Курстың қысқаша мазмұны
Пәннің мақсаты мен міндеті.
«Әлеуметтік педагогика» оқу пәні міндетті пән болып табылады. Ол 5В012300- «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығы бойынша бакалаврлардың жалпы кәсіби даярлығының бөлігі.
Курстың мақсаты мен міндеті
Курстың мақсаты – студенттерді әлеуметтік педагогиканың теория және практика негіздерімен, түсініктемелік аппаратымен, ғылыми негіздерімен, зерттеу әдістер мен әдіснамасымен таныстыру..
Пәнді оқыту міндеттері:
1. Әлеуметтік педагогика педагогикалық білімнің құрамды бөлігі ретінде, оның объектісі мен пәні, мақсаты мен міндеттері жайлы, студенттерде басқару бойынша түсінікті сапалы, толық қалыптастыру, кәсіптік құзыреттілікке қол жеткізу;
2. Әлеуметтік –педагогикалық қызметке қажетті, маңызды танымдық, ақпараттық- қарым-қатынастық, дағдыларды дамыту, қамтамасыз ету;
3.Іс-әрекеттің тиімділігін, нәтижелілігін, табыстылығын алдын-ала көре білуге үйрету;
4. Балалардың, жастардың толық әлеуметтенуі мен тұлғалық дамуын толық қамтамасыз ететін педагогикалық технологиялармен таныстыру.
Білімге және іскерлікке қойылатын талаптар.
«Әлеуметтік педагогика» пәнін оқу нәтижесінде студент білуі тиіс:
- көпмәдениетті қоғамда әлеуметтік –педагогикалық іс-әрекетті ұйымдастырудың теориялық негіздерін;
-гуманистік принциптер негізінде балалардың, жеткіншектер мен жастардың қызығушылығын қорғау бойынша ұйымдастырушылық-педагогикалық іс-әрекеттердің мәнін және мазмұнын;
- жайсыз отбасындағы, оралмандар отбасындағы балалар дамуының, педагогикалық қараусыз қалған балалар мен жеткіншектердің , кәмелетке жетпеген қылмыскерлердің, жетім балалардың , зорлық –зомбылыққа ұшырағандардың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерін;
-түзету –педагогикалық үдерісіне ата-аналарды таратудың түрлері мен әдістерінің жаңа жолдарын
Іс жүзінде мыналарды істей алуы тиіс:
- түзету жобалауды, педагогикалық іс-әрекет нәтижелерін жоспарлауды, ұйымдастыруды, өлшеуді және болжауды; -тәрбиелік процесті
- мәдени бос уақыт орталықтарын ұйымдастыруды; балалармен, жастармен кино, театр, көркем-сурет өнері, музыка салаларында мәдени іс-шаралар , мәдениет саласында ағарту жұмыстарын ұйымдастыруды;
- баланың даму және денсаулық ерекшеліктерін ескеріп, әр баланың қабілеттері мен дарындылығын, ерекшеліктерін анықтап, толыққанды әлеуметтенуі мен тұлғалық сапасының дамуын қамтамасыз етуді;
- педагогикалық процеске жаңа технологиялардың келуін талдай және бағалай білуді ; өзінің жеке авторлық, педагогикалық, түзетушілік технологияларын енгізуді, әлеуметтік – педагогикалық психокоррекциялық жұмыстарды жоспарлау мен анализ жасауды.
Төмендегідей дағдыларының болуы көзделеді:
- әлеуметтік және өндірістік жүйелердегі адамдармен іскерлік қарым-қатынас жасау;
-жеке бағдарланған оқыту мен тәрбиелеу жағдайында субъект қарым-қатынастағы (бала ата-ана-әлеуметтік педагог) педагогикалық серіктестікті ұйымдастыру;
-әлеуметтік –педагогикалық және психологиялық –түзету жұмыстарына талдау жасау және оларды бағдарламалау.
Прореквизиттер және постреквизиттері
Прореквизиттер: Мамандыққа кіріспе, Педагогика, Әлеуметтік педагогикалық зерттеулердің әдіснамасы мен әдістері, Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі, Философия, Әлеуметтану
Постреквизиттері Педагогтың кәсіптік өзін-өзі тануы және дамуы, Педаготың кәсіптік қызметі, Девиантология, Әлеуметтік педагогтың отбасымен жұмысы
Курстың қысқаша мазмұны
Әлеуметтік педагогиканың ғылым ретінде дамып қалыптасуы ғалымдардың алдына бірқатар мәселелерді қояды. Олар үш топқа бөліп қарастырылады. Әлеуметтік педагогиканың теориялық мәселелері; әлеуметтік педагогикалық іс-әрекетке және әлеуметтік педагогтарды кәсіби даярлауға қызмет етудің теориялық мәселелерін қамтитын әлеуметтік педагогиканың теориясын жасау. Осы курс арқылы әлеуметтік педагогиканың ерекшеліктері, әлеуметтік мәселелердің туындау себептері мен алдын алу жолдарын меңгерту және дер кезінде шешім қабылдай алатын қабілетін, теориялық және практикалық біліктерін қалыптаструды меңгереді.
Семинар сабақтары барысында студенттер дәрісте алған теориялық білімдерін пысықтап, оған қатысты қосымша материалдар іздестіріп, теориялық талдап әлеуметтік педагогиканы теориялық жақтан танып –біледі. Алған білімдерін іс-жүзінде қолдану жолдары қарастырылып, теорияны практикамен ұштастыру жүзеге асырылады.
Білімгерлердің өзіндік жұмыстарында алған теориялық білімін кеңейту үшін, қажетті білім көздеріндегі материалдарды талдап, әлеуметтік үдерістерді бақылайды. Өзіндік жұмыс тапсырмаларын орындау арқылы әлеуметтік педагогиканың ерекшеліктерін танып-білу, қалыптылық пен ауытқу арасындағы айырмашылықты теориялық тұрғыда талдау мәселелерін қарастырады. Сонымен қатар әлеуметтік педагогикалық және психологиялық түзету жұмыстарына талдау жасау және оларды бағдарламалауды меңгереді. «Әлеуметтік педагогика » пәнін табысты меңгеру студенттің қосымша өз бетімен жұмыс жасауын қажет етеді.
Курс 15 сағат лекция, 30 сағат семинар, 45 сағат БӨЖ, 45 сағат ОБӨЖ-ден тұрады.