І.МЫСАЛ: А.Н. Ходусованыц «Мүгалімнің әдіснамалыц мэдениетін цалыптастыру» (мамандыгы кэсіптік білім берудіц теориясы мен эдістері) диссертациясы.
Зерттеудің әдіснамалық негізі. Табиғатынан қиын, қарама-қайшы сипаттағы мұғалімнің әдістамалық мәдениетін орнату көптеген үрдістер жүйесіне: тарихи және қисынды, теориялық және импирикалық, тұлғаның тұтастығы, қызметі мен мәдениетіне сүйенеді. Зерттеудің әдіснамалык
Бағыты болып аксиологиялық, мәдениеттанымдық, герменевтивтік және синергетикалық тәсілдер есептелінеді.
Егер тарихи талдау әр түрлі тарихи-педагогикалық деректерді жинақтаумен, суреттеумен қамтамасьтз ететін болса, оларды белгілі бір жүйеде қүрастыру қисынды талдау үрдісінде жүргізіледі. Қисындылық әртүрлі деректерді зерттеу нысанасына сәйкес тұтастық теориясы түрінде көрсетуге мүмкіндік береді. Тарихилық пен қисындылыктың бірігу үрдісінде танымда деректі феноменологиялы суреттеуден ғылыми теорияны құрастыруға, түсіндіру мен негіздеуге өтіледі. Тарихилық пен
Исындылықтың байланысынан тыс тенденцияны (ой-максатты), заңдылықтарды мен кез келген мәдениеттің жұмыс істеу жағдайын ашу мүмкін емес. Осымен бірге тарихи талдау осы немесе басқа элементтер мен байланыстардың қызметі мен маңыздылығының көрінісінен шығатын белгілі бір педагогикалық тұжырымның ұстанымында ғана мүмкін, ал теориялық талдау нысананың генезисін (шығу тегін, қалыптасуын) білмеген жағдайда дәлелсіз (қисынсыз).
Зерттеудің дерек көздерінде: жаңашыл-педагог С.Т. Шацкийдің еңбектері, қол-жазба мұралары, ол туралы жазған қызметтестері мен замандастарының еңбектері, ол туралы естеліктер; зерттеу кезеңіндегі монографиялар мен тарихи-педагогикалық еңбектер; педагогтың қызметінің әртүрлі бағытындағы жэне аспектісіндегі диссертациясы, білім беру философиясының мәселелеріне, педагогика тарихына, тарихи-педагогикалық зертеудің әдіснамалык мэселелеріне байланысты казіргі авторлардың еңбектері, сонымен қатар зерттеу тақырыбы бойынша мұрағат материалдары мен құжаттар бар.
Зертеудің бастапкы әдіснамалық ұстанымы білім берудің коғамның материалдык өмірімен, оның әлеуметтік мәдени даму деңгейін есепке ала отырып, тарихи-теориялық талдаудың негізінде педагогикалық құбылыстың маңыздылығын ашуға мүмкіндік беретін дидактикалық тәсілін анықтайды. Ғылым ережелерінің бізді қоршаған ортаның кұбылыстарымен жалпы байланысының маңыздылығы туралы; адамның өзін-өзі, дүниені қайта құрушы және танушы шығармашылық пен қызметтік маңыздылығы, мақсаттылығы туралы; құбылысты зерттеудегі жүйелі және кешенді тәсіл; педагогикалық мәселелерді қоғамның тарихи-мэдени дамуына қатысты қарастыру; адамды қалыптастыру мен тәрбиелеудегі антропологиялық тәсіл, бұл кұбылыстың тұлғаны қалыптастыру үрдісіндегі тұгастығы; жалпыадамзаттық кұндылықтардың басъшдығы. Осы нұсқаулар арнасында «тәрбие» мен «білім» категориялары 20-шы жылдардың қисынында қолданылады. Бүгін, білім мен тәрбие бірлігі мәселелері педагогиканың орталығы болғанда, бұл ұстаным өте күшті өзектеленуде.
Зерттеудің теориялық негізі болып: педагогикалық құбылыстар мен үрдістердің әлеуметтік тарихи негіздеу; мәдениеттанушылық, аксиологиялық және өркениеттік тәсілдері, білімді мәдениет пен өркениеттің негізгін бір құрушы ретінде қарастырады ( Л.П.Буева,Е-П. Белозерцев , В.ВДавыдов ., В.П.Зинченко, В.П.Иванов, Э.С.Маркарьян, М Мамардашвили., В.М.Межуев., КорнетовГ.Б., Н.Д.Баркова, Н.Д.Мудрик, А.В.Плеханов, З.И.Равкин, И.Ф.Харламов, В.П.Тугаринов и др.); біртұтас әлемдік педагогикалық үрдістің тұжырымдамасы (Борисенков В.П., Вульфсон Б.Л., А.Н.Джуринский,3-АМалькова,ВЛ.Пилиповский,А.И.Пискунов, А.С.Тангян и др.); білім беру жүйесі мен тәрбие философиясының негізгі ережелері (Г.Н.Волков ,О.В. Долженко, Э.Д.Днепров, С.Ф.Егоров., В.В.Краевский, В.А.Караковский, В.МКларин, Б.З.Вульфов, И.Я.Лернер, Б.Т.Лихачев, Ф.Т.Михайлов, Л.И.,Новикова, В.М. Коротов..,В-А Сластенин, М.Н.Скаткин.,В-Д-Шадриков,Г-П.Шедровицкий).
Зерттеудің болжамдық кызметінің жоғарда келтірілген тәсілдер негізінде шешілуі мүмкін. Бірак, білім берудегі инновациялық үрдістегі жаңа зерттеулер бұл міндеттің одан да зор мүмкіндіктерін ашуда (А.ААрламов, КАнғеловски, Н.В.Горбунова, В.И.Загвязинский, М.ВКларин, И.Подымова, М.М.Поташник, В.Я.Ляудис, С.Д.Поляков, В.А.Сластенин, Т.И.ЛИамова, Н.Р.Юсуфбекова және т.б.) (9,99-101).
Бұл үлгілер көрсеткендей, зерттеудің әдіснамалық негізінің кұрылымында зерттеудің әдіснамалық бағыты болып әдіснамалық үрдістер мен тәсілдер сипатталады. Одан әрі негізделген нақты үрдістердің керектігі беріледі. Зерттеудің теориялык негізі ретінде идеялар, теориялар, ережелер қарастырылады.
Зерттеу тақырыбы бойынша зерттеу көздерінде монографиялар, ғылыми еңбектер, диссертациялар, мұрағат материалдары мен құжаттары белгіленген. В.И. Беляеваның диссертациясында әдіснамалык тәсілдер (мәдениеттанушылық, аксиологиялык және өркениеттік) теориялық негізде көрініс тапты. Мұнда тұжырымдар, тәрбие философиясы мен білім беру жүйесінің негізгі ережелері көрсетілген.
Осылайша зерттеуші зерттеудің әдіснамалык және теориялық негізін анықтауда педагогикалык фактілердің маңыздылығы мен зерттеудің гипотеза негізінде ұсынылып отырған ғылыми теорияның құрылысын ашып, жеткілікті түсіндіруде педагогика әдіснамасындағы бар қорға, педагогикалық идеяларға, теориялар мен тұжырымдамаларға сүйенеді.