ПедагогикалыҚ практика бойынша магистранттардыҢ жҰмыстарыныҢ нӘтижелерін баҒалау Әрі баҚылау
Педагогикалық практика периодында магистранттардың жұмысын бақылау, оның бағалануы және есебі кафедрадағы арнайы методист-оқытушылармен, педагогика әрі психология пәнінің оқытушыларымен бірге жүргізіледі. Олар келешек жоғары мектеп оқытушыларынан анықтай алуы керек:
- ғылыми-теоретикалық және әдістемелік дайындық деңгейі;
- студенттермен қарым-қатынастарын педагогикалық мақсатты етіп жасау біліктіліктерін және оқу – тәрбиелік үрдісінде шығармашылық қызметкерлікті ұйымдастыруды қалыптастыру;
- психология-педагогикалық зерттеу біліктіліктерінің қалыптасқандығы;
- кәсіби-педагогикалық бағытталғандық деңгейі, және олардың
әлеуметтік активтілігі;
- инновациялық педагогикалық қызметке дайындығы.
Тексеру мен есепберу бір-бірінен тәртіптерінің жүйеленгендігі әрі қатал жеке қатынаумен ерекшеленуі керек.
Магистранттардың педагогикалық практика кезінде жүргізетін жұмыстарын бақылау олардың әдістемелік жұмыс үрдістері кезіндегі дәрістік, семинарлық, лабораторлы-тәжірибелік сабақтар, аудиториялардан тыс іс-шараларын үнемі бақылап отыру жолымен анықталады.
Бақылау формалары әртүрлі болып келуі мүмкін. Мысалы, жеке және топтық консультациялар жүргізілген кезде тек практиканттарды қызықтыратын сұрақтарға жауап алып қала қоймай, сонымен қатар олардың алған білімдері мен біліктіліктеріндегі ақаулары да анықталады. Методист-оқытушылармен жүйелі әңгімелесулер тек әдістемелік форма түрі ғана емес, сонымен қатар магистранттардың жұмысын бақылаудың тиімді құралы болып табылады. Әрбір магистрант міндетті түрде күнделік жүргізеді, онда педпрактика бағдарламасымен қарастырылған, тапсырманы орындауға бағытталған барлық жұмыстардың түрлері жайында ақпараттарды, соның ішінде психология-педагогикалық мінездеме құру әдісі де орналастырады. Күнделік үнемі практика жетекшісімен тексеріліп отырады. Күнделік материалдары одан кейін педпрактика есепберуін құру кезінде қолданылады. Ағымдағы есеп беру қорытынды есеп берумен аяқталады (Есеп беруді қорғау кредиттік технология бойынша қойылған баға).
Педагогикалық практиканың жүргізілгені бойынша қорытынды жасаған кезде маңызды болып, магистранттың есеп берулерін талдау құжаттарының бар болуы табылады.
Әрбір магистранттың жұмысын жалпы бағалау кешенді әрі практика кезіндегі магистранттың қызметінің барлық жақтарын ескеретіндей болуы керек. Ол кафедра меңгерушісі мен практика жетекшісімен, кафедралардың практика бойынша жалпы жетекшілерімен жасалынатын талқылау және дауыс беру негізінде анықталады. Қойылған баға арнайы тізімдемеге және магистранттың сынақ кітапшасына қойылады
Магистранттың психология бөлімі бойынша практикалық қызметіне келесі мазмұндағы деректер кіреді:
1. Практиканың барлық өткізілу уақытында магистрант өзінің практикасының психологиялық бөлімі бойынша барлық жасаған жұмыстарын бейнелейтін күнделік жүргізеді (күнделік жалпы профилденетін пәнмен бірге жүргізіледі).
2. Өз сабақтарын жүргізу тактикасын дамыту мақсатында басқа қатысқан сабақтарының психологиялық талдауы.
3. Өткізілген сабақтары бойынша конспектілерді өңдеу кезінде жас бойынша мүмкіндіктерін есептеу мақсатында студенттердің жеке тұлғаларын оқып білу. Бір студентке арнап методист-психологтармен ұсынылған диагностикалық әдістердің көмегін қолдана отырып психология-педагогикалық мінездемесін құру, ол студенттерді сабақ және сабақтан тыс уақыттарда бақылау әрі ұжымның басқа сабақтардан беретін оқытушылары мен топ мүшелерінен пікірлер алмасу.
4. Топ бекітілген ұжымның жұмысымен, тәрбие жұмыстарының әдістері әрі формаларын анықтау мақсатында танысу. Топтың психология-педагогикалық мінездемесін құру.
Жоғарыда көрсетілген жұмыстарды орындау барысын жеңілдету мақсатында келесі қосымшаларда берілетін тапсырмалардың орындалуының сұлбалары көрсетілген.
Осымша 1
ДӘРІС САБАҚТАРЫН ӨҢДЕУДІҢ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТАСЫ