Шет тілін оқытуда компьютерлік технологияларды қолдану ерекшелігі

Мақсаты: Компьютерлік технологияларды қолдану арқылы шет тіліне үйрету әдісінің тиімділігін (эффектілігін) жоғарылату.

Еліміз өз тәуелсіздігіне қол жеткізіп, саяси - әлеуметтік және экономикалық дамудың жаңа кезеңінде қадам басқан уақытта терең білім, сауатты ұрпақ тәрбиелеу – негізгі міндеттердің бірі етіп белгіледі. Қазіргі замандағы мектептерде уақыт талабына сай оқытудың жаңа әдістерін, ғылыми тілмен айтқанда, инновациялық технологияларды қолдану басты назарда болып отыр. Осы жаңа инновациялық технологияларды қолдану арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен тілге деген қызығушылықтарын арттырып, білім сапасын көтеруде.

Жоғары техноло́гия (ағылшынша: high technology, high tech, hi-tech) — замануи ең жаңа және прогрессивті технологиялар. Жоғары технологияларды пайдалануға өту ғылыми-техникалық революцияның (ҒТР) қазіргі кезеңдегі маңызды звеносы болып табылады. Жоғары технологиядарға әдетте өндірістің ең ғылыми салаларын жатқызады.

Ақпараттық технологияларды ағылшын тілін оқыту үдерісінде пайдалану оқушылардың жан-жақты білім алуына жол ашып, мемлекетіміздің үш тұғырлы тіл саясатына сай жақсы, жан-жақты дамыған оқушы иесі ретінде танылуларына негіз бола алады.

Ақпараттық білім беру технологияларын оқыту үдерісінде тиімді пайдалану, өз кезегінде, ағылшын тілін оқытудың қарқынын арттыруға бейнелік және теориялық ойлауын дамытуға, оқушылардың ақпараттық қоғамның жағдайларына бейімделуіне ықпал етеді. Ақпараттық технологияларды қолданудың негізгі бағыттары электронды оқулықтар мен интернет технологиясын пайдалану болып табылады, сонымен қатар дүниежүзілік интернет желісі оқушылардың білім өрісін кеңейтуге ықпал етеді. Сонымен қатар, қазіргі оқыту құралдары: компьютерлер, телекоммуникациялық байланыс құралдары, қажетті интерактивті бағдарламалық және әдістемелік жабдықтар әр түрлі оқыту үдерісін қамтамасыз ете отырып, оқушылардың өздігінен білім алуын ұйымдастыруда, өзіндік жұмыстарды орындауда әдістемелік құрал ретінде де маңызды.

Ағылшын тілін оқытуда ақпараттық технологияларды қолдану білім беру коммуникациясының интерактивті сипатын арттыра түседі. Ғалымдар А.А. Андреев, В.И. Солдаткин, В.П. Кашицин ағылшын тілін оқытуда ақпараттандыру үдерісінің ықпалын жан-жақты сипаттай отырып, әсіресе, білім мен ұғымды ұсыну, меңгеру әдістерінің өзгеретіндігін, мұғалімдер мен оқушылардың өзара әрекетінің жолдары туралы айтады. Осы орайда оқытудың тиімділігін арттыруды ұсынады. Ағылшын тілін оқыту үдерісінде ақпараттық технологиялардың, әсіресе қарым-қатынас ортасын, жалпы тақырып шеңберінде әріптестердің интерактивті өзара әрекет ортасын құрудағы маңызы ерекше. Ақпараттық білім беру технологиялары өз кезегінде қарым-қатынас тәжірибесін игеруде, оқушылардың лингвомәдениеттік құзырлылықтарын қамтамасыз етуде маңызды. Ғалым М.Ушакова ағылшын тілін оқыту әдістемесін зерттей отырып, компьютерлік телекоммуникациялар ағылшын тілінде тірі, шынайы қарым-қатынастарды ұйымдастыруға мүмкіндік беретінін айтады. Бұл телекоммуникацияның дидактикалық қасиеті шынайы тілдік орта құру үшін керемет мүмкіндіктер туғызады.

Қазіргі кезде жаңа білім жүйесі интернеттің пайда болуының арқасында дамығанын барлығы мойындайды. Көптеген әдіскерлер видеофильм, электрондық пошта (e-mail), мультимедиялық презентация, анимациялық суреттер және т.б. көмегімен шетел тілінде монолог және диалог түрінде сөйлеу қабілетін қалыптастыратын жаттығуларды құрастырумен айналысып жатыр. Ал шетелде болмай-ақ, сол елдің тілінде сөйлей алу қабілетіне ие болу оңай емес. Сондықтан, мұғалімнің маңызды тапсырмасының бірі шет тілі сабағында жаңа технологиялардың түрлі амалдарын қолдана отырып, сөйлеудің шын ситуацияларын құру болып табылады. Шет тілін үйрету процессінде компьютер технологияларын қолдану сабақты қызықты жолмен өткізуге көмектеседі. Мысалы, анимациялық суреттер, видео-көріністер, презентациялар және т.б. әртүрлі дыбыстар арқылы көрсетіледі. Компьютер мониторындағы көріністер оқушының іс-қимылының арқасында өзгеріп отырады. Бұл динамикалық және оқушының бар ойын өзіне бағыттайды, сонымен қатар, оқу процессінде оқушының белсенділігі оянады. Нәтижесінде, оқушы ақпаратты оңай әрі тез қабылдайды және оқушының ынтасы мен қызығушылығы жоғарылайды.

Орта бiлiм беру жүйесiн ақпараттандырудың мемлекеттiк бағдарламасының негiзгi бағыттарының бiрi – оқыту процесiн ақпараттандыру. Дәстүрлi оқу құралдарынан басқа тыңдаушыға мына типтегi материалдар ұсынылады:

· компьютерлiк үйрету бағдарламалары

· электрондық оқу құралдары

· компьютерлiк тестiлеу жүйесi мен бiлiмдi бақылау

· электрондық анықтамалар мен энциклопедиялар

· аудио және видеоматериалдар

· Интернет желiсiндегi ақпараттық материалдар

Аталған құралдар оқу материалдарын жеделдетiп меңгеруге және оқытудың сапасын арттыруға игi әсерiн тигiзедi.

Шет тілін оқытуда компьютерлік технологияларды қолдану ерекшелігі - student2.ru

ХХI ғасырды қоғамдық ақпараттандыру ғасыры деп жай атамаған. Компьютер - адам іс-әрекетінің барлық салаларында қолданылады. Дүниежүзілік қоғамдастықта қоғамдық өмірдің барлық саласын глобальді ақпараттандыру процессі дамытылуда. Экономикалық жағдай, адам өмірінің сапасы, ұлттық қауіпсіздік және мемлекеттің дүниежүзілік қоғамдастықтағы рөлі ақпараттық-технологиялық дамудың және оның даму қарқынының даму дәрежесіне байланысты. Барлық экономикалық дамыған елдерде және көптеген дамушы елдерде білім беру жүйесін ақпараттандырудың қарқынды процессі жүріп жатыр. Жалпы білімді жоғарылату жолдары жасалып жатыр және оқыту процессіне жаңа ақпараттық технологияларды енгізуге көп қаражат бөлінуде.

Оқушыларға ақпараттық білім бере отырып, олардың қазіргі ақпараттық технологияларды өз қажеттіліктеріне пайдалана алуға қатысты біліктілік, дағдылық, ақпараттық сауаттылықтарын қалыптастырудың маңызы зор. Білім беру саясатының өзекті мәселелері-кәсіптік даярлаудың сапасын жақсарту, оқытудың әдістері мен ұйымдастыру түрлерін өзгерту, педагогикалық ғылымдарды ұйымдастыруды жетілдіру, алдыңғы қатарлы оқу тәжірибелерінің озық үлгілерін қолдану, әрбір қоғам мүшесінің ақпараттық мәдениеттілігі мен сауаттылығын арттыру аса маңызды. Ақпараттық технологияларды қолдану оқушылардың ағылшын тілін үйренудегі оңтайлы дағдыларды қалыптастыруға (іздену, қажетті ақпараттарды жинастыру және талдай білу, ақпарат көздерін үйлесімді пайдалану) мүмкіндіктерін береді, сонымен қатар оқушылардың танымдық дағдыларын дамытуға (өз білімін өз бетінше құра білу дағдылары, ақпараттық кеңістікте бағдарлана білу дағдылары) оң ықпалын тигізері анық.

Шет тілін оқытуда компьютерлік технологиялар:

Шет тілін оқытуда компьютерлік технологияларды қолдану ерекшелігі - student2.ru Шет тілін оқытуда компьютерлік технологияларды қолдану ерекшелігі - student2.ru Шет тілін оқытуда компьютерлік технологияларды қолдану ерекшелігі - student2.ru

Шет тілін оқытуда компьютерлік технологияларды қолдану ерекшелігі - student2.ru Шет тілін оқытуда компьютерлік технологияларды қолдану ерекшелігі - student2.ru Шет тілін оқытуда компьютерлік технологияларды қолдану ерекшелігі - student2.ru

Міндеті: Шет тілін оқытуда компьютерлік технологияларды қолдану ерекшелігі - student2.ru

Оқу-беру әдісі:

1 схема (пассивті әдіс)

Мұғалім
оқушы
оқушы
оқушы

Шет тілін оқытуда компьютерлік технологияларды қолдану ерекшелігі - student2.ru

2 схема (активті әдіс)

Мұғалім
оқушы
оқушы
оқушы

3 схема (интерактивті әдіс)

оқушы
оқушы
Мұғалім
оқушы
Шет тілін оқытуда компьютерлік технологияларды қолдану ерекшелігі - student2.ru

Кіріспе

Тақырыбы: Шетел тілін оқытуда газет материалдарын пайдалану

Өзектілігі: Қазіргі таңда шетел тілдерін оқуды сол ттілде сөйлеушілердің өмірі мен мәдениетінен бөлек қарастыру мүмкін емес. Ал газет БАҚ ретінде мәдениеттің бір бөлігі болып с саналады. Қазіргі замандағы мектептерде уақыт талабына сай оқытудың жаңа әдістерін, инновациялық технологияларды қолдану, шетелдік басылымдарды пайдалану басты назарда болып отыр. Өйткені осы жаңа инновациялық технологияларды қолдану арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен тілге деген қызығушылықтарын арттырып, білім сапасы көтерілуде. Сонымен, ағылшын тілін оқытуда кездесетін кейбір проблемалар және оны шешудің жолдарын қарастыруда шетелдік басылымдарды пайдаланудың маңызы өте зор. Шетел тілін қазіргі заманға сай оқыту мәселелері, олардың өзіндік ерекшеліктері, жаңа заманға сай мұғалімнің біліктілігін арттыру, оқушылардың шетел тілін меңгерудегі ынтасын арттыра отырып, олардың сабаққа деген қабілетін көтеру талабы қойылып отыр.

Мақсаты: Шетел тілін оқытуда газет материалдарын пайдаланудың маңыздылығын анықтау, газет материалдарын сабақ барысында қолдануға үйрету.

Теориялық маңыздылығы: Шет тілі сабақтарында шетел басылымдарының оқушылардың білімін, коммуникативтік қабілетін кеңейту үшін қолданылатын қосымша материалдар ретінде маңызын анықтау.

Практикалық маңыздылығы: Оқушылардың оқылып жатқан тілге деген қызығушылықтарын арттыру және мотивациясын көтеру мақсатында шетел басылымдарын қолдану жолдарын жүзеге асыру.

Шетел тілі сабағында шетелдік басылымдарды қолдану

Шетел тілін оқытуда газет материалдарын пайдаланудың маңызы.

Респуликамыздағы саяси және экономикаалық өркендеудің мәнділігі, нарықтық қатынастар жолы, ұлттық-мәдени тұрғыдан даму білім беру жүйесіне де ерекше талаптар жүктеуде.

Білім беру – қоғам мүшелерінің адамгершілік, мәдени және дене дамуы мен кәсіби біліктілігінің жоғары деңгейде қол жеткізуді мақсат ететін үздіксіз тәрбие мен оқыту үдерісі. Білім беру ісі шеберлікке, дағдыға баулудың өсіп, өрбіп, белгілі бір кәсіпке, мамандыққа үйретумен тиянақталады.

Қоғамның дамуының қазіргі кезеңі, елімізде болып жатқан түрлі өзгерістер білім беру қызметіне жаңаша қарауды, мұғалім іс-әрекетін жаңаша ұйымдастыруды талап етеді.

Қазіргі уақытта ұрпақтан-ұрпаққа өмір тәжірибесін беруді жүйелі жүргізетін – мұғалім.

Мектеп мұғалімдері оқушылардың білімі мен іскерліктерін қалыптастыруда бірқатар іс-шаралар жүзеге асырады. Қазіргі уақытта ұрпақтан-ұрпаққа өмір тәжірибесін беруді жүйелі жүргізетін – мұғалім. Мұғалімнің сабақты неғұрлым жоғары деңгейде жүргізсе, білім деңгейі соғұрлым жоғары болады. Оқытушының қолданған әдіс-тәсілдері балаларға қызықты, түсінуге оңай болуы тиіс. Осы орайда газет материалдарын қолданудың маңызы зор.

Газет тілінің көркем, ғылыми және ауызекі тілден басқаша өзіндік ерекшеліктері бар. Бұл газеттің негізгі ақпарат құралы ретінде орындайтын әлеуметтік міндетке сай тілдік құралдардың ұзақ уақыт іріктелу нәтижесі.

Қысқа уақыт ішінде соңғы жаңалықтарды баяндау коммуникативтітапсырмалар сипатында бберіледі. Газет көп әр түрлі оқырмандар шеңберіне арналған және өзіне назар аудартатын болуы тиіс. Тілдік кқұралдың жүйесі әр газетте әр түрлі болғанымен, газет стилі басқа сөзстилінен ерекшеленеді.

Басылымдардағы мақалалар көбіне талдауды ұйымдастыратвн және тілді үйренушілердің жеке пікірін қалыптастыру мен оны білдіруге әкелетін мәселелерді қамтиды. Мақала авторлары соның алдындағы басылымдарды таддайдф, немесе қоғамда болып жатқан жаңа процестерді танытып отыратындықтан оқушыларды сөз ойнақылығына және әр ьтүрлі пікірлерден дәлелдеме жасау жолдарына назар аудару мүмкіндігі болады.

Газет мақалаларынджа берілген тақырыпқа байланысты өте көп лексикалық бірліктермен қатар күрделі концепцияларды дәл беретін белгілі клишелер, яғни тұрақты лексиклық тіркестер кездеседі. Сол сияқты онда фразеологиялық тіркестер және идиомалар жиі кездеседі.

Клишелер мен тұрақты лексикалық тіркестерді, сөз құрылымдарын меңгерудің маңызы зор, себебі оқушылар шетел тілінде өз ойларын құрастыруда және білдіруде, әсіресе,һһе күрделі сөйлеуді талап ететін мәселелерді талдауда ана тіліндегі құрылымдар мен тіркестердіөзгеріссіз беру бағытын ұстанады.

Осылайша газет материалдары мәдениетпен, қоғамдағы процестермен, таныстырып қана қоймай, коммуникативті дағдыны дамыту және тілдік коипетенцияны қалыптастыру жұмыстарында материал ретінде пайдаланылады. Сонымен бірге лексикалық материал нақты халықтың менталитетінің ерекшеліктерін оқып-білу жағдайында іске асырылады және меңгеріледі және оқушының санасында із қалдырады. Қоғамда қазіргі болып жатқан мәселелерді, оларды шешу жолдарын талдау, басқа ортаның даму тенденцияларын өз ортасындағы тенденциялармен салыстыру мүмкіндігі шетел тілін оқу мен оны жете меңгеруде өте күшті стимул бола алады. (1;3-4б.)

1.2 Ұлыбританияның басылымдары, олардың ерекшеліктері

Ұлыбританияда 120-ға тарта күнделікті газет бар. Олар аптасына 6 рет басылып шығарылады. Олардың жалпы саны – 15 миллионға жуық дана.

Ағылшындардың ұлттық күнделікті газеттері екіге бөлінеді: «сапалы» газеттер өзінің қатаң, қысқа атауларымен және суреттерінің кішілігімен ерекшеленеді. Ал «танымал» газеттерге ірі жазумен берілетін атаулар, қысқа материалдар және суреттердің көптігі тән. Газеттердің бірінші тобына жататындар «The Times», “Financial Times”, “The Guardian”, “the Daily Telegraph”, ал екінші топқа “Daily Mail”, “Daily Express”, “Daily Mirror”, “The Sun” және т.б. жатады.

«The Times» - Ұлыбританияның күнделікті газеті, әлемдегі танымал газеттердің бірі. Қазіргі таңда «Таймс» Times Newspapers Limited басылып шығарылады және News Corporation корпорациясының жеке меншігі болып табылады. Оның қазіргі басшысы Руперт Мердок (ағылшынша Rupert Murdoch). Жексенбі күндері бұл басылым “The Sunday Times” және үндістандық “The Times of India” деген басылымдар бар.

Джон Уолтер (ағыл. John Walter) 1785 жылы «Таймстың» неізін қалады. Ол кезде газеттің аты «The Daily Universal Register» (Күделікті жаңалықтардың тізімі) болды. Редакторы - Джон Уолтер. 1788 жылдың 1 қаңтарынан бастап, газеттің аты «The Times»-қа ауыстырылды.

«Financial Times» - халықаралық газет. Әлемнің 24 елінде ағылшын тілінде басылып шығарылады. Жалпы тиражы – 450 мың дана. Басты редакциясының штаб-пәтері Лондонда орналасқан. Pearson PLC медиа-холдингке тиесілі.

2000 жылдан бастап неміс тілінде шығады. Газеттің атауы – «Financial Times Deutschland».

Financial Times қаржы және бизнес әлеміндегі жаңалықтарды басып шығарады.

“The Guardian” – Ұлыбританияның күнделікті басылымы. 1821 жылы “The Manchester Guardian” деген атпен негізін қаланды. 1959 жылы аты “The Guardian” болып ауысты. The Guardian Лейбористік партияны қолдайды.

“Daily Mail” «танымал» газеттердің қатарына жатады. Жалпы тиражы – 1800 мың дана. 1896 жылдан бастап, бұл газет политикалық жаңалықтарды емес, криминалистік сенсацияларды басып шығарады. (2).

Ағылшын газеттерінің ерекшеліктері:

Мақаланың атауы (Headlines) ағылшын газеттерінде қысқа болады және онда артикль, көмекші етістік тәрізді көмекші сөздер алынып барынша қысқартылады. Осыған байланысты онда ұзақ сөздерге қарағанда қысқа сөздер көп қолданылады. Мынандай сөздер жиі қолданылады: cost, deal, ban,hit, get, clash. Сонымен қатар онда ұзақ сөйлемдерге қарағанда күрделі зат есімдерден тұратын фразалар жиі қолданылады. Мысалы, “Japan Leadership Struggle” for “The Leadership Struggle in Japan”, “Bridge Cost” for “The Cost of the Bridge” and “Bank Girl Killer Clues” for “Clues to the Killer of the Girl who Worked in a Bank”.

· Газет мақалаларының атауларында етістіктің жай формалары, соның ішінде көбінесе Present Simple қолданылады: “Japan Leadership Struggle Hots up”, “Bridge Cost Soars”, “Miners Ban Overtime”, “Police Get Bank Girl Killer Clues” and “Action Man Sinatra Dies”. Келер шақты көрсету үшін инфинитив формасы қолданылады: “Agricultural Policy to be Discussed”, “Two Presidents to Meet in September” және Passive form істеушіден гөрі іс-әрекет маңызды болған жағдайда қолданылады: “25 Charged after Clash”.

· Сирек (Rare) және кітаби (bookish) сөздерге метафораға негізделген және эмоционалды бояуы бар мынадай фразалар кіреді: war hysteria, escalation of war, overwhelming majority, a storm of applause. Post attacle cleanup, global hunt for terrorists, a shot of power.:

· Неологизмдер (Neologisms) (кейде мәтін ішінде түсіндірмені талап етеді): stay-in, ride-in, sit-in, break-in, pile-in, lobby-in, non-partizan. Мысалы: to the already well-known sit-ins and teach-ins have been added sing-ins and preach-ins. Teach-in for ford women. {3:21 б.}

· Арнайы саяси және экономикалық терминдерр, мысалы: stability, elections, anti-terror war, military facilities, terrorist network, opinion polls, human rights, budget deficit, immigration, presidential vote, race, opponent, business, security, to devastate, blast.

· Терминдік емес саяси сөздер, мыс.: officials, hostages, kidnappers, protest, breakdown, regime, local terror cells, popularity rating, emergency antiterror funding. Саяси сөздерге тәнбелгі мұнда басқа салаларға қарағанда терминдік және терминдік емес сөздердің айырмашылығының аз болады. Кейбір сөздердің семантикалық құрылымы терминдік те, терминдік емес те болады. Мыс.: crisis, agreement, progressive, nationwide, unity.

· Газет клишелері (Newspaper clichés), i.e., стереотипі сөз тіркестері, оқырманға таныс қарапайым фразалар, мыс.: public opinion, free markets, long-term agreements, a melting pot, to cast a veto over, crucial/pressing problems, zero tolerance, political correctness, to go postal (extremely hostile).

· Abbreviation – қысқарған сөз, сөз жасаудың бір түрі

1. Acronym=құрамындағы сөздердің бас әріптерімен айтылатын қысқарған сөз, мыс.: SARS-severe acute respiratory syndrome

2. Initialism=сөздердің құрамындағы әріптері тұтастай немесе жартылай алынатын қысқарған сөздер, мыс., CD=compact disc

3. Pseudo-blend=құрамындағы артық немесе жоқ әріптері оның нағыз acronym, initialism бола алмайтындығын көрсетеді. UNIFEM – (p) United Nation Devepopment Fund for Women

4. Conversion – лингв.конверсия сөздің бір сөз табынан екінші сөз табына ауысуы. Конверсия сөздіктегі бас сөздің сөз табын ауыстыру арқылы жаңа сөз жасайды және ол сөздің морфемалық формасы өзгеріссіз қалады алынған жаңа сөз бұрынғы сөзбен байланысты болса да, олардың айырмашылығы болады. Оның өзінің жаңа сөз табы категориясы бойынша жаңа парадигмасы болады. Мысалы: Splendid room. Мұнда room зат есім. To print – a print, to cut – a cut, nurse – to nurse, love – to love. {4:87 б.}

I was to room with another girl called Jessie, мұнда room етістік.

1.3 шетел тілін оқытуда газет материалдарын пайдалана отырып, оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру

Оқушылардың ағылшын тілінде сөйлеу дағдысын дамытып, осы тілде қарым-қатынас жасауында оқудың (Reading) алар орны ерекше. Өйткені оқу бүгінгі күндегі ақпараттың негізгі әрі жетекші көзі болып табылатын кітап пен басқа да баспа өнімдеріне жол ашады.

Шетелдік прессаны пайдаланып оқыту әдісі бойынша дүниежүзілік әдістемелік зерттеулерден де байқайтынымыз тілдіүйрену үшін көп оқудың маңызы зор. Шетелдік пресса арқылы деген сөз, оқушылармен шетел тілі сабағында берілген тақырыпқа сай пресса өткізу, яғни оқушылар мен мұғалім арасындағы пікірталас.

Жалпы шетелдік прессаны пайдаланып оқыту әдісі оқудың төрт басты ережесін ұмытпай керек. Олар:

1) Тез қарап шығып (skimming) мәтіннің басты идеясын анықтау.

2) Оқып шығып (scanning) керекті жылдарды , сандарды, мкен-жайларды, басты кейіпкерлерді т.б. табу.

3) Толық қамтып оқу (through comprehension) – әр сөзіне көңіл бөлу.

4) Сыни оқу (critical reading) - оқушылардың мәтінге көзқарасы, ой-пікірі т.б.

Шетелдік басылымдарды пайдалану барысында «Тоғыз ауыз сөздің тобықтай түйіні бар» демекші, оқушылардың кітапты қаншалықты түсінгендіктерін және қандай көзқарастары барлығын байқау мақсатында соңғы сабақтарда төмендегідей тест сұрақтарын ұсынуға болады:

- Give a few words about the author.

- What is the background of the story?

- Name the main characters of the story. Who is the most interesting? Why?

- Give a short narrative of the story

- What episode of the story did you like? Why?

- Did you like the article? Why? Why not?

Оқушыларды оқуға баулуда мұғалім тарапынан көп ізденіс пен шыдамдылық керек. Оқушылар басқа газет мақалаларын ағылшын тілінде үйде оқып, сыныпта басқаларына әңгімелеп беріп, пікірталасқа айналдыратын жағдайға да жетті. Әрине, қытай халқының мақалында: «Естідім-ұмыттым, оқыдым-есімде, орындадым-білемін» деп айтылғандай тіл дамытудың төрт түрін де тыңдау, оқу, сөйлеу, жазуды бірге дамытқанда ғана белгілі бір жетістіктерге жетуге болады.

Сонымен, коммуникативтік оқыту технологиясының мүмкіндіктерін қарастыру негізінде мынадай қорытындылар жасауға болады:

Жұппен жұмыс түрімен қоса пікір алысуға, қарым-қатынас жасауға үйретуде топ ішіндегі жұмыстарды ұйымдастыра білу керек. Өйткені ол:

1. Оқушылардың екеу ара сөйлеу қабілетін арттырады.

2. Оқушылардың өзара қарым-қатынасын күшейтіп, бір-бірін түсінушілікке үйретіп, ұжым құруға септігін тигізеді.

3. Өзгенің ғана емес, өз ісін де объективті тұрғыдан бағалауға үйретеді.

4. Бір-бірімен білгенін бөлісіп, сөйлесімдік мүмкіндіктерін арттырады.

5. Оқушылардың оқуға деген талпынысын арттырады.

6. Оқушылардың ұжымдағы беделін, іскерлік қабілетін арттырып, «Осының бәрі мен үшін керек», «Мен не істей аламын:» деген сияқты қағидаларды басшылыққа ала отырып бағыт беруде жеке тұлғаның сөйлеу дағдысын қалыптастырады.

Сабақты түрлендіреді.

Сондықтан шет тілдерін оқытуда шетелдік басылымдарды пайдаланып оқыту әдістемесін қолдану – оқушылардың сөздерді грамматикалық тұрғыдан бір-бірімен дұрыс байланыстырып еркін сөйлей білуі не ммкіндік тудыратын болғандықтан,, бұл әдістемені сабақ барысында жиі қолданып отыру әрбір мұғалім үшін тиімді деп санаймыз [5;108 б.]

ГАЗЕТ МАТЕРИАЛДАРЫН АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҒЫНДА ПАЙДАЛАНУ

2.1 оқушылардың қабілеттерін дамытуға арналған тапсырмалар

Әдістемелік тұрғыдан берілетін материал ауызша сөйлеу қабілетттерін дамытуға көмектесетін тапсырмалар қатарын қарасытады. Ф.Кайнцтің пікірінше, егер сөйлеуші сөйлеген кезде өзінің инициативасын қолданып, өз бетінше тілдік материалды таңдаса, онда бұл ең мүлтіксіз сөйлеу. Оны «инициативтік» немесе «спонтандық» деп атайды. Мысалы: қысқаша мазмұндау, мақаланың негізгі идеясын және мақалада берілген әр түрлі пікірлерді беру. Тапсырмалардың бірі ретінде рөлдік ойынды (пресс-конференция) ұсынуға болады. Мұнда оқушылар екі топқа бөлініп, бірінші топ екінші ресми топқа сұрақтар дайындайды. Екінші топ мақалада берілген мәселелер бойынша қысқаша баяндама дайындайды. Дайындық уақыты 7-15 мин. содан кейін пресс-конференция барысында екінші топтағылар негізгі мәселелер жөнінде пікірін білдіреді,ал бірінші топ сұрақтар қояды. Мұнда тіл оқу объектісі емес, қарым-қатынас құралына айналады.Алынған біліммді белсенді түрде қолдануға мүмкіндік берген қарым-қатынас процесі бірінші орынға шығады. Келесі тапсырма ретінде оқушыларға берілген материалдағы мәселелер жөнінде өз пікірлерін білдіруді ұсынуға болады. Талдау шеңберңн кеңейту үшін шетелдік басылымда берілген фактілерді, пікірлерді, жағдайларды ана тіліндегі басылым материалдарымен салысстыруға мүмкіндік беруге болады. Ол үшін өздік жұмыстарына сол тақырыпқа сәйкес ана тіліндегі басылымдардан материалдар табуға жәнесол бойынша қысқаша хабарлама дайындауға тапсырма беріледі. [6;242 б7]

Газет мақаласына мынадай тапсырмалардың түрлерін ұсынуға болады:

- Мақала берілген мәселе бойынша талқылауға сұрақтарр дайындау;

- Газет мақалаларымен танысу және олардың түсініктерін тексеру (true or false);

- Газет мақалаларын информациялау және мақала бойынша сұрақтарға жауап беру;

- Мақаладан үзінді алып, қазақшаға аудару;

- Мәтіннен сөз тіркестердің баамасын іздеу;

- Мақала бойынша әңгіме құру, интервью алу және рөлдік ойындар;

- Қысқаша аннотация құру;

- Шығарма жазу.

2.2 ағылшын тілі сабағында пайдаланатын жаттығулар

А. Match the headlines (1-8) to their everyday English equivalents (a-h).

1. Paris probe proves palace innocent

2. love’s Labour’s Lost

3. Choose That Girl! Madge jets ti Africa to adopt girl

4. US cool on climate change

5. Weeping mum damns teenage killer thug

6. Family’s pet dog butchered

7. comedian rapped over slang word by TV watchdog

8. Government to axe 3.500 post offices

a. the government is going to close 3.500 post offices.

b. the US government is not keen on a new environmental policy.

c. A family dog has been brutally killed.

d. An investigation into Princess Diana’s death shows the British royal family was not involved.

e. Labour’s Prime Minister and Chancellor of the Exchequer do not agree on government policies.

f. A popular comedian, who pretends to be a rapper, is in trouble wityh the Independent Television Commission for using offensive words on TV.

g. the singer Madonna has flown to Africa to adopt a chld.

h. a mother refuses to forgive the people who killed her daughter. [7; 6 б.]

B. Look at the headlines in the Exercise A. Decide which of the following questions can easily be answered by reading them.

· What happened?

· Where did it happen?

· When did it happen?

· Who did what?

· Why did it happen? [7;7 б.]

С. the tabloid press sometimes uses words that are not common in everyday English. This is known as tabloidese. Match each of the underlined tabloidese words in the sentences (1-5) to their meanings (a-e). [7;8 б.]

1 guilty pupil vows to return stolen exam papers 1 a mistake 2 Husband and wife row keeps neighbors’ awake. 2 anger 3 Government blunder: 1 million taxpayers’ personal details lost. 3 to promise 4 Voters’ fury at election results. 4 to question 5 Police quiz man over Greenwood Bank robbery. 5 an argument

D. Read the interview. Decide what the questions are.

An interview with Annie Lennox

I interviewed Annie at her home in North London. She was wearing casual clothes and was very friendly, which helped me to relax, as I had been feeling a bit nervous.

Q1 ____________________________________________________

A: Because I wanted to spend more time with my children. When I was in the studios I was always missing them, and I decided that they were more important than my music. Also I didn’t enjoy all the press attention. So I became a mother and a housewife – a different word.

Q2 __________________________________________

A: Yes, I love it. I made lots of friends with other mothers and neighbors, and could live a completely normal life.

Q3 ___________________________________________________

A: He supported my decision and in fact our roles reversed, as before when I was with the Eurythmics he was at home a lot, but while I was at home he started his own production company for documentary films.

Q4 _____________________________________________________

A: Who knows? Maybe one day I will. When I am ready. [8; 142 б.]

2.3 Сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы «Environmental problems»

Мақсаттары:

1. “Environmental problems” мақаласын оқу, оның басты идеясын анықтау.

2. Оқушыларды жаңа сөздермен таныстыру. Мақала бойынша сұрақтар қою, оларға жауап беру. Берілген Тапсырмаларды орындау.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер

Сабақтың өту барысы:

I. Ұйымдастыру

1. Амандасу

2. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру:

Good morning, girls and boys. I am glad to see you. Sit down,please. Prepare all your necessary things for the lesson; put your books, exercise books and pens on you desks. I hope, now you are ready for your English lesson.

3. Кезекшімен әңгімелесу:

Who is on duty today? Who is absent? Tell me, please. What date is it today?

4. Сабақтың не жайында болатынымен таныстыру:

Today we shall speak about environmental problems. But at first, I want to take your compositions. It was your home task.

II. Жаңа материалмен жұмыс жасау.

1. Жаңа сөздермен таныстыру, олардың аудармасын беру:

Blunder, hydraulic, anxiety

III. Тілдік аспектілерге үйрету

1.Оқуға үйрету

Мақсат: Мақаланы оқып, оның мағынасын түсінуге үйрету. Оның басты идеясын, мазмұнын, фактілерін анықтау:

Today we shall read the text about Environmental problems.

Environmental problems

Environmental problems have become exceptionally acute in the country. For a long time too little attention was paid to the environment. In effort to meet production goals the ministries stinted on measures to protect the environment from industrial pollution. As a result, about half of the water sources in the country are polluted with populations of some fifty million, the concentration of harmful substances in the air is over ten times the admissible level. For dozens of years the national economy focused on large projects, including giant projects in what was called the transformation of nature. Blunders were committed that caused environmental disasters. Of the acute problems causing public concern the environment safety of nuclear and hydraulic power engineering is beginning to assume paramount importance. Public anxiety has grownparticularly after the Chernobyl disaster. Another reason is the adverse effect of flatland hydropower stations on the environment. The list of serious environmental problems could be continued. In recent years people have become more sensitive towards the environment. Still more public organizations and unofficial environmentalist movements have been established with every passing year.

In 1987 a “Green Peace” public commission has been set up. Its main goal is to combine the people’s efforts for peace with the huge and ever mounting movement for nature conservation. Another area of its work is to set up and strengthen co-operation among environmentalists from many similar organizations abroad. “Travels for Peace and Nature” is the name of another public movement that appeared in Russia some years ago. It concentrates its efforts on theory and practical work. The movement launches all kinds of environmental actions and practical work. The movement launches all kinds of environmental actions and informs the public of the ways, means and results of this work. Russia is co-operating in the field of environmental protection with the United States, Canada, Norway, Finland and other countries. Russia and the United States are carrying out joint projects to study and protect the environmental system s of the Arctic and Subarctic regions, and also to study some of the natural processes in the permafrost zone. [9]

Мақсат: мақаланы мазмұндауға үйрету: Now, you’ll try to retell the text using all the new words and word combinations.

2. Сөйлеуге үйрету

Мақсат: оқылған мәтін бойынша диалог құруға үйрету, қойылған сұрақтарға жауап беруге үйрету:

Please, make up a short dialog using speech patterns and questions given after the text.

Мақсат: берілген суреттер бойынша монолог құрға үйрету:

Look at the pictures, please. Write down what you see.

IV. Қорытынды

Мақсат: сабақтың басында қойылған мақсаттар орындалды ма? Today we spoke about global warming. Who wants to say the conclusion?

1) Үй тапсырмасы: And now open your copy books and write down your home task.

2) Оқушыларды бағалау, бағаларды түсіндіру: Give me your diaries. Your marks are: …

The lesson is over, Good-bye everyone!!! [10]

Қорытынды

Белгілі бір тілдік материалды меңгеруде газет материалдарын қолдану нәтижелі тәсіл болып табылады.

Ондағы мақсат – оқушыларды қарапайым болса да өз ойларын еркін жеткізумен ғана шектелмей, өзара тіл табысып, пікір алысуға үйрету, себебі жалпыға білім беретін орта мектепте ьерілетін бүкіл білімнің негізгі маққсаты- оқушының шетел тілінде сөйлеу қабілетін жетілдіру.

Газет ағылшын тілінде сөйлейтін халықтардың мәдениетінің бір бөлігі және оның көмегімен оқушылар тілді жете меңгеріп қана қоймай, сол елдердің өмірінің ерекшеліктері туралы толық мәліметті өз бетімен оқып біле алады. Ағылшын тілінде газеттерді оқи отыра, оқушылар мәтіннің түпнұсқасынан ақпараттар алу, аудармасыз дағдыларға ие бола отырып, өзіндік түсінулердің мазмұнымен басқа тілді текстерді интуативті қабылдауды үйренеді. Сонымен қатар, оқушылардың лексикасын кеңейту және бекітуге, ағылшын тілінің грамматикалық құрылымын меңгеруге мүмкіндік береді.

Әрбір оқушының бір-бірімен әңгімелесуі, сөйлесуі үшін, өздері бір-біріне немесе мұғалімге, ата-анасына, бөгде адамдарға сұрақ қоя білуәдісін меңгеру аса қажет. Осы орайда газет материалдарын пайдаланудың маңызы зор.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Автореферат, Нышанова С.Т. Болашақ ағылшын тілі мұғалімдерін кәсіби даярлауда жаңа педагогикалық технологияны пайдалану. Түркістан, 2008.

2. www.wikipedia.com

3. Учитесь переводить/Читалина Н.А., 1975 г., 81 с.

4. Лексикология английского языка: учеб.пособие для студентов/Г.Б.Антрушина, О.В.Афанасьева, Н.Н.Морозова. – 5-е изд., стереотип. – М.:Дрофа, 2005. – 286 с.

5. Әбдіғалиев С. Неміс тілін оқытудың негіздері. Оқу құралы. – Алматы, «Қазақ университеті», 1992 ж., 136 б.

6. Методика обучения иностранным языкам в средней школе: Учебник/Гез Н.Н., Ляховицкий М.В., Миролюбов А.А. и др. – М.: Высш.школа, 1982, 273 с.

7. Cambridge English for the Medis. Nick Ceramella and Elizabeth Lee, Cambridge University Press 2008.

8. English File upper-intermediate Oxford University Press, 1996 г.

9. www.about.com Guide to Environmental Issues, 2006.

10. www.school.edu.ru

Наши рекомендации