Тақырыбы:Бейін бойынша пән мұғалімінің тәжірибесіндегі инновациялық үдерістер. 3 страница
Ал, бейіндік оқытуда интерактивті, инновациялық, жобалық-зерттеу технологиялар мен ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайлану ұсынылады:
1) Желілік бейіндік оқыту. Бейіндік оқытудың мақсаты мен міндеттері басқа білім беру ұйымдарының білім беру қорларына оқу орындарының қатыстырылу есебінен іске асырылады.
Бірінші нұсқада бірнеше жалпы білім беретін оқу орындары желіге бірігеді, неғұрлым оқу-әдістемелік, кадрлық және материалдық қорларымен қамтамасыз етілген оқу орны, оның орталығына айналады. Оқу орны желі бойынша іске асырылатын, білім беру мазмұны тізбегін және механизімін өздері анықтайды: базалық мазмұндағы жалпы білім беретін пәндер, бейіндік жалпы білім беретін пәндер немесе таңдау бойынша міндетті пәндер, таңдау бойынша оқу материалдарымен қамтамасыз етілу мүмкіндігі туындайды.
Екінші нұсқада оқу орны мекеменің қосымша техникалық және кәсіптік, жоғары білім беру қорларын қатыстырады. Оқушылар білім берудің мемлекеттік стандарты шеңберінде желілік мекемелерде қашықтықтан оқыту курстарын, дәрістер тыңдау мүмкіндіктері болады.
2) Кредиттік оқыту технологиясы. Сондай- ақ, бүгінде Қазақстан әлемдік білім берудің бейімделген оқу жүйесіне енуге байланысты кредиттік технологияны оқу процесіне ендіру ұсынылуда.
Еліміздегі білім берудің 12 жылға негізделген бағдарламасында қарастырылған жаңа талаптар, кредиттік технологияны енгізу білім берудің әлемдік стандарттарына сай ойластырылған жаңа қадам.
Білім беру саласында кредиттік жүйе әлемдік білім кеңістігінде бірнеше жылдық тарихы бар үлкен технологиялық бағдарлама екені белгілі. Бұл жүйе америкалық, еуропалық, британдық және Азия мен Тынық мұқит жағалауындағы елдер университетінде қалыптасқан білім жүйесі жан-жақты талданып, ұлттық және мемлекеттік мүддемізге сай сарапталып енгізілуде.
Қазіргі таңда осы жүйені игеру мақсатында төмендегі бағдарлама бойынша жұмыстар жүргізуге болады:
1. Кредиттік оқыту жүйесінің әлемдік тәжірибесі мен 2004 жылдан бері эксперимент ретінде Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу жүйесіне ендірілген кредиттік технологияның «қазақстандық жүйесі» тәжірибесін бейіндік мектеп тәжірибесіне енгізу;
2. Кредиттік окыту жүйесінің негізгі үғымдары, мәні мен ерекшеліктерін ескере отырып, рейтинг ережелері мен бағалау ережелерін енгізу;
3. Оқу процессін кредиттік жүйеде жоспарлау;
4. Кредиттік жүйені оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларының құрылымына (Syllabus - оқытудың бағдарламасы, оқушыға берілетін тапсырма тізімдері, оқушының өзіндік жұмысының мазмұны, дәріс конспектері, тәжірибелік және семинар дәрістерінің жоспарлары, мұғалімнің басшылығымен өтетін оқушының өзіндік жұмысты ұйымдастыру үшін ұсыныстар мен жоспары, есептер және ситуациялар, тестер, рейтингттік бақылау жүйесі және т.б.) енгізу;
5. Оқу бағдарламаларын құрастыру (мұғалімдер және оқушылар үшін);
6. Тапсырмаларды орнндауға әдістемелік ұсыныстар беру;
7. Оқушылардың білімін бақылау және бағалау жүйесін енгізу т.б.
8. Мұғалім мен оқушы кабинетін ашу;
9. Мұғалімнен оқу тапсырмаларын алу мен өздік жұмыстарын тапсыруды дистантты түрде (кейс технология) ұйымдастыру;
3) Дистанттық оқыту технологиясы. Бейіндік мектепке кредиттік оқыту технологиясымен бірге дистанттық оқыту технологиясын қоса ендіру тиімді. Себебі, бұл технология түрі оқушылардың өз бетінше іздену, шығармашылықпен жұмыс істеу, алған білімін іс- әрекетте пайдалана білу секілді қабілеттерін ұдайы дамытып отырады. Оқушы тапсырма алғанда өз бетінше ізденеді: әдебиеттерді, ғылыми журналдарды оқиды, интернеттен керектісін табады, сөйтіп берілген тапсырманы орындап, тапсырманы мұғалімге электронды түрде қайтарады.
Дистанциялық оқытудың негізгі жалпылау технологиялық құрамы үш бөліктен тұрады: 1 - кейс технологиясы; 2 - интернет технологиясы; 3 - телекоммуникациялық технология;
Дистанциялық оқыту Интернет-тенология арқылы жүзеге асырылады: желіде оқытушыларға қажет дәріс кешендері, өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар орналастырылады және де онлайн-кеңес-берулер мен дәрістер өткізіледі, сонымен қатар материалдарды игеруді тексеру онлайн-тестілеу арқылы өткізіледі. оқыту
Кейс технология (ағылшынша case - жинақ) өз бетінше дербес ізденуге оқу - әдістемелік кешендердің арнайы жинағы түріндегі ақпараттық білім беру көздерін қамтамасыз ету. Бұл технология дистанциялық оқытуда алғашқы болып қолданылды.
Телекоммуникациялық технология – ғарыштық спутник құралдары арқылы мәліметтер мен телехабар, сондай-ақ ақпараттық білім ресурстарын сандық кітапхана, видеолекция т.б. оқыту құралдары негізіндегі дистанциялық оқыту технологиясы болып табылады. Бүгінгі күні CD – ROM дискісіндегі ақпараттарды түрлі телекоммуникациялық құралдар арқылы кез-келген тұтынушыға жеткізуге болады.
Интернет – технология. Дистанциялық оқытуда интернет технология Интернет ақпараттық жүйесіне қосылу нәтижесінде мүмкін болады. Интернет жүйесі арқылы оқушы дистанттық мұғаліммен (тьютор) өзара байланысқа түседі. Бұл қарым-қатынас синхронды түрде жүзеге асуы мүмкін сол мезеттегі уақыт режимінде (онлайн), немесе асинхронды, басқа уақытқа қалдыру (офлайн) арқылы ақпараттың үлкен көлеміне байланысты өзгеруі мүмкін.
Бұл дистандық жүйені енгізу үшін мектептерде интернеттік- ресурстік орталықтар жұмыс істеуі керек.
2013 жылдың 19 наурызында Қарағанды қаласында Қарағанды экономикалық университет базасында «12 жылдық білім беруге көшу жағдайында бейіндік мектептерде дистанциялық- кредиттік технологияларды ендіру» тақырыбында республикалық семинар өтті. Семинарда республикадағы эксперименттік бейіндік мектептер: Қарағанды қаласының №101 лицейі, 38 гимназиясы, Сәтбаев қаласының Абай атындағы №4 мектебі өз тәжірибелерімен алмасты.
Бейіндік мектеп тәжірибелерінде дистанттық- кредиттік технологияның келесі элементтері аталған мектептердің тәжірибесіне енгізілген: электронды мектеп жүйесі, оқу жоспарына таңдау компоненттерін енгізу, оқу бағдарламалары (Syllabus) енгізу, оқытуда оқушылардың өздік жұмыстары (ОӨЖ) мен мұғалім басшылығымен сыныптық жағдайда оқушылардың өздік жұмыстарын ұйымдастыру, кредиттік оқытудың бағалау жүйесі ендірілген.
Қазіргі заман талабы - білім деңгейі жоғары, ойшыл, болашақты болжай білетін және өзгерістерге жылдам бейімделе алатын талапты жастар қалыптастыру керек, аталған технологиялар бейіндік мектеп тәжірибесіне толыққанды енсе, онда бұл талаптарға жауап бере аламыз.
1. Педагогикалық - ұйымдастырушылық шарт – мұғалім оқушыларға бейіндік оқыту процесін ұйымдастыруда «мектеп-колледж-ЖОО» сабақтастығын сақтай отырып, бейінділікті жүзеге асыруға жағдайлар тудыру; бейіндік оқытудағы білімдер жүйесін (мемлекеттік нормативті құжаттар мен қоғамдық–гуманитарлық, жаратылыстану – математикалық пәндер жүйесінде қалыптасуы тиіс құзіреттіліктерді қалыптастыру негізінде;) меңгерту мен саналы кәсіби бейіндік бағдарды қалыптастыру.
2. Психология - педагогикалық шарты – меңгерген білімдер негізінде оқушыларды кәсіби бейіндеуде тұлғалық икемділігі мен қабілеттерін, денсаулығы мен физиологиялық ерекшелігінің сай келуін анықтау үшін тұлғалық, рухани, әлеуметтік даму деңгейін диагностикалау; әрбір оқушының үлгерімі мен кәсіби бағдарға қатынасын, кәсіби талаптарға сай келуін зерттеу; психологиялық – педагогикалық қолдау көрсету (ұсыныстар мен кеңестер беру); осы бағытта оқушының тұлғалық бейіні мен қызығушылығын ескере отырып, бейіндік бағытты дұрыс таңдауды ұйымдастыру іс- шаралары.
3. Әдістемелік шарты – субъектілік іс- әрекет пен қарым – қатынас әрекетін (мұғалім, оқушы, ата- аналар, психологтар, бейіндік бағдар бойынша пән мұғалімдері мен мамандар) ұйымдастыруда «мектеп- колледж-ЖОО» сабақтастығын сақтай отырып, бейіндік оқытуды жүзеге асыруды әдістемелік қолдау. Бейіндік оқытудың мазмұнын сабақтастыру үрдісінде субъект – субъектілік қарым- қатынасты қамтамасыз ету; оқушыны бейіндік оқытудың нәтижесін көрсете білуге үйрету мен бейіндік оқыту үрдісін әдістемелік қамтамасыз етумен сипатталады;
4. Сабақтастық шарты – бейіндік оқытудың міндеттерін жетістікпен іске асыру жағдайында білім мазмұнының сабақтастығының (барлық пәндер бойынша) сақталу шарты;
5. Технологизациялық және инновациялық шарты – бұл білімдік процесті технологияландыруды қамтамасыз ететін (оқытудың жаңа инновациялық техннологияларын ендіру), жалпы орта білім беру жүйесін автоматтандыру, «мектеп–колледж–ЖОО» ақпарқатынастық мәдениетін дамытуға бейімдейтін бағдарламалық - аппараттық кешенді (электрондық кітапхана) жүзеге асу шарты.
6. Тәжірибеге бағытталған мазмұндық шарты – бейіндік бағыттың «мектеп–колледж–ЖОО» жүйесіндегі білім мазмұнын тәжірибемен сабақтастық арқылы жүзеге асу шарты;
7. Көптілділік шарты – бейіндік бағытында қазақ, шетел, орыс тілінде еркін сөйлеу, кәсіби терминдерді үш тілінде игерту, үш тілдің колледж, жоғары оқу орны оқу жоспарымен, білім мазмұнымен сабақтастығын жүзеге асу шарты;
«Мектеп–колледж–ЖОО» жүйесінде кәсіптік- бейіндік білім берудің мазмұнының сабақтастық моделі білім алушылардың кәсіби тұрғыда мәдениеті мен мектеп жүйесіндегі бейіндік пәндер бойынша құзыреттілігінің деңгейін анықтаудың мазмұны, мақсат, міндет, принципінен тұрады.
Кәсіби- бейіндік білім берудің мазмұнын іске асыру нәтижесінде колледждер мен ЖОО студенттерінің бейіндік даярлығын педагогикалық талаптар, принциптер мен элементарлық мектеп білімін тиянақтау механизмдерінің орындалу негізінде кәсіби мәдениеті мен құзыреттіліктің құрылу талаптарымен анықталды
Кәсіптік бейіндік оқытудың мазмұнын іріктеу келесі дидактикалық қағидаларға негізделеді: ғылымилық, түсініктілік, көрнекілік, жүйелілік, шығармашылық, саналалық пен интерактивтілік, теорияның практикамен байланыстылық сияқты негізгі қағидаларына сүйенеді.
Ғылымилық қағидасы оқу материалының мазмұнын баяндаудың ғылыми дұрыстығын және пайдаланылатын ұғымдардың қазіргі заманғы түсіндірмелерге сәйкес болуын ұйғарады.
Түсініктілік қағидасы оқытуды басқару және педагогикалық қолайлы жағдайды дайындау жүйесіндегі іс-әрекетте оқушылардың дайындық деңгейіне ыңғайлы түрде оқу материалын ұсынуды қамтамасыз етеді.
Көрнекілік қағидасы оқу материалын қабылдауға және қайта өңдеуге сезім мүшелерін мақсатқа лайықты қатыстыру және оқу материалын барынша деректі ету болып табылады.
Жүйелілік қағидасы оқу процесінің мақсаттық, мазмұндық, іс - әрекеттік немесе нәтижелілік компоненттері бірізді жүйесін қамтамасыз етеді.
Шығармашылық қағидасы оқушылардың стандарттық емес мәселелердің шығармашылық шешімін өз беттерімен табуды қамтамасыз етуді ұйғарады.
Саналылық қағидасы оқушылар үшін оқу міндеттерінің айқын қойылымын; оқушылар мүддесіне тірек пен ілім түрткілерін қалыптастыруды; оқушылардың белсенді ақыл-ой іс-әрекетін ұйымдастыруды; шынайы уақыт режімінде өзара әрекеттестікті және кері байланыстарды ұйымдастыруды ұйғарады.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Сластенин В.А., Подымова Л.С. Педагогика: инновационная деятельность. –М ., 1997
2. А.Е. Абылкасымова., Е.У.Ушуров., Р.С. Омарова. Развития системы общего среднего
образования в современном мире. –Алматы, 2003.
3. Сравнительная педагогика. Большая современная энциклопедия. /СПб: ИОВ ДАО: 2001.
4. Абдыкаримов Б.А., Мамерханова Ж.М., Соколова М.Г. Методическое пособие к изучению курса «Педагогика профильного обучения». – Караганда, 2007.
5. http//www.profil-edu.ru.
6. http//www.cpm. kz.
Лекция
Тақырыбы:Бейіндік оқытуды енгізу жағдайларында оқу пәндерінен сабақ беруді нормативтік-құқықтық және бағдарламалық-әдістемелік сипатта қамтамасыз ету.
Мақсаты:Қазіргі кездегі жалпы орта білім беру мектебінің негізгі оқу жоспарының мазмұнын ашу.
Студентте қалыптасатын ББД-ББҚ:Бейінді оқыту жүйесінде оқу пәндері бойынша жаңа буын бағдарламалармен танысу, қолдана алу.
Жоспары:
1.Орта жалпы білім беру мектебінің негізгі оқу жоспары.
2. Бейінді оқыту жүйесінде оқу пәндері бойынша жаңа буын бағдарламалардың сипаттамасы. Оқу бағдарламаларын оқу-әдістемелік сүйемелдеу (практикумдар, сөздіктер, анықтамалар, емтихандарға дайындалу құралдару, сұрақтар, тапсырмалар, тесттер, есептер жинақтары және т.б.).
Теорияның практикамен байланыстылық қағидасы оқу контентінің практикалық бағдарланғыштығы;
«Бейіндік мектеп» бейіндік оқыту бағдарламасын жүзеге асыру;
1. Жаңа ғылыми білім мен қазақстандық қоғамды жаңғыртудың әлеуметтік-экономикалық басымдықтарын ескере отыра білім мазмұнын жаңарту;
2. Бейіндік ЖОО-мен сабақтастықты күшейтетін жаңа мазмұнды бейіндік пәндер енгізу;
3. Білім берудің жасампаздық, озыңқы және іс- тәжірибеге бағдарланған сипатын күшейту;
4. Көптілділікті оқытуға енгізу;
5. Оқытудың кредиттік және дуальдық жүйесін енгізу.
6. Бейіндік оқытуда қоғамдық - гуманитарлық бағыттағы білім мазмұнын «Мектеп- колледж- ЖОО» жүйесінде сабақтастыру әдістері
«Қазақстан тарихы» пәні
І. «Қазақстан тарихы» пәнін оқытудың мақсаты мен міндеттері.
Оқытудың мақсаты – оқушылардың білімі мен дайындық деңгейін, жас ерекшеліктерін ескере отырып, Қазақстан тарихының ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі нақты тарихы бойынша білім беру.
Оқытудың міндеттері:
- оқушыларға Қазақстан тарихы бойынша толыққанды, жүйелі білім беру;
- Қазақстан тарихы бойынша тарихи терминологияларды меңгерту;
- оқушылардың тарихи фактілер мен құбылыстарды талдап- қорыту, тарихи оқиғалардың мақсаты мен мәнін анықтай білу, оның маңызын бағалай білу дағдыларын қалыптастыру;
- оқушыларды оқытылатын кезеңдегі ғылым мен мәдениеттің көрнекті өкілдері мен саяси жетекшілердің қызметіне, тарихи оқиғаларға салыстырмалы талдау жасауға дағдыландыру;
- оқушылардың қазақ және елімізде тұратын басқа да халықтардың мәдени мұраларына қызығушылығын қалыптастыру;
- оқушылардың жас ерекшелігін ескере отырып, түрлі дереккөздерінен қажетті ақпаратты іздестіру арқылы өзіндік жұмыспен айналысуына мүмкіндік беру.
ІІ. «Қазақстан тарихы» пәнінің базалық мазмұны.
Отан тарихына кіріспе. «Қазақстан тарихы» пәнінің рөлі мен маңызы. Археологиялық ескерткіштер. Қазақстан аумағындагы археологиялық қазба жұмыстары. Қазақстан тарихынан деректер. Ертедегі жазулар. Күлтегін, Білге қаған ескерткіштері. Жазбаша деректердің түрлері. Өлкетану. Тарихи уакыт. Біздің заманымызға дейін (б.з.д.). Біздің заман (б.з.). Хижра. Қазақ күнтізбесі. Тарихи жыл санау. Тарихи карталар. Қазақстан дүние жүзі картасында. Қазақстанның табиғаты. Тарихы мен табиғаты. Қазақстан халқы. Халықтың саны, ұлттық қүрамы. Әлеуметтік қүрамы. Халықтың тығыздығы. Тарихи көшіқон. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері. Ту. Елтаңба. Әнұран. Теңге. Қазақстан тарихына саяхат. Қазақстан XX ғасырдың басында. Қазіргі Қазақстан. Болашаққа жол. Қазақстан Республикасының жариялануы. Н.Ә.Назарбаев — Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті. Қазақстан Республикасының Конституциясын қабылдау. Астана — мемлекетіміздің Елордасы. «Ежелгі Қазақстан тарихы» ұғымы, оның мазмұны мен мәні. Ежелгі Қазақстан тарихының кезеңдері. Ежелгі Қазақстанның адамзат тарихындағы орны. Ежелгі Қазақстан. Қазақстанның алғашқы тұрғындары туралы білім көздері. Қазақстан территориясындағы тас дәуірі. Неолит дәуірі. Металл өндірісі. Андронов мәдениеті. Ежелгі Қазақстан аумағын мекендеген тайпалардың қоғамдық-мәдени өмірі. Ежелгі Қазақстан темір дәуірі қарсаңында. Қазақстан ерте темір ғасырында. Қазақстан аумағындағы ірі тайпалық бірлестіктер. Темірдің пайда болуы. Сақ-савромат тайпалары. Сақ-савромат тайпаларының қоғамдық-саяси құрылымы мен шаруашылығы. Сақ тайпаларының тәуелсіздік үшін күресі. Сақтар мәдениеті мен өнері. Қазақстан аумағындағы алғашқы мемлекеттік бірлестіктер. Шаруашылық өмірдегі өзгерістер. Үйсін мемлекетінің қалыптасуы. Үйсіндердің шаруашылығы мен тұрмысы. Қаңлы мемлекетінің қалыптасуы. Қаңлылардың шаруашылығы мен тұрмысы. Ғұн мемлекетінің құрылуы. Ғұндар және халықтардың Ұлы қоныс аударуы. Ғұн мәдениеті. Ежелгі Қазақстан тұрғындарының антропологиясы.
Қазақстан – Ұлы Дала өркениетінің мұрагері. Қазақстандағы археологиялық зерттеулер. Археологиялық мәдениет туралы түсінік. Шығыс Қазақстанның археологиялық мәдениеті. Қазақстандағы патша қорғандары. Көшпелі өркениеттің қалыптасуы. Орта ғасырлар қарсаңындағы Қазақстан тарихы. «Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы» туралы түсінік, оның мазмұны мен маңызы. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихының негізгі кезеңдері.
VI-XII ғғ. ерте орта ғасырлардағы Қазақстан. Түрік қағанаты.
Батыс және Шығыс түрік қағанаттары.
Қазақстан аумағындағы түркеш қағанаты.
«Түркеш» этнонимі. Түркеш тайпалары туралы жазба деректер. Түркеш қағанатының құрылуы. Үш-Елік қаған. Түркештердің этникалық және тайпалық құрамы. «Сары» және «қара» түркештер.
VI-XII ғғ. Ерте орта ғасырлардағы Қазақстанның экономикасы мен мәдениеті. ХІІІ – XV ғ. бірінші жартысындағы дамыған орта ғасырлардағы Қазақстан. XIII-XV ғғ. Қазақстан қалалары мен сәулет өнері. XV ғ. екінші жартысы – XVІІ ғ. кейінгі орта ғасырлардағы Қазақстан. XVIII ғасырдың басы – 1917 жыл). Қазақстан ХІХ ғасырдың бірінші жартысында. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс (1837-1847жж.). Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуы (ХІХ ғ. 40 – 60жж.). Қазақстанның ХІХ ғасырдың І жартысындағы мәдениеті. ХІХ ғ. ІІ жартысындағы Қазақстан. Қазақстанның ХІХ ғ. екінші жартысындағы мәдениеті. ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан тарихы (1917 – 1991 жж.). ХХ Ғасырдың басындағы Қазақстан. Қазақстан 1917-1941 жж. Қазақстанда Кеңестер билігінің орнауы. Қазақстан
1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысы кезеңінде. Қазақстан 1946-1991 жж.
ІІІ. Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар.
- тарихи білім алудың әдістері мен тәсілдері туралы;
- әр ел халқының түрлі тарихи кезеңдердегі мәдениеті, діни сенімдері, өмірі, тұрмысы мен кәсібін білуі қажет;
- тарих пәні туралы мәліметтерді, тарихи деректерді, тарих картасын, тарихи уакыттарды;
- отандық тарихта болған маңызды кезеңдерді, ежелгі дүниеден казіргі заманға дейінгі аса маңызды оқиғаларды, көрнекті кайраткерлерді;
- ежелгі отандық тарихтың негізгі кезеңдері туралы;
- өткен тарихи тұлғалар мен елеулі оқиғалар туралы;
– ежелгі Қазақстанның табиғи-климаттық жағдайы және оның халық шаруашылығына әсері туралы;
– ежелгі Қазақстан халықтарының өмірі, шаруашылығы, кәсібі, діни, наным-сенімдері туралы;
– ежелгі халықтардың мәдени жетістіктері туралы;
- тарихи білім алудың әдістері мен тәсілдері туралы;
- ежелгі отандық тарихтың негізгі кезеңдері туралы;
- өткен тарихи тұлғалар мен елеулі оқиғалар туралы;
– ежелгі Қазақстанның табиғи-климаттық жағдайы және оның халық шаруашылығына әсері туралы;
– ежелгі Қазақстан халықтарының өмірі, шаруашылығы, кәсібі, діни, наным-сенімдері туралы;
– ежелгі халықтардың мәдени жетістіктері туралы;
– орта ғасырлардағы Қазақстан тарихының негізгі кезеңдерін;
– орта ғасырлар шеңберінде қазақ елінің тарихында болған маңызды оқиғалар желісін;
– орта ғасырлардағы Қазақстанның табиғи-климаттық жағдайының тайпалардың шаруашылық және тұрмыс-салт тіршілігіне тигізер әсерін;
– қазақ даласында мемлекеттілік ұғымдардың қалыптасуын және оның даму ерекшелігін;
– орта ғасырларда қазақ жеріндегі қалалар мен қала мәдениетінің даму ерекшеліктерін;
– орта ғасырлардағы тайпалардың өмірі, тұрмысы, діни-нанымдары мен әлемдік діндердің таралу ерекшеліктерін;
– орта ғасырлардағы Қазақстан тұрғындарының мәдени мұрасын;
– зерттеу кезеңінің құбылыстарын, үрдістер мен негізгі фактілерді түсінуі;
– сол кезеңдегі қоғамның белгілі саяси және мемлекет қайраткерлерін, ғылым мен мәдениет өкілдерін;
– жаңа дәуірдегі қазақ қоғамындағы әлеуметтік құрылымдарды;
– әкімшілік-территориялық құрылыс түрлерін және Қазақстанның Ресейге қосылғаннан кейінгі басқаруды;
– Қазақстан халықтарының жаңа кезеңдегі салт-дәстүрлерін және мәдени мұраларын;
– ХХ ғасырдағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы және әкімшілік-территориялық құрылымын;