Тәрбие процесінде оқушылардың жас және дербес ерекшеліктерін есепке алу
5. Педагогикалық процесте ұжым мен жеке адамның өзара
байланысы. Оқушы тұлғасын қалыптастырудың негізгі көзі ұжым болады,
Көрнекті педагогтар Н. К. Крупская, А. С. Макаренко, В. А. Сухомлинский ұжымдық өатынастарды қалыптастырудың теориялык негіздерін жасады. Балалар мен тәрбиешілер арасындағы қарым-катынас — ұжымның даму процесі. Педагогикалық процесте ұжымның басты борышы—әрбір адамның тулеп өсуіне қамқоршы болуы тиіс.
Тәрбие принциптері
Әдетте принцип дегеніміз адамның нақты іс-әрекетінде өзі басшылыққа алатын алғы шарты, негізгі ережені бейнелейді. Тәрбие принциптері тәрбиеші басшылыққа алуға тиісті тәрбие процесінің жалпы заңдылықтарын бейнелейтін бастапқы ережелер. Тәрбиеші оларды тандамайды, басшылыққа алады, солардың талабы тұрғысынан күрделі, жалпы немесе дербес, нақты мәселелердін шешімін іздейді. Мектеп өмірінде әр түрлі тәрбие принциптері қолданылады.
Тәрбиенің идеялылығы мен мақсаттылылығы. Тарбиенің алдына қоғам болашағына берік сенімі бар азаматтарды қалыптастыру міндеті қойылады. Мектептің бүкіл іс-әрекеті, қоғамдық өмірі осыған қызмет етуі керек. Кез-келген тәрбие жұмысының құндылығы оқушылар ұжымының идеялық өмірін байытумен, оқушылар санасын ғылыми білімінін дұрыстығына берік сендірумен, қоғамдық саяси белсенділігін, жоғары моральдык және азаматтық сапаларын қалыптастырудағы ықпалымен бағаланады. Әрбір тәрбие жұмысына дайындалу үшін ен алдымен олардың мақсаттары мен міндеттерін нақты ойластырып, анықтаған жөн. Мақсатсыз тәрбие жақсы нәтиже бермейді. Өйткені тәрбие әдістері олардың мақсаттарына байланысты. Осыған орай, әрбір баланың және ұжымының ерекшеліктерін еске алып, мұғалім тәрбие жұмыстарының формаларын, мазмұнын, әдістерін іріктеп алады. Оқыту мен тәрбие жұмыстарын осындай мақсатпен ұйымдастыру мұғалім мен оқушылардың іс-әрекеттерінін үнемі жоспарлы түрде өтуіне игі әсер етеді.
Тәрбненің өмірмен, еңбекпен, қоғам құрылысының практикасымеы байланыс принципі. Бұл принциптің мәні коғамның экономикалық, әлеуметтік және рухани қатынастарын, өмір шындығының моралі және әсемділікке көзқарасын тәрбие ісінде қолдану болып табылады. Осы принципті жүзеге асыру оқушыларды өмірге, еңбекке, мамандықты саналы таңдауға толық дайындаудық шынайы алғышартын жасайды. Кейде тәрбиенің өмірмен байланысы тек оқушылардың тәрбие жұмысындағы өнімді енбегімен байланысын жүзеге асыру деп қараушылар да бар. Бұл жеткіліксіз пікір, себебі қоғамдық өмір ұғымы өндірістік еңбек ұғымына қарағанда кеңірек және мазмұндырақ. Оқушыларды еңбектік іс-әрекеттің түрлеріне қатынастырып, ол әрекеттің қоғамнық түпкі мүддесі үшін, материалдық және рухани игіліктерді байыту үшін күресетін құрамды бөлігі екенін қабылдайтындай жағдайға келтіруіміз керек.
Ұжымда және ұжым арқылы тәрбиелеу. Бұл тәрбие жұмысының жетекші принциптерінің бірі. Педагогика ғылымы балалар мен жас өспірімдердін топтық және ұжымдык. өмірін, олардын, тұлғасының рухани байлығынын, әлеуметтік белсенділік пен жауапкершілік сезімі қалыптасуынын міндетті шарты деп қарайды. А. С. Макаренко ұжымды адамның біртұтас түрлі сапалары жаттығып, қалыптасатын гимнастика залы, сондықтан тәрбие жүйесі «ұжым болып» ұйымдастырылған педагогикалық іс-әрекет процесін басқаларынан жоғары қояды—деп көрсетті. Бірлескен іс-әрекетте, орынды ұйымдастырылған ұжымдық қозғалыста ғана өзара тәуелді, өзара жауапкерлікті қатынастар туындайды, баланың тәжірибе және ұжымдық өмір дағдыларын жинау процесі жүреді, оның қоғамдық мәнінін ұжымшылдық сапалары қалыптасады.
Тәрбиеленушінің тұлғасына қойылатын талаптар мен көрсетілетін құрметтің бірлігі. А. С. Макаренко кезінде «Егер біреу-міреу педагогикалық тәжірибенің мәнін қысқаша ғана формуламен қалай анықтар едіңіз деп сұрай қалса, мен оған адамға мүмкіндігінше үлкен талап кою және құрмет көрсету деп жауап берер едім», — деген екен. Мұғалім осы принципті басшылыққа алып, оқушы күш-қуатына ерік беретін, орынды әрекеттеріне және қылықтарына тербеліс туғызатын, өзінің құлқын сезінуін және өз тәртібіне жауапкерлігін ұғындыратын өзіндік өрнегі (стилі) мен сарыны (тоны) бар қатынастарды тандап алады. Егер талап ету ізденумен, қате түсінікпен, уақ-түйекпеи байланыссыз болса, онда ол адамға деген құрметтің ең жоғары өлшемі болып табылады. А. С. Макаренконың айтуына қарағанда, белгілі бір шамада қателесу бола тұрса да, адамға үміт болжамы тұрмысынан қарау керек.Оқушы бойындағы орынды — рухани нәрсені жобалай біліп, оған сүйеніп, оның сеніміне иек артуымен қатар, мұғалім оқушының өз тәжірибесін дамытумен айналысуға дайындығын іске қоса білуі керек.
Тәрбиенің оқушылардың жас және дербес ерекшеліктеріне сәйкестігі. Бұл принципті жүзеге асыру оқушылар іс-әрекетінің мазмұны мен түрін олардың жасына өмір тәжірибесіне, күш-қуаты мен мүмкіндіктеріне сәйкес болуын талап етеді. Әрбір бала-өзінше ерекше бір бітім.» Сондықтаң олардың әрқайсысына тәрбие беру оқушы бойындағы қажеттілік пен қызығушылыққа сүйеніп, оны қанағаттандыратын және оқушының тәртібі мен іс-әрекетінің негізі болатын жаңа қажеттіліктер кең қызығушылықтарды туғызатын түрлер мен тәсілдерді таба білгенде ғана мүмкін болады. Осы принциптің жүзеге асуына мұғалімнің жас және педагогикалық психологияны терең білуі көмектеседі.