Практикалық сабақты жүргізуге әдістемелік нұсқау
Практикалық сабақ морфологияға байланысты өтілген материалдары практикалық жағынан меңгеруге орай қойылады. Лекция барысында айтылған граммматикалық категорияларды әр түрлі тілдік ұғымдарды тек теория тұрғысынан меңгеру мүмкін емес. Сондықтан да ол ұғымдар, әр түрлі анықтамалар, тілдік ережелер практикалық сабақта жаттығу жұмыстары мен кешендік талдаулар арқылы пысықталып, студенттерге теориямен ұштастырыла отырып меңгеріледі. «Қазіргі қазақ тілі морфологиясы» пәнін оқып-үйреніп, осы мәселелермен айналысқан тілші ғалымдардың пікірлерін талдап, салыстырып саралау үйретіледі.
Аудиториядан тыс жұмыстар:
Қазіргі жоғары оқу орындағы сабақ жүйесі жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталатын болғандықтан, практикалық сабақтағы аудиториядан тыс жұмыстар студенттердің өздігінен ізденуіне, өз тараптарынан жұмыс жасауына мүмкіндік туғызады. Бұл тапсырма жүйесі бір сабақ бойында меңгеруге мүмкін болмай қалған мәселелер төңрегінде студенттің өз бетімен ойлануына, тұжырым жасауына, тілдік талдаду жұмыстарын жүргізуіне және анықтамалар мен ережелер жиынтығын жазбаша талдау арқылы есте қалдыруларына септігін тигізеді.
Аудиториялық жұмыстар:
Қазіргі қадақ тілі морфологиясынан сабақтағы аудиториялық жұмыстар көбнесе жаттығу жұмыстарына негізделді. Осы бөлімде сол жаттығу жұмыстарының жүргізілу бағыты айқындалып көрсетілді, яғни сабақтың қандай тілдік материалдарға байланысты өткізілгендігіне орай анықталды.
Негізгі қарастырылатын мәселелер:
Тіл сабақтарында тек жаттығу жұмыстарымен ғана шектелмейді. Білім жалаң меңгерілмес үшін, орындалатын жаттығу жұмыстарына орай практикалық сабақта қарастырылатын теориялық мәселелердің жүйесі ұсынылады. Орындалатын жаттығулар осы негізгі қарастырылатын мәселенің мазмұнына сәйкес орындалады. Практикалық сабақта сонымен бірге тест сұрақтары мен сөзжұмбақтар, ребустар, семантикалық карталар, әр тақырыпты түсінгені бойынша қысқаша эссе жұмыстары жазылады.
Сабаққа тірек болатын мысалдар:
Қарастырылған мәселеге орай орындалатын жаттығу жұмыстары алдымен осы бөлікте үлгі ретінде ұсынылады. Осы мысалдарды дайын күйде студенттерге ұсынылғаннан кейін, біраз жаңа тақырыпқа бейімделген студенттер, келесі де жаттығу жұмыстарын өз тараптарымен орындай бастайды.
Түйін: Әрбір практикалық сабақтың соңынан сабақта қарастырылатын теориялық мәселеге байланысты және орындалған жаттығу жұмыстарына байланысты үш-төрт сөйлем көлемінде қорытынды жасалады. Практикалық және семинар сабақтарында бұрын-соңды баспа бетінде жарық көрген қазақ тілі грамматикалары мен қазақ тілі оқулықтарына талдау жасалады. Теориялық тақырыпқа реферат жазу, баяндамалар дайындау, хабарламалар жасау сияқты жұмыс түрлері орындалады.
СМК ЖГУ П/УМКД.09-2015 Ф.4.09-25
Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыздандыруларының картасы
Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы
Әдебиеттің түрі | № | Шифр | Әдебиеттің аты | Бары | Ескерту | ||
Кітапханада және кафедрада | Қамтамасыз етілу % | ||||||
Негізгі | Ш163.24 Ж86 Жұбанов, Қ. | Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер [Мәтін] / Қ. Жұбанов.- Павлодар: С. Торайғыров ат. ПМУ, 2010.- 256б.- ( | |||||
Ш163.24-2я73 И83 | Исаев, С. Қазіргіқазақ тіліндегі негізгі грамматикалық ұғымдар[Мәтін]: Оқулық / С. Исаев; бас ред. Арын Е. М., құр. жауапты ред. Құдабаев А. Ж.- Павлодар: С. Торайғыров ат. ПМУ, 2010.- 180бет. | ||||||
Ш163.24 М18 | Маманов, И. Қазіргі қазақ тілі [Мәтін] / И. Маманов; бас ред. Арын Е. М., құр. жауапты ред. Құдабаев А. Ж.- Павлодар: С. Торайғыров ат. ПМУ, 2010.- 184б.- | ||||||
Ж63.24-3 Қ17 | Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. Алматы, 2010. – 608 б. | ||||||
О 63.24я7 058 | Оралбай Н. Қазақ тілінің сөзжасамы. -Алматы, 2002. | ||||||
Ш163.24-2 Х24 | Хасенова, А. Етiстiктiң лексика-грамматикалық сипаты [Мәтін] / А Хасенова; бас ред. Арын Е. М., құр. жауапты ред. Құдабаев А. Ж.- Павлодар: С. Торайғыров ат. ПМУ, 2010.- 350бет.- | ||||||
Қосымша | Ш163.24-21 Ы88 | Ысқақов, А. Қазіргі қазақ тілі [Мәтін] / А. Ысқақов; бас ред. Арын Е. М., құр. жауапты ред. Құдабаев А. Ж.- Павлодар: С. Торайғыров ат. ПМУ, 2010.- 458бет.- | |||||
Ш163.24-21я73 С94 | Сыздықова, Г. Қазіргі қазақ тілі морфологиясы [Мәтін]: Оқулық / Г. Сыздықова.- Алматы: Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындарының қауымдастығы, 2012.- 160бет. | ||||||
О 163 24-3 Қ17 | Н.Оралбай. Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы. 2007. | ||||||
Ш163 24я20 Қ17 | Қазақ тілі: Энциклопедия | ||||||
Қ163 24-3 С14 | Б.Қасым. Сөзжасам: сематика, уөждеме А-2003. | ||||||
Электрондық | Ш10я73 М12Мажитаева, Ш. | Тіл біліміне кіріспе [Электрондық ресурс]: Электрондық оқу құралы / Ш. Мажитаева, Ш.Ш. Жалмаханов, С.Ж. Шахина.- Караганда, 2005.- 1опт. диск. | |||||
Ш163.24 С22 С | Сарбасова, Қ.Б. Қазақ тіл білімінің кошбасшысы [Электрондық ресурс] / Қ.Б. Сарбасова.- Талдықорған, 2013.- 1 электр. опт. диск. | ||||||
Ш163.24я73 М12 | Мажитаева, Ш. Қазақ және орыс тілдерінің салыстырмалы грамматикасы [Электрондық ресурс]: Электрондық оқу құралы / Ш. Мажитаева, К.М. Головкина.- Қарағанды, 2013. | ||||||