Азіргі жағдайда оқушының танымдық әрекетін белсендірудің әдіс-тәсілдері
Мақсаты: оқушылардың танымдық белсенділігін және іскерлік әрекетінің білім жүйесіндегі орны мен мәнін анықтау, қазіргі мектептегі оқытудың жаңа әдістері.
Міндеті: а)"Оқыту процесіндегі оқушылардың танымдық белсенділігі, іскерлік әрекетің ұғымдарының мәнін ашу;
ә)оқушылардың мектептегі танымдық әрекетке апаратын әртүрлі тәсілдерге шолу;
б)жаңашыл-педагогтардың тәжірибесіндегі оқытудың жаңа идеяларын сипаттау.
Жоспар
1.Танымдық белсенділіктің мәні.
2.Оқушылардың танымдық әрекетіндегі белсенділіктері.
3.Танымдық қызығушылықтардың қалыптасуы.
4.Жаңашыл-педагогтардың оқыту барысындағы әрекеті.
Негізгі ұғымдар: таным, іс-әрекет, танымдық әрекет, танымдық белсенділік, танымдық әрекеттің белсенділігін мотивтендіру, алгоритмдеу, компьтерлеу, дифференциал-дау, проблема қойып оқыту, жоспарлап оқыту.
Пәнаралық байланыс: білім және ғылым философиясы, психология, педагогика тарихы.
Танымдық белсенділіктің мәні. XX ғасырдың 70-80 жылдарында оқыту процесін белсендіруге бағытталған, оның балаға арналғаны, оқушының оқытудың белсенді субъектісіне айналуына бағытталған әдістемелік зерттеулердің көлемі көбейді. Оқыту процесіндегі радикалды өзгерістердің қоғамдық және педагогикалық сананың қалыптасуына Ж. Пиаже (Швейцария), Б.Блюм, Д.Ж. Бруннер, Ж. Ганье, С. Эриксонның (АҚШ) еңбектері куә. Ж. Пиаженің айтуынша, мектептер "жаңаша ойлайтын қабілетті адамдар дайындау керек; тек өткен ұрпақтың істегенін ғана қайталамау керек, шығармашылық және ойлап тапқыш адамды әзірлеу керек". Белсенділік деген (интенсивтендіру, шығымдық) оқушының іс-әрекеті мен пәнімен "қосылғандағы" дәрежесін анықтайды. Оқушылардың белсенділіктің дағды-біліктерін меңгеруі.
Белсенділік-бұл оқытушының белгілі мақсатқа ұмтылған әрекеті, мазмұнды, көлемді оқу қолданылатын және қызығушылығын тудыратын, белсенділігін арттыратын,
шығармашылықты арттыратын, білімді меңгерудегі оқушының өзіндік үйренуі, дағды мен шеберліктің қалыптасуы оларды тәжірибеде қолдануға бағытталған. Бұл ой еңбегінің құлдырау және тоқтап қалудан сақтайтын, жігерлі, мақсатты бағытталған жүйе.
Белсенділіктің негізгі мақсаты-оқушылардың белсенділігін қалыптастыру, оқу-тәрбиенің саласын көтеру. Қазіргі кезде танымдық белсенділіктің мәнін ұғындыратын екі әдіс анық белгілі болып отыр. Бір зерттеушілер танымдық белсенділікті әрекет ретінде қарайды, ал біреулер - сапа, жекелік білім деп ұғады. Берілген мәселеге "танымдық әрекет" және "танымдық белсенділік" ұғымдарының енуі тек әрекетті бірлікте қарайтын болсақ онда бұл жағдайда мәселе өзінен өзі шешілетін сияқты, себебі оқушылардың кез-келген әрекеті ойламды шешімді болуы керек.
Оқушылардың оқыту белсенділж мәселесі - терең педагогикалық зерттеулердің пәні. Бұны өңдеуге М.А. Данилов, Р.Г. Лемберг, И.Я. Лернер, М.И. Махмутов, М.Н. Скаткин, И.Ф. Харламов. Т.И. Шамова, Г.И. Щукина, А.Х. Аренова үлестерін қосты.
Оқытудың әдістемелік белсенді негізі болып. танымдық ілімі болып табылады. Танымдықтың мақсаты - жеке тұлғаның санасындағы белгілі нақтылығында. Тәжірибелік және рухани әрекетте жеке тұлға өзін қоршаған әлемге әсерін тигізе отырып, өзінің қажеттілігі мен мақсаттарына сәйкестендіріп оны өзгертеді және таниды. Бұл танымдық процестің ең жалпы үлгісі. Алайда, белсенді-танымдықтың ерекшелігінің мәні неде екенін түсіну үшін, субъектінің санасында танымдық нақты әлемнің көрінісінің екі деңгейінің барын (репродуктивті және продуктивті) бірінен-бірі танымдық процестің жүріп отыру айырмашылығы бар екенін атап кету керек.
Репродуктивті танымдық деңгейінде (оқыту материалы) сырт қабылдауға берліген -күйінше қабылданады. Кейбір зерттеушілер реподукцияны бір енжар нәрсе сияқты қарайды, әрине ол шындыққа ұласпайды. Білім мен әрекеттің әдістерін меңгеруде оқушылардың мақсатты бағытталған әрекеті, оқушылар жағынан әр уақытта белсенді болып келеді, тек бұл белсенділіктің деңгейі әртүрлі болады. Сонымен бірге әрекеттің басқа элеменітері болуы мүмкін ( Т И. Шамова). Дидактикалық көзқараста бұл әрекет
бұрынғы өтілген материалдың бірнеше рет қайталануы, әртүрлі жаттығулар мен тапсырмалар орындау арқылы іске асады. Танымдықтың жоғары деңгейі - бұл продуктивті, белсенді танымдық. Бұған тән ең алдымен, оқушының оқыту материалына деген өзгешілік қатынасы. Осының барысында, тек қана оқыту ықпалы өзгермейді, сонымен бірге, оқыту мақсатына субъект-оқушы да өзгереді. Белсенді танымдық кезіңде оқушы оқып-үйреніп жатқан материалдың мазмұнына жаңа сұрақтар қояды, оның мәселесін қалыптастырады, оны шешуге жаңа әдістер іздейді. Таным оқушылардың құбылыстар туралы терең білуге ғана емес, оны ерекше ұғынуға, меңгеріп жатқан білімге және танымдық процеске қатынасына бағытталған. Белсенді танымдық әрекетке, яғни, тек білімді, білік пен дағдыны меңгеру қалыптаспайды, сонымен бірге танымның нәтижесі мен құнды қатынастар пайда болады.
Танымдық белсенділік жеке тұлғаның әрекетінде қалыптасады. Бұл ұғымдардың арасындағы қарым-қатынасты шамалы тура келгендік қатынас деп білуге болады. Бұл танымдық белсенділік оқытудың интенсивтендіруі мен мәнін белгілейді. Бұл танымдық әрекетте қалыптасып анықталады, бірақ бұл құбылыстар (ұғымдар) ұқсас деген нәрсе емес. Танымдық белсенділіктің құрылымында жеке тұлғаның сапасы ретінде келесі компоненттер ерекшеленеді: оқу тапсырмаларын дайындауға әзірлік; өзіндік әрекетке ұмтылыс; тапсырма орындаудағы саналылық; оқытудың жүйелілігі; жекелік деңгейді көтеруге ұмтылыс т.б.
Оқушыларды оқыту мотивациясының тағы бір маңызды жағы белсенділікпен байланыста болады-бұл дербестік, оқыту анықтамасымен байланысқан, әрекет құралдары, үлкендердің және мұғалімнің көмегінсіз оқушылардың өздерінің іске араласуы. Танымдық белсенділік пен оқушылардың дербестігі ажырамайтын зат: белсенді оқушылар, әдеттегідей көбіне дербес; оқушының жеткіліксіз жекелік белсенділігі оны басқалардан бірте-бірте дербестіктен айыралы.
Оқушылардың танымдық әрекетінің белсенділігі.Танымдық әрекеттің белсенділігін оқытудағы құралдары мен әрекеттерін табу мәселесі ғасырлар бойына жалғасады.
Жастарды тәрбиелеуде ежелгі грек философы Сократ эвристикалық әңгімені пайдаланған. ХVІІ-ХІХ ғасырдың педагогтары Я.А. Коменский, И.Г. Песталоцци, Ж.Ж. Руссо, А. Дистерверг, К.Д. Ушинский және т.б. оқытушының негізгі жұмысы - оқушыларды өзінше ойлау, зерттеу іздеістеріне бейімдеу деп санаған. Олар дамып келе жатқан оқытудың дидактикасын жасаған. А. Дистерверг былай деп жазған "нашар мұғалім шындықты хабарлап қояды, ал жақсы мұғалім оны табуға үйретеді".
Қазақтың ағартушылары Абай Құнанбаев, Ы. Алтынсарин қоғамдық қайраткер және педагогтар А. Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж. Аймауытов өздерінің еңбектері мен тәжірибелік әрекеттерінде оқушыларды шығармашылықты дамытуға, ойларын жүйелеуге шақырған. Кеңес әдіскерлері мен психологтары Л.С. Выготский, Б.Г. Есипов, Л.В. Занков, В.В. Давыдов, Р.Г. Лемберг, И.Я. Лернер, М.Н. Скаткин дамып келе жатқан оқытудың тәжірибесі мен теориясына және оқушылардың танымдық әрекетінің белсенділігіне үлкен, зор үлестерін қосты.
Дәл қазіргі кезге білімнің кең көлемді қоры жиылған оқушылардың танымдық әрекетін белсендіру. Солардың ішінде ең маңыздысына тоқталайық.
1)Әрекеттік жақыңдасу оқушыларды танымдық әрекетке тәрбиелеу. Әрекеттік жуықтаудың негізінде әрекет теориясы жатады. Оның негізі: жеке тұлға әрекетте қалыптасады (бұл туралы Қытай даналығында былай делінген: "Маған айт - мен ұмытып қаламын; маған көрсет - мен есімде сақтаймын: маған өзіме жасауға бер - мен үйренемін"). Оқыту процесін ұйымдастыратын мұғалімдерге әркеттің құрылымын білу өте маңызды. Оның негізгі түрлері: мотиві, мақсаты, мәселелер, мазмұны, құралдары, әдіс-тәсілдері және қорытынды. Бұлай дегеніміз, мұғалім көптеген құралдар арқылы оқушының ойлау қабілеті, тәжірибелік шамасына әсер ету керек. Осы компоненттердің барлығын мұғаліммен бірге оқушы да меңгеруі керек.
Педагогтарға сонымен бірге оқушылар әрекеттерінің негізгі түрлерін білу керек: оқыту-танымдық, әлеуметтіқ, еңбек, ойын, талғамдық, денешынықтыру-сауықтыру. Әрекеттің барлық осы түрлері оқытушы мен оқушының өзара қатынасынан тұрады.
Әрекеттің бұл түрлерін өзара байланыстыру өте маңызды.
2)Гуманистік психология және педагогика ілімдеріндегі жеке-бағытталған жуықтау төменгі саладай қалыптасады (К. Роджерс):
-Индивид үнемі ауысып отыратын әлемнің ортасында өмір сүреді. Оған қоршаған әрекетгі қабылдаудың жеке әлемі өте маңызды; бұл жекелік әлем-әлі сырттан ешкім танып білмеген.
-Қоршаған әлемге адам жеке қабылдау және түсіну арқылы қатынас жасайды.
-Адам өзінше түсінуге және өзінше пайдалануға ұмтылады; өзіндік жетілдіруге ішкі қажеттілік қасиеті болады. Жеке тұлғаның дамуы үшін қажет өзара түсіністік, тек қарым-қатынас жасау қорытындысында ғана толық жетеді.
-Өзіндік жетілу, даму-ол қоршаған ортамен, басқа адамдар байланыста болады. Адамға тура және жасырын байланыстар нәтижесінде пайда болатын, оның өзіндік түсінігін шығаратын сырт көздің берген бағасы өте маңызды, оқушының өзіндік толымдық әрекетінде мұғалім жеке бағытта оқыту жағдайында ең зор ұйымдастырушы-нұсқалық жоспарлар, дифференциалды әдістер, шығармашылық үй тапсырмалары, сабақтан тыс оқушы әрекетін ұйымдастыру арқылы жоғарғы сапаға жетеді. Жоспарлау мен бірге педагогика әдістері кіреді.
3)Оқыту процесіне деген зерттеушілік өткендегі іс-әрекетпен байланысты. Атап айтқанда өзіндік танымдық оқушының әрекетін қамтамасыз етеді, ойлау қабілетін дамытады, өзіндік білім алуға дайындайды. Оқушыларды зерттеу үшін әртүрлі іздену әдістері қолданылады (эврика-іздену): ізденіс әңгімелер, өзіндік шешім (мұғалімнің басқаруымен) ережелер, формулалар, түсініктер, стандарт емес есептердің шығарылуы, лабораториялық және тәжірибелік жұмыстар, бақылаулар. Мектеп тәжірибесінде жеке және ұжымды түрде оқыту жұмысының топтық ізденіс түрлері, әдісі.
Мәселелеп оқыту (проблема қою) - ізденіс танымдық әрекеттің негізгі құралы. Мәселелеп оқытудың қайнар көзін Сократтың ізденіс әңгімелерінен көруге болады, бұл жерде ол сұрақ қою және әңгімені қисынды құрастыру арқылы өзінің оқушыларын қарама-қайшылыққа, әрі қарай тиісті қорытынды жасауға жетектейді.
Қазіргі кездегі ізденіс ойлау құралдары бойынша педагог пен психологтардың зерттеулері (Ю.Н. Кулюткин). мәселелеп оқытуда (И.Я. Лернер, М.И. Махмутов. В.Н. Максимова, В. Оконь т.б.) оқушылардын ізденіс зерттеу есептерін шешуде танымдық әрекеттері басқаша екенін көрсетеді. Ізденіс әрекеті бірқалылты жүріп отырады, кей жерде айқын көрінеді (О.К. Тихомиров). Бүкіл мәселелеп оқытудың мәні ерекше жағдай оқу процесінде пайда болады, оқушы белгілі шешімге келе алмай, не болмаса қатыса алмайды. Мәселелі жағдайда оқушының білімі мен алдына қойған міндеті арасында қарама-қайшылық туындайды. Мәселелеп оқыту алгоритм мәселені қою және сезіну, жеке шығару, одан әрі қарай мәселені шешудің дүрыстығын тексеруден түрады. Бұл кезде ізденіс әңгімелері, дискуссия (пікір-талас), мәселелі мазмұндамалар т.б. пайдалынылады.
4)Оқыту алгоритмі белгілі бір түрдегі есепті шығаруда қатаң ережелердің қажеттілігін бекітеді. Оқыту процесі ауыр да сенімсіз болды, егерде типтік есептерді шығаруда оқушы жаңа жолдар іздеп, оқушы математикалық есептерді толық сандармен, бөлшектермен шығаруда белгілі бір ережеге сүйенетін, сол сияқты тілді меңгеруде. Алгоритмсіз адам қарапайым автоматтар мен техникалық құралдарды да пайдалана алмайды (компас, телефон т.б.). Алгоритмдеу программалап оқытумен тығыз байланысты, оның мәні нақгы хабарламаның таңдауынан тұрады, ал оқушыға аз мөлшерде беріліп отырылады. Қадам қозғалысы шегінде кері байланыс орныққанын бірден көруге, түсінікті ме түсініксіз бе, меңгерілді ме, меңгерілмеді ме, есеп шығарылды ма, шығарылмады ма. Программалап оқытудың талассыз ерекшеліктеріне қарамастан бұл жуықтауды жалғыз және көп салалы деп қабылдауға болмайды. Егерде оқушы сабақтан сабаққа программаланған оқулықтың мәтіні соңында үздіксіз жүріп отырса, егерде ол оқыту машинасымен жұмыс істесе, онда программалап оқыту жағдайында оқушының бастамасы кеңейді.
5)Оқытуды компьютерлеу. Компьютер дегеніміз -маманның еңбегінің нәтижесін сапалы өзгертіп отыратын құрал. Адамның танымдылығының құралы ретінде ЭВМ- ның қолданылуы,
білімнің пайдалану мүмкіндіктерін көбейтеді, ойлау әрекетінің жаңа формаларын дамытуға жағдай жасайды, оқыту сапасын арттырады.
Бірінші сатыда компьютер оқу әркетінің пәні болып табылады, оның меңгере отырып, оқушылар осы машинаның жұмысы туралы білім алады, дағды-білігіне үйренеді, оператор жұмысының дағдыларын меңгереді. Екінші сатыда компьютер оқу есептерін шығарудың құралына айналады. Компьютер оқытуда пайдаланатын қосымша техникалық құрылым ғана емес, сонымен бірге ол тиісті жоспарлауды қамтамасыз етеді. Бұл жерде мәселенің бір жағын - құрастыру және ЭВМ-ді қосуды коптеген қиыншылықтарды жеңе отырып - инженер орындайды, ал екіншісін - педагог; себебі ол есептеу машинасының жұмысына қонымды негізделеген дидактикаға сәйкес пен оқытудың адам әрекетін реттейді. Оқытуды жалпы компьютерлеу үшін алгоритмді ойлау қасиеттерін меңгеру керек.
Компьютердің келесі бір қиындығы оның құрамы дидактикалық жүйеден басқалармен қатар тұрғандығында (мақсаттары, мазмұны, әдістері, оқушы мен мұғалімнің әрекет тәсілдері). Бұлар өзара тығыз байланыста, біреуіндегі артынан екіншісі жетектейді. Сол себепті мектеп сыныптары мен жоғары оқу орындарындағы есептеу машиналарының орнығуы компьютерлеудің соңын емес, басталуын көрсетеді, яғни оқыту технологиясының жүйелігін. Гигиеналық нормаларды сақтамаудың компьютермен жұмыс істеу барысында оқушының денсаулығына үлкен зардабын тигізетінін де естен шығармау керек. Сонымен бірге компьютермен жұмыс оқушы мен мұғалімнің қарым-қатынасының орнын толықтыра алмайды.
6)Қазіргі мектепте дифференциалдап оқыту кең көлемде қолданылады (И.Э. Унт, Е.А. Рабуньский т.б). Бұл жерде маңызды жуықтау аясы оқушылардың әртүрлі білімінің дамуының көкейкесті деңгейіне сүйену, сонымеи бірге жақындап дамудың шекарасы біртіндеп әрқайсысын білімді меңгерудің жаңа әдістеріне көшіріп отыру. Бұл жуықтаудың қиыншылығы - білім бағдарламасын, дағды мен білікті, пәндік жүйеде әрқайсысы меңгеру керек. Бұл меңгерудің деңгейі әртүрлі дәрежедегі оқушылар үшін жоғары болу керек. Ешқандай есту, көру, сөйлеу
және қабылдау кемістігі жоқ әрбір оқушыға бұл жуықтаудың көмегі, ол яғни барлық нақты танымдық әрекеттің жоғары деңгейдегі мүмкіндіктеріне иегер бола алады деген сөз. Қазіргі мектептерде, оқушылардың әртүрлі дәрежесіне бағытталған оқыту тапсырмаларын дифференциалдап, оқыту жағдайында не мұғалім бере алады, не болмаса оқушылардың өздері таңдауларына болады. Егерде оқушы өзі таңцап алған болса тапсырманы, онда мұғалімге оны алдағы қателіктерден сақтандыру, сонымен бірге оның мүмкіндігіне қарай есеп шығаруды тапсыра алады және де оқушының осыған деген құштарлығының деңгейін анықгай алады. Бірақ та дифференциалдап оқыту жуықтау бола алмайды, себебі оку процесі оқытудың басқа да маңызды, оқушылардың дамуына бағалы да мәнді екені белгілі. Сонымен барлық дәрежедегі сыныптағы оқушылардың жеке мүмкіндіктерінің қаншалықты екенін көрсете алатын маңызды құрал. Бұл жерде окушыға басқалардың еңбегінің нәтижесін көрсететін және жеке қабілеті мен білімнің деңгейін танытатын кері байланыс та іс жүзіне асырылады.
7)Оқушылардың белсенділіктерінің бір бағыты болып ұжымдық танымдық әрекет болып саналады (М.Д. Виноградов, Н.С. Дежников, И.Б. Первин, Х.И. Лийметс, Г. Кусайнов, Н.Н. Хан т.б.) педагогикалық әдебиеттерінде қарым-қатынас мәселесі, оқу процесіне қатысушылардың өзара қатынасы айқын баяндалған. Оқушылардың ұжымдық танымдық әрекеті дегеніміз-бұл оқушылардың біріккен әрекеті, оқушылар ортақ тапсырма орындауда өз істерін үйлестіріп, жұмысты өзара бөліп, әркімнің міндетін мұғалім ұйымдастырып беретін, яғни іскерлік тәуелділік жағдай пайда болады, білімді меңгеруде өзара қарым-қатынас ұйымдастырылады, аса бағалы тәжірибе алмасу жүреді (Н.Н. Хан) ұжымның танымдық әрекеті сабақта да сабақтан тыс уақытта да педагогикалық процессте жүріп отырады. Ұжымдық танымдық әрекетті ұйымдастыру мұғалімнен тек теориялық және әдістемелік дайындықты қажет етпейді, сонымен бірге сынып белсенділерімен маңызды жұмыс жүргізуді талап етеді (ассистенттер, консультанттар, кітапханашылар т.б.). Сонымен, қазіргі дидактика, ізденіс және әртүрлі жуықтауларды шешудегі оқыту процесінің сан қырлы мүмкіндіктерін ашады.
Танымдық қызығушылықтың қалыптасуы. Қызығушылық (латынша interest-мәні бар, маңызды)- адам ерекше сезінетін қимылдың нақты себебі. Қызығушылықты жеке тұлғаның өз әрекетіне бағалық қатынасы деп анықтауға болады. Оқушының танымдық қызығушылығы - танымдық саласына қатынасынан пайда болады. Оқуға, білуге деген қызығушылық танымдық белсенділіктің қозғаушысы екені белгілі. Л.С. Выготский былай деген: "Ең алдымен баланы бір әрекетке тарту үшін, сен оны қызықтыр, оның бұл әрекетке дайын екенін білу үшін қамқорлық жаса, осыны іске асыру үшін барлық күшін, салатынын және бала өзі қимылдайтынын, ал оқытушы болса тек сол әрекетті басқарып, бағыттап отыруы керек. Оқушылардың танымдық қызығушылығы олардың білім сапасы мен даму деңгейіне байланысты, ойлау әрекетінің әдістерінің қалыптасуына тәуелді".
Танымдық ынта-ықыластардың қалыптасуы. Ынта-ықылас (интерес)-(лат. interest — мағынасы болу, маңызды) -әрекеттің адам аса маңызды деп түсінетін шынайы себебі. Ынта-ықыласқа субъектінің өз іс-әрекетіне дұрыс баға беру қатынасы деген анықтама беруге болады. Танымдық ынта-ықылас оқушының таным объектісіне деген эмоционалды қатынасында көрінеді. Оқуға деген ынта-ықыластың танымдық белсенділіктің қозғаушысы екені белгілі. "Баланы қандай да бір іс-әрекетке шақырғың келсе, ең алдымен, оны қызықтыру керек, оның осы іс-әрекетке әзір екенін; осы іс-әрекет үшін қажетті барлық күш-жігерінің жиналғанын; баланың өз бетінше әрекет ететінін, мұғалім тек оның іс-әрекетін басқарып, бағыттайтын болады, осының бәрін анықтап алу керек" (Л.С. Выготский).
Оқушылардың танымдық ынта-ықыластары олардың білімінің деңгейі мен сапасына, ойлау іс-әрекеті әдіс-тәсілдерінің қалыптасуына байланысты. Оқушылардың ынта-ықыласы олардың мұғалімге деген қатынасына да байланысты. Жақсы көрген және сыйлайтын мұғалімдерде оқушылар ынта-ықыласымен оқиды. Танымдық ынта-ықылас балалық әуесқойлықтан басталады, алайда ол тез арада жарқ етеді де, солайша кенеттен сөніп қалады. Терең білім беруді бұндай әуесқойлық негізінде ұйымдастыруға болмайды. Баланың әуестігін ояту үшін тартымды бастау, әсерлі
сюжет, оқиғаның күтпеген арнаға түсуі, мәселелік жағдай сияқты тәсілдер қолдану ұсынылады.
Танымдық іс-әрекетке деген ынта-ықыласты оятуда келесі қызметтердің маңызы зор: оқудағы жетістікті қамтамасыз ету: оқушылардың артта қалуының алдын алу: "қауіп-қатер балаларының" диагностикасы; үлгермеушілікті болдырмау: оқу материалының мазмұны (тарихи сапарлар, өмір тәжірибесінен мысалдар, мемлекет стандарт шегінен асу, т.б.); білім берудің әртүрлі формалары мен әдістері, жаңа педагогикалық технологияларды қолдану: мұғалімнің оқушыларға қатынасы; балалар ұжымының қоғамдық пікірі; ақыл-ой қабілеттілігі мен жалпы оқу біліктерін дамыту. Олардың кейбіреуін нақтырақ қарастырайық. а)Оқудағы жетістікті қамтамасыз ету. Жетістік — адамның белсенді іс-әрекетінің ең маңызды қозғаушы күші. Бұл психологиялық феномен балалық және жасөспірім шақта-басқа себеп-сылтаулар мен ынталандырушылары әлі тұрақсыз немесе тиянақсыз болғанда ерекше көрініс табады. Үлгерімі нашар, өз қатарынан артта қалған баланың оқуға деген ынта-ықыласы тез жойылады, оның сабақтағы таньтмдық белсенділігі төмендеп кетеді.
ә)Оқушылардың артта қалуының алдын алу-, қиыншылықтарға тап болғандардың бәріне көрсетілетін әртүрлі көмек-оқу процесінің нәтижелілігін арттырудың айқын бағыты. Қазіргі мектеп үлгерімі нашар оқушыларға көмектесуде жеке-жеке шараларды қолданудан гөрі барлық оқушылардың оқудағы, танымдық белсенділігінің шарты ретіндегі жетістіктерін қамтамасыз ететін тұтастай бір жүйе қалыптастырады.
б) "Қауіп-қатер балаларының" диагностикасы және олардың оқудағы қиыншылықтарын болдырмау. Ұзақ уақыт бойы оқу процесі балалардың екі категориясының есебінде құралып келген, бірінші категогрия — "қалыпты балалар" категориясы, яғни баланың дамуы өз жасына сәйкес; және аномалды балалар - дене және психологиялық дамуында айқын ауытқулары бар балалар. Соңғы он жылдардағы ғылыми зерттеулер балалардың осы екі категориясы арасында аралық буын бар екенін дәлелделі осы аралық буынға оқудағы қиыншылықтары және мінез-құлығындағы ауытқулары бар балалар жатады оларды көбінесе "қауіп-қатер балалары" деп атайды.
Олардың бойында дене және психологиялық дамуында көзге көрінетін аномалиялары жоқ. Алайда жағымсыз жанұялық және әлеуметтік жағдайлар салдарынан бұл балалардың. мектеп жасына жеткен кезде, мектепте жақсы оқу үшін қажетті қасиеттері мен дағдылары жоқ. Денсаулығының әлсіздігі, жұмыс қабілетінің төмен болуы, өз құрдастарынан психикалық дамуы жағынан артта қалуы қауіп-қатер факторы, үлгермеушілік, мектепке үйрене алмаушылық, тәртібінің нашарлығының себептері болып табылады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша "қауіп-қатер балаларың бастауыш мектеп оқушыларының 20%-ға жуығын құрайды.
"Қауіп-қатер балаларымен" жұмыс кезінде баланың даралық ерекшеліктерін ескеретін әртүрлі әдістер қолданылады. Осы әдіс негізінде бірнеше негізгі принциптер жатыр: баланың дамуындағы мықты деген жақтарына сүйену; мақсатты және оқушының оны орындай алуын нақты анықтау; үздіксіз кері байланыспен қамтамасыз ету; баланың жеткен нәтижелерін ғана емес, сондай-ақ оның оларға жетуге деген талпынысы мен ықыласына әрдайым оң баға беру. Осы принциптердің жиынтығы оқушыға жетістік атмосферасы мен жетістік сезімін кешуді қамтамасыз ету керек, ал ол себеп-сылтау өрісін жоқ қылатын жетіссіздікке бой үру қаупі бар баланың танымдық белсенділігінің басты шарты болып табылады.
в)"Жасырын үлгермеушілікті" жеңу. Танымдық белсенділік тек сабақта артта қалған оқушыларда ғана төмендемейді. Ол дарынды балаларда да төмендеуі мүмкін, етер мұғалімнің сабақ беру деңгейі олардың қабілеттілігі мен қажеттіліктерінен төмен болса. Мұндай жағдайда "жасырын үлгермеушілік" феномені пайда болады, яғни қабілетті баланың оқу нәтижелерінің оның мүмкіндіктерімен сәйкес келмеуі.
Көптеген зерттеулер дарындылық ұғымын кеңейтеді, оның "ақыл-ой күші", "ой өрісінің жоғары көрсеткіші" сияқты бірбеткей түсіндірмесінен әлдеқайда алшақтатып жібереді. Дарындылық ынта-ықыластың тұрақтылығы, мақсаттылық өз күшіне деген сенім сияқты даралықтың, жеке тұлғалықтың көптеген сипаттамаларынан тұрады. Соңғы он жылда әртүрлі әдістердің көмегімен дарынды балаларды іздеу өрісі едәуір кеңейді.
Жекеменшік және арнайы мектептермен қоса жалпы мектептердегі дарынды балаларды табу мен оқытудың жүйесі қарқынды қалыптасып келе жатыр. Оның қалыптасуына үкімет заңдары, жарлықтары, мемлекеттің қаржылай көмегі де жағдай жасайды. Мысалы, 1998 жылдан бастап Қазақстанда "Дарын" Республикалық ғылыми-тәжірибелік Орталығы қызмет жасап жатыр, бұл Орталық дарынды балалармен жұмыс жүйесін қарастырады.
г)Кәсіптік оқыту, көбінесе, кәсіптік бөліну негізінде білім берудің жоғары сатысында жүргізіледі. Кәсіптік оқыту келесі формаларда жүзеге асырылуы мүмкін: кәсіптік білім беру мекемелері, сыныптары, топтары.
Кәсіптік оқыту (жаратылыс ғылымдары, гуманитарлық-филологиялық, әлеуметтік-экономикалық, физика-математикалық, көркемдік-эстетикалық, т.б.) окушылардың ынта-ықьіластары мен қабілеттілігін, сондай-ақ, білім беру мекемесінің педагогикалық ұжымының мүмкіндіктерін, жергілікті білім беру жүйесінің құрылымын және әлеуметтік ортаның ерекшеліктерін есепке ала отырып жүргізіледі. Мектептің жоғары сатысының кәсіптік сипаты білім берудің мемелекеттік стандартының негізінде лайықты бағдарламалар, соның ішінде даралық бағдарламалармен жүзеге асырылады.
Жаңашыл педагогтар тәжірибесіндегі оқу іс-әрекетін белсендіру. Білім берудің қазіргі заманға сай әдістемелерін талдайтын болсақ, олардың бәрін, қазіргі қоғамның аса маңызды қажеттіліктеріне жауап беретін, өсіп келе жатқан адамның дамуы мен тәрбиесі идеясы біріктіріп тұрғанын анықтау қиын емес. Олардың бәрі оқушыны танымдық іс-әрекеттің және өзіндік дамудың субъектісі ретінде қалыптастыра алады. Өзінің себеп-сылтауларымен, ынтасымен, қажеттіліктері мен мақсат-мүдделерімен, жан-жақты негізді білімдарлыққа деген талпынысы мен мүмкіңдіктерімен қалыптасып келе жаткдн жеке тұлға қазіргі дидактиканың орталығына айналады. Оқу мақсаты — адамның білім қазынасын көбейту ғана емес, тіптен адам өзінің аман-есен өмір сүруі үшін сол білімдерді пайдалана алуы да емес. Баланы өз заманына сай, айтарлықтай шығармашылық потенциалы бар жеке тұлғаны қалыптастыру үшін оқыту керек, ондай жеке тұлға үшін ғылым, білім, эрудиция қоғамдық құңдылықтарды жасау арқылы
қоршаған болмысты түрлендіріп, өмір мен басқа ортаны жақсартудың құралы болып табылады. Ақиқат пен жақсылыққа деген ынтасын ояту, оқушыны-біздің шәкіртімізді ақиқатқа жету тәсілдерімен, құнды біліктермен қаруландыру, іс-әрекеті мен көзқарастары арқылы дүние мен адамдарға деген өзінің өнегелілік қатынасын білдіре алу-оқушыға білім беру, дамыту және тәрбиелеу бір арнаға бағытталып жатқан қазіргі заманғы оқыту процесінің мәні, міне, осында. Ең бастысы, қазіргі қоғамға өз пікіріне берік, жаңа қоғамдық қатынасты дамытушы керек. Идеялық-өнегелілік қоғамдық бағыттылық оның ниетін, ынтасын, өмірлік жоспарын белгілеуі керек. Оқытудың әлеуметтік мақсаттары ағартушылық, дамытушылық және тәрбие іс-әрекеті арқылы жүзеге асады.
Жоғарыда аталып өткеннің бәрі ТМД-ның жаңашыл педагогтарының, шебер мұғалімдердің тәжірибесінде көрініс тапқан (Ш.А. Амонашвили, С.Н. Лысенкова, И.П. Волков, б.Ф. Шаталов, Қ. Битибаева, К. Нургалиев, Р.Б. Нуртазина, А. Искаков, т.б.) . Олардың жаңашыл ізденістері Кеңес Үкіметі кезінде-ақ басталған. Қазіргі уақытта мұғалімнің таңдау мүмкіндігі бар кезде педагогтар шығармашылығы кең өріс алуда. Бірақ, өткен жылдардың жаңашыл педагогтарының идеялары мен технологиялары әлі де өз күшін жойған жоқ.
Әрбір жаңашыл педагогтің тәжірибесі бірегей болса да, олардың ортақ идеялары да бар, олар:
-балаларға деген адамгершілікті қатынас, әрбір оқушыны жеке тұлға деп санау;
-оқушының ішкі жан дүниесін, оның мақсат-мүддесін, ынтасын, қабілеттілігін, жанұя өмірінің жағдайларын тани білу;
-оқушылармен қарым-қатынасты дұрыс құра білу, оларды оқу-тәрбиелеу процесінің әріптесі қылу, баланың, тілегі мен ынта-ықыласын есепке ала отырып танымдық іс-әрекетке араластыру;
-оқушыларға қиынырақ мақсаттар қоя білу және оқушылардың сол мақсаттарға жете алу сенімін нығайту;
-балалар ұжымына сүйену: сабақ-ұжымдық еңбек, мұғалім мен балалардың ұжымдық шығармашылығы;
-оқушыларға, мүмкін болған кезде, тапсырмаларды еркін таңдау қүқығын бере алу;
-бағдарламалық материалды ірі блоктарға біріктіру және тірек-сүйеніштерді пайдалану (тірек шаралар, сызбалар, кестелер, т.б.);
-оқушыларға ұжымдық және даралық өзін өзі тани білу;
-оқушыларды ұжымдық, қоғамдық шығармашылыққа үйрету.
Жаңашыл педагогтардың осы идеяларын ынтымақгастық педагогикасында бірікгіруге болады. Алайда, ынтымақтастық идеясы жай сөз ретінде қалмас үшін оған әдісті қосу керек. Балалармен ынтымақтастықты жаңа тоқсанннан бастап жариялауға немесе енгізуге болмайды, оған жылдарлап жету керек. Ынтымақтастық педагогикасы балалармен қарым-қатынас кезінде оларға деген қатынастың өзгеруінен пайда болады.
Жаңашыл педагогтар мен шебер ұстаздар тәжірибесінде оқытудың негізгі формасы-сабаққа ерекше көңіл бөлінеді. Ол айтарлықтай өзгерген және мектептің балалардың дербестігін, шығармашылық белсенділігін дамытуға деген бағыттылығына негізделген жаңа формалармен толықтырылған. Сабақтың орнын сақтай отырып, қазіргі мектеп оған жаңа бағыт береді, оны басқа формалармен толықгырады, ол формаларда оқушы білімнің өз бетінше, дербес "табыскері" ретінде көрінеді.
Оқушылардың белсенділігін арттырудың жаңа формаларын епті пайдалана отырып, жаңашыл ұстаз жағдайдың белсендіру әсерін жүзеге асырады, онда оқушылар: өз пікірінде тұра алуы; пікірталастар мен талқылауларға қатысуы; өз жолдастарына және мұғаліміне сұрақ қоя алуы; жолдастарының жауаптарын түзету; жолдастарының жауаптары мен жазба жұмыстарын бағалай білу; артта қалған оқушыларды оқытуы; үлгерімі нашар оқушыларға түсініксіз жерлерді түсіндіруі; өз бетінше шамасы келетін тапсырмаларды таңдауы; танымдық міндетті (мәселені) шешудің бірнеше түрін табуы; өзін өзі тексеру үшін, өзіндік танымдық және тәжірибелік әрекеттерін талдау үшін жағдайлар ойластыруы; танымдық міндеттерді шешімнің өзіне белгілі тәсілдерін жинақтап қолдануы.
Жаңашыл педагогтар мен шебер ұстаздар тәжірибесінде оқыту әдістері өзгеріп отырады. Ұзақ уақыт бойында мектеп әдістерінің алуан түрін жинақтаған, олар оқыту процесінің елеулі бөлігі болып
табылады. Алайда олардың ара қатынасы, артықшылығы, нақты толысуы мектептің мақсаттық бағыттарына қарай өзгеріп отырады. Балалардың танымдық және шығармашылық белсенділігін дамытудың міндеттерін бірінші орынға қою дәстүрлі әдістерге елеулі өзгерістер енгізіп, жаңаларының пайда болуына жағдай жасайды.
Ауызша әдістер мектепте, бұрыннан-ақ, басты орын алып келеді. Мұғалім сөзі, оқулықтар - оқыту процесінің бұрыннан келе жатқан құралдары. Алайда, соңғы он жылда олар мәселелік сипатқа ие болып келеді. Мәселелік әдіс ақырындап оқулықтар мазмұнын өзгертіп келеді. Фактілерді эпикалық түрде баян етудің орнына оқу материалы көкейкесті ғылыми және әлеуметтік мәселелер төңірегінде топтастырылады, оларды шешудің әртүрлі теориялық әдістері ұсынылып, оқушылар үшін мәселелік міндеттер мен сұрақтар тұжырымдалады. Оқулықтар құрылымындағы, мұғалімнің оқу материалын түсіндіруіндегі жүйелі мәселе қою әдісі оқыту процесінде басты орынға ие болып келеді.
Мәселелік әдіс дәстүрлі көрнекілік және техникалық құралдарда да қолданылады. Теле және бейнежазулар, кино және диафильмдер жағдайлар мен құбылыстардың жай ғана бейнеленуі емес. Олар оқушылардың жануарлар мен өсімдік әлемінің динамикасын, физикалық құбылыстардың пайда болуы мен барысын көріп, басқа елдердегі халықтардың өмірімен таныса алатындай етіп жасалған. Фильмдердегі текстер, мәселелік және пікірталас сұрақтары оқушылардың көңілін қарама-қайшылыққа, қоғамдық және табиғи феномендерді ғалымдардың әртүрлі талқылауларына аударады.
Оқу процесінің жаңаруы мектеп лабораторияларындағы оқушылар іс-әрекетінің орны мен мазмұнының өзгеруімен байланысты. 40-шы Дүниежүзілік коференция 1980 жылдары-ақ өзінің ұсыныстарында "оқушылардың ғылыми зерттеулер мен технологиялық даму процестеріне қатысу белсенділігін арттыратын лабораториялық, эксперименталды және тәжірибелік сабақтарды кеңінен өткізудің" қажеттілігін атап өткен. Көптеген батыс елдердің мектептерінде лабораториялық сабақтарға арналған уақыт екі есе көбейтілген, лабораториялық тапсырмалардың
мазмұны эвристикалық сипатқа ие болуда. Қатал ережеге негізделген тапсырмалар, көбінесе, оқушыдан шығармашылық әдіс пен өзіндік ойлауды керек ететін ізденіс міндеттерімен алмастырылады.
Оқушылардың өздік жұмысының, оқыту тәсілі ретінде, оқушылардың өздігінен білім алуға, жұмысты жоспарлаудың маңызды дағдыларын қалыптастыруға, оны ұйымдастыру мен өзін өзі бақылауға, ақпаратты талдау мен сараптауға, жалпы қорытынды жасауға, жұмысқа тиісті түзетулер енгізуге дайындығы үшін маңызы өте зор. Өздік жұмыстың дәстүрлі түрі-үй жұмысы, оны оқушы мұғалімнің көмегінсіз жасайды. Кейде тапсырма ерекше материал жинастырумен, сұрақ-жауап, бақылау жүргізумен байланысты болып келеді. Мұндай өздік жұмысты проект - жоба дейді. Оқушылар тобы немесе жеке оқушы жобаның тақырыбы мен міндеттерін анықтап, тек мектеп қабырғасында ғана емес, сондай-ақ мектептен тыс та жұмыс істей алады (мұрағаттарда, мұражайларда, қалалық кітапханада, мекемелерде т.б.). Жоба әдісі оқушыны оқу субъектісі етіп қана қоймай, оның қазіргі ақпараттар заманындағы өте маңызды әртүрлі каналдан келіп түскен ақпаратты жинастыру мен талдау дағдыларын қалыптастырады.
Танымдық және шығармашылық белсенділікті арттыру міндеті дидактикалық рөлдік ойындардың пайда болуына себеп болды. Эмоционалдық өріске бағытталған олар оқушылардың танымдық ынта-ықыласына, қиялына дем беріп, оқу процесінде аз қамтылатын жеке тұлғалық компоненттердің қызметін арттырады. Бүгінде батыс елдердің коммерциялық фирмалары әр жастағы оқушыларға арналған көптеген дидактикалық ойындар шығарады. Оларды барлық пән мұғалімдері қолданады, әсіресе тарих, қоғамтану, биология пәндері бойынша. Суреттермен, портреттермен, сызбалармен, текстермеп жұмыс істей отырып, оқушылар тарихи оқиғада қазіргі әлеуметтік құбылыста мектептің аса маңызды мәселесін шешуде "жеңіліске ұшырап қалуы" мүмкін. Рөлдік ойындар мен драматизация ынта-ықыласты оятатын мықты педагогикалық тәсіл ретінде қарастырылады. Ол мұғалім оқушыларға мәселені шешу, қарама-қайшылықтан шығу жолын
табу міндетін қойған кезде ерекше нәтижелі аяқталады.
Соңғы жылдары мектептерге жаңа техникалық құралдар кеңінен енгізілуде. Микроэлектроникаға негізделген бір беткей жаңа ақпарат тасушылардың пайда болуымен байланысты ақпарат революциясы соңғы он жыл ішінде мектептің дәстүрін айтарлықтай өзгертті. Болашақ білім беру көбінесе теледидар, аудио және бейне аппаратура, микрокомпьютер сияқты техникалық құралдар сияқты қазіргі заманғы ақпарат құралдарын ары қарай пайдаланумен байланысты.
Алайда қандай да керемет техника болмасын, ол мектептегі мұғалім орнын баса алмайды, бұл жағдай ең басты, ең маңызды болып қала береді. Оқушылардың танымдық белсенділігі, еңбірінші, сыныптағы мұғалімнің орнына, оның әрбір оқушының жақсы оқу қабілеттілігіне деген сеніміне, оқушылардың жетістіктерін әрдайым демеп отыруына байланысты. Нағыз мұғалімге мына қасиеттер тән: балаға деген сый мен сүйіспеншілік, оның мүмкіндігіне сенім, оқушының өрлеу, жетістік, өз күшіне сену сияқты сезімдері пайда болатын жағдайлар жасау. Микроэлектрлік техникамен органикалық байланыстағы адамгершілігі мол мұғалім оқу процесі мен мектептің бүкіл кейпін түбегейлі өзгерте алады. Мұндай жағдайдағы оқу бала үшін қиын емес, жаңаны тану, зерттелмегенді өз бетінше ашу, танымдық іс-әрекетінің жетістіктеріне жету қуанышына айналады.
Осылайша, жинақтау әдісі ғана оқушылардың танымдық іс әрекетін белсендірудің практикалық шешімі туралы айтуға мүмкіндік береді.