Шығармадағы әңгімеге ұқсас оқиғалар айтқызу.

Көлемі ұзақ шығармаларды жоспар құру арқылы қысқартып әңгімелету.

2-сыныптан бастап жоспар арқылы жазуға төселеді. Кейбір оқушылар ойын жазбаша жеткізуге қиналады. Ал, кейбіреулері ойын жазбаша еркін жеткізгенді ұнатады. Тірек сөздерді пайдалана отырып жазуға төселеді.

Кейіпкерлерге мінездеме бергізу.

Шығарма бойынша сурет салғызу, ауызша суреттеу, қиялдау арқылы суреттеу. 13. Рөлге бөліп оқыту.

Логикалық ойлауын дамытатын ойындармен берілген тапсырмаларды шешкізу(анаграмма, сөзжұмбақ, ребус, құрастырмалы ойындар т. б.) 15. Қайталау сабақтарында, оқыған мәтіндері бойынша өз беттерінше тест тапсырмаларын құрастыру.

Белгілі ақын, жазушы шығармасына еліктеп өлең, әңгіме, ертегілер жазғызу т. с. с.

Мысалы: «Көктем» тақырыбын бірнеше тақырыптарға талдап, ұнағанына жазады. «Көктем», «Көктемгі орман», «Көктемгі жан-жануарлар» Көктем туралы оқушылардың жазған шығармалары:

Көктем келді.

Жердің аппақ қары еріді. Күн жылынды. Жерге көк кілем жабылды. Құстар қайта оралды. «Міне, саған гүлім!» - деп көктем келді.

Наурыз көктем.

Көктем келді. Күн жылынды. Құстар келіп ән салып жатыр. Жерде жасыл шөптер шыға бастады. Гүлдер гүлдеп, ағаштар бүршік атты. Барлығы келе жатқан Наурыз мерекесіне дайындалып жатыр. Мерекеде киіз үй құрады. Дастарханға қымыз қойып, бауырсақ төгеді.

Сабақтан тыс уақытта оқушылардың шығармашылығын дамыту үшін әр түрлі кездесулерден, саяхаттардан, жураналдардан оқығандардан алған әсерлерін әңгімелету, шығарма ретінде жаздыру.

Бастауыш сыныптарында оқушылардың тілін дамытуға, шығармашылығын арттыруға ықпал ететін жұмыстың бірі - ШЫҒАРМА жазғызу.

Шығармашылық - мазмұнға байланысты өз пікірін, өз көзқарасын білдіре жазу, қорытынды жасау, тілдің көркемдік құралдарын пайдалану түрінде жазылуы ұсталады. Шығармаға мынандай шарттар қойылады:

1) жазу алдында арнайы дайындықтың жүргізілмеуі;

2) жоғары теориялық деңгейде мазмұнның бай болуы;

3) сыныпта жақсы тілектестік атмосфераның болуы.

Шығарма тақырыптары: «Менің арманым», «Менің келешектегі мамандығым», «Қыс қызығы», «Менің досым», т. б. Мысалы:

Менің арманым.

Менің арманым көп. Ең бірінші мектепті бес пен төртке бітіріп, институтқа түсу. Екіншісі, дәрігер болуды армандаймын. Адамдарды емдеп, өмірлерін сақтаймын. Қазіргі армандарым осы. (Ұлдай)

18. Елестету. Берілген мәтіндегі бір көріністі көз алдарына елестету. Оқушылар тыныш отырады, көздерін жұмып, әрбір айтқан нәрсені елестетуге тырысады.

Мысалы: Жазғы дала. Тау етегі. Айнала жап-жасыл. Бір топ бала өзенге қарай жүгіріп барады... Оқушылар осындай кез келген көріністі көз алдарына елестете алады, өздері сол елестен үлкен қуанышқа бөленеді. Олардың алғашқы әсерлері мынадай сөздерден байқалады «кино көргендей болдым», «суретке түсіріп алғандай болып елестеттім» т.б.

19. Оқытылып отырған шығармалардың авторлары туралы толық мағлұмат жинап, реферат жазғызуға болады [28].

Мұғалім үнемі оқушыға шығармашылық қабілетін дамыту жолдарын нұсқап отырса, онда балалардың өздері де ізденіске түседі. Психологтардың айтуынша, қабілеттілік туа біткен қасиет емес, ол тікелей пәндік әрекет арқылы дамиды. Оның дамуы баланың жаңа білім алуымен, оның біліктілігі мен дағдыларының қалыптасуымен тікелей байланысты. Шығармашылық қабілетті бүкіл сабақта дамытуға болады.

Осындай жұмыстарды үнемі жүргізу оқушыларды шығармашылыққа баулуға, шәкірт бойындағы қабілет көзін ашып, тілін байытуға, қиялын ұштауға, өз бетінше ізденуге зор әсерін тигізеді. Шығармашылық жолына түскен бала ізденіп қана қоймайды, тұлға ретінде шыңдалады. Шығармашылық тапсырма оқушының бойында әртүрлі іскерлік дағдыларды қалыптастыратыны белгілі. Мұнда оқушы өзін оқулықтағы материалмен ғана шектелмейді, үнемі ізденіс үстінде болады.

Сонымен бірге 5 жол өлең құрастыру арқылы да оқушылардың тақырып бойынша ойын жинақтап, шығармашылығын дамыту жолын сабақта жиі қолданамын. Мысалы: Жаңа тақырыпқа байланысты сөздік жұмысын жүргізген кезде, жаңа қолданылған сөздерге сөйлем ойлап жазумен бірге, сол сөздерді қолданып, 5 жол өлең құрастыруды да тапсырамын. Мысалы: «қырбық қар» - жаңа түскен қар.

1. Ақша қар

2. Мамық, ақ жібектей,

3. Себелеп, ұшып жүріп жауады

4. Жайнатады даланы.

5. Қырбық қар – деп құрастырды.

Оқушылардың ерекше қызығушылықтарын туғызған тағы бір жұмыстың түрі ─ өмірде көп кездесетін, бір қарағанда «жағымсыз» болып көрінетін кейбір оқиғалардың «пайдалы» жағын айтып беру;

Мысалы: «Төбелес» деген сөздің жаман және жақсы жақтарын анықтау;

Сынып жоғарылаған сайын әртүрлі тақырыптарға, олардың ішінде қиял-ғажайыптарыда бар, әңгімелер жазуды тапсыруға болады. Мысалы мынадай тақырыптар: «Бұл өте қызықты», «Ең қымбат нәрсе», «Мен қалай құмырсқа болдым», «Қасық болған күнім», солай-ақ өзіңді бір сәт үй мүлкінің бірімін деп есептейді.

Мысалы: «Бір күні мен ас ішіп отырып кәдімгі қасыққа айналып кеттім. Менің ағам менімен нанға май жақты, тамақ ішті, тосап жеді. Ас аяқталған соң, анам мені қалған қасықтармен бірге ыстық суға жуды. Содан соң таза сүлгімен сүртіп, сауытқа салып қойды. Түні бойы сауытта тұрдым. Қасық болған оңай емес екен».

Кесе

Менің атым-Кесе. Біз он екі ағайындымыз. Бізді Жанар апай базардан сатып алды. Ол кісі бізді өте жақсы көретін. Әдемі сөреге жинап, қонақ келгенде ғана алдарына қоятын. Бірде апайдың баласы менің бір бауырымды сындырып тастады. Бәріміз балаға ренжіп, ініміз үшін қатты қайғырдық. Содан соң апай баласымен ұзақ сөйлесті. Ертеңіне ол біздерді қолына алып, жұмсақ шүберекпен сүртті. Біз оны баланың кешірім сұрағаны деп ұқтық.

«Мен қалай тышқан болдым?»

Мен бір күні үйден әдемі дәрі тауып алдым. Оған қызығып, олай қарап, былай қарап ішіп көруді жөн санадым. Әуел баста керемет тәтті дәрумен секілді еді, кейін өзімді бір түрлі қызық сезіне бастадым. Айнаға қарасам, өзімді көрмеймін. Содан соң отырғышқа шығып қарасам, өз көзіме өзім сенбеймін мен тышқанға айналып кетіппін. Үйдегілерге жақындайын десем, бәрі менен үркіп мені бір нәрсемен ұрып қалуға әзір. Әрең қашып құтылып, бір тесікке тығылдым. Ол тесікте басқа тышқандар бар екен. Олармен бірге асыр салып ойнадым. Бір мезетте қарным ашты. Тышқандар жеп жатқан тамақты жей алмадым. Сығалап қарасам, үйдегілер де үстел басына тамақтануға отырайынып жатыр екен. Ағамның шалбарына жармасып, үстелге бірге отырғым келді. Бір уақытта анам «Луиза» деп айқайлағанда, мен ұйқымнан оянып кеттім. Ояна сап, күліп жібердім. Бұл менің түсім екен. Тышқан емес адам болған қандай жақсы деп ойладым.

Осы тәріздес жұмыстар балалардың қиялын шарықтатып, шығармашылығын дамытуға ықпал ететіндігі сөзсіз.

Сахналау– тек кейіпкердің сөзін жаттап айтып беру емес, кейіпкердің бейнесін, айтар ойын жеткізе алу. Өзіңді сол адамдай сезіну болып табылады. Бұл жұмыс арқылы бала өмірлік тәжірибе жинақтайды, өмірге деген көзқарасы қалыптасады.

Сыныптарда оқылатын шығармалар ішіндегі ең қызықты эпизодтарды тауып сахналау, кейде көріністердің сценарийлерін өздері ойларынан шығарып келеді. Олар аса бір қызығушылықпен өтеді. Мысалы: 3-сыныпта оқушыладың сахналаған «Төлдердің айтысы», «Төле бидің билігі» т. б., 2-сыныпта «Қарасора мен Қызғалдақ», «Білгір Қарға», «Торғай мен қарлығаш», т. б. тақырыптар оқушылардың үлкендер байқай бермейтін жаңа қырларын ашып, ұжымдық шығармашылықты дамытуға ықпал етеді.

Ертегі: «Төлдердің айтысы» (сахналау)

- Иеміз қайсымызды жақсы көреді?

Лақ:- Әрине, мені жақсы көреді. Адам біздің сүтімізді, мамықтай түбітімізді пайдаланады
Құлын:
- Лақ сен орынсыз мақтанасың. Малда бізден ешқайсың аспайсыңдар. Біз майданның да еңбектің де тұлпарымыз. Біздің етіміз азық, қымызымыз ем.
Бұзау:
- Сендер босқа мақтанасыңдар. Ием мені жақсы көреді. Адамның тіршілігіне ең пайдалысы мен. Шелек - шелек сүт, қарын – қарын май, қап – қап құрт, ірімшік бізден шығады.

Қошақан:
- Бәрің де босқа мақтанасыңдар. Ием бәріңнен де мені жақсы көреді. Сақылдаған сары аязда тоңдырмайтын жылы пима, тондар менің жүнімнен жасалады.
Бота:
- Бәріңнен кем біз бе екенбіз? Малдың ен қадірлісі бізбіз. Адам біздің шұбатымызды, мамықтай жүнімізді пайдаланады. Ерте кезде күш көлігі де біз болғанбыз.
Адам:
- Сендер босқа таласпаңдар. Бәрің де адамға пайдалысыңдар. Әрқайсыларыңның өз орындарың бар.

Сахналау әдісін пайдалану арқылы мен балалардың қызығушылығын оятып, әрі ұжымға деген, бір–біріне деген жағымды эмоциональдық қарым қатынасын қалыптастырдым.

Диалог-ертегі»Шарты: мұғалім не оқушы ойдан шығарып, кез келген бір әңгіме-ертегіні бастап кетеді. Ал қалған оқушылар басталған әңгіме-ертегіні бір-бір сөйлемнен ары қарай жалғастырады. Мысалы, былай бастайды: «Ертеде бір байдың ерке ұлы болыпты…» 1-оқушы: «Сол ұлы көгалда көбелек қуып жүріп, адасып кетіпті…» десе, 2-оқушы: «Қарны ашып, іші шұрқырап келе жатса, алдынан бір ешкі кезігіпті…» — міне осылай ертегі жалғаса береді. Ең соңғы оқушы ертегіні ұшқыр шешіммен аяқтауы тиіс.

Сабақты әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолданып, түрлендіріп өткізу оқушыларымыздың білімге, оқып-үйренуге құштарлығын арттыратыны анық.

Мұғалім үнемі оқушыға шығармашылық қабілетін дамыту жолдарын нұсқап отырса, онда балалардың өздері де ізденіске түседі. Психологтардың айтуынша, қабілеттілік туа біткен қасиет емес, ол тікелей пәндік әрекет арқылы дамиды. Оның дамуы баланың жаңа білім алуымен, оның біліктілігі мен дағдыларының қалыптасуымен тікелей байланысты.

Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылығын арттыра түсу үшін, шығармашылық қабілеттерін сабаққа және сабақтан тыс уақытта дамытуда әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады. Сабақтан тыс уақытта оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың жұмыс түрлері.

1. Әр түрлі кездесулер өткізу.

2. Әр түрлі тақырыптарда сайыс, интеллектуалдық ойындар, бірнеше шығармашылық турдан тұратын сайыстар, пікірталастар өткізіп, алған әсерлері бойынша шығарма жазу.

3. Балаларға арналған журналдарға жаздырып, оны сабақ кезінде үнемі пайдалану.
4. Әрбір оқылып отырған шығармалардың авторлары туралы толық мағлұмат жинау, реферат жазу.

5. Балаларға арналған басылымдарға оқушылардың шығармашылық жұмыстарын үнемі жіберіп отыру. («Самал»,«Балдырған» газеттері, «Айгөлек»журналы)

Осындай жұмыстарды үнемі жүргізу оқушыларды шығармашылыққа баулуға, шәкірт бойындағы қабілет көзін ашып, тілін байытуға, қиялын ұштауға, өз бетінше ізденуге зор әсерін тигізеді. Бала бойындағы қабілетті ашу оқушының шығармашылық бағытта дамуына жете мән беру болып табылады.

Ұстаз қандай әдіс-тәсілді қолданса да, мақсат біреу – ол оқушыларға тиянақты да сапалы білім беру. «Алдыңа ұлы мақсат қойсаң, ұлылыққа жетесің», - деп данышпан ақындарымыз айтпақшы, барлығымыз бірге күш жұмсап, ел ертеңіне сеніммен қарасақ қана алдымызда тұрған көптеген қиыншылықтардан қиналмай өтеміз деген ойдамыз. Әлемдік білім беру кеңістігінің талаптарына сай болатын, ең алдымен ұлттық жаңа әдістемелердің бүр жаруына, оның өркендеп, тереңге тамыр жайып жас өскіннің алып бәйтеректей қатайып, нығаятынына нық сенеміз [29].

Наши рекомендации