Пән туралы ақпарат

Пән атауыМектепке дейінгі педагогика тарихы

Кредиттер саны 3

Курс, семестр 1 курс, 1 семестр

Мамандықтың шифры мен атауы 5В010100 – Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу

Институт, кафедра Педагогика және психология

Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика

Пәнді өткізу уақыты және орны Бекітілген кесте бойынша

Оқытушының аты-жөні, лауазымы, дәрежесі, атағы п.ғ.к., университеттің қауымдастырылған профессоры

Қыяқбаева Ұ.Қ.

Пәннің қысқаша сипаттамасы.

«Мектепке дейінгі педагогика тарихы» пәнінің мақсаты: студенттердің тәрбиеші мамандығының және мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту – тәрбиелеудің тарихы туралы ғылыми білім жүйесін қалыптастыру болып табылады.

Пәннің міндеттері:

- мектепке дейінгі педагогика ғылымының қалыптасу тарихымен болашақ мамандарды қаруландырып, ғылыми дүниетанымын қалыптастыру;

- шетелдегі және еліміздегі мектеп жасына дейінгі балалардың дамуы мен тәрбиесі, ұйымдастыру әдістері мен формасы туралы педагогикалық ой – пікірлер жүйесін қалыптастыру;

- практикада теориялық білімін қолдана білу біліктілігін дамыту.

Меңгерілетін білімдер, іскерлік, дағдылар мен құзіреттіліктер:

- шет елдегі және еліміздегі мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу және оқытудың теориялық негіздерін;

- қазіргі заман жағдайында отандық және шетелдік мектепке дейінгі педагогиканың тарихына талдау жасауы;

- мектепке дейінгі педагогикадан меңгерген теориялық қағидаларын ғылыми және практикалық мәселелерді шешуде қолдана білуі;

- балабақшалардың даму және қалыптасу тарихын білуі;

- мектепке дейінгі педагогика тарихының теориясы мен тәжірибесінің әлемдік дамуының жаңа тенденцияларын білуі керек.

- кәсіби әрекетін ғылыми негізде құру;

- кәсіби әрекетінде қазіргі педагогика тарихының жетістіктерін қолдану;

- оқыту мен тәрбиенің педагогикалық технологияларын, формаларын, тиімді әдістерін тәжірибеде қолдану;

- педагогикалық құбылыстарда себептік-салдарлық байланыстарды табу біліктілігі болуы керек.

- педагогика тарихынан теориялық білімдерін кәсіби әрекетінде ұтымды пайдалануды меңгеруі керек.

- педагогика тарихының даму тенденцияларын ескере отырып, педагогика тарихы ғылымының жетістіктері негізінде оқыту, тәрбие үдерісін жүзеге асыруға дайын болуы;

- тұтас педагогикалық үдерісті шығармашылықпен ұйымдастыруға дайын сияқты құзіреттіліктерге ие

Күнтізбелік-тақырыптық жоспар.

Пән тақырыптарының аталуы апта Аудиториялық сабақтар Тапсырма түрі   Барлығы (90сағ)
Дәріс ( 15 сағ) (Семинар) сабақ (15сағ.) СОӨЖ ( 30 сағ) СӨЖ (30 сағ)
Кіріспе Мектепке дейінгі педагогика ғылымының қалыптасу тарихы. 1-2    
XVII – XVIII ғасырлардағы мектепке дейінгі тәрбие теориясының қалыптасуы 3-4    
XVIII – XIX бірінші жартысындағы дворяндық – мемлекеттік педагогика    
ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен 1917 жылдағы қоғамдық педагогика    
1917 – 1960 жылдардағы кеңестік мектепке дейінгі педагогика ғылымының қалыптасуы    
Қазақстандағы мектепке дейінгі тәрбиенің қалыптасуы 8-9    
Тәрбиеші мамандығының тарихы    
Мектепке дейінгі тәрбиелеу бағдарламалары мен әдістемелік құралдар 11-12
Ресейдегі балабақшалар-дың қалыптасу тарихы
Шет елдердегі балабақша тәжірибелері
Қазақстанда балабақшалардың даму тарихы

4. Оқытуға арналған әдебиеттер (5-6 әдебиеттен артық емес)

Негізгі әдебиеттер:

1.А.Меңжанова. Мектепке дейінгі педагогика-Алматы, 1992.

2. История дошкольной педагогики в России /Под ред. С.Ф.Егорова. Хрестоматия. –М., 1999.

3. Бәтібаева С.Ғ. Қазақстанда қазақ балабақшаларының даму тарихы. Оқу құралы. - Алматы, 2009.

Қосымша әдебиеттер:

1. В.И.Ядэшко, Ф.А.Сохин. Мектепке дейінгі педагогика. –Алматы, 1982.

2. Основы дошкольной педагогики. /Под ред А.В.Запорожеца, Г.А.Марковой. –М., 1980.

3.Балабақшада оқыту және тәрбиелеу программасы. -Алматы, 1992.

4.М.Жұмабаев. Педагогика. –Алматы, 1994.

5.Мендлина П. Дошкольное воспитание во Франция. –М., 1994.

6.Детский сад в Японии. /Перев. С япон. Л.Д.Гришевой. –М., 1987.

7.Балабөбек бағдарламасы – Алматы: Шартарап 2000.

Бағалау критерийі

Жұмыс түрі Баға (max балл) Саны Қосындысы %
Сабаққа қатысу (лекция материалдарын конспектілеу)     10 %
Семинар тапсырмаларын орындау 0-100 0-800 45 %
СӨЖ       30 %
3.1 Реферат қорғау 0-100 0-300 10 %
3.2 Эссе (проблемалы мақала) 0-100 0-100 5 %
3.3 Презентация 0-100 0-400 15 %
1-аралық бақылау 0-100 0-100 15 %
  Барлығы       100 %
Сабаққа қатысу (лекция материалдарын конспектілеу)     10 %
Семинар тапсырмаларын орындау 0-100 0-700 45 %
СӨЖ       30 %
3.1 Реферат қорғау 0-100 0-300 10 %
3.2 Эссе (проблемалы мақала) 0-100 0-100 5 %
3.3 Презентация 0-100 0-300 15 %
2-аралық бақылау 0-100 0-100 15 %
  Барлығы       100 %
  Қорытынды емтихан 0-100 0-100 100 %

Оқытушы талабы.

Сабаққа қатысу, лекция жазу, сабақта белсенді жұмыс жасау, үй тапсырмаларын орындау студенттің міндеті болып табылады. Егер студент қандай да бір себептермен сабаққа қатыса алмаса, онда ол лекция материалын топтағы басқа студенттен алу керек немесе өз бетінше өтеу қажет. Аудиториядан тыс уақытта оқытушы лекциялық материалдармен сабақтан қалған студенттерді тек қана белгіленген уақытта қамтамасыз етеді.

2. Студент университеттегі оқу ережесіне бағыну керек: сабақты себепсіз жібермеу, сабаққа кешікпеу, оқу материалын түсіндіру кезінде сөйлеспеу, ұялы телефондарды өшіріп қою, сабаққа тән киім үлгісімен келу т.б. Егер студентте курс бойынша сұрақтар туатын болса, онда ол оқытушыдан белгіленген уақытта кеңес алуына болады.

3. Әрбір үйге берілген тапсырма уақытылы орындалып, сабақта талқылануы қажет. Уақытылы орындалмаған тапсырма үшін студенттің бағасы 1 балл кемиді.

4. Бақылау жұмысына қатыспаған немесе кешіккен студенттер автоматты түрде бақылау жұмысы үшін 0 балл алады. Бақылау жұмысын қайта тапсыру рұқсат етілмейді.

5. Аудиториялық уақыт курстың ең негізгі ұғымдарын түсіндіретін лекциядан және әртүрлі формаларда өтілетін практикалық сабақтардан тұрады.

6. Курс студенттен күнделікті өзіндік жұмысты орындауды талап етеді. Студент әрбір сабақта және оқытушының сабақ үстінде берген өзіндік жұмысына тізімдегі негізгі және қосымша әдебиеттер бойынша дайындалу қажет.

7. Сонымен бірге курс СОӨЖ (студенттің оқытушымен өзіндік жұмысы) сияқты жұмыс түрін қамтиды. Онда үй тапсырмаларын әртүрлі жеке және топтық формаларда өткізу, консультациялар, жеке тапсырмаларды орындау ұйғарылады. Әрбір сабақта студент талқылауға белсенді қатысуы керек

8. Курс барысында студент 2 аралық тапсырма орындау керек. Курстың соңында қорытынды емтихан тест түрінде өтеді. Орындалған жұмыстар дәстүрлі 5 баллдық жүйемен бағаланады, содан соң балдық жүйеге аударылады. Студент бағаларын есептеу және өз бетінше өзінің үлгерімін бақылау әдістемесін игеру қажет.

п.ғ.к., университеттің қауымдастырылған профессоры Қыяқбаева Ұ.Қ.

Кафедра меңгерушісі п.ғ.д., профессор Бекмагамбетова Р.К.

Наши рекомендации