Жылдан кейінгі тұрақты бағдарламаның мазмұны

БКП(б)– ның Орталық Комитетнің шешімі бойынша халық ағарту комитетінің коллегиясы он жылдық мектептерге арнап тұрақты программаны дайындап, оны бекітті. Жаратылыстану пәні туралы программаның мазмұны төмендегіше болды:

Бірінші сыныпта оқушылар табиғаттың маусымдық өзгерістері туралы танысты. Мұнда, ауа райының өзгеруі, өсімдіктер мен жануарлардың жыл мерзімдерінде өзгерістері: күз, қыс, көктем,жаз. Мұндағы материалдарды оқушылар табиғатта бақылаулар жүргізу және кейбір қарапайым тәжірибе жасау арқылы танысатын болды.

Екінші сыныпта, оқушылар табиғаттың маусымдық өзгерістері мен танысты. Ал, бірінші сыныптан айырмашылығы, мұнда күздегі – бақша, бақ, парк; өзен және бөгет – көктем;

Мұндағы материалдарды адамның тіршілігімен байланыстырыпоқыту. Үй жануарларының түрін оқыған кезінде, олардың жабайы туыстармен байланыстырылыпоқылды. Сөйтіп, оқушылардың ой-өрісін, сана-сезімін кеңітті. Сол кездердегі мерзімдегі өзгерістерге бақылаулар жүргізілді және қарапайым тәжірибелер жасалынды.

Үшінші сыныпта,өлі табиғат туралы түсініктер беріледі. Оны мынандай тақырыптардан көреге болады: Мысалыға, « Топырақ және пайдалы қазбалы байлықтар», «Су», «Ауа», «Табиғаттығы электричествалық құбылыстар». Ал, көктем кезінде оқушылар өсімдіктер дүниесімен танысқан.

Төртінші сыныпта, мынандай тақырыптар оқытылды: «Жануарлардың өмірі» және «Адамның дене құрылысы және өмірі».

Бастауыш мектептегі барлық материалдар отанымыздың шаруашылығының мақсатымен байланыстырылып оқытылған. Ал, төртінші сыныпта «адамның дене құрылысы» тақырыбын оқыған кезде, әңгімелесу арқылы жеке бастарының және қоғамдық тазалық туралы әңгіме өткізген.

Бесінші сыныпты және алтыншы сыныптың бірінші оқу жылының жартысында ботаника пәні жүргізілді. Ботаника курсын екі сыныпқа бөліп оқыту – ботаникадан табиғатқа топсеруен жасап, пәнді көктемгі және екі рет күз маусымдарында табиғаттағы өсімдіктермен байланыстырып өтуге, жазда оқушыларды мектеп участоктарында жұмыс істеуге және жазғы тапсырманы табиғатта орындауға мүмкіндік береді. Мұнда өсімдік организмдерінің анатомо-физиологиялық құрылысына және өсімдіктер систематикасына жалпы шолу беріледі. Систематиканы оқытқан кезде, өсімдіктер шығу тегі туралы тарихи жағдайлармен байланыстырылып оқытылады.

Алтыншы сыныптың оқу жылының екінші жартысында және жетінші сыныпта түгелдей зоология курсы жүргізілді. Зоология курсында оқушыларға жануарлардың негізгі топтарының табиғи классификациясы туралы түсінік берген. Сонымен қатар, қарапайымдардан бастап приматтарға дейін, салыстырмалы түрде олардың анатомо-физиологиялық құрысы оқылған.

Жетінші сыныптың соныңда, осы курста оқылған материалдың қортынды ретінде, жер бетіндегі жануарлар дүниесінің дамуы туралы түсінік береді.

1917-жылғы Ұлы Октябрь Социолистік революциясы дүние жүзінде болған басқа революциялардан өзінің масштабы, алдына қойған мақсаты, міндеті жағынан өзгеше болды.

Біріншіден, халақтың 76% сауатсыз еді.

Екіншіден, сословиелі мектептер жұмысшы шаруалардан шыққан алдыңғы қатарлы жастарды орта және жоғары мектептерде оқуға мүмкіншілік бермеді. Сондықтанда Совет мектептерінің алдына мынадай міндеттер қойылды:

1. Жалпы білім беретін еңбек мектептерінің принциптерін жүзеге сыру.

2. Орта және политехникалық білімі бар, қоғамдық-саяси ой өрісі кең, әржақты шыныққан жетік социалистік қоғам мүшесін дайындау.

3. Еңбекке тәрбиелеу.

4. Атеистік тәрбие беру.

1918-1920 жылдардың аралығында Петроград қаласында алғашқы рет биология пәнің программа шықты. Бұл программа 1929-жылға дейін өз күшін жоймады. Сонымен қатар, көптеген оқулықтар және В.В Павловтың «жарытылыстану әдістемесіның жалпы негіздері» атты қайта басылымы шығарылды. Советтік еңбек мектебінде жарытылыстану пәні табиғатпен өте тығыз байланысты өткізілуі тиіс еді. Сондықтанда, алғашқы жылдары экскурсия шығу мектептерде кең түрде қолтық жайды. Топсеруенге шығу кезінде оқушылар тірі табиғатпен жақындасып қоймай, олардың көптеген құпия сырларымен қатар, өсімдіктер және жануарлар дүниесімен танысты.

Ші дәріс

Наши рекомендации