З бетімен жұмыс істеуге арналған тапсырмалар
1. Педагогикалық процестің барлық сипаттамалары мен оған сәйкес көрсеткіштерінің арасындағы өзара байланысты сызбада көрсетіңіз.
2. Сыныптағы педагогикалық процесті диагностикалау жөніндегі алынған ақпарат негізінде сынып жетекшісі жұмысының үлгі жоспарын құру.
Реферат тақырыптары
1. Педагогикалық процестің бағыты мен нәтижесін меңгеру қазіргі жас мұғалімнің басты міндеті.
2. Сыныптағы педагогикалық процестің жәй-күйін диагностикалаудың, сыныптың оқу-тәрбие жұмысы үшін тиімділігі.
Дебиеттер
1. Зверева В.И. Диагностика и экспертиза педагогической деятельности. Москва.,1998.
2. Кочетов А.Н., Коломинский Я.Л. и др. Педагогическая диагностика в школе. В помощь лектору. Алматы,1990.
3. Основы школоведения. Караев Ж.А., Шахгулари В.А., Иманбаева С.Т. Алматы, 2006.
4. Основы управления школой. К.Ж.Каракулов., Т.М.Баймолдаев. Алматы НИЦ «Ғылымң 2002.
5. Подласый И.Педагогика. Кн.1.-Москва, 2000
1. Мектептің жылдық жұмыс жоспарының мазмұны мен мектептің жылдық жоспарын құрудағы басшылыққа алынатын принцип түрлері.
2. Мектептегі жоспардан басқа да жүргізілетін құжаттар және оларға сипаттама.
Негізгі ұғымдар:мектепті бсқару, мектеп жұмысын жоспарлау, жоспардың түрлері, мектеп құжаттары.
Мектептің жылдық жұмыс жоспарының мазмұны мен мектептің жылдық жоспарын құрудағы басшылыққа алынатын принцип түрлері.
Басқару еңбегі аясында іс-әрекет жағдайына талдау жасау, жоспарлау, іс-әрекетті ұйымдастыру, қабылданған шешімдердің орындалу барысын бақылау мен реттеу сияқты қызметтер бар. Барлық басқару қызметтерінің үйлесімді өз ара байланысы жоспарлауға негізделеді. Жоспарлау (іс-әрекет жоспарын құру) дегеніміз іс-әрекеттің негізгі түрлері мен тұтас іс-әрекеттің тиімділігін арттыруға бағытталған шараларды анықтау.Ал, тиімді жоспарлау дегеніміз:
а) жұмыстың жәй-күйін жан-жақты және мақсатты есепке алу және іс-әрекеттің қол жеткізген нәтижелеріне әділ баға беру;
ә) алдағы уақыттағы іс-әрекеттің негізгі мақсаттары мен міндеттерін анықтау;
б) алға қойылған міндеттерді шешетін тиімді жолдар мен тәсілдерді, құралдары айқындау, оларды шешудің тиімді жолдары мен құралдарын таңдау.
Күрделі педагогикалық жүйе ретінде танылған осы заман мектебін басқару әрбір басшыдан біртұтас басқару жүйесін түзіп, оны даму жолына бағыттауда жоғары ғылыми дайындықты талап етеді. Ол үшін түрлі деңгейдегі мектеп жетекшілері төмендегілерді білуге міндетті:
- мектеп түрі мен мақсаты;
- ақпараттық жабдықталуы (оқушылардың ұмтылысы мен ата-аналардың
тапсырыстары),
- мамандар, материалдық - техникалық, психологиялық жағдайлар
(анықталған қажеттіліктерді қамтамасыз ету үшін);
- оқу жоспарының мектептік баламасы;
- оқу жүйесі жеке-дара, сынып-сабақтық, дәріс-тәжірибелік, оқушыларға
арналған циклды-ағымдық және т.б.),
- оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың мерзімдік тәртібі (күндік,
апталық, түске дейін, не күннің екінші жартысында);
- мектептің белгілеген мақсаттарға жетудегі басты шарттары (мамандар,
материалды-техникалық, қаржылық, ғылыми-әдістемелік, әлеуметтік -
психологиялық).
Мектептегі педагогикалық жүйенің негізгі құрылымдық бірліктерін анықтайтын жағдаяттар-педагогикалық ұжым және оның басшыларының қызметтік іс-әрекеттері. Қазіргі мектептер төрт деңгейлі басқару құрылымын қолдануда:
Бірінші деңгей - мемлекеттік орган бекіткен не ұжым сайлаған мектеп директоры; мектеп кеңесі, оқушылар комитеті, қоғамдық бірлестіктер басшылары. Бұл деңгейде мектептің стратегиялық даму бағыты анықталады.
Екінші деңгей - мектеп директорының орынбасарлары, мектеп психологы; әлеуметтік педагог, қоғамдық пайдалы еңбек ұйымдастыруға жауапкер, әкімшілік-шаруашылық бойынша директорының көмекшісі; өзіндік басқаруға қатысты бірлестіктер басшылары.
Үшінші деңгей - оқу барысында және оқудан тыс білім-тәрбие жұмыстарына байланысты оқушыларға басшылық қызметтерді атқарушы мұғалімдер, тәрбиешілер мен сынып жетекшілері.
Төртінші деңгей - сыныптық және жалпы мектептік өзіндік басқару қызметтері тапсырылған оқушылар. Бұл деңгейдің назарға алынуы мұғалімдер мен оқушылар арасындағы қатынастың «субъект-субъекттің сипатын баса танытады.
Жалпы білім беретін мектепті басқару, кез-келген басқарушылық іс-әрекет сияқты, барлық іс-әрекеттің негізді жоспарлануын талап етеді. Мектептегі ең маңызды жоспар мектептің жылдық жұмыс жоспары, ол жалпы мектеп өмірінің жетекші құралы болып саналады. Мектептің жылдық жоспары мынадай принциптер негізінде құрастырылады:
- Жоспарлаудың ғылымилығы. Жоспар іс-әрекеттің әлеуметтік және экономикалық шарттарын, педагогикалық процестің психологиялық-педагогикалық заңдылықтарын, мектептің даму тенденциялары мен болашағын ескере отырып, құрастырылуы қажет.
- Үйлесімді де тиімді жоспар. Оның құрамына алға қойылған мақсаттарға жету үшін іс-әрекеттің, нақты шаралардың қажетті және жеткілікті болуы қажет.
- Жоспардың нақтылығы. Жоспарда қандай шараларды жүргізу қажет, орындаушыларға берілетін тапсырмалар, шараларды өткізуге жауапты адам, оның мерзімі, өтілетін орны мен уақыты нақтылы көрсетілуі қажет.
- Жоспардың перспективтілігі. Жоспарда жуық арадағы мақсаттар мен міндеттер, мектеп іс-әрекетінің болашағы да көрініс табуы қажет.
- Ұжымдық принципі. Мұғалімдер мен тәрбиешілердің және басқа қызметкерлердің жоспарды талдау мен құруға белсенді түрде қатысуын қарастырады.
Мектептегі жоспардан басқа да жүргізілетін құжаттар және оларға сипаттама. Мектептегі мұғалімдер мен тәрбиешілердің күнделікті іс-әрекетінде жұмыс жоспарлары ерекше орын алады, ал оның ішіндегі ең негізгісі мектептің жылдық жоспары болып табылады.
Жоспар жекелеген шаралардың жәй ғана тізбегі емес, педагогикалық негізделген шаралар жүйесі болып, жоспардың барлық түрі бір-бірімен тығыз байланыста және мектеп іс-әрекетінің маңызды мақсаттарына жеткізетін міндеттерді шешуге бағытталуы қажет. Жоспардан басқа мектепте басқа да құжаттама жүргізіледі, оны шартты түрде үшке бөліп қарауға болады: 1)оқыту-педагогикалық құжаттама, 2)мектеп ішіндегі ақпарат құжаттамасы, 3)қаржы-шаруашылық құжаттама.
1) Оқыту-педагогикалық құжаттама:
- журналдар: сынып және факультатив сабақтардың журналдары, дайындық сабақтары мен қалдырылып кеткен және орны ауысқан сабақтарды есепке алу журналы;
- кітаптар: оқушылар тізімінің алфавитті кітабы, бланктер мен есепке алу кітабы (орта білім туралы аттестаттар мен негізгі сатыны бітіргені туралы куәліктерге арналған жеке кітаптар), «Алтын белгің мен мақтау қағаздарын және мектеп мұғалімдерінің жекелік құрамын есепке алу және мектептен шыққан және мектепке келген хаттарды тіркеу, тексерушілердің ескертулері мен ұсыныстарының кітабы;
- оқушылардың жеке құжаттары;
- оқушыларға белгілі бір мамандық алғаны туралы анықтамаларды беру құжаты;
- жоғары мекемелерден келіп түскен бұйрықтар, жарлықтары мен басқа да бұйрықтық-ақпараттық құжаттама;
- мектеп аттестациясының материалдары мен оқыту іс-әрекеті лицензиясы;
- мектепті тексеру нәтижелері туралы актілер, анықтамалар, баяндама хаттарының көшірмелері;
- білім беруді басқаратын жоғары мекемелермен және басқа да ұйымдармен хат алысу.
2. Мектеп ішіндегі ақпарат уақытына қарай қолма-қол (күнделікті, апталық, айлық, тоқсандық және жылдық) болып бөлінеді.
1.Күнделікті қолма-қол ақпарат бақылау нәтижесінде, пәндік мұғалімдермен, сынып жетекшілерімен, оқушылармен олардың ата-анасымен жүргізілген әңгіме-сұқбат нәтижесінде, сынып журналы мен мектеп ішіндегі басқа да құжаттарды оқып зерттеу нәтижесінде қалыптасады.
2.Апталық қолма-қол ақпаратта апта бойындағы күнделікті ақпарат, шапшаң мәжілістердегі пікір алмасу нәтижелері, мұғалімдерден, сынып жетекшілерінен келіп түскен мәліметтер есепке алынады. Сондай-ақ ерекше бақылауға алынған оқушылардың және сыныптардың үлгерімі мен сабаққа қатысуы туралы, сыныпта және мектептен тыс шаралар туралы, сынып журналдарын, оқушылар дәптерлері мен күнделіктерін жүргізудің жәй-күйі туралы мәліметтер болады.
3.Айлық қолма-қол ақпарат, апталық ақпараттарды қорытындылап, толықтырады. Онда оқу бағдарламасының орындалу барысы туралы, пән мұғалімдері мен сынып жетекшілері жұмысының сапасы туралы, жекелеген сыныптардың үлгерімі, сабаққа қатысуы, тәртібі туралы, арнайы тексеру мен бақылау жұмыстарының нәтижелері туралы оқушылардың қоғамдық ұйымдарының жұмысы туралы мәліметтер болады.
4.Сыныптардың оқу пәндері бойынша үлгерімі туралы тоқсандық ақпаратты мұғалімдер мен сынып жетекшілері жазбаша түрде дайындайды, оны мектеп дирекциясы сараптап, жұмыс барысындағы пайда болған кемшіліктерді түзету жолдарын анықтау мақсатында педагогикалық және әдістемелік кеңестерде талқылайды.
5.Жылдық ақпарат тоқсандық ақпараттар деректері, сыныптан сыныпқа өту мен мектеп бітіру емтихандарының нәтижесінде қалыптасып, оқушылардың тәрбиелілігі мен білімділігі деңгейіндегі динамиканы айқындауға мүмкіндік жасайды. Бұл ақпарат мектеп жұмысының жылдық жоспарының сараптамалық тарауын құрудың негізі болады.
3.Қаржы-шаруашылық құжатының құрамына мектептің техникалық құжаты, мұғалімдердің көрсеткіш және негізгі құралдардың тізімі, материалдардың қоймалық есебінің кітабы, құндылығы төмен, тез тозатын заттар қозғалысын қолма-қол есепке алу ведомості, мектеп кітапханасы қорының тіркеу кітабы, материалдық құндылықтарды қолданыстан шығару актілері бар.
Мектеп құжатын нақты және дер кезінде дұрыс жүргізуді ұйымдастырып, берілген нұсқауларға сәйкес толтыру мектеп жұмысын тиімді басқарудың маңызды шарты болып табылады. Осындай тыңғылықты жұмыс нәтижесінен ғана мектеп ұжымы іс-әрекетінің барлық бағыты бойынша қажетті нақты ақпаратты алуға болады.