Пән бойынша СОӨЖ тапсырмасын орындау және тапсыру кестесі

Дәріс тақырыбының атауы Тақырып бойынша тапсырманың мазмұны Ұсынылатын әдебиеттер Өткізу нысаны Өткізу аптасы
Қылмыстық-атқару құқығы-ның түсінігі, пәні және курс жүйесі. Қылмыстық жазаны орындау аясындағы ҚР-ның мемлекеттік саясаты. Қылмыстық жазаларды орындау аясындағы заңдардың қысқаша тарихы және реформасы. ҚР Қылмыстық-атқару Кодексі. «Бас бостандығынан айыру мекемесінен боса-тылғандарды әкімшілік бақылауға алу» ҚР заңы.   Баяндама   1 апта  
1 сағат
ҚР қылмыстық-атқару заңда-ры: түсінігі, жүйесі. Сотталғандарды түзеу-де қолданатын жазаның орындалуын дифференция-лау және даралау.   «Әділет органдары» туралы ҚР заңы. «Бас бостандығынан айыру туралы жазаны тағайындаудың кейбір мәселелері» туралы ҚР Жоғарғы сотының нормативтік қаулысы.   Глоссарий құрастыру.   2-апта
1 сағат
Жазаны орындауды құқықтық реттеу және түзеу шараларын жүзеге асыру. Жазасын өтеп жатқан адамдардың құқықтық жағдайының түсінігі.   Рогов И.И. ҚР-ның қылмыстық саясатының кейбір аспектілері. «Қазақ-стандағы түрмеге қамау-дың альтернативалары» атты халықаралық конфе-ренцияның материалдары. Penal Reform International, 2000.   Реферат жазу   3 апта
1 сағат
Жазаны өтеуші тұлғалар-дың құқықтық жағдайы. Сотталғандардың құ-қықтық жағдайының ерек-шеліктері.   Селиверстов В.И. Қылмыстық-түзеу құқы-ғы: комментарийлер мен кестелер. М.Заңтану.2000     Баяндама   4-5 апта
2 сағат
Жазаны орындаушы мекемелер және органдар, олардың қызметтеріне бақылау жасау. Жазаны орындайтын мекемелер мен органдардың түрлері, олардың міндеттері.   Балтабаев Қ.Ж. Жазаның орындалуы: ҚР заңы және халықаралық нормалар. Алматы. Атамұра. 1999.   Баяндама     6-7 апта
2 сағат
Түзеу мекемелерінің түрлері: түзеу колониялары, тәрбиелік колониялары, түрмелер. Түзеу мекемелерінің түрлерін зерттеу. ҚР-ның қылмыстық-атқару кодексіне ком-ментарийлер. Алматы. Баспа.1999.   Ғылыми баяндама   8-9 апта
2 сағат
Қоғамнан оқшаулауға байланысты жазаның тәртібі мен жағдайлары. Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың жазасын өтеуінің шарттары.   Селиверстов В.И. Қылмыстық-түзеу құқы-ғы: комментарийлер мен кестелер. М.Заңтану. 2000.   Баяндама   10 апта
1 сағат
Жазаны өтеуден босату. Түзеу мекемелерінен босаған адамдарға көмек көрсету және оларға бақылау жасау. Жазадан босату жағдайлары. Әпенов С.М. Қыл-мыстық атқару құқығы. Чукмаитов Д.С. ҚР қылмыстық-атқару құқы-ғы. Қарағанды. 2011.   Ауызша   11-12 апта
2 сағат
Өлім жазасы түріндегі жазаның орындалуы. Өлім жазасы түріндегі жазаны орындауды құқықтық реттеу. Чукмаитов Д.С. Рецидивтік қылмысты ескерту жөніндегі қылмыстық жазаны қолдану. Алматы.Баспа. 1997.   Баяндама   13- апта
1 сағат
Қылмыс жасаған айып-тылар мен күдіктілерді қамауға алу. Қылмыс жасаған айыптылар мен күдіктілерді қамауға алу мәселелері. Қылмыстық атқару құқығы. Әпенов С.М. Ауызша 14-15 апта
  2 сағат        
  Барлығы 15 сағат      

Пән бойынша СӨЖ тапсырмасын орындау және тапсыру кестесі

Дәріс тақырыбының атауы Тақырып бойынша тапсырманың мазмұны Ұсынылатын әдебиеттер Өткізу нысаны Өткізу аптасы
 
Жазаны атқару мәселесі бойынша халықаралық тәжірибелер. Жазаны атқару мәселесі бойынша халықаралық тәжі-рибелердің ерекшеліктерін зерттеу. ҚР Қылмыстық-атқару Кодексі. «Бас бостандығынан айыру мекемесінен боса-тылғандарды әкімшілік бақылауға алу» ҚР заңы.   Баяндама   4 апта
Жазаны орындауды құқықтық реттеу және түзеу шараларын жасау. Жазасын өтеп жатқан адамдардың еңбегін құқықтық реттеу.   «Әділет органдары» туралы ҚР заңы. «Бас бостандығынан айыру туралы жазаны таға-йындаудың кейбір мәсе-лелері» туралы ҚР Жоғар-ғы сотының нормативтік қаулысы.   Реферат   8-апта
Қосымша жазалар. Қосымша жазаларды өтеудің құқықтық жағдайы. Рогов И.И. Қазақстан Республикасының қылмыстық саясатының кейбір аспектілері. «Қазақстандағы түрмеге қамаудың альтернативалары» атты халықаралық конференцияның материалдары. Penal Reform International, 2000.   Реферат жазу   12- апта
           

1 лекция.

ҚР Қылмыстық атқару құқығы құқық саласы ретінде.

Ылмыстық атқару құқығының түсінігі, пәні, мақсаты және жүйесі. 2. Қылмыстық атқару құқығының қағидалары. 3. ҚР қылмыстық атқару заңнамалары.

1. Қылмыстық-атқару құқығының түсінігі, пәні, мақсаты және жүйесі.

Қылмыстық жаза дегеніміз қылмыс жасаған кінәлі адамға сот үкімімен тағайындалатын қылмыстық заңмен бекітілген мемлекеттік күштеудің ерекше шарасы.
Сот қылмыстық жаза тағайындағанда заңда көрсетілген қылмыстық жаза мақсатына жету жолдарын қарастырады. Қылмыстық жаза мақсаты ҚР Қылмыстық кодексінің 38-бабында, ҚР Қылмыстық-атқару кодексінің 2-бабында көрсетілген. Қылмыстық жазаның мақсаты болып саналатындар:
- әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру;
- сотталғандарды түзеу;
- сотталғандардың жаңа қылмыстар жасауының алдын алу (арнайы алдын алу);
- өзге адамдардың жаңа қылмыстар жасауының алдын алу (жалпы алдын алу).
Сот тағайындаған қылмыстық жазаны орындаған кезде әр алуан қоғамдық қатынастар туындайды. Қылмыстық-атқару құқығы сол қоғамдық қатынастарды реттейді.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару құқығының өзіне тән пәні, әдістері мен тәсілдері және норма жүйесі бар болғандықтан бұл құқық саласы өз алдына дербес құқық саласы болып саналады.
ҚР-ның Қылмыстық-атқару құқығының өзіне тән пәні бар. Қылмыстық-атқару құқығының пәні осы құқық саласы қандай қоғамдық қатынастарды реттейді деген сұраққа жауап береді. Олай болса Қылмыстық-атқару құқығының пәні деп барлық қылмыстық жазалар түрлерін атқару кезінде пайда болатын және осы құқық саласының нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастарды айтамыз.
Қылмыстық-атқару құқығының пәні болып заң нормаларымен реттелетін қылмыстық жазаларды орындаушы мекемелер мен органдардың қызмет тәртібі саналады. Әр түрлі жазаларды атқаратын мекемелер, органдар және сотталғандар арасында пайда болатын қатынастар да қылмыстық-атқару құқығының пәні болып есептеледі.
Осы құқық саласының пәніне сотталғандардың түзеу процесіне қатысатын жұртшылықтың, жеке азаматтардың, мекемелер мен кәсіпорын және қоғамдық ұйымдар арасындағы құқық нормаларымен реттелетін қатынастар да кіреді.
Жазаларын өтеп шыққандарға көмек көрсету, олардың әлеуметтік жағдайларға бейімделуі кезінде пайда болатын қатынастар да осы құқықтың пәні болып саналады.
Қылмыстық-атқару құқығының пәніне сотталғандарды түзету процесі кезінде қолданылатын түзету құралдарын қолдану тәртібі де жатады.
Қылмыстық-атқару құқығының құқықты реттеу әдістері мен тәсілдері бар. Қылмыстық-атқару құқығының әдісі дегеніміз қоғамдық қатынастарды реттеуде қолданылатын әдістер мен тәсілдердің жиынтығы.
Қылмыстық-атқару құқығының пәні мен әдістерінің айырмашылығы сонда, қылмыстық-атқару құқығы қандай қоғамдық қатынастарды реттейді деген сұраққа қылмыстық-атқару құқығының пәні жауап берсе, ал сол қоғамдық қатынастарды құқық нормаларымен қалай реттейді деген сұраққа қылмыстық-атқару құқығының әдістері жауап береді. Олай болса, қолданылатын әдістер мен тәсілдердің түрлері қоғамдық қатынастардың ерекшеліктеріне байланысты болады.
Қылмыстық-атқару құқығында мынадай әдіс түрлері қолданылады: императивті әдіс, дипозитивті әдіс, ұсыныстық әдіс, мадақтау әдісі және тағы басқалары.

Қылмыстық-атқару құқығында құқықтық реттеудің негізгі әдісі императивті әдіс (биліктің бұйрық әдісі) болып табылады.
Диспозитивті әдіс дегеніміз субъектілерге белгілі бір шекте өз арақатынастарын өздері шешуге мүмкіндік беретін әдіс.
Мадақтау әдісі дегеніміз қоғамға пайдалы мақсатқа жету жолдарын мадақтау арқылы субъектілердің шешім қабылдауларына әсер ететін әдіс.
Ұсыныстық әдіс дегеніміз құқық субъектілеріне мақсатты тәртіп нұсқамасын ұсыну арқылы әсер ету әдісі.
Басқа құқық салалары сияқты қылмыстық-атқару құқығының да нормалар жүйесі бар. Нормалар жүйесі деп заң нормаларының белгілі бір тәртіппен орналасқан құрылымын айтамыз.
Қылмыстық-атқару құқығы жеке сала болса да ол өзіне басқа да салалардан мысалы, қылмыстық құқық, азаматтық құқық салаларынан кірген кейбір нормаларды қабылдайды. Керісінше қылмыстық-атқару құқығының кейбір нормалары басқа құқық салаларына кіреді. Бұл нормалардың құқықтық жаратылысына байланысты басқалай қарым-қатынасты да реттейтіндігін еске сақтау қажет, солай болғандықтан, ол өзінің маңызын өзгертеді. Сол себептен оларды таза күйінде құқықтың басқа салаларының нормалары деп есептемеу керек.
Қорыта айтқанда қылмыстық-атқару құқығы дегеніміз ҚР-ның заң шығару органы қабылдаған қылмыстық жазаларды атқару кезінде пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейтін заң нормаларының жиынтығы.
ҚР Қылмыстық-атқару құқығының өзіне тән пәні, құқықты реттеу әдістері мен тәсілдері және құқықтық нормалар жүйесі бар. Осы үш элементтің бар болу себебінен қылмыстық-атқару құқығы өз алдына жеке құқық саласы болып есептеледі.
Қылмыстық-атқару құқығы ғылымы бұл қылмыстық жазаларды атқару мекемелері мен органдарының даму тенденциялары мен заңдылықтарын зерттеуге, қылмыстық-атқару заңының институттары мен нормаларын жетілдіруге, жаза мақсатына жету әдістері мен құралдарын дамытуға бағытталған білім саласы. Қылмыстық-атқару құқығы ғылымы зерттейтін қоғамдық- құқықтық құбылыстар осы ғылымның пәні болып саналады. Қылмыстық-атқару құқығы ғылымы құқық саласына сәйкес келгенімен, оның пәні қылмыстық-атқару құқығының пәнінен едәуір кең. Қылмыстық-атқару құқығы ғылымының пәні ретінде мыналар зерттеледі:
- қылмыстық-атқару құқығының негізгі құрамы мен заңдылығы;
- қылмыстық-атқару құқығының негіздері мен қылмыстық-атқару заңдарының жүйесі;
- қылмыстық жазаны атқарушы мекемелер мен органдардың қызметін құқықтық реттеу;
- қылмыстық жазаны атқару саласындағы мемлекеттік саясат;
- қылмыстық атқару заңдары мен қылмыстық жазаны атқаратын мекелемердің даму тарихы;
- шет мемлекеттердің қылмыстық-атқару құқығы мен пенитенциарлық жүйесі;
- қылмыстық - атқару институттары мен нормалары;
- қылмыстық жазаны атқарушы мекемелер мен органдар қызметін ұйымдастыру;
- қылмыстық жазаны атқару туралы халықаралық актілер;
- қылмыстық-атқарудың құқықтық қатынастары;
- жазаларды орындау үрдісі және сотталғандарға әсер етуге қолданылатын түзеу шаралары;
- қылмыстық жазаларды атқару мәселелері бойынша халықаралық мемлекеттер бірлестігінің тарихи дамуы мен қазіргі жағдайы;
- сотталғандарды түзеу әдістері мен құралдары.
ҚР қылмыстық-атқару құқығы ғылымының әдістемелік негізі жалпығылыми (философиялық) әдіспен бірге жеке ғылыми әдістерде қолданылады. Мысалы, салыстырмалы-құқықтық әдіс, нақтылы-әлеуметтік әдіс, жүйелілік әдіс, статистикалық әдіс т с.с.
Қылмыстық-атқару курсы үш бөлімнен тұрады: Жалпы, Ерекше және Арнаулы.
Қылмыстық-атқару құқығының жалпы бөлімінде жалпы сұрақтар: ҚР қылмыстық-атқару заңдары; сотталғандардың құқықтық жағдайы; жазаны орындайтын мемлекеттік мекемелер мен органдарының жүйесі; жазаны орындау құқығының негізін реттеу, тағы басқалары қарастырылған.
Ерекше бөлімде әр түрлі қылмыстық жазаларды атқару тәртібі, сол сияқты бас бостандықтарынан айырылған сотталғандарды жіктеу, еңбекті, режимді, сотталғандармен тәрбие жұмысын жүргізуді құқықпен реттеу, олардың материалдық-тұрмыстық жағдайын қамтамасыз ету, медициналық қызмет көрсетумен қатар әр түрлі түзеу мекемелерінде жазаны өтеудің ерекшеліктері және басқа да түйінді проблемалар қарастырылады.
Арнаулы бөлімде қылмыстық жазаны атқарудың халықаралық тәжірибелері мен Халықаралық актілерге сипаттама беріледі.

Наши рекомендации