Дәріс №2. Коррекциялық педагогиканың ғылыми негізделуі 2 сағат
Жоспары:
1. Арнайы педагогиканың философиялық негіздері
2. Арнайы педагогиканың әлеуметтік-мәдени негіздері
3. Арнайы педагогиканың экономикалық негіздері
4. Арнайы педагогиканың клиникалық негіздері
5. Арнайы педагогиканың психологиялық негіздері
6. Арнайы педагогиканың психолингвистикалық негіздері
7. Арнайы білім берудің құқықтық негіздері
Негізгі түсініктер: кемістік, ақау, әлеуметтену, паттернализм, маргиналазация, сауықтыру, қоғамға косу, интеграция, бейімдеу.
1. Арнайы педагогиканың философиялық негіздері
Арнайы педагогиканың толық жүйелі теориясын құру үшін, дамуында кемістігі бар балалардың ерекшелігі туралы үздік мәліметтердің механикалық түрде бірігуі емес, керісінше арнайы педагогиканың ішіндегі бірлікті қолдауға бағытталған ғылыми тұрғыдан жүйелі, мазмұнды мәліметтердің қажет екені сөзсіз.
Арнайы педагогика өте кең мағынаны қамтиды, яғни ол жоғарғы дүниетаным потенцияларына ие болу, қоғамдық саналыктың, соның ішінде «мүмкіндігі шектеулі адамдарға» деген қарым-қатынастың бекітуіне айтарлықтай әсер етеді.
Бұл мәселені шешуде маңызды рөлді философия алады, ол біліммен ғылымның әр саласы арқылы арнайы педагогиканың мәселесін шешуге мүмкіндік береді. Бұл жердегі философия алдымен нақты және негізгі деген сұрақтарға бағытталған, сондықтан философиялық деңгейдегі жалпыласуда басқаларына қарағанда маңызды концептуальді мәселелер мен «арнайы педагогиканың» жекеше дамуы қарастырылуы мүмкін.
2. Арнайы педагогиканың әлеуметтік-мәдени негіздері
Арнайы педагогиканың әлеуметтік мәдени негіздері XX ғасырдың ортасына дейін шетелде және кеңес дәуірінде тараған мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды әлеуметтік оңалтудың концепциясы философияның ықпалымен қалыптасты (В.Штерн, А.Мессер). Оның негізін қалаған адамзаттың әлеуметтік пайдасын жариялаған философия. Осыған сәйкес, мектеп қоғамға белсенді және әлеуметтік пайдалы мүше тәрбиелеуі тиіс болды. Мұнда арнайы білім берудің құндылығы - кемістікті түзету арқылы кемтар тұлғаларды қоғамдық пайдалы еңбекке араластыру болды.
Бұл контексте кемтар адамдардың қоғамға деген ауыртпашылығын алдын алу үшін, олардың кемшіліктерін түзету мен орын толтыру арқылы жалпы ортақ өндірістік еңбекке қосу мәселесі қарастырылған.
Бұрын қоғам мүмкіндігі шектеулі адамдарды алдын ала «қоғамның толық мүшесі емес» деп жариялап, оларды өз заңдарына бағындыру арқылы түзету жұмыстарын жүргізген. Ол кезде ерекше қажеттілігі бар тұлғаларды қоғамға бейімдеу жұмыстары қарастырылмаған.
3. Арнайы педагогиканын экономикалық негіздері
Арнайы білім беру жүйесінің дамуында арнайы оқытуды ұйымдастырудың экономикалық қайнары шіркеулер тарапынан және қайырымдылық көмек көрсету әрекетінен басталған .
Бірінші Петр дәуірінде Батыс Еуропа елдерінде және Ресейде қамқорлық және әлеуметтік-педагогикалық көмек көрсететін түрлі мекемелер ашыла бастады.
Кейіннен бұл дәстүр ары қарай дамиды. 1864 жылы АҚШ-тың Президенті А.Линкольн естімейтіндерге арналған бүкіл әлемдгі ең алғаш, бірінші жоғары оқу орнына (Галлоудет-колледжі) жәрдем ақша болу туралы Конгресстің шешімін жариялады. Сол кезден бастап АҚШ-тың Президенті аталмыш оқу орнының негізгі қолдаушысы қызметін атқарады.
XIX ғасырдың соңы мен XX ғасыр басында Ресейде қамқор көрсету акциялары кең таралуымен сипатталады. Олар концерттер, спектакль көрсету мен кезекшілік қызмет пен қатар әлеуметтік-тұрмыстық көмек, жәрдем. Аса тиімді көмек ғалым азаматтар көрсете білді, нақты балаларды диагностикалау, ата-аналарына кеңес беру және емдік, педагогикалық, психиятриялық көмек көрсету.
4. Арнайы педагогиканың клиникалық негіздері
Дамудағы кемістік-қандайда бір жағымсыз үрдістің себебінен болатыны анық. Бұл жұқпалы ауру, жарақат немесе адам ағзасының функционалдық құрылысын жарақаттауға әкеліп соғатын тұқым қуалаушылық себептері де болуы мүмкін, сондықтан кемтар балалар медициналық көмекті аса қажет етеді. Ал арнайы педагогика емдеу арқылы жойылматын кемістікті, емдік шаралармен жеңілдету жолдарын қарастырады, көмектеседі. Сондықтан арнайы педагогика адамзат биологиясымен медицина және оның салаларымен (анатомия, физиология, психотерапия, нейрофизиология, невропатология, генетика, офтальмология, педиатрия, отоларингология, сурдология, т.б.) тығыз байланысты. Аталмыш медицина салалары арнайы педагогиканын клиникалық негіздерін қалайды.
Арнайы педагогика үшін клиникалық негіздер маңызды мүмкіндік береді, олар:
- дамудағы кемістіктің биологиялық және әлеуметік себептерін көру;
- ағзада болған өзгерістің маңызын түсіну;
- кемтар балалардың даму ерекшеліктерін түсіну;
- сақталған органдар, онализатор және жүйе негізінде компенсаторлы жолдарды анықтау;
- арнайы педагогиканың әрбір пәндік саласы ішкі педагогикалық жүйесі мен класификациясын құрастыру;
- дамудағы кемістіктің алдын алу бойынша сауықтыру шараларын жургізу;
- кемтар тұлғаларды түзету үрдісін медициналық, психологиялық жағынан ұштастыру.
5. Арнайы педагогиканың психологиялық негіздері
Арнайы психология – психологиялық білімнің өзіндік, даумында туа немесе жүре пайда болған ауытқушылығы бар тұлғалардың психикалық ерекшеліктерін зерттейтін ғылым саласы. Бұл ғылым дене бітімі кең және психиканың дамуында ерекшеліктері бар балалардың даму өзгешілігін және олардың оқу тәрбиелеудегі заңдылықтарын көрсетеді. Арнайы психология өз проблемаларын зерттеуін жалпы психология, медицина, педагогика ғылымдарымен тығыз байланысты және практикалық, теориялық жүзінде арнайы педагогикаға бағытталады. Арнайы психологияның пәні - тұлғаның бойындағы ақаудың негізгі себептерін айқын анықтайды және кемтар балалардың психикасын зерттейді. Осыған байланысты келесі қажеттіліктер туындайды:
- қалыпты дамыған және сол сияқты дамуыда ауытқушылығы бар баланың психикасының пайда болуын және негізгі заңдылықтың дамуын ашу қажет.
- әр түрлі дәрежедегі кемтар балалардың психикалық дамуы ерекше негізімен ашылуы қажет.
6. Арнайы педагогиканың психолингвистикалық негіздері
Сөйлеу тілін, оның қызметін, құрамын, даму жолдарын түсіну арнайы педагогика үшін аса маңызды, өйткені қоғамның дамуына нақты ықпалын тигізетін жағдай. Сөйлеу тілін танып, білу - адам тұлғасынын қоғам мүшесі болып қалыптасуының негізгі бағыты деп айтуға болады. Бала дамуындағы кез-келген кемістік, оның қоршаған ортаны меңгеруіне және сөйлеу тілінің қалыпты қалыптасуына (әлеуметтенуіне) әсерін тигізеді. Арнайы педагогика үшін психолингвистиканың келесі аспектілері өз маңыздылығын білдіреді, олар: сөйлеу тілі - түрлі белгілердің жүйесі, ал қызметі таным мен қатынас.
Сөйлеу әрекетінің құрамы: бағдарлау, жоспарлау, жүзеге асыру, бақылау.
Бала сөйлеу тілінің дамуы. Сөйлеу тілінің онтогенезі - ересек пен бала арасындағы күрделі қарым-қатынас және заттық, танымдык әрекеттің дамуымен сипатталады. Сондықтан сөйлеу тілінің дамуы ең алғашымен қарым-қатынас қызметін атқаруға бағытталған. Сол кезде бала қарым-қатынасты іске асыру үшін түрлі әдіс-тәсілдерді табуы тиіс. Бала сөздің дыбыстық бейнесін келтіру мен оның заттық сәйкестігін белгілеуге қадам жасайды. Ал, сөйлеу тілінің даму кезеңдерін үш негізгі параметрлер бойынша бөлуге болады: фонетикалық, грамматикалық, семантикалық.
Фонетикалық кезең - бала әлі сөздің дыбыстык бейнесін ажырата алмайды;
Грамматикалык кезең - сөздің дыбыстық бейнесі меңгеріне қарамастан, сөйлемнің құрамын ұйымдастыру заңдылықтары түсінбейді;
Семантикалык кезең - сөздің дыбыстық бейнесі, сөйлемді құрастыру заңдылықтары меңгерілген, ал түсіну жағы толық дамымаған.
Сондықтан баланың сөйлеу тілі даму барысында әсерін тигізетін барлық көрсеткіштер де өзгеріп ықпал етеді.
7. Арнайы білім берудің құқықтық негіздері
Адамның ең манызды игілігі - жеке басының бостандығы мен құқықтыры. Бұл құқықтар мен бостандықты қорғау, әлеуметтік қолдау, оны іске асыру механизмдері конститиуциялық-құқықтық жарықтарда және адам құқығы туралы халықаралық құжаттарда белгіленген. Азаматтық, саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдениет саласындағы құқытар жайлы халықаралық құжаттар барлық адамдардың өмір сүруге, бостандыққа, жеке тұлғалық дербестігіне, ой-пікір, діңи жолын таңдау, еңбек ету еркіндігіне, дем алуға, әлеуметтік қолдауға, қаржылық және моральды қызығушылықты қорғауды қолдайды.
Барлық еркіндік пен құқықтар жүйесінде ең маңыздысы білім алуға құқық. Бұл тұлғалар үшін ең қажетті негізгі құқық. Бұл құқықтан әр бала немесе жас өспірім ақыл-ойында, дене дамуындағы кемістікке сондай-ақ жыныс әлде кіші елдер өкілі болғандығына қарамастан айырылмайды.
Баланың білім алуға деген құқығы бірқатар халықаралық құжаттарда бекітілген, олар "Адам құқықтары жайлы Жалпы Декларация", "Бала құқықтары жайлы Конвенция" т.б. және өз еліміздегі құқықтық Заңдарда белгіленген, нақты ҚР Конституциясында және ҚР "Білім туралы" Заңы (2007), ҚР "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Заңы (2002), ҚР "Бала құқықтары туралы" Заңы (2002).
Семинарлық сабақтың сұрақтары:
1. Дефектердің түрлері және олардың пайда болу себептері..
2. Күрделі дефекттер және оңың мысалдары.
3.Кемтарлығы (қиыншылықтары) бар балалардың психологиялық «портреттері».
4.Балалық шақтағы эмоциялық дамуындағы қиыншылықтары (проблемалары).
5. «Қалып – ауытқушылық» проблемасының психологиялық аспектісі.
СОӨЖ тапсырмалары:
Дамуындағы және мінез-құлығында ауытқушылығы бар балалардың жастық және жеке ерекшеліктер.