Леуметтік-педагогикалық диагностика әдістемесін анықтайды

1.Патрионат бойынша тұрғын үй ,зейнетақыберу,жетім балалалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған баланың мүліктік және мүліктік емес құқы бойынша жұмыс жүргізеді.

2.Сабақтан тыс уақытта оқушының физикалық және дарындылық талабын дамытуға жағдайлар жасайды.

3.Медициналық-әлеуметтік тәуекелшілдер тобына жататын балаларды анықтайды.

4.Мемлекеттік, қоғамдық ұйымдар мен балалар арасында қарым-қатынас орнатады.

5.Әлеуметтік ортадағы гуманистік, рухани- адамгершілік қатынастардың қалыптасуына ықпал етеді.

6.Тұлғаның қоғам өміріне тиімді кірігуіне, Отанды сүю, қоршаған табиғи ортаны аялауына және азаматтық тәрбие беру шараларына ықпал етеді.

7.Психологпен, мұғалімдермен, ата-аналармен немесе оларды ауыстыратын адамдармен бірлесіп, тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейді.

8.Білім беру ұйымдарының білім бағдарламаларын құрастыруға, бекітуге, оны жүзеге асыруға қатысады және өзінің құзіреттілігі бойынша олардың орындалуына жауап береді

Й. Шванцара төмендегі негізге сүйене отырып, психодиагностикалық әдістерді жіктейді:

Қолданылған материалдар бойынша (вербальды, вербальды емес, манипуляциялық, «қағаздар мен қарындаштар» тесттері);

Алынатын көрсеткіштер нәтижелері бойынша (қарапайым және кешендік);

«Дұрыс» шешімдері бар тесттер және әр түрлі жауаптары мүмкін болатын тесттер;

Зерттеушілердің психикалық белсенділіктері бойынша:

- интроспективті (зерттелінушінің өз тұлғалық тәжірибелері, қатынастары туралы хабарлама жасауы): анкеталар, әңгімелесу.

- экстроспективті (әр түрлі көріністерді бақылау және бағалау);

- проективті: зерттеуші тұлғаның санасыз көрінетін қасиеттерін (ішкі қақтығыстар, жасырын әуестіліктер) аз құрылымды, көп мәнді стимулдарға проецировать етеді;

- атқарушы: зерттеуші қандай да бір әрекетті (перцепциялық, ой, моторлы) іске асырады, оның сандық және сапалық ерекшеліктері интеллектуалды және тұлғалық қырлардың көрсеткіштері болып табылады.

В.К. Гайда және В.П. Захаров бойынша әдістер жіктелуі

Бұл жіктелулердің авторлары психодиагностикалық әдістерді төмендегі негіз бойынша жіктейді:

Сапасы бойынша: стандартты, стандартты емес;

Нақты орны бойынша:

- жалпы диагностикалық (Р. Кеттел немесе Г. Айзенк сауалнамасы типі бойынша тесттері, жалпы интеллект тесттері);

- кәсіби жарамдылық тесттері;

- арнайы қабілеттер тесттері (техникалық, музыкалық, ұшқыштарға арналған тесттер);

- жетістікке жету тесттері.

Зерттелінушіні операциялайтын материалдар бойынша:

- бланктік;

- пәндік (Коас кубиктері, Векслер жиынтығындағы «күрделі фигуралар»);

- аппаратуралық (зейін ерекшеліктерін зерттеу үшін құралдар).

Зерттелінушілер саны бойынша: индивидуалды және топтық;

Жауап беру формасы бойынша: ауызша және жазбаша;

Жетекші бағдар бойынша: жылдамдыққа арналған тесттер, күштілік тесттері, аралас тесттер. Күштілік тесттерінде тапсырмалар өте ауыр және уақыт шектелмеген. Зерттеушіні сәттіліктер, тапсырмаларды шешу тәсілі қызықтырады.

Тапсырмалардың бірыңғай кезеңдері бойынша: гомогенді және гетерогенді (гомогенді тапсырмалар бір-біріне ұқсас және нақты тұлғалық және интеллектуалды қасиеттерді өлшеуге арналған, гетерогенді тесттердегі тапсырмалар әр түрлі және интеллекттің әр түрлі сипаттарын бағалау үшін қолданады);

Кешенділіктері бойынша: изоляцияланған тесттер және тесттік жинақтар;

Тапсырмаларға жауап беру сипаты бойынша: арнайы жазылған жауаптары бар тесттер, еркін жауаптары бар тесттер.

Психиканы қамту аймағы бойынша: тұлғалық тесттер және интеллектуалды тесттер;

Ақыл-ой әрекеттерінің сипаты бойынша: вербальды, вербальды емес.

А.А. Бодалев және В.В. Столин бойынша әдістер жіктелуі

Төмендегі негізге сүйене отырып, психодиагностикалық әдістерді жіктейді:

Таңдалған амалдың негізінде жатқан әдістемелік принциптер сипаты бойынша:

- объективті тесттер (дұрыс жауаптардың болуы мүмкін тесттер, тапсырмалардың дұрыс орындалуы);

- стандартты өзіндік есептер:

 тест-сауалнамалар, ашық сауалнамалар;

 шкалалық техникалар (Ч. Осгудттың семантикалық дифференциалы), субъективті классификация;

 индивидуалды-бағдарланған техникалар (идеографиялық);

- проективті техникалар;

- диалогиялық техникалар (әңгімелесу, интервью, диагностикалық ойындар).

Диагностикалық процедураға психодиагносттың өзінің араласу мөлшері мен оның психодиагностиканың нәтижесіне әсер ету деңгейі: объективті және диалогиялық. Біріншісі, психодиагносттың нәтиже интерпретацияларына, процедурасына, өңделуіне аз қатысуы; екіншісі, үлкен деңгейде әсер етуі.

Наши рекомендации