Зіндік жұмыстар үшін тапсырмалар

1)Әр түрлі оқулықтардан "ұжым" ұғымының анықтамасын жазу және оларға талдау жасау.

2)Балалар ұжымы мен мұғалімнің ықпалдасуы проблемасы туралы әдебиеттер тізімін жасау.

3)Педагогикалық процесте балалар ұжымы мен мұғалім ықпалдастығын ашатын педагогикалық жағдайларды тандау.

4)Балалар ұжымы мен олардың тұлғалық қасиеттері жөніндегі проблемалар бойынша ақпарат дайындау.

5)Біртұтас педагогикалық процестегі балалар ұжымын зерделеу алгоритмін құру.

6)"Тамаша ұжым екенін қалай байқауға болады?", "Ұжымда мен өзімді қалай көрсетемін" атты тақырыпқа шағыншығарма жазу.

Реферат тақырыптары

1.Оқушылар ұжымы оқушының жеке тұлғасын қалыптастыру құралы.

2.Окушылар ұжымының тәрбиелеу мүмкіндіктері. 3.Оқушылар ұжымының тиімді іс-әрекеттерінің ұжымы шарттары.

4.Тұлғаның ұжымда дамуы.

5.Окушылар ұжымында тұлғалық қатынастың рөлі.

6.Балалар ұжымының эмоциялык өмірі.

7.Окушылар ұжымындағы іс-әрекет қарым-қатынасының ынтымақтастығы.

8.Оқушылар ұжымындағы өзін-өзі басқару органы ретіндегі белсенді оқу топтары.

9.Оқушылар ұжымының бір қызметі ретінде жеке тұлғаның әлеуметтік белсенділіктерін қалыптастыру.

10.Оқушылар ұжымындағы педагогикалық жетекшілік және өзін-өзі басқару.

Сыныптағы тәрбие жүйесі

Мақсаты: сыныптағы тәрбие жетекшісі жұмысының мәнін ашу.

Міндеттері:

а)Жалпы білім беретін мектептің оқу сыныбындағы тәрбиелік жүйені анықтау.

ә)Сынып жетекшісінің негізгі міндеттерін айқындау. б)Сынып жетекшісінің ең маңызды қызметтерін анықтау.

в)Оқушылардың сыныптағы іс-әрекетін ұйымдастырудың ерекшеліктерін ашу.

Жоспар

1.Тәрбие жүйесі және сынып жетекшісінің міндеттері.

2.Сынып жетекшісінің жұмысындағы оқушылардың жеке тұлғасын қалыптастыру.

3.Сынып жетекшісінің кызметтері.

4.Оқушылардың сыныптағы іс-әрекетін ұйымдастыру. Негізгі ұғымдар: тәрбие, тәрбие жүйесі, қызмет, сынып жетекшісі, қатынастар, іс-әрекет.

Басқа пәндермен байланысы: психология, әлеуметтану, систематология, философия, басқару теориясы.

Тәрбие жүйесі және сынып жетекшісінің міндеттері. Зерттеулер мен озат тәжірибелердің арқасында педагогикалық ғылымда оқушылар арасында тәрбие жүйесі орын алғанда ғана тәрбие нәтижесі маңызды.

Әртүрлі мектептерде тәрбие жүйелері ұжымдық шығармашылық жұмыстар, қоғамдық-пайдалы және өндірістік еңбек, жұмысты ұйымдастырудың әртүрлі формаларын енгізу (әртүрлі орталықтар, театрлар, т.б.). ұлттық салт-дәстүрлер; оқыту процесін ұйымдастыру негізінде қалыптасатын. Осылайша, тәрбие жүйесі мақсаттар жиынтығынан, тәрбие жұмысының ұйытқысы ретіндс ұжым, ұжымдық қатынастар мен қоршаған ортаға деген жүйенің бірлігінен тұрады. Басқаша айтқанда, кез келген тәрбие жүйесі негізінде бүтіндей ұжымның тәрбие мақсаттарын белгілеуі, танымдық іс-әрекет, өзара қатынастар, оқушылардың өзін-өзі басқаруы, ұлттық салт-дәстүрлерге сүйену, әр жастағы ұжымдарды құру мен ұжымдық шығармашылық істің әдісін пайдалану.

Тәрбие жүйесі бірнеше кезеңнен тұрады:

-жүйенің қалыптасуы;

-ұжым іс-әрекетінің жүйесі мен мазмұнын жасау;

-жүйені лайықты тәртіп бойынша қалыптастыру, дәстүрлерді сақтау мен жаңалықтарды енгізу.

Тәрбие мақсаттары мәселесін шешпей, тәрбие жүйесін құру мүмкін емес, өйткені білім беру саласындағы қызметкер үшін іс-әрекет, басқа да саладағы сияқты, мақсат пен міндеттер арқылы анықталады. Сынып жетекшісінің мақсаты мен міндеттері мектептің тәрбие жұмысының бағдарын ұстанады, сыныптағы тәрбие жұмысы мектептің тәрбие жұйесінің бір бөлігі болып табылады. Қазіргі заманғы ізденістер бойынша тәрбиенің мақсатын анықтау мәдениеттану арнасында жүргізілуде. Бұл мәселе бойынша осы күнге дейін еш нәрсе анық болмаса да, бүл әдістеме біршама нәтижелі, өйткені ол ұлттық және дүниежүзілік мәдениеттегі тарихи қалыптаскан рухани құндылықтарға сүйенеді. Тәрбиенің мақсатын тек өз халқының ұлттық мәдениетінің негізінде ғана емес, жалпы адамзаттық және адамгершілік ұлттық құндылықтарды игеру арқылы ғана анықтау мүмкін.

Мұғалімдер ұжымында ортақ мақсат болған жағдайда ғана, әрқайсысы оған жету үшін іс-әрекетке белсенді

кіріскен кезде ғана үлкен нәтижеге жету мүмкіндігі бар. Бұған мысал ретінде Алматы қаласындағы ғ 16 кәсіби-техникалық лицейде қалыптасқан тәрбиелік жүйені алуға болады, онда лицей директоры Шакирова Т. М. басшылығымен оқушылардың жеке тұлғасының қалыптасуы ұлттық мәдениет тәсілдерімен жүзеге асқан. Бұнда төмендегі келтіріліп отырған тәрбиелік жүйенің құрылымдық үлгісі іске асырылған (суретті қараңыз).

Ұлттық мәдениет құралдары арқылы жеке тұлғаны қалыптастыру жүйесі:

1.Лицейді ұлттық мәдениет элементтерімен безендіру.

2.Тілдерді меңгеру.

3.Ұлттық мәдениетті мәдениеттану сипатындағы оқу пәндері арқылы меңгеру.

4.Ұлттық мәдениетті базистік оқу бағдарламасындағы басқа да пәндерде меңгеру.

5.Ұлттық мәдениетке арналған арнайы курстар, факультативтер.

6.Ұлттық мәдениетті меңгеруге арналған оқушылардың зерттеу іс-әрекеті.

7.Ұлттық мәдениетті меңгеруді мақсат еткен үйірмелер мен клубтардың жұмысы.

8.Ұлттық мәдениетті меңгеруге арналған сыныптан тыс іс-әрекет (сынып сағаттары, жарыстар, мерекелер, т.б.).

9.Ұлттық мәдениетпен байланысты лицей дәстүрлері.

Басқа да тәрбие жүйесінің нәтижесі бұдан кем емес. Мысалы, Алматы қаласындағы ғ 132 мектеп-гимназиясының педагогикалық ұжымы оқушылардың интеллектуалды потенциалының дамуын бірінші орынға қояды. Әрине, бұл бағытта әртүрлі ізденістер болуы мүмкін, алайда, кез келген жағдайда мектеп ұжымының алдында мақсаты бар.

Мектеп өз түлектерінің мәдени негізінің қалыптасуына ықпал етеді, ол дегеніміз — мектеп бітірушінің білім мазмұнын, жеке тұлғаның өзін өзі ары қарай дамыту факторы. Қойылған мақсат тәрбиелік міндеттер арқылы жүзеге асады. Оларды анықтаудың әртүрлі әдістемелері бар. Мысалы, Н. Е. Щуркова келелі тәрбиелік міндеттерді ұсынады:

а)тәрбиелеу және дамыту іс-әрекеттерін ұйымдастыру;

ә)ұжымды ұйымдастыру мен дамыту;

б)оқушы жеке тұлғасының қалыптасуына көмектесу, оның ішкі мүмкіншілігі, бейімділігі, мақсат-мүдделері мен қабілеттерінің көрінуі мен баюы үшін жағдай жасау.

Сынып жетекшілерінің іс-әрекетіне жасалған әлеуметтік талдау нәтижесінде оның міндеттерін төрт топқа бөледі.

Бірінші топ - әлеуметтік міндеттер (балаға көмек, оны
әлеуметтік қатынастар жүйесіне енгізу, жеке тұлғаның
дамуы мен оның даралығының қалыптасуына тиімді жағдай
жасауда жанұямен және тәрбие институттарымен
әрекеттестік).

Екінші топ — диагностикалық міндеттер (сыныппен жұмысты дұрыс ұйымдастыру үшін оқушының жеке тұлғасы мен ұжымның даму диагностикасы).

Үшінші топ - адамгершілік міндеттер (баланың бойында қайрымдылық критерилерін қалыптастыру, баланы адамгершілікке бейімдеу жағдайына қою).

Төртінші топ — даралық-тәжірибелік сипаттағы міндеттер (оқушылармен жұмыстың нәтижелі педагогикалық тәсілдерін тандау, өз жұмысын жоспарлау, іс-әрекетті бақылау мен түзету, рефлексия педагогикасы).

Педагогтардың, зерттеушілер мен мұғалімдердің оқушылар ұжымындағы тәрбие жүйесін ұйымдастыру үшін маңызды міндеттерді бөліп қарау. Өйткені оқушы өмірінің барлық жақтарын сынып жетекшісі мен мектептің тәрбие жұмысы ықпалымен аяқгалмайды. Ең маңызды міндеттер:

1.Денсаулық пен салауатты өмір салтын тәрбиелеу.

2.Баланың өнегелілік мінез-құндылықтарын қалыптастыру.

3.Баланың бойына біткен қабілетілігі мен мақсат-мүдделерін жаңаша дамыту.

Сынып жетекшісінің жұмысындағы оқушылардың жеке тұлғасын қалыптастыру. Сонымен, оқушылардың адамгершілігі тәрбиенің ең маңызды міндеті болып табылады. Адамгершілік адамның іс-әрекеті мен қылықтарынан көрінетін қоршаған ортаға деген қатынасын білдіреді. Қатынас дегеніміз субъектінің қоршаған ортамен қалауы бойынша анықталатын байланысы. Сондықтан оқушының қандай құндылықтарды таңдап алуы сынып жетекшісі мен пән мұғалімдеріне тәуелді.

Зерттеушілер қатынастар жүйесіне әртүрлі компонентерді кіргізеді. Әрбір қатынас белгілі бір

білімдерді игеру дегенді білдіреді, алайда бұндағы ең бастысы бұл білімдерді өнегелілік түрде түсіну, сезіну болып табылады. Щуркова Н. Е., Сейтешев А.П. жеке тұлғаның қасиеттерін құндылық қатынастардың қалыптасу нәтижесі деп түсіндіреді. Осылайша, басқа адамға деген құндылық қатынастың нәтижесі - гуманизм, өз өзіне - қадір-қасиет, еңбекке - еңбексүйгіштік, еңбекқорлық болып табылады.

Жеке тұлғаның ең басты қасиеттерін осылайша бөлу өте маңызды, өйткені, қоршаған ортаға, адамға, материалдық және рухани дүниеге деген қатынастың қалыптасуы барысында адамгершіліктің барлық жақтарын қамту мүмкін емес.

Тәрбие нәтижелері туралы сөз етер болсақ, жеке тұлғаның басты қасиеттерінің қалыптасуы туралы айтуға болады:

1.Басқа адамға деген қатынас — гуманизм.

2.Өз өзіне деген қатынас— қадір-қасиет.

3.Еңбекке деген қатынас - еңбексүйгіштік, еңбекқорлық.

4.Ұжымға деген қатынас - ұжымшылдық.

5.Отанға деген қатынас — отансүйгіштік, патриотизм.

6.Табиғатқа қатынас — табиғатқа қамқорлық. ;

7.Көркемдікке қатынас — көркемдікті эмоционалды-эстетикалық түрде қабылдау қабілеті.

Жеке тұлғаның осы бір қасиеттерін қалыптастыру —
қоршаған орта туралы білімдерді өнегелілік түрде түсініп-
сезіну. Сондықтан, оқушылардың қоршаған орта туралы
білімдер жинағын адамгершілікпен сезінуі тәрбие
жұмысының басты мақсаты.

Оқу материалының, әрбір сабақгың өзіндік тәрбиелік маңызы бар екені белгілі. Олардың әрқайсысы оқушылардың қоршаған ортаға деген, құндылық қатынасын қалыптастыруда басқа адамның жеке тұлғаға құрметінен бастап, болмысты эмоционалды-эстетикалық қабылдауға дейінгі, құндылық сапаларын тәрбиелейді. Білімдерді терең меңгеруге, оларды өнегелілік түрде түсініп, сезінуге, окушыларды адамгершілік-құндылыққа үйрету іс-әрекетті ұйымдастыру.

Пән мұғалімдерінің оқушыларды тәрбиелеуі сынып жетекшілерінің басшылығына тәуелді, Осылайша, олар сыныптағы тәрбие жүйесін жүзеге асырады. Сонымен,

сынып жетекшісі дегеніміз - оқушылар тәрбиесін реттеуші мұғалім. Мектептің тәрбие міндеттеріне сүйене отырып, өз сыныбындағы оқушылардың ерекшеліктері мен тәрбиелілік деңгейлерін ескере отырып, осы мәселені шешуге пән мұғалімдері, оқушыларды, ата-ананы, демеушілерді т.б. тарта отырып, тәрбие жұмысын ұйымдастырады.

Сыныпта жеке тұлғаның ұжымдық қасиеттері эстетикалық кұндылықгарға, табиғатқа көзқарасы басым болады. Диагностика көрсеткіші бойынша ұжымға деген адамгершілік қатынастың деңгейі өте жоғары.

Сынып жетекшісінің жұмысында сыныптан тыс тәрбие көрініс табады. Сынып жетекшісі қызметі Қазақстанда, барлық Совет Үкіметіндегі секілді, 1934 ж. енгізіледі. Қазіргі уақытта оқушы жеке тұлғасын қалыптастыру, оның қабілеттілігін дамыту бірінші орында. Бұл ретте, сынып жетекшісі — пән мұғалімдері мен ата-ананың әрбір оқушыға ықпалын үйлестіретін тәрбиені ұйымдастырушысы.

Сынып жетекшісінің қызметтері.Сынып жетекшісінің жұмысы мектеп уставымен белгіленеді. Алайда бұл тізім оның іс-әрекетінің барлық жақтарын қамти алмайды. Оның іс-әрекетінің әртүрлі жақтары көптеген зерттеулерде қарастырылған (әдіс және әдіснамаларда).

Дәстүрлі емес әдістемелерде сынып жетекшісінің негізгі қызметтері:

а)Баланың денсаулығын сақтау.

ә)Баланың адамгершілігін тәрбиелеу.

б)Баланың қабілетін дамытуға қамқорлық.

1.Сыныптың мектептегі тіршілік қызмет-әрекетін (Н.Е. Щуркова) ұйымдастыру:

-әрбір оқушыны қажетті окулықтармен және әдістемелік құралдармен қамтамасыз ету;

-баланың көзінің көруі, құлағының естуі, оның бойын ескеріп, әрбіреуінің қабілеті мен белсенділігіне қарай оқу бөлмесіне санитарлық-гигиеналық талаптарға сай қамтамасыз ету;

-сыртқы киім мен аяқ киім қоятын орынның болуы;

-мектептің ертеңгілік тамағының тәртібі мен асхананың тазалық ережесін қамтамасыз ету;

-оқушы үсті-басын ретке келтіре алатьтн дәретхана бөлмелерінің орналасуы мен оларды пайдалану мәдениетін ескерту; 164

-сынып бөлмесінің ішкі көрінісін, бөлменің жарықтығы, бөлменің көркем-әдемілігін сақтайтын кезекшілер қою;

-әрбір баланың киімі мен аяқ киімін гигиена, эстетика
тұрғысынан деген талап қою;

-әрбір оқушының сабақ кестесі мен сынып бөлмелерінің орналасуынан хабардар ету;

-оқушының барлық сынып бөлмелерінің неге арналғанын оларды пайдалану ережелерінен (директор кабинетінен бастап, ойын бөлмесі мен медициналық бөлмеге дейін) түсінік беру;

-оқушының қоршаған заттармен жоғары мәдени деңгейде, тазалықты, әдемілік пен тәртіпті сақтай отырып пайдалана білуін үйрету.

2.Топтың пәндік іс-әрекетін ұйымдастыру:

-балаға дүниенің көпжақтылығы мен күрделілігі, қарама- қайшылықтарын, танымдық іс-әрекетін ашу;

-баланы дүниедегі адам өміріне қажетті құралдары, материалдық құндылықтарға жататын еңбектің іс-әрекеті;

-баланың күш-жігерін, өзінің денесіне, денсаулығына, ағзасының сұлулығы мен күшіне, адамның өз денесін билей алатын спорттық іс-әрекет;

-балаға дүниені көркем образдар арқылы тануға, көркемдік заттар тудыра отырып, дүниені көркейтуге мүмкіндік беретін іс-әрекет.

3.Өмірді түсініп, сезінудің рухани іс-әрекетін ұйымдастыру, ол дегеніміз - оқушылардың рефлексиясы, өмір құндылықтарын түсініп, сезінудегі өзіндік талдауға және өзінің ішкі дүниесін дамытуға жәрдем беру.

4.Тәрбие нәтижелерінің диагаостикасы негізінде жеке тұлғалық дамудың сипаттамасы. Сынып жетекшісінің диагаостикалық іс-әрекеті тәрбиелік жүйені құрудың негізі болып табылады. Жеке тұлғаның қалыптасуы ерекше қасиеттерін анықтауға мүмкіндік береді.

Жоғарыда келтірілген жеке тұлғаның қасиеттері оқу барысында сабақта да, сыныптан тыс тәрбие жұмыстарында да қалыптасады. Оқушылардың оку пәндеріндегі тәрбиелік материалдар да аз емес.

Қазақстан Республикасы мектептеріндегі ағарту мазмұны күннен күнге жетіліп келеді. Оны өнегелілік түрде түсініп, ұғыну - мұғалім алдында тұрған маңызды мәселе. Мұғалім оқу пәндеріндегі тәрбие мүмкіндіктерін білуі тиіс. Бұл

орайда гуманитарлық саладағы пәндердің орны ерекше. Көптеген мұғалімдердің сабақтың тәрбиелік міндеттерін орындау мүмкіндігі деңгейіне дейін нақтыландырып, дегенмен педагогикалық процесс барысында жүзеге асыра алмайтынын ескеретін болсақ, сынып жетекшісінің жауапкершілігі арта түседі.

Оқушылардың сыныптағы іс-әрекетін ұйымдастыру. Сынып жетекшісі мына бір тұжырым ережелерді ұғынып, түсінген жағдайда ғана тәрбие міндеттерінің шешімі нәтижелі болмақ:

1.Тәрбиенің жеке тұлғаға бағытталуы.

2.Тәрбие жүйелік сипатта болу.

3.Тәрбие іс-әрекетінің мақсаттарының бірлігі, оқушылармен жұмыс істейтін мұғалімдердің өзара әрекеттестігі тәрбие жүйесінің кепілі.

4.Тәрбие процесі жеке тұлға теориясы мен іс-әрекет теориясына, құндылықтар теориясы мен басқару теориясына сүйенуі қажет.

Жеке тұлға теориясы арқылы мұғалім оқушының тек тәрбие объекгісі ғана емес, сонымен қатар ол іс-әрекеттің субъектісі екенін түсінеді. Ол сынып жетекшісіне оқу-тәрбие жұмысын, оқушы жеке тұлғасының қалыптасу, оқушылардың іс-әрекеті бірнеше кезеңдерден тұрады: мотивтің қалыптасуы — оларды адамгершілік түсініктерді ұғынуға жағдай жасау; мінез-құлық пен іс-әрекет нормаларының қалыптасуы - өз іс-әрекетіне қанағаттану. Демек, оқушы жеке тұлғасының қалыптасу технологиясы мотив, танымдық, мінез-құлық, эмоционалдық сезім компоненттерінен тұрады.

Осылайша, мотивті қалыптастырып, білім беріп, іс-әрекетті ұйымдастыру. Жағымды эмоциялар баланың қоршаған болмысқа деген сенімін арттырады.

Сынып жетекшісінің іс-әрекетінде басқару теориясының да маңызы бар. Педагогтің негізгі жұмысы — оқушылардьщ іс-әрекетін ұйымдастыру, ал ұйымдастыру басқару теориясының құрамды бөлігі болып табылады. Оның заңдылықтарын білу педагогтар мен оқушылар арасындағы қатынасты, сыныптағы тәрбие жүйесін басқаруға мүмкіндік береді.

Тәрбие жүйесінің қызметіндегі маңыздысы окушылардың іс-әрекетінің түрлерін тиімді тандау (тәрбиелік шаралар) және оларды өткізу. Адамды қалыптастыратын негізгі іс-әрекеттер:

танымдық іс-әрекет, материалдық еңбек, қоғамдық-пайдалы жұмыс, бағалау-бағыттау әрекеті, ойын іс-әрекеті, қарым-қатынас, спорттық-сауықтыру, көркемдік-шығармашылықіс-әрекет.

Басқару теориясы тәрбиелік шараларды дайындаудың нәтижелі әдісін анықтауға мүмкіндік береді, олар:

1)тәрбиелік шаралардың нақты бір формасын тандау (сынып сағаттары, КВН, демалыс кеші, т.б.);

2)шаралардың мақсаттары мен міндеттерін анықтау;

3)шараларды өткізуге ынталы топ пен оқушыларды таңдау;

4)ынталы топпен бірігіп тәрбие жұмыстарын жоспарлау;

5)жұмысты ұйымдастыру міндеттерін ынталы топ мүшелеріне бөліп беру;

6)мерекеге дайындық;

7)сынып жетекшісінің тәрбие шараларын дайындауда оқушыларға ақыл-кеңес беруі;

8)ынталы топпен бірігіп шараларға дайындықты тексеру;

9)тәрбиелік шараларды өткізу;

10)оқушылармен (ынталы топ, сыныптың мүшелерімен) бірігіп өткізілген шараларға талдау жасау;

11)оқушылармен бірігіп алдағы жұмысты жоспарлау.

Тәжірибе көрсеткендей, осы ұсынысты қолдана отырып, сыныпта осындай тәрбие жұмыстарын өткізуге болады.

Сынып жетекшісінің жұмысында сыныппен немесе жеке бір оқушымен этикалық әңгіме өткізу ерекше орын алады. Өсіп келе жатқан адамның қиындықтарын адамгершілікпен түсіндіру, ересек адам тарапынан көрсетілген өз мезгіліндегі моральдық қолдау, оқушы жеке тұлғасының қалыптасуына көп әсер етуі мүмкін. Өкінішке орай, көбінесе, этикалық әңгімелер үгіт-насихатпен алмастырылады. Мұғалімдер В.А.Сухомлинскийдің мұғалімнің сөзіне, оньщ оқушымен әңгімесіне зор мән берген пікіріне қосылады. Ал, бір жағынан, оның педагогикалық іс-әрекеттің осы бір саласындағы даналық ақылдарын пайдаланбайды. Бұл мұғалімнің мәдени танымдық және дайындығының болмауынан шығар.

Қазіргі уақытта мектеп бағдарламасына өзін өзі рухани дамыту курсын енгізу ойластырылып жатыр. Бұл оқушыға адамгершілік тәрбие беру мәселесін біршама шешуге мүмкіндік береді, бірақ ол сынып жетекшісінің жоспарлы тәрбие жұмысын алмастыра алмайды

Наши рекомендации