Оқушыларды шетел тіліне оқытуда интернет мүмкіндіктерін пайдалану мен оны қолдану

Қазіргі таңда білім беруді ақпараттандыруда қолданатын ақпараттық технологиялардың маңызы зор.

Ақпараттандырудың қазіргі кезеңінде әрбір студент, оқытушы ақпараттық технологияларды тиімді қолдана білуі, интернет ғаламдық ақпарат желісін пайдалана алуы тиіс.

Бүкіләлемдік жүйенің кең мүмкіндіктерін қолдану арқылы студенттердің қарым – қатынас құзіреттілігі іс-әрекет барысында қалыптасады. Оқыту мазмұнының ғылыми негізін меңгеру іс-әрекет әдістерінің байланысты. Кез – келген іс - әрекет түрін меңгеруде оның психологиялық теориясымен орындау, әрекет ету, операция кезінде байқалады. Мысалы, сөйлеу әрекетін оқушы немесе студент шынайы қарым-қатнас барысында меңгереді. Оны компьютерлік телекоммуникация құрайды. Демек, студент басқа тілді серіктесімен (жазбаша немесе ауызша) шынайы диалогқа түседі. Бұл тікелей лингвистикалық және мәденитанымдық құзіреттіліктерін байқатады. Сондай-ақ, үйреніп отырған шетел тілінің мемлекеттік мәдениетімен танысуға мүмкіндіктер алады.

Оқыту үрдісінде Интернетті қолдану қандай мақсаттарды шешеді?
Мысалы:

  • сабақтың мазмұнын жүйеге қосуға (оқыту бағдарламаларын кіріктіруге);
  • жоба бойынша жұмыстарда өз бетінше мәліметтер ізденуге;
  • өз бетінше шетел тілін үйренуге және терең меңгеруге;
  • экстернеттің біліктілік емтихандарына өз бетінше дайындалып, тапсыруға;
  • оқытушының жетекшілігімен арнайы курсты, шетел тілін қашықтықтан оқуға;
  • шет тілінде қарым-қатнас жасаудың жаңа формасы ретінде;
  • білім, білік, дағдының арақашықтығын банықтауда т.б.

Шетел тілін үйренуде Интернет мүмкіндіктерін пайдалану жоғарыда айтылғандай студенттердің өзбетімен тіл меңгеріп, ізденулеріне мол мүмкіндіктер береді.

Интернеттің басты артықшылығы, оның тегіс қамтитын мәліметтер қызметін көрсетуі. Интернетті дүниежүзі бойынша тұтынушылар арасында сәлемдеме мен файлдар алмасу үшін және әлемнің қай жерінен болмасын мәліметтер алу үшін де қолдануға болады. Интернет барлық коммуникация және тарату құралдарын, компьтер мен телефон, радио мен видиеотармақтарды бір «Кибер кеңістікке» байланыстыра қосуға атсалыса ұмтылуда.

Интернет жүйесін білім саласында қолдана отырып, білім беруді ақпараттандырудың жолдарының бірін саралауға болады.

Оқу-іс әрекетінің инновациялық құралы;

Білімді басқару жүйесінің компоненті;

Студент пен оқытушының ғылыми-зерттеу, ізденушілік, оқу-әдістемелік, шығармашылық жұмыстарын жетілдірудің құралы.

Оқу-іс әрекетінің инновациялық құралы ретінде интернет желісін күнделікті сабақ үстінде пайдалануға болады. Бірінші кезекте оларға электрондық басылымдар: электрондық оқулықтар, мультимедиялық оқу-құралдары мен әр түрлі құрылғыларға жазылған электрондық жазбалар жатады.

Компьютерлік дидактикалық программалардың соңғы жетілдірілген түрі – электрондық оқулық. Электрондық оқулық оқу курсын өз бетінше игеруге мүмкіндік беретін әдістемелік-программалық комплекс. Қазіргі таңда электрондық оқулықтар кең өріс алуда. Оның себебі Қазақстан Республикасындағы білімді ақпарттандыру жүйесін әрі қарай дамыту процесін оқып үйренудің ақпараттық ресурсы болып табылатын оқытуға арналған программалық құралдарды дайындамай жүзеге асыру мүмкін емес.

Оқу материалдарын ұтымды игерудегі электрондық оқу құралдарының атқаратын ролі зор, онда пәндегі теориялық тақырыптар кеңінен беріліп түсіндіріледі. Теориялық материалдар графикалық иллюстарация түріндегі әртүрлі суреттер, сұлба-тәсілдер арқылы толықтырылып отырса, онда теориялық білімді оқып, көзбен көріп, түсініп, мида бекіту үрдістері бір уақытта өтіп отырады да, материалдарды қорыту үрдісі ұтымды болады.

2. Білімді басқару жүйесінің компоненті ретінде интернетті қашықтықтан оқытуды ұйымдастыруда қолдануға болады. Бүгінде жоғары және үздіксіз білімге деген сұраныстың артуына байланысты білім берудің түрлі мақсаттағы құрылымдары пайда болуда. Осындай құрылымдардың бірі – қашықтықтан білім беру жүйесі алдыңғы қатарлы елдерде ырғақты түрде дамып келеді.

Қашықтықтан оқыту – ЭЕМ желілерінің, әсіресе Интернет желісінің арнайы қамтамасыздандыру программалары арқылы білім беру саласына енуін бейнелейді. Қашықтан оқытуды іске асырудың негізгі құралдарының бірі компьютерлік дидактикалық программалар болып табылады. Қашықтан оқыту үшін сәйкес программамен қамтамасыз етілген мультимедиялық компьютер мен интернет желісіне кіру мүмкіндігі қажет. Бұл оқу мобильді, дәстүрлі, интернационалды және білім алу арзанға түседі. Қашықтан оқыту болашақта білім деңгейін жақсарту үшін жоғары оқу орындарының кадрларды қайта даярлау ісінің озық мамандарының тәжірибелерін кеңінен таратып, солардың дәрістерін, әдістемелік құралдарын компютерлік желілер, компьтерлік дискілер арқылы қалың көпшілікке таралады.

Соңғы жылдары дүние жүзі елдерінің университеттері компьтерлік телекоммуникация технологиясын қашықтан оқыту мақсатында қолдану мүмкіншілігіне назар аударды. Сондықтан да қашықтан оқыту ісінде дүние жүзіндегі телекоммуникациялық жүйелерді кеңінен қолдану жөнінен көптеген тәжірибелер жинақталған. Әсіресе, интернет желісін, теледидар каналдарындағы тікелей көрсетілімдерді, қазіргі заманғы телекоммуникациялық технологияларды кеңінен қолданатын оқу жүйелерінің алатын орындары ерекше.

Компьютерлік телекоммуникацияның жетілуі – дүние жүзінде информатика мен ақпараттық технологияның пайда болуымен қатар болған елеулі өзгеріс. Телекоммуникацияның білім беру саласына оның ішінде шетел тілі пәндерін жүргізуде ықпалы айтарлықтай маңызды. Студент телекоммуникациялық компьютерлік құралды пайдалана отырып, тест сұрақтары мен тапсырмаларына жауап беріп жөнелте алады. Жай жағдайда электрондық почта арқылы жіберуге, ал күрделірек болса интернет арналары бойынша жөнелтілетін арнаулы электрондық интерактивтік формаларын толтыруға болады. Бұл студент жауаптарын өңдеу үрдісін автоматтандыруға мүмкіндік береді.

Сондықтан, жоғарыда келтірілген қашықтан оқытудың әртүрлі варианттары мен модельдеріне сүйене отырып, біздің жоғары оқу орындарында компьютерлік телекоммуникация базасындағы қашықтан оқытуды ұйымдастыруды жүзеге асыруға болады.

3. Студент пен оқытушының ғылыми-зерттеу, ізденушілік, оқу-әдістемелік, шығармашылық жұмыстарын жетілдірудің құралы ретінде Интернет жүйесін пайдаланудың маңызы өте зор. Себебі, қазіргі таңда ғылым мен техниканың даму қарқыны оқу – ағарту саласының оқыту үрдісіне жаңа технологиялық әдістер мен қондырғыларды кең көлемде қолдануды қажет етуде.

Шетел тілі пәндерін оқыту үрдісінде күнделікті сабақта видео-аудио қондырғылары мен теледидарды, компьютерді қолдану айтарлықтай нәтижелер беруде. Мұндай қондырғылар тілді үйренушілердің қызығушылықтарын арттырып, зейін қойып тыңдауымен қатар, түсінбей қалған сәттерін қайта көріп, тыңдауға және алған мағлұматтарын нақтылауға мүмкіндік береді. Студенттердің өздері де алынған ақпаратты дискетке, бейнетаспаға көшіріп алып, онымен өз ыңғайына қарай жұмыс жасай алады.Оның тиімділігін мынадан көруге болады:

  • қашықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы;
  • қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі;
  • экономикалық тиімділігі;
  • білім сапасына әсер етуі;
  • іс-әрекет, қимылды қажет ететін пәндер мен тапсырмаларды оқып үйренуге қажеттілігі;
  • студенттің ой-өрісін дүние танымын кеңейтуга ықпал етуі;

Шетел тілін үйренуде Интернет жүйесін қолдау көптеген мүмкіндіктер береді. Нақтырақ айтқанда сайт мекен жайлары арқылы кез-келген тиісті тақырыпты таңдап алуға болады. Мысалы, Интернетте «Шағын мәтіндер. Шығармалар. Өлеңдер. Диалогтар. Әлемтану. Сөздіктер. Менің елім т.б» бөлімдері бар. Міне осы секілді ауқымды мәліметтерді алу арқылы студент оқу әрекетінде, сөздікпен жұмыстар жасауға, емтиханғак дайындалуда жұмыс істеу дағдылар қалыптасады.

Сондай-ақ, оқытушылар тілді меңгертуде Интернет жүйесін пайдалана отырып, әлемдегі оқыту программаларын бақылай отырып, оларды өз пәндерінде пайдалануға мүмкіндіктер алады.

Жалпы қорыта айтқанда оқыту үрдісінде сонымен қатар шетел тілі пәндерін жүргізгенде білім саласында Интернет жүйесін пайдалану студенттердің сапаслы нәтижелерге жетуге көптеген мүмкіндіктер берері сөзсіз.

Ақпараттық технологиялардың дамуы сабақ өткізуге – қашықтан оқу формасын кіргізуге мүмкіндік жасады. Бұл, біріншіден, оқушының оқу уақытымен орнын өзі таңдауына мүмкіншілік жасайды, екіншіден, дәстүрлі білім алу мүмкіншілігінен айырылған адамдарға білім алу мүмкіндігін береді, үшіншіден, жаңа ақпараттың оқуға кеткен шығынды азайтады. Сонымен қатар, қашықтан білім алу жеке түрде алу мүмкіндігін күшейтеді,.

Мультимедиялық компьютер – бұл ақпаратты жеткізуші жаңа құрал ғана емес, бұл “face to face” моделін көрсететін қондырғы. Сонымен қатар, тек компьютерде ғана ақпаратты-анықтма жүйесі ерекшелігін (индивидуализация) көрсетеді.

«Электронды оқулық» деген не және оның кәдімгі оқулықтан қандай айырмашылығы бар? Көбіне электронды оқулықтың құрамына білім беретін, тексеретін, моделдейтін және басқа бағдарламалар кіреді, ПЭВМ дистерінде, оқу пәндерінің негізгі мазмұны көрсетіледі. Электронды оқулық көбінесе кәдімгі оқулықты толықтырады, әсіресе мынадай жағдайларда тиімді:

- Кері байланысты тез қамтамасыз етеді;

- Керекті информацияны тез табуға көмектеседі, ал әдімгі оқулқта бұл қиын;

- Уақытты үнемдейді;

- Қысқа мәтінмен қатар көрсетеді, әңгімелейді, моделдейді және т.б. (осы жерде мультимедия-технологиясының мүмкіндіктері мен артықшылықтары байқалады) жеке адамды белгілі бір бөлім бойынша білімін тексеруге мүмкіндік жасайды.

Интернет ресурстарын қолдану мүмкіндіктері өте үлкен.интернет оқушылар мен оқытушыларға қажетті кез-келген ақпараттарды, жер шарының қай жерінен болса да алуға мүмкіндік береді; елтену бойынша материал, жастар өмірінен жаңалықтар, газеттерден мақалалар, қажетті әдебиет және т.б. Оқушылар интернет желісі арқылы өткізілетін тестілеуге, викториналарға, конкурстарға, олимпиадаларға қатыса алады, басқа елдердегі құрбыларымен хат алмасып тұруларына болады. Қазіргі кездегі шетел тілін игеруге қойылатын талап – шетел тілінде іс жүзінде сөйлей алуға үйрету, оны күнделікті өмірде қолдана білу.

Егер шетел тіліне оқытуда Интенет беретін мүмкіндіктер мен қызметерге толығырақ тоқталса, келесілерді атауға болар еді: мысалы, оқушылар Интернет топтарында берілетін құжаттардағы тапсырмалар мен жаттығуларды орындай алады, үйреніп жүрген тілінде электронды пошта арқылы хат алысып, виртуалды қатынас клубтарына – телекоференцияларға қатыса алды және нақты уақыт тәртібінде мәтіндік хабарламалармен алмасуға, радиобағдарламаларды тыңдауға, бейнероликтер көруге, яғни ол табиғи тілдікі ортаны қалыптастырады.

Дегенмен, Е.С.Полаттың көрсетуі бойынша, «қандай да болмасын оқыту құралы, ақпараттық-тақырыптық ортаның қандай да қасиеттерге ие болғанына қарамастан, дидактикалық мәселелер, білім берудің нақты мақсаттарымен шартталған танымдық қызметтің ерекшеліктері бірінші кезекті болып табылады». Демек, Интернет өзінің барлық мүмкіндіктері және қорларымен қоса, осы мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асырудың құралы болып табылады.

Бұған қоса, ғаламдық желінің ақпараттық ресурстарын қолдана отыра, оларды оқу үрдісіне енгізіп, сәйкес дидактикалық түсініктемелер беру арқылы дидактикалық мәселелердің келесі қатарын тиімді шешуге болады:

- Күрделілік дәрежесі жағынан түрлі материалдарды тікелей пайдаланып, оқылым дағдылары мен біліктерін қалыптастыру;

- Желіден алынған материалддарды мәселелік талқылаудың негізінде монологтық және диалогтік айтылым білігін жетілдіру;

- Жеке түрде немесе жазбаша серіктеріне жауап жазу, реферат, шығарма және серіктердің бірлескен қызметінің басқа да эпистолярлы өнімдерін дайындауға қатынасу арқылы жазбаша тіл білігін жетілдіру;

- Активті және пассивті сөз қорын қоғамның әлеуметтік және саяси құрылысын, мәдениет дамуының белгілі сатысын білдіретін қазіргі ШТ лексикасымен толтыру;

- Өз бойында тілдік этикетті, түрлі халықтардың қатынас жасау жағдайында тілдік тәлімнің ерекшеліктерін, оқытылатын тіл елінің мәдениеті мен дәстүрлерінің ерекшелікетерін қамтитын мәдениет танымдық білімдермен танысу;

- «Тірі» материалдарды жүйелі түрде қолдану мен «қызығушылық тудыратын» мәселелерді талқылау негізінеде өзге тілді қызметтің тұрақты мотивациясын қалыптастыру.

Тәжірибелік сабақ үстінде тікелей Интернетке кіру мүмкін емес, себебі бүгінде жеткілікті компьютерлер саны мен Инернетке тегін күру мүмкіндіктері бар жабдықталған кабинеттер оғай табыла қоймайды, әрі кабинеттердің техникалық жабдықталуы желінің барлық мүмкіндіктерін толық пайдаландырмай отыр. Бүгінгі біздің жағдайымызда мұндай қызмет түріне пайдаланушылардың көпшілігінің қолы жетпей отыр. Интернетті оқу үрдісіне толыққанды құрал ретінде ендіру жөнінде айту әлі ертерек, бірақ біз Интернеттің бізді мәтіндік, графикалық (статикалық немесе динамикалық) және дыбыстық ақпаратпен қамтамасыз ете алатындығына сенеміз. Мұнда оның басты және маңызды ерекшелігі ретінде оның аутенттілігі саналады. Бұдан біз Интернеттің оқу бағдарламасына қатысты тәжірибелік сабақтың мазмұнына желі материалдарын қосу арқылы ендірілуі жөнінде айта алатындығымыз айқындалады.

Интернеттің мұндай деңгейде қолданылуының келесі мүмкіндіктерін атауға болады:

- Оқытушы сабақ өткізер алдында тәжірибелік сабақты өткізу үшін қандай да бір аутентті материалдарды таңдай алады;

- Дыбыстық ақпаратты жазып алуға болады (дыбыстық плата болған жағдайда) – тіл тасушыларының түрлі тақырыптарға қызықты сөздерін қажетті қалыпқа дейін қысқартып алуларына болады;

- Желіден алынған түрлі мәселелелі ақпаратты ауызша талқылау, пікірталас өткізу;

- Тіл тасушыларының оқытылатын тіл халқының мәдениетіне оның қызмет ету ерекшеліктерін көрсететін реалиялар, идиомалар, мәтелдер, неологизмдер және т.б. тұратын нақты хабаламаларын, ауызша немесе жазбаша айтылымдарына лингвистикалық талдау жүргізу;

- Тәжірибелік сабаққа қосу үшін электронды грамматикалық, лексикалық анықтамалалрдан, сөздіктерден, елтанымдық сипаттағы анықтамалардан алынған материалдарды пайдалану.

Бағыт
Компьютерді оқу үрдісінде пайдалану

Программалық тапсырмалармен жұмыс
Көрнекі тапсырмалар
Білім сапасын тексеру

Наши рекомендации