Зін өзі бақылауға арналған сұрақтар. 1)"Мектепті басқару" термині нені білдіреді?

1)"Мектепті басқару" термині нені білдіреді?

2)Мектепті басқару қызметтеріне сипаттама беріңіз.

3)Педагогикалық қызметкерлерді аттестациялаудың негізгі мақсаты қандай?

Зіндік жұмысқа арналған тапсырмалар

1)Әртүрлі оқулықтар бойынша "мектепті басқару" ұғымының түсіндірмесін оқып шығыңыз.

2)Мектепті басқару мәселесінің қазіргі әдістемелерін талдаңыз, өз көзқарасыңызды білдіріңіз.

3)Жаңашыл мектептің басқару тәжірибесін талдап, қортындылаңыз.

Реферат тақырыптары

1.Мектептегі оқу-тәрбие процесін басқару мазмұны мен оны ұйымдастыру.

2.Қазіргі заман мектептеріне басшылық ету мәселелері.

3.Мектеп басшысының жеке тұлға ретіндегі рөлі.

4.Қазіргі заман мектебінің директорына тән мінез-құлық қасиеттеріне сипаттама.

5.Мектепті басқару мен мектептің оқу-тәрбие процесіне басшылық етуді жетілдіру, оқушыларға білім беру мен тәрбиенің сапасын көтерудің алғы шарты.

Мектептің (сыныптың) оқу-тәрбие процесінің диагностикасы-басқару негізі.

Мақсаты: басқару сапасын көтеру негізінде педагогикалық процестің диагностикасы туралы білім қалыптастыру.

Міндеттері: а)"педагогикалық процесс диагностикасы", "педагогикалық ақпарат", "педагогикалық процестің сипаттамасы" (ауыспалы), "педагогккалық процестің көрсеткіштері" атты негізгі ұғымдарына анықтама беру;

ә)басқару негізі ретіндегі педагогикалық процестің мәнін ашу;

б)педагогикалық ақпарат түрлері және оның сұрыпталу жағдайын талдау;

в)педагогикалық процесс және оның көрсеткіштерінің негізгі сипаттамаларын айқындау;

г)педагогикалық процестің сипаттамасын зерттеу үшін педагогикалық зерттеудің кешенді әдістерін қолданудың мүмкіндігін көрсету.

Жоспар

1.Басқару негізі ретінде-педагогикалық процесс диашостикасының мәні.

2.Педагогикалық ақпараттар.

3.Негізгі сипаттамалар (ауыспалы) және педагогикалық процестің көрсеткіштері.

Негізгі ұғымдар: педагогикалық процесс, педагогикалық роцесті басқару, педагогикалық процестің диагностикасы, педагогикалық процестің сипаттамасы (ауыспалы), педагогикалық процестің көрсеткіштері.

Пәнаралық байланыстар: философия, психология, әлеуметтану, оқыту әдістемесі.

Басқару негізі ретінде-педагогикалық процесс диагностикасының мәні. Ұстаз еңбегі психологиялық-педагогикалық тұрғыдан ғана емес, мұғалімнің әдістемелік даярлығында тұрақты жетілдіруді талап етеді. Іс-әрекет нәтижесіне сәйкес қойылған мақсат мұғалімнің педагогикалық процесс жағдайы жайындағы ақпараттарды игеру дәрежесіне тікелей тәуелді болады. Міне, осыдан келіп педагогикалық процестің өту барысы мен кезеңдер нәтижелері әрі қорытынды көрсеткіштері туралы ақпарат алу мақсатында мұғалімде мектептің (сыныптың) педагогикалық процесін диагностикалау білімі мен дағдысы болуы қажеттігі туындайды.

Білімнің қай саласында болмасын, еңбек процесі өту кезіндегі жағдайы мен сапасының диагностикасы жетекші роль атқарады. Қазіргі ғылыми әдебиеттерде "педагогикалық диагностика" терминіне біршама анықтама берілген. Көптеген жағдайларда бұл анықтамалар психологиялық көзқарас тұрғысынан беріледі. Сондықтанда педагогикалық диагностика мазмұнында психологиялық процестерді оқып үйрену және педагогтар мен оқушылардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруға баса көңіл бөлінеді.

"Диагноз" грек тілінен аударғанда танып білуді білдіреді (бұл ғылымға ортақ термин). Психологиялық-педагогикалық зерттеулерде құрылым, функция, міндеттер және педагогикалық диагностика бағыттары анықталды (Б.С. Кобзарь, Л.И. Катаева, Е.А. Берулова, Б.П. Макарова, Б.П. Битас, В.П. Симонов және т.б.). Б.П. Битинас педагогикалық процесс жағдайының оңтайлы жинақталған көрсеткіштерін айқындайтын ғылыми бағыттағы педагогикалық диагностиканың негізгі міндеттерін анықтап берген.

Педагогикалық диагностика соңғы онжылдықта іс-әрекет нысаны және мұғалімді басқару ұстанымын қарастырылып келеді. Қазіргі педагогика ғылымында мұғалімнің іс-әрекет нысаны

педагогикалық (оқу-тәрбие; процесі деп мойындалған. Соған орай мұғалімнің жұмыс тиімділігі оның іс-әрекет нысаны ретіндегі біртұтас педагогикалық процесс теориясын қаншама білуіне және диагностикалау дағдысын меңгеруіне тікелей байланысты. Сонымен педагогикалық диагностикаға мына төмендегідей анықтама беруге болады: "сипаттама үшін аса қажет білім мен іс-әрекеттің жиынтығы және педагогикалық процесс жағдайы себеп-салдарын анықтау, мақсаттар арасындағы қарама-қайшылықты және педагог-оқушы" жүйесі мүмкіндіктерін айқындау" (В.К. Омарова).

Педагогикалық ақпараттар. Басқару нысаны туралы мәлімет-мектептің (сыныптың) педагогикалық процесінде, отбасында қашанда әрқилы. Сол себепті ақпараттардың педагогикалық мәнін екінші кезекті не оған қатысты жақтардан бөле білу қажет. Педагогикалық ақпараттар - басқару нысаны туралы әрқилы мәліметтерден шектеу. Бұл шектеулердің өз шекаралары бар, олар мына төмендегілер:

-ақпарат ұзақ мерзімді (жылдық, жарты жылдық, ) перспективті жоспарлаудың ніегізің құруы тиіс

- ақпарат мұғалімге жекелеген оқушылармен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізідің міндеттерін реттеуге мүмкіндік тудруы қажет;

- ақпарат әрбір мектеп оқушысын нақты іс-әрекетке үйрктуге, нақтылауға қызмет еруі керек

-ақпарат оқушылармен жүргізілетің жұмыс мазнұнын сұрыптаудың негізін салуға лайық болуы шарт;

-ақпарат мұғалімді іс-әрекеттің қандай түрін оқушылармен ұйымдастыру керектігіне және ол іс-әрекет оқушыларды неге үйрететінін түсінуге жетелеуі тиіс;

-ақпарат әрбір мектеп оқушысын нақты іс-әрекетке үйретуге, нақтылауға қызмет етуі қерек.

Бұл жағдайлар сақталса ғана ақпарат басқару нысаны мен қоршаған әлем туралы дұрыс мағлұмат береді, соның негізінде оңтайлы басқару шешімдерін өңдеуге мүмкіндік туады. Мұғалімге ақпараттың үш түрі аса қажет:

1.Бастапқы ақпарат, ол оқушылар туралы алғашқы мәліметті алуға көмектеседі, Бастапқы ақпарат жеткілікті ұзақ мерзім бөлігінде (1-3 жыл және одан да көп) қалыптасады және жеткілікті ұзақ мерзімді әрекеттегі

(сынып оқушының мәртебелік ережесі, оқушылардың білім, білік, дағды сапалары) педагогикалық процестің тенденциясын көрсетеді.

2.Тактикалық ақпарат, ол оқушылармен жүргізілетін жұмыс формаларын (жекелеген шаралар өткізу) дұрыс құрастыруға жәрдемдеседі. Тактикалық ақпарат мұғалімнің нақты бір кезеңді өткізу кезіндегі (сабақта жұп және топ құрамы, мектеп спектаклін әзірлеуде рөлдерді бөлу, т.б.) педагогикалық процестің кейбір мәселелерін оңтайлы шешу мүмкіндіктерін көрсетеді.

3.Жедел (ағымдағы) ақпарат, ол алдыңғы екі түрді толықтыруға, педагогикалық процесс жағдайы туралы нақтылы мәлімет алуға жол ашады. Ақпараттың бұл түрі қысқа мерзім бөлігінде (күн, апта) толығып отырады. Дегенмен оның мәні тез жойылады (оқушының сабақтан қалу себебін жою, материалды түсінбей қалған жағдайда көмек көрсету, т.б.)

Мынаны түсінген абзал: ақпараттар сипаттамасы көбейген сайын педагогикалық процестің жағдайы нақтылана түседі. Сондықтан ақпаратты сұрыптауға іс-әрекеттердің барлық түрлері мен оның көрсеткіштерін талдау негізге алынады. Сонымен педагогикалық ақпарат дегеніміз-үйренілетін нысан туралы барлық мәліметтер емес, керісінше оның мәнді әрі керекті педагогикалық процесті көрсететін негізгі сипаттамалары.

Негізгі сипаттамалар (ауыспалы) және педагогикалық процестің көрсеткіштері. Ақпараттық көздер педагогикалық процестің негізгі сипаттамаларын (ауыспалы) талдау материалдары мен олардың көрсеткіштері: оқушылардың үлгерімі, оқушылар коллективінің қалыптасқандығы, оқушылардың қоғамдық (әлеуметтік) белсенділігі, оқушылар отбасының әлеуметтік психологиялық портреті, психологиялык, ұжымның жәй-күйі (Хмель Н.Д.).

Педагогикалық процестің аталған бес сипаттамасының (ауыспалы) әрқайсысының бірқатар көрсеткіштері бар, олардың негізгілері төмендегідей:

1."Оқушылардың үлгерімі" сипаттамасының көрсеткіштері: оқушылар үлгірімінің жалпы пайызы; үлгерім сапасының пайызы; орта тоқсандық балл; оқушылардың оқу-танымдық біліктерді меңгеру сапасының пайызы (оқу бағдарламасының бөлімі,

тақырыбы бойынша); оқушының сынып ұжымындағы мәртебесі.

2."Оқушылар ұжымының қалыптасқандығы" сипаттамасының көрсеткіштеріне мыналар жатады: сыныптағы сайланған және шынайы белсенділердің сәйкес келу пайызы; "оңашаланған" балалар пайызы, теріс тәрбие алған баллаар пайызы; қоғамдық міндеттерін орындайтын оқушылар пайызы.

Бұл сипаттама бойынша материалдарды талдау сынып ұжымы ішіндегі тұлға аралық қатынастар, белсенділердің мәртебесі туралы мағлұмат алуға жол ашады. Тәжірибе көрсеткендей, ұжым неғұрлым ұйымшыл болса, солғұрлым ондағы формальді емес көшбашылардың сәйкестік пайызы жоғары, "ешкіммен араласпайтын" балалар аз болады, демек, "қиын балалар" да аз.

3."Оқушылардың коғамдық (әлеуметтік) белсенділігі" сипаттамасының көрсеткіштері: қоғамдық міндеті бар сынып оқушыларының пайызы, өз бастамасы бойынша қоғамдық міндеті бар сынып оқушыларының пайызы; міндетті орындауда есеп беретін оқушылар пайызы; міндеттердің сипаты (оқу, оқудан тыс, сыныптық, мектептік, тағы басқа); есеп беру түрі және қоғамдық міндеттің орындалуы туралы есеп беруді кім қабылдайтыны (мұғалім, сынып жетекшісі, сынып, сынып белсенділері).

Бұл сипаттама көрсеткіштерін "оқушылардың үлгірімі", "оқушылар ұжымының қалыптасқандығы" сипаттамаларымен өзара байланыста зерттегенде анықталады: қоғамдық белсенділік жоғары болған сайын оқушылар ұжымының қалыптасу деңгейі де,"үлгірім" сипаттамасынцң барлық көрсеткіштері де жоғары болады.

4."Оқушылар отбасының әлеумрттік-психологиялық портреті" сипаттамсыңың көрсеткіштері: отбасы құрамы (толық, толық емес); ата-аналардың мамандығы, қоғамдық жағдайы, кызығуы (кітап оқуы, көңіл көтеруі, бос уақытын өткізу түрі); толық емес отбасынан шыққан оқушылар пайызы; сыныптың, мектептің қоғамдық өміріне қатысатын ата-аналар пайызы; өз бастамасымен мектепке келіп тұратын ата-аналар пайызы.

Мұғалім осы мағлұматтың бәрін білуі тиіс, өйткені, мектептің педагогикалық ұжымы отбасының педагогикалық процесімен өзара тығыз байлаңысты. Мектеп пен отбасының тәрбиелік мақсаттары сәйкес келеді, себебі, отбасы - қоғамның кішкентәй "ұясы" бірақ отбасы мен мектептің міндеттері үнемі үйлесе бермейді, оның үстіне, ата-аналардың бәрінің мамандығы педагог болмауы мүмкін. Соңдықтан, мектептің педагогикалық процесі отбасының педагогикалық процесіне оң ықпал етуі қажет. Аталған сипаттаманың жоғарыдағы барлық көрсеткіштері барынша жағымды нәтиже алынған болса, сол отбасының жағдайын да жағымды деп есептеу керек.

5."Педагогикалық ұжымның жағдайы" сипаттамасының көрсеткіштері: мүғалімнің өз әрекетінің және басқару ісінің объектісін осы заманға лайық үға білуі: педагогикалық процесті басқаруға мұғалімнің теориялық және әдістемелік даярлық деңгейі; оқушылар ұжымын қалыптастыру әдістемесін білу; педагогикалық процесті диагностикалауға дайындық; оқушының отбасымен жұмыс істеуге дайындық; дарындылармен және тәрбиесі нашар балалармен жұмыс істеуге дайыңдық, мұғалімңің өздігімен білім алу жұмысы.

-Педагогикалық процестің барлық сипаттамалары (ауыспалы) бойынша шынайы диагностикалық мәліметтер алу үшін ғылыми-педагогикадық зерттеу әдістерін оқушы әрекетінің өнімін зеттеуді сауалдаманы, сабақты, оқу мең оқудан тыс әрекеттің басқа да түрлерін талдау мен өз бетінше талдауды, бақылауды, әңгімелесуді, социометрлик талдауды, әр түрлі диагностикалық карталар толтыруды, тестілерді, т.с.с. кешенді түрде пайдалану қажет. Педагогикалық зерттеу әдістерімен алынғаң мәліметтер салыстырмалы түрде талдануы маңызды, яғни. Уақыт жағынан бөлек нәтижелерді (үлгірімнің диагностиқалық "кесінділер", сыныптағы жылына екі реттік социометриялық зерттеулер, т.б.) салыстыру керек, Бұл шартты орындауда диагностикалық мәліметер педагогикалық процесті әр түрлі қезеңдеріңде жөнге келтіруге, сондай-ақ, мектеп әкімшілігінің, сынып жетекшісінің, мұғалімнің жұмыс жоспарының барлық түрлерін түзетуге негіз

болып табылады. Педагогикалық продестің сипаттамаларын зерттеп, мектеп әкімшілігі мен педагогтер ұжымы оқу-тәрбие процесінің қызметі мен жай-күйін өзгертуге бағытталған тиісті басқару шешімдерін әзірлеу үшін ақпаратты іріктейді.

Осылайша, педагогикалық процестің диагностикасы оқыту теориясы мен практикасында педагогикалық процесті басқарудың қәзіргі деңгейінің негізі ретінде қарастырылады. Сондықтан, қазіргі мұғалімнің жетекші міндеттерінің бірі педагогикалық процесті диагностикалау болып табылады, ол үшін ақпараттың негізгі түрлерін (бастапқы, тактикалық, жедел) білу қажет. Педагогикалық процестің барысы, жағдайы, нәтижесі туралы жеткілікті ақпарат жинау үшін негізгі сипаттамаларды (ауыспалы) және олардың көрсеткіштерін білу керек. Педагогикалық зерттеу әдістерін кешенді қолдану диагностикалық мәліметтердің толықтығын және дәлелдігін қамтамасыз етеді. Диагностикалық мәліметтер педагогикалық процесті басқаруға мезгілінде түзету енгізуге, педагогикалық процесті басқарудың алдағы жоспарын сапалы етуге жол ашады.

Наши рекомендации