Аңсаймын, толғанам.

Қабыл ал балаңның

Сәлемін жолдаған.

Әкем-әнім

Сөзі: О.Сүттібаев

Ні: Ә.Сүлейменов

Ұшырдың баптап ұядан,

Кетпейсің ойдан, қиылдан.

Арманға биік қол созсам,

Тұрасың демеп жиі алдан.

Қайырмасы:

Көңілім бүгін алаң-ды,

Күттің бе, әке, балаңды.

Шаттықпен жарқын тойыңа Сыйлаймын сазды бұл әнді.

І. Сенім

- Отбасында сіз көбіне кімге сенесіз?

- Отбасы мүшелерінің арасында сенім

болуы үшін не қажет деп ойлайсыз?

- Адам қай уақытта ата-ананың үмітін,

сенімін ақтайды?

ІІ. Дәстүр

Әр отбасының өзіндік дәстүрі бар. Мәселен, біздің отбасымызда бөлме гүлдерін өсіруге көп көңіл бөлінеді. /сыйлық беру, мәдени орындарға бару, туған күндерін атап өту, мерекелерде үлкен ата-әжелердің үйіне арнайы бару т.б./

• Сіздердің отбасылық дәстүріңіз бар ма? Қандай?

• Сіз болашақта балаларыңызды қалай тәрбиелейсіз, өз ата-анаңыз сияқты ма, әлде басқаша ма?

• Сіз ата-анаңыз қартайғанда оларға қамқорлық жасайсыз ба?

ІІІ. Ашықтық

- Сіздер өзіңіз шеше алмаған мәселелерді немесе өз ойыңызды ата-анаңмен еркін бөлісесің, кейде керісінше. Тіпті оларды ренжітіп алатын кездерің де болады. Сондай кездер болды ма сіздерде, балалар? Болған болса, қалай ренжіткендеріңді мына қызыл қағаздың үстіне тұрып айтып беріңдерші.

Өз қателіктеріңізді түсінгендеріңіз өте жақсы, соны түзетуге бүгін Сізге мүмкіндік туып тұр. Мына ақ қағаздың үстіне тұрып, ренжіткен адамыңыздан кешірім сұрап көріңізші.

Сіздің жүрекжарды сөзіңізді ата-анаңыз естімесе де, жүрегіңіздің пәк, ата-ананың адал перзенті екеніңізді көріп қуанып тұрмыз.

- Ендігі кезекте ата-анаңыздан естігің келетін үш сөзді мына жүрекшелерге жазып, «Асыл сөз» деп аталатын плакатқа жапсыруларыңыз сұралады.

ІҮ. Төзімділік

- Рөлдік ойын. /1-топқа/

Анаңыз жұмысқа кетерде Сізге үйден қоқысты шығаруға тапсырма

Беріп кетті. Ал Сіз болсаңыз интернетте отырып, орындамадыңыз. Кешке таман анаңыз келді...

- Берілген ситуацияны Сіз қалай аяқтар едіңіз. Рөлде ойнап көрсетуіңіз сұралады.

Көрдіңіз бе, балалар, Сіз қанша ата-анаңызды ренжітсеңіз де, айтқанын орындамасаңыз да олар барлығына төзімділік танытады. Асқар таудай әке жүрегі, мейірімді ана жүрегі Сіздер үшін әрдайым отқа да түсуге дайын екенін естен шығармаңыз.

Мақал-мәтелдер

I. 1 Мектеп кеме - ...... . (білім теңіз)

2 Отан - ......... . (оттан да ыстық)

3 Енбек етсең ерінбей,

........................... . (Тояды қарның тіленбей)

4 Ақылды бала – арлы бала,

........................... . (Ақылсыз бала – сорлы бала)

5 Ана сүті бой өсіреді,

.......................... . (Ана тілі ой өсіреді)

II.

1 Куш білімде, ............... (білім кітапта)

2 Отансыз адам- ............ . (ормансыз бұл-бұл)

3 Енбегіне қарай-құрмет

.......................... . (Жасына қарай-ізет.)

4 Тіл мәртебесі - ..... . (ел мәртебесі)

5 Жақсы сөз - ... . (жарым ырыс)

III.

1 Білегі күшті бірді жығады,

.................. . (Білімі күщті мынды жығады)

2 Балалы үй ... . (базар)

3 Енбектен қашпа, ырысынды шашпа

4 Тіл тас жарады,

......... . (Тас жармаса, бас жарады.)

5 Көз қорқақ ... . (қол батыр)

IV.

1 Оқу білім бұлағы

.......... . (Білім өмір шырағы)

2 Отан елдін анасы

.......... . (Ел- ердің анасы)

3 Енбектің наны тәтті

................. . (Жалқаудың жаны тәтті)

4 Жүз теңгең болғанша,

.............. . (Жүз досың болсын.)

5 Білегі күшті бірді жығады,

............. . (Білімі күшті мыңды жығады.)

Логикалық сұрақтар.Бұл кезенде логикалық сұрақтар беріледі, сол сұрақтарға шапшаңдықпен дұрыс жауап беру керек. Әр бір дұрыс жауапқа карточка беріледі.Карточка арқылы ұпайы саналады.

1. Менің атым Медет. Менің тәтемнің бір ғана інісі бар. Менің тәтемнің інісінің аты кім? (Медет)

2. Үстел үстінде үш стакан шие тұр. Марат бір стакан шиені жеп қойды. Неше стакан қалды? ( 3 стакан)

3. Көшеде екі әкесі, екі баласы, және атасы немересімен қыдырып жүр. Көшеде неше адам жүр? ( Үшеу)

4. Суға қай кезде қолды кесіп алуға болады? ( Мұз етіп)

5. Мотоцикл жүргізушісі ауылға келе жатқанда жолдан өзіне қарсы үш женіл машина және бір камазды кездестіреді. Ауылға неше машина бара жатыр? ( Бір ғана мотоцикл)

6. Домбырада – 7, сырнайда – 6, қобызда – 5. Бұл не? ( Әріп)

7. Қандай бөшкеге су көп кетеді? ( Тесік)

8. Спортшылар жолмен жүгіріп келе жатыр. Бір спортшы алдынан санағанда да, артынан санағанда да төртінші жүгіріп келеді, жолмен неше спортшы жүгіріп келе жатыр? ( 7)

9. Мәридің әкесінің 5 қызы бар. Біріншісі Ча Ча, екіншісі Че Че, үшіншісі Чи Чи, төртіншісі Че Че, бесінші қызының аты кім? (Мэри)

10. Қай кезде аспан жерден төмен бола алады? (Судағы бейнеде)

11.Аспанда үш түйе құс ұшып келе жатыр. Аншы бір түйе құсты атып түсірді.Аспанда неше туйе құс қалды? (Түйе құс ұшпайды)

12. Сұда қандай тас болмайды ? (Құрғақ тас)

13. Бұтақ үстінде 10 торғай отыр, аңшы біреуін атып түсірді. Бұтақта неше торғай қалды? (Қалмады)

14. Мост жолында Әже,сиыр,жас жігіт, лақ келе жатыр. Сен машинадасын, сұрақ. Нені басасын ? (тормоз)

15. Екі адам шахматты екі сағатта ойнаса, 1 адам неше сағат ойнаиды? (2 сағат ойнаиды)

Наши рекомендации