Тәжірибелік сабақтардың тақырыптық жоспары

Тақырыбы Жүргізу түрі Сағат саны
1. Патологиялық анатомияның объектілері мен зерттеу әдістері. Аутопсия. Паренхималық және строма- тамырлық дистрофиялар. Хромопротеидтер мен нуклеопротеидтер алмасуының бұзылуы. Минералдардың алмасуының бұзылуы. Тастардың түзілуі. 1. Сабақ тақырыбын қысқаша талдау. 2. Макропрепараттарды суреттеу 3. Микропрепараттарды қарап, суретін салу
2. Қан айналымының бұзылуы: толыққандылық, қаназдық, қан кету, тромбоз, эмболия. Некроз. 1. Сабақ тақырыбын қысқаша талдау. 2. Макропрепараттарды суреттеу 3. Микропрепараттарды қарап, суретін салу
3. Қабыну: экссудациялық және пролиферациялық қабыну. 1. Сабақ тақырыбын қысқаша талдау. 2. Макропрепараттарды суреттеу 3. Микропрепараттарды қарап, суретін салу
4. Иммуногенез бұзылуының морфологиясы. Сезімталдық артқан жауап. Аутоиммунизация және аутоиммунды аурулар. Регенерация. Гипертрофия. Атрофия. Жарақаттың жазылу түрлері. 1. Сабақ тақырыбын қысқаша талдау. 2. Макропрепараттарды суреттеу 3. Микропрепараттарды қарап, суретін салу
5. Ісіктер туралы жалпы ұғым. Эпителийден дамитын және мезенхималық қатерсіз және қатерлі ісіктер. 1. Сабақ тақырыбын қысқаша талдау. 2. Макропрепараттарды суреттеу 3. Микропрепараттарды қарап, суретін салу
Жүйке жүйесі мен меланинтүзуші тіндерден дамитын ісіктер. Тістің бейодонтогендік және одонтогендік ісіктері; жақсүйектің, сілекей бездерінің, еріннің, тіл мен ауыз қуысының жұмсақ тіндерінің ісіктәрізді аурулары мен ісіктері. 1. Сабақ тақырыбын қысқаша талдау. 2. Макропрепараттарды суреттеу 3. Микропрепараттарды қарап, суретін салу
7. Аралық бақылау. 1. Тесттік тапсырмалар 2. Ситуациялық есептер
8. Атеросклероз. Гипертониялық ауру. Жүректің ишемиялық аурулары. Ми тамырларының аурулары. 1. Сабақ тақырыбын қысқаша талдау. 2. Макропрепараттарды суреттеу 3. Микропрепараттарды қарап, суретін салу
9. Ревматизмдік аурулар. 1. Сабақ тақырыбын қысқаша талдау. 2. Макропрепараттарды суреттеу 3. Микропрепараттарды қарап, суретін салу
10. Өкпенің жедел және созылмалы аурулары. 1. Сабақ тақырыбын қысқаша талдау. 2. Макропрепараттарды суреттеу 3. Микропрепараттарды қарап, суретін салу
11. Өңеш, асқазан, ішек аурулары. 1. Сабақ тақырыбын қысқаша талдау. 2. Макропрепараттарды суреттеу 3. Микропрепараттарды қарап, суретін салу
12. Бауырдың жедел және созылмалы аурулары 1. Сабақ тақырыбын қысқаша талдау. 2. Макропрепараттарды суреттеу 3. Микропрепараттарды қарап, суретін салу
13. Гломерулонефрит. Пиелонефрит. Бүйректердің интерстицийлік аурулары. 1. Сабақ тақырыбын қысқаша талдау. 2. Макропрепараттарды суреттеу 3. Микропрепараттарды қарап, суретін салу
14. Кариес. Пульпит. Периодонтит. Қызылиек пен пародонт аурулары. Ауыз қуысының мүшелері мен шырышты қабықшасының аурулары.  
15. Аралық бақылау. 1. Тесттік тапсырмалар 2. Ситуациялық есептер
  Жалпы сағат саны:  

2.7.3Оқытушылардың кеңес беру уақыты:

Студенттерге кеңес беруді, кафедра меңгерушісі бекіткен кестеге сәйкес, кезекші оқытушы жүзеге асырады.

СӨЖ тапсырмалары

Тақырыбы Жүргізу түрі Сағат саны
1. Қазақстандағы патологиялық анатомия қызметінің даму тарихы. Презентация
2. Туа біткен дистрофиялар: липидоздар мен глигеноздар.   Тақырып бойынша оқу- иллюстрацияланған дәріс дайындау
3. Жалпы семіру. Семуі (кахексия).   Презентация
4. Өлім. Өлімнен кейінгі өзгерістер   Тесттік тапсырмалар мен ситуациялық есептер құрастыру
5. Тромбоэмболиялық синдром. Реферат дайындап, қорғау
6. Шок. Презентация
7. Қанның шашыранды ұюы (ҚШҰ) синдромы. Презентация
8. Біріншілікті және екіншілікті иммунодефицитты синдромдар   Тесттік тапсырмалар мен ситуациялық есептер құрастыру
9. Жеке тіндердің регенерациясы. Тесттік тапсырмалар мен ситуациялық есептер құрастыру
10. Бехтерев ауруы. Реферат дайындап, қорғау
11. Өкпе обыры Презентация
12. Асқазан обыры Презентация
13. Жақ-бет аймағының ісік тәрізді аурулары. Тақырып бойынша оқу- иллюстрацияланған дәріс дайындау
  Жалпы сағат саны:  

Дебиеттер

Орыс тілінде:

Негізгі:

1. Пальцев М.А., Аничков Н.Н. Патологическая анатомия: Учебник. В 2-х томах, Т.1. Ч.I.- М.:Медицина, 2001.-760 с.

2. Пальцев М.А., Аничков Н.Н. Патологическая анатомия: Учебник. В 2-х томах, Т.2 Ч.I. - М.:Медицина, 2001. - 590 с.

3. Пальцев М.А., Аничков Н.Н. Патологическая анатомия: Учебник. В 2-х томах, 2 Ч.II.-М.:Медицина, 2001.- 680 с.

4. Пальцев М.А., Пауков В.С., Улумбеков Э.Г. Патология: Издательский дом: «ГЭОТАР-МЕД» 2002.- 959 с.

Қосымша:

1. Абдуллахождаева М.С. Основы патологии человека. - Ташкент, 1998. – 300с.

2. Общая патология человека: Руководство /Под ред. А.И. Струкова. - М.: Медицина, 1990. – Т.1-2.-

3. Хазанов А.Т., Чалисов И.А. Руководство по секционному курсу. \\ М. - 1986.С.10-87

Қазақ тілінде:

Негізгі:

1. Струков А.И., Серов В.В. Патологиялық анатомия: медициналық жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқулық. Орысшадан аударған доцент М.Т. Айтқүлов//Алматы: "Орталық Қазақстан" БПК, "Қазақстан".- 1993.-170 б.

2. Струков А.И., Серов В.В. Патологиялық анатомия: медициналық жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқулық. Орысшадан аударған доцент М.Т. Айтқүлов // Алматы, Карағанды:"Ғылым", "Қазақстан". - 1996.- 2-бөлім, 1-кітап, 175-274 б.

3.Струков А.И., Серов В.В. Патологиялық анатомия: медициналық жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқулық. Орысшадан аударған доцент М. Айтқұлов// Алматы, Карағанды:"Ғылым", "Қазақстан". - 1996.- 2-бөлім, 2-кітап, 275-535 б.

Қосымша:

1. Ахметқалиев С.Е., Қамбаров Ж.А. Клиникалық патоморфологияға кiрiспе: Оқу құралы.// Ақтөбе: Ақтөбе медициналық академиясы.-1999. - С.5-34.

2. Ахметов Ж.В. Патологиялық анатомия. т.1,2//Алматы.-1990.-С.45-78

3. Кисманова Г.Н. Жалпы патологиялық процестер нұсқауы // Медицина академиясы, университетi студенттерiне арналған оқу құралы - Ақтөбе.- 2000.-107 б.

Ағылшын тілінде:

Негізгі:

1. Rоbbins S.W., Kumar V. Basic Pathology. /4 nd Ed, W.B. Saunders Company. - Philadelphia-London-Toronto-Sydney, 1987. - 158p.

2. Rоbbins S.W., Kumar V. Basic Pathology. /4 nd Ed, W.B. Saunders Company. - Philadelphia-London-Toronto-Sydney, 1987. - 158p.

Ескеру: * Әдебиет тізімін жыл сайын жаңартып отыруға болады.

Оқыту әдістері

Дәрістер: жалпы шолу.

Тәжірибелік сабақтар:кіші топтарда жұмыс жасау, пәндермен интеграцияланған 1-2 клиникалық жағдайларды талдау, дискуссиялар, патогистологиялық атласпен жұмыс жасау, макропрепараттарды сипаттау, микропрепараттарды қарау және суретін салу, тест тапсырмаларын орындап, ситуациялық есептерді шығару.

Студенттердің өз бетінші атқарылатын жұмысы (СӨЖ):

әдебиетпен, электрондық базадағы деректермен, компьютермен оқыту бағдарламаларымен жұмыс істеу, ситуациялық жаттығулар мен тестілік тапсырмаларды шешу, рефераттар дайындап, қорғау.

2.11 Білімдерін бағалау белгілері және ережелері:

Тәжірибелік сабақтар мен аралық бақылау:

100 балл. Сабақ тақырыбын талқылау барысында интерактивті оқытудың әр түрлі тәсілдері (әңгімелесу, дискуссия, дөңгелек үстел, іскерлік ойын) бойынша ауызша жауап берукезінде белсенді қатысып, тақырыптық жоспарға сай ағымдық материалды толығымен түсінгенің көрсетті. Жауабы толық, дұрыс, жеткіілікті. Студент бағдарламамен ұсынылған негізгі және қосымша әдебиеттерді терең қамтыған. Күрделілігі жоғары оқу материалын оңайлықпен түсініп, қолдана алады. Пән бойынша негізгі терминдерді орнықты және саналы түрде қолданып, спецификалық терминологияны біледі. Пререквизиттер мен постреквизиттер материалының арасында логикалық байланысын көрсете алады.

Тәжірибелік машықтарды қатесіз орындап, зерттеу нәтижелерін бағалап, талқылап, дәлелді қорытынды жасай алады.

Ситуациялық есеп шешу барысында студент зерттеудің негізгі және қосымша әдістерін сипаттап, ажыратпалы диагностиканы қолданды; диагноз этиология және патогенез тұрғыдан дәлелденіп қойылды; емдеудің тиімді жоспары аурудың этиологиясы мен патогенезін жете түсіну нәтижесінде құралды, ауру болжамы жасалды. Клиникалық ойлау қабілеті жақсы дамыған. Классикалық емдеу әдістерін қолдану мүмкін емес жағдайда, баламалы (альтернативті) емдеу жолын ұсынып, өз көзқарасын қорғай алады. Өз білімін тесттік тапсырманың 95% пайызына дұрыс жауап беруі арқылы дәлелдейді.

90 балл.Сабақ тақырыбын талқылау барысында интерактивті оқытудың әр түрлі тәсілдері (әңгімелесу, дискуссия, дөңгелек үстел, іскерлік ойын) бойынша ауызша жауап берукезінде белсенді қатысып, тақырыптық жоспарға сай ағымдық материалды толығымен түсінгенің көрсетті. Жауабы анық, жан-жақты, фактілерлі бағалай алады, өз бетімен пайымдайды, қорытындыларды дәлелдеп, оларды логикаға сәйкес түсіндіре алады, бірақ біршама жалпы сипаттағы қателер жібереді; өткен пәндерді білу деңгейі орташа болғанымен материалды жоғары деңгейде игерген, негізгі және қосымша әдебиеттерді (монографиялар, мақалалар) қолдана алады, өз қозқарасын дұрыс мазмұндайды. Пререквизиттер мен постреквизиттер материалының арасында логикалық байланысын көрсете алады.

Тәжірибелік машықтарды қатесіз орындап, зерттеу нәтижелерін бағалай алады.

Ситуациялық есеп шешу барысында студент зерттеудің негізгі және қосымша әдістерін сипаттап, ажыратпалы диагностиканы қолданды; диагноз этиология және патогенез тұрғыдан дәлелденіп қойылды; емдеудің тиімді жоспары аурудың этиологиясы мен патогенезін жете түсіну нәтижесінде құралды, ауру болжамы жасалды. Клиникалық ойлау қабілеті жақсы дамыған. Өз білімін тесттік тапсырманың 88-94% пайызына дұрыс жауап беруі арқылы дәлелдейді.

85 балл. Сабақ тақырыбын талқылау барысында интерактивті оқытудың әр түрлі тәсілдері (әңгімелесу, дискуссия, дөңгелек үстел, іскерлік ойын) бойынша ауызша жауап берукезінде орташа белсенділікпен қатысып, тақырыптық жоспарға сай ағымдық материалды толығымен түсінгенің көрсетті. Бірақ кейбір қорытындыларды теориялық дәлелдеп, логикаға сәйкес түсіндіре алмайды. Өткен пәндерді білу деңгейі орташа болғанымен материалды жақсы деңгейде игерген, негізгі және қосымша әдебиеттерді (басқа оқулық) қолдана алады. Сұрақтарға сенімсіз (бірақ дұрыс) жауап береді. Болмашы қателер жіберіп, оларды өз бетімен түзетеді. Тәжірибелік машықтарды қатесіз орындап, зерттеу нәтижелерін бағалай алады.

Ситуациялық есеп шешу барысында студент зерттеудің негізгі және қосымша әдістерін сипаттап, ажыратпалы диагностиканы қолданды; диагноз этиология және патогенез тұрғыдан дәлелденіп қойылды; емдеудің тиімді жоспары аурудың этиологиясы мен патогенезін жете түсіну нәтижесінде құралды, ауру болжамы жасалды. Клиникалық ойлау қабілеті дамыған. Өз білімін тесттік тапсырманың 83-87% пайызына дұрыс жауап беруі арқылы дәлелдейді.

80 балл. Сабақ тақырыбын талқылау барысында интерактивті оқытудың әр түрлі тәсілдері (әңгімелесу, дискуссия, дөңгелек үстел, іскерлік ойын) бойынша ауызша жауап берукезінде минимальді белсенділікпен қатысып, негізінде дұрыс жауап береді. Өткен пәндерді білу деңгейі орташа болғанымен материалды жақсы деңгейде игерген, көбінесе негізгі, аздап қосымша әдебиеттерді (басқа оқулық) оқыған, өз көзқарасын мазмұндай алады. Қателер жібереді, бірақ оларды оқытушының жетелеуші сұрақтарынан кейін түзетеді. Тәжірибелік машықтарды қатесіз орындап, зерттеу нәтижелерін бағалай алады.

Ситуациялық есеп шешу барысында студент зерттеудің негізгі және қосымша әдістерін сипаттап, ажыратпалы диагностиканы қолданды; диагноз этиология және патогенез тұрғыдан дәлелденіп қойылды; емдеудің тиімді жоспары аурудың этиологиясы мен патогенезін жете түсіну нәтижесінде құралды, ауру болжамы жасалды. Клиникалық ойлау қабілеті жақсы. Өз білімін тесттік тапсырманың 78-82% пайызына дұрыс жауап беруі арқылы дәлелдейді.

75 балл. Сабақ тақырыбын талқылау барысында интерактивті оқытудың әр түрлі тәсілдері (әңгімелесу, дискуссия, дөңгелек үстел, іскерлік ойын) бойынша ауызша жауап беруүдерісіне қатысты, бірақ материалды толық мазмұндай алмайды, талқыланған сұрақтардың мәнің толық түсінбейді, пайымдау кезінде қателер жіберіледі. Сонымен қатар, өткен пәндерді білу деңгейі орташа болғанымен материалды жақсы деңгейде игерген, көбінесе негізгі, аздап қосымша әдебиеттерді (басқа оқулық) оқыған. Азғана қателер жібереді, оларды оқытушының жетелеуші сұрақтарынан кейін түзетеді. Тәжірибелік машықтарды қатесіз орындай алады, бірақ зерттеу нәтижелерін бағалау кезінде қиналады.

Ситуациялық есеп шешу барысында студент зерттеудің, ажыратпалы диагностиканың, диагноз анықтаудың негізгі және қосымша әдістерінің сипаттауын қолданды; емдеу жоспары оқытушының көмегімен аурудың этиологиясы мен патогенезіне негізделіп құралды, ауру болжамы жасалды. Клиникалық ойлау қабілеті жақсы. Өз білімін тесттік тапсырманың 73-77% пайызына дұрыс жауап беруі арқылы дәлелдейді.

70 балл. Сабақ тақырыбын талқылау барысында интерактивті оқытудың әр түрлі тәсілдері (әңгімелесу, дискуссия, дөңгелек үстел, іскерлік ойын) бойынша ауызша жауап берукезінде дамыл-дамыл қатысты, бірақ материалды игеру деңгейі, өткен пәндерді білу деңгейі орташа және тек қана негізгі әдебиетті қолданды. Жауабы толық емес, азғана қателер жібереді, оларды оқытушының белсенді қатысуымен түзетеді. Игерген материал көлемі онан арғы оқытуға жеткілікті, студент негізгі әдебиеттің материалын біледі. Деректі мысалдарда білімін еркін қолдана алмайды. Тәжірибелік машықтарды орындау техникасы мен әдістерін біледі. Тақырып бойынша сұрақтардың талқылауына белсенді қатыспайды.

Ситуациялық есеп шешу барысында студент зерттеудің негізгі әдістерін сипаттады, ал қосымша әдістерінің сипаттауын ішінара қолданды, ажыратпалы диагностика мен диагноз анықтауды жарым-жартылай айтып түсіндірді, емдеу жоспарын құрастыру кезінде аурудың этиологиясы мен патогенезі бойынша деректер нақты болған жоқ, емдеу жоспары оқытушының көмегімен құралды, ауру болжамы жасалды. Клиникалық ойлау қабілеті төмен. Өз білімін тесттік тапсырманың 65-72% пайызына дұрыс жауап беруі арқылы дәлелдейді.

60 балл. Сабақ тақырыбын талқылау барысында интерактивті оқытудың әр түрлі тәсілдері (әңгімелесу, дискуссия, дөңгелек үстел, іскерлік ойын) бойынша ауызша жауап берукезінде сирек қатысты, тақырып бойынша тек жалпы түсінігі бар, материалды терең меңгермеген, өз ойын логикалық түсіндіре алмайды, материалды игеру деңгейі төмен, өткен пәндерді білу деңгейі төмен және тек қана негізгі әдебиетті толық емес оқыған. Жауабы толық емес, елеулі қателіктер жібереді, олардың кейбіреулерін оқытушының қатысуымен түзете алады. Тәжірибелік машықтарды орындау техникасын толығымен игермеген (кейбір этаптарын білиейді). Тәжірибелік машықтарды орындау нәтижелерін талдап, қорытынды жасай алмайды.

Ситуациялық есеп шешу барысында студент зерттеудің негізгі әдістерін толық емес сипаттап, қосымша әдістердің сипатын бере алмады, ажыратпалы диагностика мен диагнозды қате анықтап, жарым-жартылай айтып түсіндірді, емдеу жоспарын құрастыру кезінде аурудың этиологиясы мен патогенезі бойынша деректер нақты болған жоқ, емдеу жоспары тек оқытушының көмегімен құралды, ауру болжамы жасалды. Клиникалық ойлау қабілеті жоқ. Өз білімін тесттік тапсырманың 55-64% пайызына дұрыс жауап беруі арқылы дәлелдейді.

50 балл. Сабақ тақырыбын талқылау барысында интерактивті оқытудың әр түрлі тәсілдері (әңгімелесу, дискуссия, дөңгелек үстел, іскерлік ойын) бойынша ауызша жауап берукезінде өте сирек қатысты, материалды игеру деңгейі төмен, өткен пәндерді білу деңгейі төмен және тек қана негізгі әдебиетті толық емес оқыған. Жауабы толық емес, қателіктер көп, олардың кейбіреулерін оқытушының жетелеуші сұрақтарынан кейін де түзете алмады. Тәжірибелік машықтарды орындау техникасын толығымен игермеген. Зерттеу нәтижелерін талдап, қорытынды жасай алмайды.

Ситуациялық есеп шешу барысында студент зерттеудің негізгі әдістерін толық емес сипаттап, қосымша әдістердің сипатын бере алмады, ажыратпалы диагностика мен диагнозды қате анықтап, жарым-жартылай айтып түсіндірді, емдеу жоспарын құрастыру кезінде аурудың этиологиясы мен патогенезі бойынша деректер нақты болған жоқ, емдеу жоспары тек оқытушының көмегімен құралды, ауру болжамы жасалды. Клиникалық ойлау қабілеті жоқ. Өз білімін тесттік тапсырманың 45-54% пайызына дұрыс жауап беруі арқылы дәлелдейді.

0 балл. Студентте тақырып бойынша білімі жоқ, сұраққа жауап бере алмайды. Тәжірибелік машықтарды орындай алмайды. Жауап беруден бас тартады. Отказ от ответа. Тесттік тапсырманың дұрыс жауаптары 45 %-дан аспайды.

Студенттің білімі Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты бойынша (05.03.2006 ж. ҚР МЖБС) балдық рейтингтік әріптік жүйемен бағаланады. Бақылаудың барлық түрі (аралық, ағымды, СӨЖ) 100 балдық шкала бойынша бағаланады.

Наши рекомендации