Тақырып. сөз формалары
Тіл – тілде сөз формаларының екі түрі бар: оның бірі – сөздің синтетикалық формалары, екіншісі - сөздің аналитикалық формалары.
Сөздің синтетиалық формалары
Сөздің синтетикалық формалары екі түрлі жолмен, атап айтқанда,
а) аффиксация арқылы;
б) дыбыстардың алмасуы арқылы;
1) Сөзге әр түрлі аффикстердің жалғануы арқылы оның түрлі – түрлі формалары жасалады. Сөздің синтетикалық формаларының аффиксация тәсілі арқылы жасалуы көптеген тілдерге тән және ол жиі ұшырасады. Мысалы: қазақ тілінде: етікшілер, етікшілерге, етікшілері,етікшілеріміз; орыс тілінде стол – столы; ағылшын тілінде: table (үстел) – tables (үстелдер). Сөздің синтетикалық формаларын жасаудың аффиксация жолы тіл – тілде суффиксация, префиксация және инфиксация түрінде кездеседі. Аффиксация орыс тілінде суффиксация және префиксация түрінде көрінеді, ал түркі тілдерінде мұның бір – ақ түрі суффиксация түрі ғана қолданылады.
2) сөздің синтетикалық формалары дыбыстардың алмасуы немесе ішкі флексия арқылы да жасалады. Мысалы: ағылшын тілінде man – зат есімнің жекеше түрін (ер, еркек) білдірсе, оның ішкі флексия арқылы өзгерген түрі – men (ерлер, еркектер) зат есімнің көпше түрін білдіреді.
Сөздің синтетикалық формалары ішкі флексия тәсілі мен аффиксация тәсілінің екеуінің бірдей қатысуы арқылы да жасалуы мүмкін. Мысалы: неміс тілінде Gast - "қонақ" дегенді білдірсе, оның аффиксация тәсілі мен флексия тәсілі арқылы жасалған формасы – Gäste "қонақтар" дегенді білдіреді.
Сөздің аналитикалық формалары.
Сөздің аналитикалық формасы негізгі сөз бен көмкші сөздің тіркесінен жасалады. Сөздің аналитикалық формасының құрамына енетін атауын сөз негізгі формаға барабар қызмет атқарса, көмекші әр сөз әр түрлі көмекші морфемаларға, яғни аффикстерге ұқсас қызмет атқарады. Мысалы: келе жатыр деген негізгі етістік пен көмекші етістіктің тіркесіндегі компоненттер мағыналық жағынан алғанда, дербестігі жағынан екі сөз емес, бір сөздің күрделі формасы ретінде ұғынылады. Негізгі лексикалық мағынаға ие болып тұрған сөз – келе деген етістік, ал жатыр етістігінің дебес лексикалық мағынасы бұл тіркесте сақталмаған, ол көмеші морфемаларға ұқсас мағынаға ие болып, саларға тән қызмет атқарып тұр.
Аналитикалық конструкцияның бөлшегі ретінде қаралатын көмекші сөз өзінің грамматикалық табиғаты мен қызметі жағынан сөз түрлендіруші морфемаға барабар қызмет атқарып, бүтіндей аналитикалық конструкция атауын сөздің формасы болып саналады да, оның сөз түрлендіру жүйесіне енеді.
Аналитикалық конструкция немесе сөздің аналитикалық формасы шығу тегі жағынан сөз тіркесіне барып тіркеледі. Сөз тіркесі екі түрлі бағытта – грамматикалық бағытында және лексикалану бағытында дамуының нәтижесінде болады. Сөз тіркесінің грамматикалану бағытында дамуының нәтижесінде сөздің аналитикалық формасы жасалса, оның лексикалану бағытында дамуының нәтижесінде фразеологиялық бірліктер жасалады, сөздің фразеологиялық эквиваленті пайда болады.
Тіл білімінде сөздің аналитикалық формалары туралы мәселе көбіне – көп үндіеуропа тілдеріне қатысты қарастырылып келді.
Академик В.В.Виноградов орыс тіліндегі етістіктердің аналитикалық формаларын қарастыра келіп, аналитикалық конструкцияның құрамындағы көмекші етістіктердің. Мысалы: буду деген көмекші етістіктің, өзімен тіркесіп айтылған тұйық етістікке келер шақтың мағынадан басқа ешқандай да қосымша лексикалық мағына үстемейтіндігін айтады.
Аналитикалық конструкция туралы мәселе профессор М.М.Рухманның еңбегінде неміс тілінің деректері негізінде баяндалады. Ол аналитикалық конструкцияны "Жартылай сөз бен толық сөздің ажыратылмайтын тұрақты тіркесі" деп таниды. Оның пікірінше, аналитикалық конструкцияның ажыратылмайтындығы, бүтіндігі лексикалық жақтан да, грамматикалық жақтан да көрінеді.
М.М.Рухман неміс тіліндегі етістіктердің аналитикалық конструкциясына тән төрт белгіні айтады. Ол белгілер:
1. аналитикалық конструкцияның сыңарларының өзара тығыз байланыстылығы, бөлініп ажыратылмайтындығы.;
2. бөлініп ажыратылмауға негізделген идиомалылығы;
3. етістіктердің күллі лексикалық жүйесін түгел қалмайтындығы;
4. етістіктің өзара шарттас формаларының жүйесіне прадигматикалық қатардың элемент ретінде енетіндігі;
Қазақ тілінде етістіктің бұйрық райының аналитикалық формалары мынадай аналитикалық форманттар арқылы жасалады:
1) – а көр (айта көр);
2) – шы (- ші) болма (барушы болма);
3) – а (- я) көрме (айта көрме)
Етістіктің қалау райының аналитикалық форманттары мыналар:
1) ғай – (гей) еді (барғай еді, келгей еді);
2) – са – (се) еді (барса еді, келсе еді);
3) – са (-се) игі еді (барса игі еді, келсе игі еді);
4) – са (-се) екен (барса екен, келсе екен);
Аналитикалық формалар етістіктің шартты рай түрінде де бар. Етістіктің шартты райының аналитикалық форманттры мыналар:
1) – р (- ар, - ер) болса (мысалы: сөйлер болса, шабар болса);
2) – са (-се) болды (мысалы: айтса болды, жетіп келеді);
3) – ған, - ген, - қан, - кен болса (мысалы: оқған бол)
Сөздің аналитикалық формасы күрделі сөзбен бір тұтас мағынны білдіру, сөйлемдегі бір ғана мүше болу, сөйлемнің басқа мүшелерімен тұтасқан күйінде байланысқа түсу жақтарынан ұқсас болып келеді.