қамтамасыз етудің интекгративтілік қағидасы әлеуметтік-педагогикалық мәндердің (теориялар, гипотезалар, болжаулар, фактілер) өзара және әлеуметтік тәжірибенің құбылыстармен байланысын айқындайды. Оның мәні келесідей:
· ҒЗАҚЖ бір енгізіліп тұрақты сақаталынатын ақпараттың бір элементерін әр түрлі мақсаттар мен жан-жақты пайдалануға мүмкіндік береді;
· Мәселелік бағытталған мәліметтер базасын белгілі бір әлеуметтік-педагогикалық мәліметтер ережесі мен шектеуліктеріне сәйкес рекомбинациялау нұсқаулықтарын жүзеге асыру;
· Жаңа әлеусеттік-педагогикалық ақпараттармен толтырудың мультипликациялық сипаттамасы;
Осылайша, ғылыми зерттеулер мен практикалық іс-әрекетті ақпараттық қамтамасыз ету қағидалары нормативті концептінің мазмұнын құрайды. Әлеуметтік педагогикадағы осы үрдістің ұйымдастырушылық және мазмұндық жағын қамтиды.
5. алуан түрлі ғылымдар мен ғылыми пәндерді ақпараттық қамтамасыз ету формаларын зерттеу олардың мақсатқа, мәндеттерге, ғылыми білімнің спецификасына, ақпараттың мазмұнына қарай алуандығымен байланысты. Осы әр алуандылықты жалпы, ерекше және бірегей диалектикасына сәйкес жіктеуге болады.
Ұйымдастырудың жалпы формасына ақпараттық қамтамасыз ету жүйесі жатады, оларға мыналар жатады:
· ААҚЖ – автоматты түрде ақпаратпен қамтамасыз ету жүйесі;
· ЖБДЖ - ғылыми – зерттеу институттарында ақпараттандыру үрдістерін автоматизациялау үшін жалпы бағыттағы диалогтік жүйе;
· ПҒАЖ – педагогика бойынша ғылыми ақпарат жүйесі;
· ҚАӨЖ - құжаттарды автоматты түрде өңдеу жүйесі;
· ғылыми –педагогикалық зерттеулерді жүйелі ақпаратпен қамтамасыз ету жүйесі;
· АТҚЖ - ақпаратпен толық қамтамасыз ету жүйесі;
· ТАКҚЖ - тұтынушыларды ақпараттық – кітапханамен қамтамасыз ету жүйесі;
· КБАҚЖ - кітапханалық-библиографиялық ақпараттық қызмет көрсету жүйесі;
· ПБЗАҚ - педагогикада болжау зерттеулерімен ақпараттық қамтамасыз ету жүйесі.
Осы ақпараттық қамтамасыз ету жүйелерінің ішінде тұтынушыларға ақпаратпен қамтамасыз ету жүйелері ерекше болып табылады. Осы деңгейде барлық ақпараттық жүйелер АТТ және ЖДҚ деп бөлінеді.
Ақпараттарды таңдау негізінде тарату (АТТ) қызмет көрметудің ең ыңғайлы нысаны ретінде қарастырылады, себебі ақпараттық сұраныстардың бағыты мен субъективтілігін ескеруге мүмкіндік береді.
Жетекшілерге дифференцияциялау арқылы қызмет көрсету (ЖДҚ) ақпараттармен қамтамасыз ету жүйесі кері байланыс негізінде абонентпен алдын-ала айқындалған тақырып пен ақпараттық қажеттіліктерге сәйкес ақпарат тұтынушыларын жаңа ақпарат көздерімен тұрақты хабарландырып отыру.
Ақпаратпен қам тамасыз етудің осы формаларын жан-жақта арнайы әдебиеттерде қарастырлыған.
Қарастырылған педагогикадағы ақпараттық қамтамасыз ету жүйелері ақпаратты таңдау негізінде тарату жүйелеріне жатады.
Ақпаратпен қамтамасыз етуді ұйымдастырудың бірегей нысандарына алуан түрлі ақпараттық және ақпараттық ізденіс типіндегі нақты жүйелер жатады. Ізденіс жүйесі – маңызды сипаттамалар бойынша құжаттарды, мәліметтерді, материалдық объектілерді табуға арналған ізденіс тілінің, оны қолдану ережелері мен ұсыну талаптар жиынтығы. Кейде ізденіс жүйесі түсінігіне оны жүзеге асырудың техникалық құралдарын жатқызады.
Ақпараттық – ізденіс жүйесі - қажетті ақпарат мәтінін (құжаттар, олардың бөлігі, фактографиялық жазбалар), негізгі тақырып не пән бойынша не ресми сипаттамлар бойынша (автор, баспа жылы және т.б) өзге ақпараттар жиынтығынан табуға арналған ізденіс жүйесі.
Осылайша, концепт нысанының мазмұны әлеуметтік – педагогикалық зерттеулерді ақпаратттық қамтамасыз етуді ұйымдастырудың жалпы және жеке ережелерін қамтиды. Жиынтық ретінде олар өзге ғылымдарды жинақталған ақпараттық қамтамасыз тәжірибесін, информатиканың соңғы жетістіктерін әлеуметтік педагогикада жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
6. ғылыми зерттеулерді ақпараттық қамтамасыз етудің болжау концепциясында маңызды орынды талаптар концептісі алады, яғни оны бағалау талаптарын негіздейтін ережелер жиынтығы. Жалпы және педагогикалық информатикадағы, ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру теориясындағы бағыттарды талдау нәтижелері ғылыми бағытта айырмашылықтардың болуына қарамастан ортақ ережелер бар. Олар әлеуметтік педагогикадағы ҒЗАҚЖ үшін де қолданылуы мүмкін.
Әлеуметтік педагогикада ақпаратпен қамтамасыз етудің талаптар жүйесі ғылыми-зерттеудің аталған түрінің көрсеткіштерінің жиынтығы ретінде қарастырылады, және оны бағалауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, әрбір талаптың (ақпараттық, релеванттілік, оперативтілік) сапаны өзіндік бағалау көрсеткіштері болады.
Ақпараттылық талабы («ақпараттылық – жан-жақты ақпаратты қамту, білім мен мәліметтер көлемі») ғылыми зерттеулерді ақпараттық қамтамасыз етуде ҒЗАҚЖ-ның осы сала әлеуметтік-педагогикалық ғылымдармен қамтылу деңгейін айқындайды, яғни арнайы өңдеуден (рубрикация, бейнелеу, жүйелеу, топтау, типтеу) өткен білім көлемі және ақпараттық ұяшықтардаға енгізілген мәліметтер. Ол сонымен қатар, ғылыми зерттеу үрдісі кезінде әлеуметтік педагогикалыө ақпараттардың қолжетімділік деңгейін бейнелейді. Осы талаптың көрсеткішіні мыналар жатады:
· Ақпараттық қамтамасыз етудің кеңдігі - әлеуметтік педагогикада жинақталған және тұтынушыларға ұсынылатын әлеуметтік-педагогикалық ақпараттың жан-жақтылығы;
· Ақпараттық қамтамасыз етудің тереңдігі – нақты бөлім, теория, концепция және т.б көлеміндегі әлеуметтік-педагогикалық ақпараттың сапалы жан-жақтылығы;
· Ақпараттық қамтамасыз етудің сыйымдылығы – ақпараттық сұраныстарға сәйкес қсынылатын әлеуметтік-педагогикалық ақпараттардың сандық көрсеткіші.
Релеванттілік талабы («реванттілік – ақпараттық сұраныс пен алынған хабарламаның арасындағы мәндік сәйкестілік») ақпараттық қамтамасыз етуде шыққан ақпарат пен берілген ақпараттық сұраныс арасындағы мәндік сйәкестілік деңгейі бейнеленеді. Осы талаптың кқрсеткішіне жатады:
· Әлеуметтік-педагогикалық ақпараттың терминологиялық біржақтылығы – ортақ категориялық ақпаратты қолдану; әлеуметтік педагогикада ғылыми зерттеулерді ақпараттық қамтамасыз етуді жоғарылату мақсатында келесідей ережелерді ұстану қажет: педагогикалық шынайылық объектісі туралы жалпы түсініктер контексінде әрбір терминді қарастыру; осы контексте жүйелік бағыт негізінде объект туралы түсініктер иерархиясын есептеу; педагогикалық шынайылықты түсіндірудің эмпирикалық деңгейінен теориялық деңгейіне өту;
· Мәндік сипаттамалар жиынтығы ақпараттық ұяшықтарды бейнелеу үшін және оларды сақталатын ақпараттың мазмұны ретінде қолданылады. Аталмыш көрсеткіш диссертацияның әдістемелік формулярының мазмұнын айқындайды, ал өзге жұмыстар үшін (монографиялар, оқу құралдары, ғылыми мақалалар) осындай сипаттамалар айқындалады және толықтырылып, өзгетіліп отырады, сондықтан ақпараттық сұраныс кезінде осына ескеру керек.
· Ақпараттық ұяшықтың мазмұнына байланысты хабарламалардың жиілігі әр түрлі себептерге байланысты осы ақпаратқа жүгіну хабарламаларының мүмкіншілікті жиілігі. Әлеуметтік педагогикада ғылыми зерттеулерді ақпараттық қамтамасыз ету эффективтілігін жоғарылату мақсатында келесі шарттар сақталуы керек: кілт сөздер мен кілт түсініктерді қатар пайдалану, нақты кілт сөзбен екінші кілт сөзді байланыстырудың бірегейлігін қамтамасыз ету және ғылыми зерттеулерді ақпаратпен қамтамасыз ету барысында осы бірегейлікті сақтау; тұтынушыға әлеуметтік-педагогикалық білімді сипаттайтын кілт сөздер мен түсініктердің барлығын ұсыну, яғни, әр қайсысын сипаттай отырып педагогикалық терминдер банкісін қалыптастыру;
Әлеуметтік педагогикадағы ақпараттық қамтамасыз етудің оперативтілік талабы ҒЗАҚЖ-де үрдістердің жылдамдығын бейнелейді және мынадай көрсеткіштері бар:
· Әлеуметтік-педагогикалық ақпараттарды жағарту оперативтілігі – ақпараттық ұяшықтарды белгілі бір уаұыт аралығында өзгертіп, жаңартып отыру (нақты тақырып, мәселе, теория, концепция бойынша әлеуметтік-педагогикалық білім мазмұны) және т.б.
· Ақпараттық сұраныстар мен құжаттарды қалыптастырудың оперативтілігі. Осы көрсеткішке сәйкес сапасы келесілермен айқындалады: ақпараттық үдерістердің автоматизациялау деңгейімен, қолданушылардың компьютерлік сауаттылығымен және ғылыми зерттеулерді ақпаратпен қамтамасыз ету жүйелерінде жұмыс істеу дағдыларымен, қолданылатын ЭВМ типі және бағдарламалық қамтамасыз ету сапасымен.
Ақпараттық қамтамасыз ету құралдарына тұтынушының қолжетімділік оперативтілігі. Осы көрсеткішке сәйкес ақпараттық қамтамасыз етіледі, егер: ҒЗАҚЖ инфраструктурасының даму деңгейімен, ҒЗАҚЖ, элементтері және ақпарат тұтынушылары арасындағы байланыс; әр түрлі баспа құралдары арқылы жүйеде тіркелген ақпараттар туралы сапалы хабарландыру.
Осылайша, талаптық концепт ғылыми зерттеулер мен практикалық іс-әрекеттің ақпараттық қамтамасыз етілуін бағалау көрсеткіштерін айқындайтын ережелер жиынтығы.
7. Әлеуметтік педагогикада ғылыми зертеулерді ақпараттық қамтамасыз етудің болжау концепциясы басқа ғылымдар мен ғылыми пәндердің теорияларымен, концепциялармен, бөлімдерімен байланысты. Ғылыми – зерттеу щеңберінде олардың өзара байланысын бейнелейтін ережелер жиынтығы пәнаралық концептіні құрайды. Өзара байланыстарды талдау олардың иерархиялық сипатын бейнелейді. Олардың негізлеріне келесілерді жатқызуға болады:
- ғылыми білімнің әр түрлі салаларында (соның ішінде педагогика) ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру, басқару, жоспарлау туралы ережелер;
- ғылыми зерттеу жұмыстарының эффективтілігін жоғарылатудың негізгі құралдары, шарттары мен бағыттары туралы;
- ғылыми – зерттеу бағдарламаларын, ғылыми зерттеу жоспары мен тақырыптарын бағалау мен өңдеудің әдістемелері мен технологиялары туралы;
- әр түрлі ғылымдар мен ғылыми пәндердің әр түрлі бағытта дамуын болжау туралы;
- зерттеудің негізгі бағыттары мен мәселелерін өңдеу туралы;
- жалпы ғылыми – зерттеу іс-әрекетін және оның жеке үдерістерін автоматизациялау туралы ережелер;
Қорытындылай келе, әлеуметтік педагогикада ғылыми зерттеудің дамуы мен олардың болашағын болжаудың маңызды шарты ақпараттық қамтамасыз ету деңгейі екені айқындалды. Қазіргі кезде ол эмпирикалық деңгейде жүзеге асырылады, сондықтан ғылымда алынатын нәтижелер мен күнделікті әлеуметтік педагогика тәжірибесінде қолданылатын нәтижелерге әсер етеді. Кейінгі жетілдіру ғылыми деңгейде жүзеге асырылуы керек, оны ғылыми зерттеулерді ақпараттық қамтамасыз етудің болжау концепциясы қамтамасыз етеді. Оның құрылымы мен мазмұны теориялық, технологиялық, инфологиялық, нормативті, псанән аралық концептіні және нысана концептісін қамтиды.
Концептілер жиынтығы ғылыми зерттеулерді ақпараттық қамтамасыз етудің аналитикалық, ақпараттық, ізденіс, коммуникативті жүйеліктерін негіздейді және айқындайды. Негізінен, әлеуметтік педагогикада ғылыми зерттеулерді ақпараттық қамтамасыз ету мақсатында мәліметтерді ұсынудың лингвистикалық автоматты жүйесі (әлеуметтік педагогика бойынша) МҰЛАЖ-ӘП жасалынған және тексерілген.
Қорытынды.
Әлеуметтік педагогика дамып келе жатұан ғылым саласы ретінде міндетті түрде здамудың үш кезеңінен өтеді. Бірінші кезең – эмпирикалық, әлеуметтік саланың көптеген мамандарының саналы не санасыз деңгейде өз іс-әрекетіне педагогикалық компонентті әкелетін іс-әркеттерінің нәтижелерін қорытындылау, жинау және жалпылау кезеңі.
Әрқашан өз іс-әркетінде педагогикалық компонентті шығаратын, жетілдіретін, дамытатын, күшейтетін адамдар болады.
Әлеуметтік –педагогикалық ойлар тарихын зерттеу олардың әлеуметтік педагогикалық тәжірибені, әлеуметтік-педагогика субъектілері институттарын бейнеледі. Басқарудың авторитарлық жүйесі мен әлеуметтік-педагогикалық ойлардың идеолиялық бағыттары бірге жинақталмаған соң, және тек мұғалімдердің, шіркеу қызметкерлерінің, дәрігерлерінің, мәдениет мекемесінің, спорт қызметкерлерінің, партиялық қызметкерлердің және т.б. кәсіби іс-әрекеті щеңберінде қолданылды.
Кеңестік кезеңде «нақты белгілі болды»: «марксистік педагогика бойынша қоғаммен белгілі бір деңгейде байланысты болмайтын білім, мәдениет салалары жоқ, сондықтан педагогика әлеуметтік»; әлеусеттік педагогика «буржуазиялық педагогиканың бағыттарының бірі болып айқындалған».
Әлеуметтік педагогикаға деген мұндай марксистік көзқарас өкінішке орай, қазіргі кезге дейін сақталған.
Әлеуметтік педагогиканың дамуының екінші кезеңі – ғылыми эмпирикалық, әлеуметтік-педагогикалық объектілердің (үдерістердің, жүйелердің, іс-әрекет түрлерінің) идеализацияланған модельдерін жасау. Осы кезеңде әлеуметтік – педагогикалық шынайылықтың танымдық және өзгерушілік жақтарын бейнелейтін тәжірибелік бағытталған және теориялық бағытталған әлеуметтік педагогикалық үлгілер қалаптастырылады.
Қазіргі кезде әлеуметтік педагогика ғылыми білім саласы ретінде тәжірибемен байланыстың жаңа кезеңіне өтті. Әлеуметтік педагогиканың теориялық білімі адам мен социум ара-қатынасын үйлесімділігін жоғарылату мақсатында әлеуметтік педагогиканың даму бағытын болжауға қабілетті болып жатыр.
Ғылыми пән ретінде әлеуметтік педагогиканың дамуының үшінші кезеңі – ғылыми теориялық. Осы кезеңде әлеуметтік педагогиканың теориясының қалыптасуы, дамуы жүзеге асырылады.