Азақ этнопедагогикасы негізінде студенттерге патриоттық тәрбие берудің теориялық негіздері .
«Қазақстан – 2030» Жолдауында Республика Президенті еліміздің ұлттық қауіпсіздігін, тәуелсіздік пен егемендігін танытатын мемлекетіміздің ұзақ уақытты дамуын анықтады. Білім беру мен тәрбиенің негізгі міндеті - өз елінің азаматы, патриотын тәрбиелеу болса, осыған сәйкес «қазақстандық патриотизм мен ұлттық патриотизм» студенттердің тәрбиелік деңгейін бағалудағы көрсеткіш болып қарастырылады.
Республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуын жеделдетуге, қоғамның саяси және рухани өмірі саласындағы міндеттерді қайта жаңартуға бағытталған идеялық-тәрбие жұмыстары мемлекеттің стратегиялық бағдарымен анықталды. Еліміздің тәуелсіздік алып, егемендікке жетуі қазақ халқының және республикада тұратын басқа да халықтардың ұлттық дүние танымының өсуіне жағдай жасады.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасының негізгі міндеттерінің бірі қазақстандық патриотизмге, төзушілікке, биік мәдениетке, адам құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуге тәрбиелеу болып табылады. Бұл жастарға этнопедагогикалық негізде білім беріп, патриоттыққа тәрбиелеу ісіне нұсқау әрі оның қажеттілігін айқындайтын бағдарлама деугеболады.
Соңғы жылдары қалыптасқан тәрбие жүйесі көпшілік жағдайда сөз, ұран, мәліметтік сипатта болып, жоғары оқу орындарындағы студенттердің міндетті түрде қоғамдық пайдалы іс-әрекетке қатысуын қарастырмады, оларға патриоттық тәрбие беру бағытын дамытуды қиындатты. Мұның өзі қазіргі кезде жоғары оқу орындарында тәрбие беру мәселесіне жаңаша көқарас тұрғысынан қарауды және студенттердің патриоттық сана-сезімін, сапаларын, мінез-құлқын қалыптастыруды көздейтін тәрбиенің формалары мен әдістерін жетілдіруді талап етеді. Бұл бүгінде байсалдылық, табандылық, батылдылық, батырлық, қайсарлық туралы білім ғана емес, өнегелік көрсету қажет болып отырған уақытта аса маңызды. Жастарға интернацоналдық-патриоттық тәрбие беру мәселесін зерттеумен республикамызда бірқатар ғалымдары айналысып, мына бағыттарда зерттеулер жүргізді:
- ұлттық дәстүрлер мен патриоттық тәрбие, әскери-патриоттық, интернацоналдық, адамгершілік, ерлік тәрбиесі - С.Ешімханов, Р.С.Елубаева, Е.Жұматаева, С.Т.Иманбаева, С.Нұрмұқашева, Н.Р.Рамашов т.б зерттеулері;
- қазақстандық патриотизм, ұлттық патриотизмді қалыптастыру - К.Т.Әбілғазиева, Ғ.Б.Базарғалиев, Ж.Бөжиг, Д.С.Құсайынова, т.б. зерттеулері;
- халық педагогикасы арқылы жастарға патриоттық тәрбие беру – А.А.Бейсембаева, Ж.Н.Қалиев, М.Ж.Құрманбаева, т.б. зерттеулері.
Қазақстанда жоғары оқу орындарында болашақ мамандарға патриоттық тәрбие беру мәселесіне А.К.Қалимолдаева, Е.С.Салтанов, Ү.К.Санабаев зерттеулері арналды.
А.К.Қалимолдаева зерттеуінде қазіргі жағдайда тұтас педагогикалық процесте болашақ мамандардың патриотизмін қалыптастыру мәселесі зерттелді.
Е.С.Салтанов әскери кафедра материалдары негізінде жоғары оқу орындарының оқу процесінде әскери-патриоттық тәрбие берудің теориялық негіздерін анықтап, әдістемесін жасаған.
Ү.К.Санабаев Қазақстан Республикасының ішкі істер министрлігіне қарасты ішкі әскерлерінің әскери қызметкерлерінде патриотизмді тәрбиелеудің педагогикалық негіздердін өз ғылыми зерттеу жұмысына арқау етіп алған.
Дегенмен, жоғарыда айтылған ғалымдардың ғылыми еңбектеріне жасалынған талдау зерттеп отырған мәселенің әлі де болса толық шеміні таппағанын байқатты. Осыдан келіп, қазіргі жаңа қоғамда студенттерге патриоттық тәрбие берудің этнопедагогикалық негіздері арнайы жеке зерттеу пәні ретінде қарастырылмаған деп тұжырымдауға болады. Жоғары оқу орындарында патриоттық тәрбие беру саласы ғылыми тұрғыда негізделген нұсқауларға мұқтаж. Сонымен бірге жоғары оқу орындарының оқу-тәрбие практикасын талдау барысында студенттерді патриотизмге тәрбиелеудің тарихи-педагогикалық және этнопедагогикалық тұрғыдан толық зерделенбеуі мен бүгінгі күнде студенттерді ел жанды, отанының нағыз патриоттары болып қалыптасуында этнопедагогиканың қағидаларын пайдаланудың қажеттілігі, қазақ этнопедагогикасы арқылы студенттерге патриоттық тәрбие берудің шынайы мүмкіндіктері мен олардың жоғары оқу орындарының педагогикалық процесінде жүйелі пайдаланылмауы арасында қарама-қайшылықтар туып отыр. Сондықтан студенттердің оқу-тәрбие процесін қазақ этнопедагогикасының негізінде ұйымдастыру арқылы патриотизмге тәрбиелеу біздің зерттеу проблемамызды айқындайды.