Оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы. Білім беру саласы: «Қатынас»
Күні:
Білім беру саласы: «Қатынас»
Бөлім: Сауат ашу және жазу негіздері
Тақырыбы:Нн дыбысы және әрпі.
Оқу іс-әрекетінің мақсаты: 1. Н дыбысын сөз құрамына бөліп алу, Н дыбысын дұрыс дыбыстау, Н әрпін таныту.
2. Оқушылардың ұшқыр ойлау қабілетін дамыту.
3. Оқушыларды мейірімділікке, имандылықка тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелеу, ойын, түсіндіру, тыйым сөздер.
Оқу іс-әрекетінің көрнекіліктері: Әліппе, сурет, кеспе әріптер, қима буындар: ла, ну, на, нау.
Қос тілдік компонент:
Іс-әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық | Балалар шаттық шеңберіне тұрады. Бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді. | Шаттық шеңберіне тұрып, бір- бірінің қолынан ұстайды. Бір- біріне жылы лебіздерін білдіреді. |
Ұйымдастыру-іздестіру | - Балалар, бүгін біздің сабаққа Алдар көсе мен Тазша бала қонаққа келіп отыр. Алдар көсе сендерге бірнеше тапсырма ала келіпті. Егер сол тапсырманы дұрыс орындасаңдар, жаңа әріппен танысасындар. I тапсырма. Бұл ненің суреті? (аттың) - Бұл сөз буынға бөліне ме? II тапсырма. Ала сөзін буынға бөл, дыбыстық талдау жаса. III тапсырма. Ата сөзіне дыбыстық талдау жаса. IV. Жаңа сабақ - Балалар, сендер Алдар көсенің тапсырмасын өте жақсы орында-дындар. Енді атамыз бізге қандай жаңа әріп алып келді екен, соны тамашалайық. (Бір оқушы шығып, атаның қолындағы конвертті алып ашады. Ішінен тек нанның ғана суреті шығады). - Балалар, біз ненің суретін көріп тұрмыз? (нанның) -Ендеше "Нан" деп бірнеше рет қайталайық Бірінші кандай дыбыс құлағымызға естіліп тұр? (Н). - Сонда өтетін жаңа дыбысымыз қайсы екен? (Н). Оқулықтағы "Нан" суреті бойынша әңгіме құрастырып, нанның пайдасы айтылып, обал, сауап деген сөздерге түсінік беріледі. Тыйым сөздер: 1) Нанды бір қолмен үзбе! 2) Нан уағын тастама! Жұмбақ: Өзі үлкен жануар, Үстінде бір тауы бар. (Нар) - Бірінші тұрған қандай дыбыс? Кірш-кірш етеді, Ішіне кіріп кетеді. (Ине) - Н дыбысы қай жерде тұр? Н дыбысына дыбыстық талдау жасап, оның дауыссыз екенін анықтау. Қима әріптерден "Нан", "нар" т.б. сөздер құрату. "Нан құдіреті" ертегісін магнитофоннан тыңдау. Сергіту сәті. Нан уағын шашпаңдар, Жерде жатса баспаңдар, Теріп алып, қастерлеп, Торғайларға тастаңдар. Тіл ұстарту На- на- на, Ең бақытты ана. Дәптермен жұмыс Сандық, нар, күн сөздеріне дыбыстық талдау жасау. Н дыбысының сөздерде кездесетін орнын түсіндіру. · Жазба жұмысын жүргізу. Қолды жазуға даярлау. Ауада жазу. Баспа және жазба түрімен таныстыру, жазғызу. А-на, нан сөздерін салыстыра оқыту арқылы буынға бөлгізу, нан сөзінін буынға бөлінбейтінін түсіндіру. | Сұрақтарға жауап береді. Ала, ата сөздерін буынға бөліп, дыбыстық талдау жасайды. Нн дыбысын хормен айтады. Дауысты немесе дауыссыз дыбыс екенін анықтап, қызыл немесе көк текшемен белгілейді. Нн дыбысы кездесетінін сөздерді айтады. Жұмбақтарды шешеді. Сергіту сәтін жасайды. Әліппе- жұмыс дәптерінде берілген сөздерді дыбыстық талдау жасайды. Берілген оқу жолын хормен оқиды. Тіл ұстартуда тәрбиешімен бірге қайталайды. Әріптің баспа және жазба түрімен танысады. Баспа түрін ауада жазып көреді. Әліппе- жұмыс дәптерін толтырады. |
Рефлексивті – түзетушілік | Қорытынды.
| Өтілген дыбыс туралы алған білімдерін жинақтап, қайталап, сұрақтар арқылы бекітеді. |
Күтілетіннәтиже:
Нені білу керек:
Пп дыбысы мен әрпін, дауыссыз дыбысқа жатады.
Нені игереді:
Ø Сөздің басында, ортасында, соңында кездеседі;
Ø Пп дыбысы кездесетін сөздерді;
Нені біледі:
Ø Сөздерді буынға бөледі;
Ø Сөздерге қатысты сөйлем құрай алады.
Мектепалды даярлық тобына арналған ұйымдастырылған