Бағаны қою саясаты

Үлгерімді ағымдық бақылау оқу пәнінің әрбір тақырыбы бойынша жүреді және дәрісханалық және дәрісханадан тыс білімдерін бақылауды қамтиды. Ағымдық бақылауды бағалау (жіберу рейтингін бағалау) дәрісханалық сабақтағы ағымдық бақылау мен аралық бақылаудың (дәрісханадан тыс) бағаларынан құралады. Үлгерімді ағымдық бағалауда студенттің оқу жетістігі 100-ұпайлық шкаламен бағаланады, әр орындалған (сабақтағы жауабы, үй тапсырмасын тапсыруы, студенттің өзіндік жұмысы (СӨЖ), аралық бақылау) және ағымдық бақылаудың соңғы нәтижесі академиялық кезеңде алған барлық бағаларының АИС «Platonus» орта арифметикалық қосындысымен есептеледі. Аралық бақылау ағымдық бақылаудың бір бөлігі болып табылады. Аралық бақылаудың мақсаты – білім алушының пәннің бір бөлігі, оқудың белгілі бір кезеңінде өтілген тараулар (тақырыптар) бойынша жетістіктерін тексеру.

Пән бойынша қорытынды баға ағымдық бақылау мен қорытынды бақылау (емтихан бағасы) бағаларын қамтиды. Студенттің оқу пәннің бағдарламасын меңгерудегі ағымдық үлгерімі қорытынды бағаның 60% құрайды. Қорытынды бақылаудың бағасы оқу пәнінің қорытынды бағасының 40%құрайды.

Емтихан АИС ЖОО «Platonus» жүйесінде тестілеу түрінде өтеді. Қорытынды бақылаудың бағасы аралық бақылаудың 60% және емтиханның 40% құралады және төмендегідей есептеледі:

ҚБ = 0,6 ЖР + 0,4 Е

әріптік жүйе бойынша бағалау сандық эквиваленті ұпайдың пайыздық көрсеткіші дәстүрлі жүйе бойынша бағалау
А 4,00 95-100 «Өте жақсы»
А- 3,67 90-94
В+ 3,33 85-89 «Жақсы»
В 3,00 80-84
В- 2,67 75-79
С+ 2,33 70-74 «Қанағаттанарлық»
С 2,00 65-69
С- 1,67 60-64
Д+ 1,33 55-59
Д 1,00 50-54
Ғ 0,00 0-49 «Қанағаттанарлықсыз»

Аралық бақылаудың бағасын көтеру мақсатымен студенттер оқу процесі барысында орындалған практикалық тапсырмаларды портфолиоға жинақтайды. Портфолиода жиналатын материалдар:

1. Ата-аналарға арналған сауалнама.

2. Ата-аналарға арналған бала тәрбиесі туралы баяндама.

3. Кәсіби бағдар беру жайлы сауалнама.

4. Өзі дайындап өткізген тәрбие шарасы.

5. Саламатты өмір салтына арналған тәрбие сағаты.

6. Пікірталастың сценариі.

7. Сынып жетекшісінің ережесі.

8. Жылдық жұмыс жоспары.

9. Тәуелсіздік мерекесіне арналған тәрбие сағаты.

10. Наурыз мерекесінің сценариі.

Схемалар: жеке оқушыға, сыныпқа мінездеме жазу үлгілері, сынып жиналысының, ата-аналар жиналысы хаттамасы.

Сонымен қатар өздері орындаған шығармашылық жұмыстарын салуға болады: тақырыптар бойынша дайындалған сөзжұмбақтар, ребустар, шығармалары, баяндамалары мен эссе, слайд-презентациялар, т.б.

Оқу пәнінің саясаты және академиялық этика

Курсқа қойылатын талаптар:

Сабаққа кешікпеу және босатпау;

Оқытушы ұсынған сабақ жоспарын мұқият орындау;

Аудиторияда ұялы телефонды пайдаланбау;

Белгілі себептермен босатылған сабақтардың тапсырмасын орындау;

Кітапханада және үйде өздігінен жұмыс істеу;

Этика нормаларын сақтау: тәртіптілік, тәрбиелік, адалдық, жауапкершілік;

Қарама-қайшылықтарды топта, оқытушымен шешу.

Дәріс мәтіндері

Лекция №1.

Тақырыбы:Тәрбие үдерісі – тұтас педагогикалық үдерістің құрамды бөлігі.

Жоспары:

1. Тәрбие – мәдени тарихи феномен.

2. Тәрбие процесінің ерекшеліктері.

3. Тәрбиенің мақсаты мен міндеттері.

4. Тәрбиенің заңдылықтары мен принциптері.

Лекция мақсаты:тәрбие үдерісінің ерекшеліктері, мақсаты, міндеттері, заңдылықтары және принциптері бойынша білім негіздерімен қаруландыру.

Лекция мәтіні (қысқаша):

Тәрбие - арнайы ұйымдастырылған және саналы жүргізілетін педагогикалық қызмет.

Тәрбие түсінігі мағыналық жағынан кең ауқымды категория. Тәрбиені өсіп келе жатқан әулетті тұрмысқа дайындау деп анықтасақ, ал бұл дайындықты арнайы ұйымдастырылған тәрбие қызметінің барысында іске асыруға болады, сонымен бірге ол балалардың күнделікті үлкендермен араласа жүріп, тұрмыстық іс әрекетке үйренумен орындалуы мүмкін. Бірақ аталған екі жағдайдағы тәрбиелік әрекеттер әртүрлі мағнаға ие болатыны сөзсіз. "Қоршаған орта тәрбиелейді" немесе "Отбасы тұрмысы тәрбиелейді" деумен жеке адам дамуы мен қалыптасуына әлеуметтік - экономикалық және тұрмыстық жағдайлардың күнделікті жоспарсыз, мақсатты бағдары болмаған ықпалын түсінеміз. Ал енді "мектеп тәрбиесі" десек, әңгіме басқаша бұл ретте арнайы ұйымдастырылған және саналы іске асырылатын тәрбиелік қызметті білеміз. К.Д. Ушинский "Педагогикадағы тәрбие - алдын-ала ниеттелген және арнайы ұйымдастырылған педагогикалық процесс" - деп тұжырымдаған.

Тәрбие - жеке тұлғаның санасына, мінез-құлқының қалыптасуына әсер ететін құрал. Тәрбие мәселесімен қоғамдық ұйымдар, мекемелер мен жұртшылық бірлесіп айналысқанда ғана нәтижелі болады. Тәрбиенің мәні, біріншіден, қоғам үшін - саналы, ізгіленген, іскер азаматты қалыптастыру, екіншіден, жеке адам үшін - оны өмір сүре білуге, өзін қоршаған ортамен қарым-қатынас жасай білуге үйрету. Олай болса, тәрбие процесідеп қоғамның талап-тілектеріне сай әрбір жеке тұлғаның ақыл-ойын, сана-сезімін, ерік-жігерін, мінез-құлық ерекшеліктерін жүйелі түрде қалыптастырып, дамытудағы тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің бірлескен іс-әрекетін айтамыз.

Қоғамда атқаратын қызметіне орай тәрбиенің өзіндік ерекшеліктері бар:

1. Тәрбие - қоғамдық құбылыс. Себебі қоғамдағы әлеуметтік, экономикалық, саяси жағдайлардың өзгеруіне қарай тәрбиенің мақсат-міндетер, мазмұны мен ұйымдастыру формалары өзгеріп отырады. Өйткені адам жеке тұлға болғанымен, қоғамнан тыс дамымайды.

2. Тәрбие - мақсатты процесс. Тәрбиенің мақсаты айқын әрі нақты болғанда ғана дұрыс нәтиже береді. Тәрбиенің мақсаты қоғамның, мемлекеттің әл-ауқатымен, оның саясатымен байланысты болады.

3. Тәрбие - біртұтас процесс. Жеке тұлғаның дамып қалыптасуы тұтас процесс болғандықтан, оның қасиеттерін қалыптастыру жеке дара атқарылмайды.

4. Тәрбие - ұзақ әрі күрделі процесс. Адам баласы туғаннан ержеткенге дейін тәрбиенің ықпалында болса, кейін ол өзін-өзі тәрбиелеуге ұласады. Сонда адам өмір бойы тәрбиеленеді деуге болады. Адамның мінез-құлқы, дербес ерекшеліктері, дүниетанымы бірден қалыптаспайды, әрі тірбие мақсатының нәтижесі де бірден көрінбейді.

5. Тәрбие - көпжақты процесс. Тәрбиені отбасы, мектеп, жұртшылық бірлесіп атқарады.

Педагогика ғылымы тәрбиенің мақсатын жеке адамды жан-жақты дамыту, әділетті қоғамды өз қолымен құратын және оны қорғай алатын етіп тәрбиелеу деп қарастырады.

Тәрбиенің негізгі мақсаттары:

а) жастардың дүниеге көзқарастарын қалыптастыру;

ә) тұлғаның рухани және дене қабілеттерін жан-жақты дамытып, эстетикалық талғамдары мен сезімдерін қоғамның талаптарына сай тәрбиелеу.

Тәрбие қоғамдық құбылыс болғандықтан, тәрбиенің мақсаты қоғамның дамуымен бірге өзгеріп отырады.

Мектептегі тәрбиенің басты міндеттері:

а) теориялық білімді еңбекпен, өмірмен байланыстыра жүргізу;

ә) политехникалық, экономикалық, экологиялық біліммен қаруландыру;

б) кәсіптік бағдар беру;

Қазіргі кезде қоғамдағы әлеуметтік және саяси өзгерістерге байланысты тәрбиенің мақсаты да өзгереді. Қазақстан Республикасының тәуелсіздікке ие болуы, қазақ тілінің мемлекеттік мәртебе алуы, «Білім туралы», «Жастар саясаты туралы» Заңдардың қабылдануы тәрбиенің мақсатын қайта қарастыруды талап етеді. Сонымен қазіргі кездегі тәрбиенің мақсаты - дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу.

Заңдылық - процестің маңызды бөлшектерінің арасын байланыстырып отырады. Тәрбие процесінің заңдылықтары:

1) Тәрбиенің қоғаммен байланысы;

2) Тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеудің бірлігі;

3) Іс-әрекеттің маңызы;

4) Оқушылардың жас және дербес ерекшеліктерін ескеру;

5) Ұжым мен жеке адамның өзара байланысы;

«Принцип»сөзі латын тілінен аударғанда ереже, талап деген мағынаны білдіреді. Тәрбие принциптері дегеніміз - тәрбие процесіне қойылатын негізгі талаптар. Тәрбиеші тәрбие принциптерін басшылыққа ала отырып, тәрбие жұмыстарын жоспарлайды, ұйымдастырады. Тәрбиенің мақсаттылық, өмірмен байланыс, ұжым арқылы тәрбиелеу, тәрбиеленушінің тұлғасына қойылатын талаптар мен құрметтің бірлігі, тәрбиелік ықпалдардың жүйелілігі, беріктігі, үздіксіздігі және оқушылардың жас және дербес ерекшеліктерін ескеру принциптері бар.

Бақылау сұрақтары:

1. Тәрбие дегеніміз не?

2. Тәрбиенің негізгі мақсаттары қандай?

3. Мектептегі тәрбиенің басты міндеттері

4. Тәрбие процесінің ерекшеліктері

5. Тәрбие процесінің заңдылықтары мен принциптеріне талдау жасаңыз

Әдебиеттер тізімі:

Негізгі:

1. ҚР «Білім туралы» Заңы. А. 2007.

2. ҚР жалпы орта білім беру мазмұнының концепциясы. А. 1995.

3. Қалиев С., Майғаранова Ш., Бейсенбаев З., т.б. Мектептегі тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі. Оқу құралы. А. РБК. 1999.

4. Меңжанова А. Тәлім-тәрбие жұмысын ұйымдастыру. А. РБК. 1998

5. Әбенбаев С. Тәрбие теориясы мен әдістемесі А. 2004

Қосымша:

1. Конвенция о правах ребенка. Учитель Казахстана. 5.07.1999.

2. Концепция этнокультурного образования в РК. А. 1998.

3. Кульневич С.В., Лакоценина Т.П. Воспитательная работа в современной школе. Ростов-на-Дону. 2000.

4. Макарченков В. Поиски и находки новых методов воспитания и обучения. Білім-Образование. №1, 2001, стр 72-76.

Лекция № 2.

Тақырыбы:Мектеп пен сыныптың тәрбиелік жүйесі.

Жоспары:

1. Тәрбиелік жүйе туралы түсінік.

2. Тәрбиелік жүйенің түрлері және дамуы.

3. Тәрбиелік жүйенің құрылымы.

Лекция мақсаты: Тәрбиелік жүйе, оның түрлері, құрылымы және дамуы туралы білім негіздерімен қаруландыру, талдау жасау.

Лекция мәтіні (қысқаша):

Тәрбие жүйесі – күрделі динамикалық жүйе. Тәрбие жүйесінің құрылымы:

· Тәрбиенің негізгі міндеттері мен мақсаттарын қамтитын процесті жоспарлау;

· Тәрбиешілердің негізгі іс-әрекеттерінде тұлғааралық қарым-қатыасын жоспарлау;

· Жоспарланған және алынған нәтижелердің айырмашылығын бақылау.

3. Тәрбие жүйесі компоненттерін шешуге бағытталған міндеттердің бірізділігін үйлесімді, жан-жақты дамыту мақсатын есепке ала отырып дамыту азаматтық құндылықтар, әлеуметтік-бағдарлы мотивация, ақыл-ой, т.б. қоғамның демократиялық өңделуіне тұлғаның мүмкіндіктерімен, міндеттеріне, оқушылардың даралық және қоғамдық түсініктерін қалыптастыру.

Адамзат тарихында әлемдік өркениеттің әрбір кезеңдерінде қаланған әр түрлі білім беру жүйесі белгілі болады. Олардың қоғамға тән сипаттағы, қазіргі тиісті талаптарды атқаруға, әлеуметтік қатынастарды бейнелейді.

XX ғасырдың II – ші жартысында ұғым арқылы кеңес мектебіндегі тәрбие жүйесі, ұжымдық шығармашылық жұмыстың, қоғамдық пайдалы және өндірістік еңбек, ұлттық дәстүрлер, тарихи қалыптасқан тәрбие жүйесін негізгі құрамды бөліктеріне тәрбие мақсаттарының бөлімдері жататынын көрссетеді.

2.Тәрбие жүйесінің кез-келген деңгейін жарыққа шығарудағы алдыңғы кезектегі проблема тәрбиенің мақсатын анықтау болып табылады.

Тәрбие жүйесінің даму кезеңдеріне мыналарды жатқызуға болады:

1. Жүйенің қалыптасуы;

2. Ұжымдық іс-әрекеттің мазмұны мен жүйесінің құрылымын жасау,

3. Жүйенің лайықты тәртіпке безендіру, дәстүрлерді жарыққа шығару және жаңалықтарды ендіру.

Тәрбие жүйесі нәтижелілігінің келесі көрсеткіш өлшемдерін алуға болады.

­ Оқушылардың тәрбие көрсеткіштері;

­ Сыныптағы оқушының өз-өзін жайлы сезіну деңгейі;

­ Сыныптың тіршілік-әрекетімен оқушы мен ата-анасының қанағаттануы ;

­ Сыныптың ұжым ретінде қалыптасуы;

­ Сыныптың абырой беделі;

­ Сынып ұжымының жеке даралық қасиеттерінің көрініс табуы. Осы көрсеткіштерді анықтауға сәйкес әдіс-тәсілдер анықталып, қортынды шығарылады. Сонымен, сыныптың тәрбие жүйесінің негізгі құрамдас бөліктері мен оның ішкі мазмұн, мағынасы туралы таныстырылды. Жүйе мағынасы туралы түсінік сіздерге сынып қауымдастығында оқушыны тәрбиелеу үлгісін құруға көмектеседі.

Тәрбие жүйесінің қалыптасып, дамуында келесі 4 кезеңді атауға болады:

1-кезең – жүйені жобалау (бұл кезеңде сынып оқушыларының қызығушылығын, қабілетін, мінез-құлқын, т.б ерекшеліктерін зерттеу жұмысы атқарылады);

2 кезең – жүйенің қалыптасуы (бұл кезеңде оқушылардың өзара қарым-қатынастарының қалыптасып, ұжымдық бірлікті сезінуіне бағытталған бірлескен әрекеттерге ерекші мән беріледі, сыныптың жеке дәстүрлері қалыптасады.);

3 кезең - жүйенің тұрақты жұмыс істеуі (өзіндік бастаманы,өз бетімен әрекет етуді дамыту, қабілеттерінің дамуына қолайлы орта қалыптастырылады);

4 кезең – жүйе жұмысын аяқтау немесе қайта жаңарту (бұл жерде екі бағыт болуы мүмкін: бірі сыныптағы ең үздік әрекеттің, әдістің барлық мектептің игілігіне айналуы; екіншісі – жаңа әдіс, әрекет, тәсілдерді табу арқылы сынып тіршілік-әрекетін жаңарту).

Адамзат тарихында әртүрлі тәрбиелік жүйе болды. Олардың әрқайсысы, сол қоғамға тән сипаттағы талаптарды, әлеуметтік, саяси, экономикалық қатынастарды бейнеледі. Олардың ішіндегі белгілілері:

· Спартандық тәрбие жүйесі;

· Афиндық тәрбие жүйесі;

· Діни тәрбие жүйесі;

· Джентельмен қалыптастыру жүйесі (батыс-европалық жүйе);

· Адамды ұжымда және ұжым арқылы тәрбиелеу жүйесі (А.С.Макаренконың жүйесі).

ХХ ғасырдың екінші жартысында кеңестік мектептердегі тәрбие жүйесі ұжымдық шығармашылық істер, қоғамдық пайдалы еңбек, әртүрлі орталықтар, мектеп театрлары, ұлттық дәстүрлер негізінде қалыптасты.

Тәрбие жүйесін құру бірнеше кезеңдерді болжайды:

· жүйенің қалыптасуы;

· ұжымдық іс-әрекеттің мазмұны мен жүйесінің құрылымын жасау;

· жүйені лайықты тәртіпке безендіру;

· дәстүрлерді жарыққа шығару және жаңалықтарды ендіру.

Тәрбие жүйесінің кез-келген деңгейін жарыққа шығарудағы алдыңғы кезектегі проблема - тәрбиенің мақсатын анықтау болып табылады. Сыныптағы тәрбие жұмысы мектептегі тәрбие жүйесінің бір бөлігі болып табылады.

Қазіргі заманда тәрбиенің мақсатын анықтауда ұлттық және дүниежүзілік мәдениетте қалыптасқан рухани құндылықтарға сүйенеді.

2.Вольдоров мектебі XV ғ басынан бастап таныла бастады. Бұл мектеп бір уақытта адам денесін, рухын және мінез-құлқы дамытуға көздейді. Мұндағы басты принцип – еркіндік. Вольдоров мектептерінде жалпы әдістеме, нақты оқу жоспары мен оқулықтары жоқ.

Педагог Вольдоров мектебінде тәрбиеленушілерге табиғатты барлық тірі нәрсені қабылдауға үйренеді. Оған ең болмағанда 1 рет астық себуден, нан пісіруге дейінгі нәтижесін көру бейнелейді.

2. Монтессери педагогикасы немесе Монтессери жүйесі XIX ғ. I жартысында италяндық педагог ғалым әрі ойшыл Мория Монтессери тарапынан ұсынылған тәрбие жүйесі. Монтессери әдістемесі әрбір тәрбиеленушіге деген даралы тәсілмен негізделген. Бұған сәйкес, балдырғандар мен бүлдіршіндер дидактикалық материалдар мен сабақ ұзақтығын әрдайым талқылай отырып, өзіндік ағым мен ырғақта дамиды.

3. А.Н.Тубельский «Өзін-өзі анықтау мектебі» негізінен қалаған. Бұл мектеп Москва қаласында ашылған. Бұл мектептің негізгі идеясы «оқушыларғ ұжымдық және даралық жұмыстар арқылы өзін-өзі тани білуге үйрету» болып табылады.

4. Жаһандық білім беру барынша жетілген моделі болып, бір-бірін толықтыратын Р. Хемвей мен Воткенің моделі болып табылады. Ол жалпы адами аспектілерді, философиялық ой қорытуларды және оны нақты жүзеге асыруды үйлестіреді. Боткен ұсынған моделдегі оқытудың жаңа теориясының мәні дәстүрлі түрде әлемге ұсыныссыз бейімделудің инновациялық әдіс-тәсіл көмегімен жүзеге асатын ұғынықты түрдегі алдын-ала болжауға өтуде. Бұл әдіс-тәсіл алдын ала болжау.

5. «Әділ қауымдастық» тәрбие жүйесі 60 жылдары АҚШ мектептеріне пайда болды. Оның негізіне Л. Кольбергтің тәрбиені жеке тұлғаның моральдық дамуының төменгі дәрежесінен барынша жоғары дәрежеде ауысуы ретінде идеясы алынды. Жеке тұлғаны құқықтық, адамгершілік тұрғыдан дамыту – ақыл-ой дамуына тәуелді.

6. Адамзат тарихында әлемдік өркениеттің әрбір кезеңінде әр түрлі білім беру жүйелері белгілі болады. Олардың әрқайсысында, өзіне тән ерекшеліктері, сипаттары болып, ол сол кездің әлеуметтік, экоомикалық, саяси талаптарын бейелейді. Қазіргі мектептің тәрбие жүйесінің құрылымы: мақсаты – идеялар, іс-әрекет, субъектілер, қарым-қатынас, игерілген орта, басқару.

7. Мектеп кешеніндегі тәрбие жұмысының т.б. қалыптасуы, дамуы көптеген объективтік және субъективтік факторлардың ықпалымен жүретін ұзақ мерзімді және күрделі процесс болып табылады. Сонымен қатар, ол оқу орнының қызметі ме айналадағы әлеуметтік ортаға мәнді өзгерістер енгізеді. Оның нәтижесі көп жағдайда мектеп өмірінде нені, қалай, қашан өзгерту қажеттігін анықтай білуге байланысты мектеп кешеніндегі тәрбие жүйесінің бүгінгі таңдағы жәе келешектегі бейнесінің үлгісін жасау оың қалыптасуы мен дамуы жағдайында қажет болып табылады.

Бақылау сұрақтары:

1. Тәрбиелік жүйе дегеніміз не?

2. Тәрбиелік жүйенің түрлері және дамуы

3. Тәрбиелік жүйенің құрылымы.

4. Тәрбие жүйесі нәтижелілігінің көрсеткіш өлшемдері.

5. Тәрбие жүйесінің қалыптасып, дамуының қандай кезеңдерін атауға болады?

Әдебиеттер тізімі:

Негізгі:

1. ҚР «Білім туралы» Заңы. А. 2007.

2. ҚР жалпы орта білім беру мазмұнының концепциясы. А. 1995.

3. Қалиев С., Майғаранова Ш., Бейсенбаев З., т.б. Мектептегі тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі. Оқу құралы. А. РБК. 1999.

4. Меңжанова А. Тәлім-тәрбие жұмысын ұйымдастыру. А. РБК. 1998

5. Әбенбаев С. Тәрбие теориясы мен әдістемесі А. 2004

Қосымша:

1. Конвенция о правах ребенка. Учитель Казахстана. 5.07.1999.

2. Концепция этнокультурного образования в РК. А. 1998.

3. Кульневич С.В., Лакоценина Т.П. Воспитательная работа в современной школе. Ростов-на-Дону. 2000.

4. Макарченков В. Поиски и находки новых методов воспитания и обучения. Білім-Образование. №1, 2001, стр 72-76.

Лекция № 3.

Тақырыбы: Қазіргі мектептің тәрбие жұмысы процесіндегі педагогикалық қолдау.

Жоспары:

1. Педагогикалық қолдаудың мәні

2. Педагогикалық қолдаудың тиімді жағдайлары

3. Педагогикалық қолдаудың әдістері мен тәсілдері

Лекция мақсаты:Тәрбие жұмысында педагогикалық қолдаудың мәні, тиімді жағдайлары, әдістері мен тәсілдері туралы білім негіздерімен қаруландыру, танымдық қабілеттерін дамыту.

Лекция мәтіні (қысқаша):

Бүгінгі таңда әр оқушының адами қасиеттерін қалыптастырып, дамытуда, жан-жақты дамыған тұлға тәрбиелеуде түрлі педагогикалық технологиялар пайдаланылады.

Оқушының тұлға ретінде өзіне тән қабілеттерін дамытуға бағытталған тәрбие жүйесінің маңызды бөлігі мұғалімнің балаға психологиялық-педагогикалық қолдау жасап, баланың маңызды проблемаларын шешуде көмек көрсетуі болып табылады.

Оқушыларды педагогикалық-психологиялық қолдау және жетелеу технологиясының негізі Ресей педагогтарымен жасалған. Педагогикалық-психологиялық қолдау технологиясының мағынасы балаларға жеке проблемаларын шешуде, психологиялық денсаулығын сақтауда, табысты әлеуметтендіруде, тұлғаралық қарым-қатынаста жедел, тиімді көмек көрсетуге негізделген.

Баланы білу – оның жан дүниесін тану. Баланы, оның жан дүниесін тану – тәрбиені жүйелі жүргізу болып табылады. Ал тәрбие көкейкесті мәселесіз жүзеге асырылмайды. Педагогикалық-психологиялық қолдау технологиясының көкейтестілігі ретінде мыналарды атауға болады:

· баланың жеке қабілеттерін дамыту – өмір талабы; себебі күннен күнге алға қарыштап дамыған заман өзіне лайықты тұлға талап етеді.

· өзіне-өзі сенімді, өзін-өзі бағалай алатын, тұрақты көзқарасы бар тұлға қалыптастыру – кез келген мұғалімнің маңызды проблемасы.

· алдымызға келген бала қабілеттерін дер кезінде бағамдап, көмек көрсете білуімізден жеке тұлғаның дамуына бағытталған педагогикалық әсердің табыстылығы анықталады.

Педагогикалық-психологиялық қолдау технологиясының жүзеге асырылуына келетін болсақ, ол негізінен, оқушы мен мұғалімнің арасындағы өзара әрекетінің кезеңдері арқылы анықталады:

· диагностикалық кезең – баланың қызығушылығын, мінез-құлқын, жеке басында болатын проблемаларын зерделеу кезеңі;

· зерттеу кезеңі – оқушымен бірлесе отырып, анықталған проблеманы шешу жолдары қарастырылып, зерттеледі;

· келісім кезеңінде кез келген формада бала мен мұғалім арасында келісушілік, ортақ пікір, келісім жобасы жасалады;

· қызмет кезеңі – оқушы мен мұғалімнің өзара әрекетінің негізінде анықталған проблемаларды шешу, түзету, белсенді көмек көрсету, қолдау, яғни нағыз нәтижеге бағытталған жұмыс осы қызмет кезеңінде жүргізіледі;

· рефлексифтік кезеңде – баламен бірге қол жеткен табыстар мен сәтсіздіктер сараланады, өмірлік тәжірибеге қорытынды жасалады.

Педагогикалық-психологиялық қолдау технологиясы бойынша қызмет ұйымдастырудың өзіндік әдістері мен ерекше тәсілдері бар. Олар:

- анықталған проблема бойынша жұпта немесе шағын топта әңгімелесу, ойтолғау;

- «Сенің ойың» - әр оқушының проблеманы өз көзқарасы, түсінігі бойынша талқылауы;

- «Менің ойым» - көзқарастың, түсініктің әралуандылығы, бұл жерде проблема бойынша мұғалімнің көзқарасының да маңызы өте зор;

- «Белсенді тыңдау» әдісі: анықталған проблема бойынша тиімді жұмысқа қатысу, мұғалімнің ақылын, түзетулерін тыңдау.

Әрине, тәсілдер мен әдістер қолдану негізінде балалар өз өйларын ашық айта алады, өмірге деген сенімділігі артады.

Оқушылардың белсенді іскерлігін қолдау, осындай әдістер мен тәсілдерді үнемі, әрі тиімді пайдалану негізінде педагогикалық-психологиялық қолдау технологиясының нәтижесін мынадай табыс формуласынан көруге болады. Олар:

- оқушыда өзін-өзі дамытуға деген қажеттілік пайда болады;

- өзін-өзі дамытуда бала қоршаған ортаңың ерекшеліктеріне икемделеді, себебі, ол жалғыз емес, қоғамда өмір сүреді. Тұлға адамдар арасында түзелуге икемделеді;

- оқушы жеке шығармашылық қызметке қатысады;

- атқарылған жұмыс нәтижесінде тұлға өзін-өзі дамытады және жетілдіреді.

Үрдіс соңында жан-жақты дамыған, дені сау, шығармашыл, бәсекеге қабілетті, құзыретті, өзін бағалай алатын, дұрыс шешім қабылдай алатын, өзіне-өзі сенімді тұлға қалыптасады деп сенемін.

Ол үшін мынадай талаптарды атап айтуға болады:

Тәрбие үрдісін ұйымдастыру арқылы тұлғаның біліктілігін, шыдамдылығын қалыптастыра отырып, оқушының алдағы өмірінде, қоғамда табысты болуына көмектесетін қасиеттерін дамытып, қалыптастыру, әлеуметтендіру болып табылады.

Бұл технология бойынша өзара іс-әрекеттің принциптері мен мақсаттары үш негіздің, яғни ата-ана, бала, ұстаз арасындағы ынтымақтастықты қалыптастыруға бағытталады. Ең қымбат өмір – бала өмірі, бала өмір жалғасы болғандықтан, оның қоршаған ортаға бейімделуі, өмірден өз орнын таба алуы осы үш бірліктің бірлесіп атқарған қызметіне байланысты болады.

Тəрбие процесінің нəтижелілігі көбіне оған болған педагогикалық қолдаудың дұрыс ұйымдастырылуына тəуелді. Мұндай қолдау бүгінгі таңда төмендегідей қарастырылады:

— нақты адамға оның денсаулығы мен психикалық қалпына, оқуына, тұрмыстық əрі кəсіби бой тіктеуіне кедергілердің алдын алу жəне нақты іс-əрекеттік көмек көрсету;

— адамның жеке басы ерекшеліктерінің орнығу процесін қамтамасыз етуге бағытталған педагогикалық қызметтер;

— ауытқуға бейім қылық-əрекет қиыншылықтарын жеңуге бағытталған ықпалдасты əрекеттердің ерекше түрі;

— келеңсіз мінез əрекеттеріне бейім жас өспірімге нақты жекеленген жəрдем беру;

— баланы басшылықты жетекке алу;

— тəлім-тəрбие мекемесінің педагогикалық қолдау проблемасын өзінің өмірлік принципіне айналдыруы;

— балалардың өзін-өзі тану шартына айналып, оқу мен тəрбие шеңберін үйлестіруге бағытталған мұғалім мен оқушы ықпалдастығын күшейте түсу.

Педагогикалық қолдау – бұл: а) тəрбиеленуші сенімінен шығу; б) көбіне педагогикалық қолдау қажеттігін өзі сезбейді, бірақ оған мұқтаж болған тəрбиеленушілерге қол ұшы жəрдемін беріп, қолдап-қуаттау.

Педагогикалық қолдау мəні: жайма-шуақ психологиялық жағдай жасау; тұлғаның өз бойындағы мүмкіндіктерін өзінше іске асыруына шарт-жағдайлар түзу; өз қадір-қасиеті мен ар-намысын сақтап қалуға жəне ұтымды нəтижеге жету жолындағы кедергілерді бірлікті жеңіп бару; «жəрдем бер» деп алақанын ашық жайып отырғанға ғана емес, достық ықылас-ниетке мұқтаж болғанның бəріне көмек көрсету; əрқандай тəрбиешінің өмірдегі өз орнын табуға құштарлық білдірген тəрбиеленуші проблемаларын өз назарында ұстай білуі; тəрбиешінің кəсіби деңгейінің жоғары болуы.

Педагогикалық қолдаудың көрініс формалары – жылы лебіз; құлақ сала білу, қажет болса – кеңес беру; тəрбиеленушіге сенім; оның құқығын қорғау; тəрбиешінің балаға болған қамқорлық қатынасы; шəкірттің қандай да табысын көре танып, оған ұнамды баға беруден жалықпау жəне т.б.

Педагогикалық қолдау 1) тəрбиеленушілердің баршасына бағытталып, оларға деген қамқорлық пен сенім қатынасында көрінумен өзара сыйластық, түсіністік, қызметтестік көңіл-күй жағдайын түзуге көмегін тигізеді; 2) жеке тұлғаға бағытталып, оның дамуына, білім игеруіне, тəрбиелілігіне, өз басы проблемаларын шешуге жəрдем көрсетіп, азаматтың өзгерістерін диагностикалап баруға мүмкіндік береді.

Жеке тұлғаға арналған педагогикалық қолдаудың мазмұны – адамды алда көздеген нəтижелерден алшақтататын кедергілерді жеңу жолдарын қамтиды. Мұндай кедергілердің түрі:

— субъектив (тұлғалық) «Мен» — кедергілер: өз бетінше дербес шешім қабылдауға қажет ақпараттың болмауы (ақпарат толықса, кедергі сол бойда жойылады); адамның қосымша еңбектенуінің қажеттігі (қол ұшы жəрдем беріп, ынтасын көтеру); тұлғаны күйзеліске келтіретін кемшіліктер (тəн-денелік, психикалық, арақатынастық); білім жəне тəжірибе жетіспеуі; — объектив (əлеуметтік) «Олар» — кедергілер: (əлеуметтік орта – мұғалімдер, əкімшілік, дос-жарандар, құрбы-қатарлар, отбасы жəне басқалар).

Бақылау сұрақтары:

1. Педагогикалық қолдаудың мәні

2. Педагогикалық қолдаудың тиімді жағдайлары

3. Педагогикалық қолдаудың әдістері мен тәсілдері

4. Педагогикалық-психологиялық қолдау технологиясының кезеңдері

Әдебиеттер тізімі:

Негізгі:

1. ҚР «Білім туралы» Заңы. А. 2007.

2. ҚР жалпы орта білім беру мазмұнының концепциясы. А. 1995.

3. Қалиев С., Майғаранова Ш., Бейсенбаев З., т.б. Мектептегі тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі. Оқу құралы. А. РБК. 1999.

4. Меңжанова А. Тәлім-тәрбие жұмысын ұйымдастыру. А. РБК. 1998

5. Әбенбаев С. Тәрбие теориясы мен әдістемесі А. 2004

Қосымша:

1. Конвенция о правах ребенка. Учитель Казахстана. 5.07.1999.

2. Концепция этнокультурного образования в РК. А. 1998.

3. Кульневич С.В., Лакоценина Т.П. Воспитательная работа в современной школе. Ростов-на-Дону. 2000.

4. Макарченков В. Поиски и находки новых методов воспитания и обучения. Білім-Образование. №1, 2001, стр 72-76.

Лекция №4.

Тақырыбы:Тәрбие технологиясы – тәрбие жұмысындағы кәсіптік шеберліктің элементі.

Жоспары:

1. Тәрбие технологиясы ұғымы.

2. Тәрбие технологиясының жіктелуі.

3. Инновациялық тәрбиелік технологиялар.

Лекция мақсаты:Тәрбие технологиясы, оның жіктелуі мен инновациялық тәрбиелік технологияларға талдау жасау.

Лекция мәтіні (қысқаша):

1.Тәрбие технологиясы дегеніміз - оқушылардың адамдық қасиеттерін қалыптастыратын, мұғалім мен баланың санасына тәуелсіз материалдар. Тәрбие құралдары:

- Іс-әрекет түрлері (ойын,еңбек);

- Заттар (ойыншықтар,электронды есептегіш машиналар);

- Рухани және материалдық мәдениет (өмір,өнер,қоғам);

- Бұқаралық ақпарат құралдары;

- Педагогикалық ықпал жасау құралдары.

2.Оқу-тәрбие процесін технологиялық білім беру мен тәрбиелеу проблемаларының саналы жаңа деңгейде шешуге мүмкіндік беретін обьективтік құбылыс. Қазанда М.Ш.Махмудовтың жетекшілігімен оқыту технологиялық жасалса, басқа аймақтарға проблемалар оқыту енгізіле бастады. Мұғалімдердің технологиялық сауаттылығы жаңашыл педагогтың шеберлігін насихаттармен бірге арта бастады.

3. Педагогикалық технология әртүрлі педагогикалық мәселелерді шешу мақсатында педагогикалық процесте жүзеге асыратын тәрбиелеу мен оқытудың әдістерінің жиынтығын қолдануға байланысты педагогтың іс-қимылдарының өзара байланыс жүйесі.

Тәрбиелеу процесінің тиімділігі және оқытушының беделдігіне жүйелі технологиясы, оқыту технологиясы сияқты ерекшіліктерге ие болып табылады.

Щуркованың пікірінше ол тәрбиенің технологиясының жетістіктерін анықтайды. Тәрбиелеу технологиясының жетістігін анықтайтын педагогикалық жағдайға алдымен психолгиялық жеке ерекшеліктерін жатқызуға болады.

Олар білімдарлық, педагогикалық тұлғаның бірегейлігі,мәдениеті, сонымен бірге оның тәрбие процесінің заңдылықтары мен балалар психологиясы жөніндегі терең білімнің болуы, диагностика әдістерін пайдалану және т.б білуі тиіс

Сыныптың тәрбие жоспарын құру технологиясы:

1-қадам. Сыныптың ерекшелігін анықтау, тәрбие жұмысының мақсат, міндеттерін айқындау.

2-қадам. Тәрбие бойынша сәтсіз өткен шаралар мен әрекеттерге талдау жасау, кемшіліктерді анықтау. Онсыз алдағы міндеттерді белгілеу мүмкін емес.

3-қадам. Сыныппен алдағы күтілетін келеңсіздіктерді, мәселелерді анықтау. Ол мәселелерді сипаттау міндетті емес, бірақ көре білу асқан шеберлік

4-қадам. Тәрбие жұмысын жүзеге асырудың әдіс-тәсілдері мен түрлерін негіздеу Сыныптағы тәрбие міндеттерін айқындағаннан кейін, оны жүзеге асыру әрекетін, түрін жоспарлаймыз. Тәрбиелеу іс-әрекетінің әдісі мен тәсілін дұрыс таңдау және оны оқушыға қызықты етіп өткізу, тәрбиенің тиімділігі мен басты мақсатқа қол жеткізуге жетелейді.

5-қадам. Оқушының жеке дара қабілеттері мен қызығушылығын есепке алу,талдау

6-қадам. Ата-аналармен жұмыс түрін бекіту

7-қадам. Тәрбие жұмысы мақсат міндеттерінің жүзеге асуын бағалаудың көрсеткіштерін анықтау.

Тәрбие жұмысының тиімділігі қойылған мақсат, міндеттердің және қол жеткізген нәтиженің арақатынасын салыстыру өлшемі арқылы анықталады. Ал тиімділікті зерттеу алдағы жұмысқа түзетулер мен жаңалықтар енгізу үшін жасалады.

Бақылау сұрақтары:

1. Тәрбие технологиясы дегеніміз не?

2. Тәрбие технологиясының жіктелуі

3. Инновациялық тәрбиелік технологиялар

4. Сыныптың тәрбие жоспарын құру технологиясы қандай?

Әдебиеттер тізімі:

Негізгі:

1. ҚР «Білім туралы» Заңы. А. 2007.

2. ҚР жалпы орта білім беру мазмұнының концепциясы. А. 1995.

3. Қалиев С., Майғаранова Ш., Бейсенбаев З., т.б. Мектептегі тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі. Оқу құралы. А. РБК. 1999.

4. Меңжанова А. Тәлім-тәрбие жұмысын ұйымдастыру. А. РБК. 1998

5. Әбенбаев С. Тәрбие теориясы мен әдістемесі А. 2004

Қосымша:

1. Конвенция о правах ребенка. Учитель Казахстана. 5.07.1999.

2. Концепция этнокультурного образования в РК. А. 1998.

3. Кульневич С.В., Лакоценина Т.П. Воспитательная работа в современной школе. Ростов-на-Дону. 2000.

4. Макарченков В. Поиски и находки новых методов воспитания и обучения. Білім-Образование. №1, 2001, стр 72-76.

Лекция № 5.

Наши рекомендации