Дәріс. Қазақстан Республикасының жоғарғы соттың сот орындаушыларына қатысты өкілеттігі
Жоспар:
1. Жоғарғы Соттың құрылымы мен құрамы
2. Жоғары соттағы сот орындаушылардың қызметінің сипаттамасы
3. Мемлекеттік сот орындаушысын қызметке тағайындау тәртібі
Негізгі ұғымдар: жоғарғы сот, мемлекеттік сот орындаушысы
1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жалпы юрисдикция соттарының қарауына жатқызылған азаматтық, қылмыстық және өзге істер бойынша жоғары сот органдары болып табылады , заңда көзделген іс жүргізу нысандарында олардың қызметін қадағалауды жүзеге асырады және сот практикасының мәселелері бойынша түсіндірмелер береді.
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты:
- өзінің қарауына жатқызылған сот істері мен материалдарын қарайды;
- сот практикасын зерделейді және оны жинақтаудың қорытындылары бойынша Республика соттарының сот төрелігін іске асыруы кезіндегі заңдылықтың сақталу мәселелерін қарайды;
- сот практикасында заңдарды қолдану мәселелері бойынша түсіндірмелер беретін нормативтік қаулылар қабылдайды;
- заңда көзделген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Жоғарғы Сот, әдетте, істердің кейбір санаттары (азаматтық, қылмыстық, конституциялық) бойынша сенаттарды (палаталарды, алқаларды) қамтитын күрделі құрылым болып келеді. Мысалы, Ұлыбританияның (және Уэльстің) Жоғарғы Сотын төраға ретінде лорд-канцлер басқарады, ол дербес үш сот мекемесінен – Шағымдық соттан, Мәртебелі соттан және Тәж сотынан тұрады. Әдетте, Жоғарғы Соттың құрылу тәртібі, сондай-ақ, негізгі міндеттері (өкілеттіктері) елдің конституциясымен айқындалады. Жоғарғы Соттың судьясын мемлекет басшысы дербес немесе парламенттің (оның жеке палатасының) бекітуімен тағайындайды. Мысалы, АҚШ-тың Жоғарғы Сотның судьясын АҚШ Президенті Сенаттың кеңесімен және келісімімен тағайындайды.
Жоғарғы Сот Төрағадан, алқа төрағаларынан және судьялардан тұрады.
Жоғарғы Сот судьяларының жалпы санын Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті белгілейді.
Жоғарғы Соттың органдары мыналар:
1) қадағалау алқасы;
2) азаматтық істер жөніндегі алқа;
3) қылмыстық істер жөніндегі алқа;
4) соттың жалпы отырысы.
Жоғарғы Соттың жанынан ғылыми-консультатциялық кеңес және баспа органы құрылады.
Жоғарғы Сот алқалары
1. Жоғарғы Соттың азаматтық істер жөніндегі алқасын –алқа төрағалары, ал қадағалау алқасын Жоғарғы Соттың Төрағасы басқарады.
2. Әр алқадағы судьялар саны Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынысымен соттың жалпы отырысында белгіленеді.
3. Қадағалау алқасы Жоғарғы Соттың жалпы отырысында жасырын дауыс беру арқылы судьялардың жалпы санының көпшілік даусымен жыл сайын сайланатын судьяларынан тұрады.
Азаматтық істер жөніндегі алқа және қылмыстық істер жөніндегі алқа соттың жалпы отырысында талқылағаннан кейін дербес құрамын Жоғарғы Сот Төрағасы белгілейтін судьялардан тұрады.
4. Жоғарғы Соттың Төрағасы азаматтық істер жөніндегі алқада және қылмыстық істер жөніндегі алқада мамандандырылған құрам түзуі мүмкін.
Жоғарғы Сот Төрағасы
Жоғарғы Сот Төрағасы судья болып табылады және судья міндетін атқарумен қатар:
1) судьялардың сот істерін қарауын ұйымдастырады;
2) қадағалау алқасын басқарады, алқада сот ісін қараған кезде төрағалық етуге құқылы;
3) Жоғарғы Соттың жалпы отырыстарын шақырады және оларды төрағалық етеді;
4) Жоғарғы Соттың жалпы отырысының қарауына сот практикасында заңдарды қолдану мәселелері бойынша Жоғарғы Соттың нормативтік қаулыларын қабылдау үшін материалдар енгізеді;
5) Жоғарғы Соттың жалпы отырысының бекітуіне Жоғарғы Соттың жалпы отырысы Хатшысының және ғылыми –консультациялық кеңес мүшелерінің кандидатураларын енгізеді;
6) Қажет болған жағдайларда бір алқаның судьяларын басқа алқаның құрамында іс қарау үшін тартады;
7) Жоғарғы Соттың жұмыс жоспарын бекітеді;
8) Алқалардың жұмысын үйлестіреді;
9) Жоғарғы Соттың Аппаратына жалпы басшылықты жүзеге асырады, оның құрылымы мен штатын бекітеді;
10) азаматтарды жеке қабылдауды жургізеді:
11) өкімдер шығарады;
2. Жоғарғы Соттың Төрағасы Республиканың өзге де мемлекеттік билік тармақтары органдарымен және халықаралық ұйымдарымен өзара қарым-қатынас кезінде Республика сот жүйесіні мүддесін білдіреді сондай-ақ:
1) Қазақстан Республикасының Президентіне уәкілетті орган басшысының кандидатурасын ұсынады;
2) Соттардың тиісті жалпы отырыстарының қарауына аудандық соттың төрағасы, облыстық соттың төрағасы және облыстық сот алқасының төрағасы ,Жоғарғы Сот алқасының төрағасы мен судьясы қызметінің бос орнына балама негізде кандидатуралар енгізеді;
3) Соттардың жалпы отырыстарының қорытындылары негізінде соттардың жалпы отырыстарында қаралған барлық кандидаттардың материалдарын қоса тіркей отырып, тиісінше Жоғарғы Сот Кеңесіне немесе Әділет біліктілік алқасына аудандық сот төрағасы, облыстық сот төрағасы және облыстық соталқасының төрағасы , Жоғарғы Сот алқасының төрағасы мен судьясы қызметтерінің бос орындарына балама негізде кандидатуралар ұсынады;
4) Қазақстан Республикасының Президентіне заңдарды жетілдіру жөнінде ұсыныс енгізіледі;
5) Осы Конституциялық заңмен көзделген негіздер туындағанжағдайда, тиісінше Жоғарғы Сот Кеңесіне және Әділет біліктілік алқасына Республика соттары төрағаларының, алқа төрағалары мен судьяларының өкілеттігін тоқтату мәселесі бойынша ұсыныс енгізеді;
6) Қазақстан Республикасының Президентіне судьяларды мемлекеттік наградалармен марапаттау және оларға құрметті атақтар беру туралы ұсыныс енгізіледі;
7) Республика судьяларына «Құрметті судья» атағын береді, осы атақты беру тәртібі туралы ереже бекітіледі;
8) Республиканың судьяларына қатысты тәртіптік іс қозғайды;
9) Заңмен және өзге де нормативтік құқықтық актілермен көзделген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Жоғарғы Соттың Төрағасы уақытша орнында болмаған кезде оның міндеті Жоғарғы Сот Төрағасының өкімі бойынша алқалардың бірінің төрағасына жүктеледі.
Жоғарғы Сот Төрағасы орнынан түскен жағдайда не өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған өзге де жағдайдаТөрағаның міндетін уақытшы атқаруды Қазақстан Республикасының Президенті Жоғарғы Сот алқалары төрағаларының біріне жүктейді.
3.Мемлекеттік сот орындаушысын қызметке тағайындау тәртібі. Мемлекеттік сот орындаушысы мемлекеттік қызметші болып табылады. Мемлекеттік сот орындаушысын Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен аумақтық органның басшысы қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. Мемлекеттік сот орындаушыларының сандық құрамы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленеді.
Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын, жоғары заңгерлік білімі бар, Қазақстан Республикасының заңнамасында қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін, өзінің іскерлік және жеке басының қасиеттерімен, сондай-ақ денсаулық жағдайы бойынша өзіне жүктелген міндеттерді орындауға қабілетті адам мемлекеттік сот орындаушысы болып тағайындалуы мүмкін.
Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған; өзіне мемлекеттік сот орындаушысы қызметіне тағайындалғанға дейін үш жыл ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін сот тәртібімен әкімшілік жаза қолданылған; сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған; бұрын мемлекеттік, әскери қызметтен, құқық қорғау органдарынан, соттардан және әділет органдарынан теріс себептермен босатылған; заңдабелгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар адам мемлекеттік сот орындаушысы бола алмайды.
Мемлекеттік сот орындаушыларына қызметтік куәліктер беріледі, олар үлгілерін уәкілетті орган бекітетін нысанды киіммен (погонсыз), жетонмен және эмблемамен қамтамасыз етіледі.
Мемлекеттік сот орындаушыларын нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормаларын бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті орган бекітеді.
Мемлекеттік сот орындаушысының жауаптылығы.Мемлекеттік сот орындаушысының өзiне жүктелген мiндеттердi және лауазымдық өкiлеттiктердi орындамауы не тиiсiнше орындамауы заңдарда белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.
Мемлекеттік сот орындаушысының қызметiн бақылау.Мемлекеттік сот орындаушысының қызметiн бақылауды уәкiлеттi орган және оның аумақтық органдары жүзеге асырады.
Аумақтық бөлiмнiң басшысы - аға сот орындаушысы.Аумақтық бөлімнің басшысы - аға сот орындаушысы:
- өзi басқарып отырған аумақтық бөлiмнiң жұмысын ұйымдастырып, бақылайды және мемлекеттік сот орындаушыларына жүктелген мiндеттердiң орындалуына дербес жауапты болады;
- уәкiлеттi және аумақтық органдардың бұйрықтарының, әдiстемелiк ұсынымдарының, нұсқауларының және өкiмдерiнiң орындалуын ұйымдастырады;
- сот орындаушыларының әрекеттерiне жеке және заңды тұлғалардың шағымдары мен арыздарын шешудi жүзеге асырады, оларды қабылдауды жүргiзедi;
- аумақтық бөлiмнiң қызметi туралы статистикалық есептiлiк жасайды және iс жүргiзу мен мұрағат жүргiзу жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;
- осы Заңда көзделген атқарушылық әрекеттерді жасайды;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де әрекеттердi жасайды.
Мемлекеттік сот орындаушыларының қызметiн қамтамасыз ету.Мемлекеттік сот орындаушыларының қызметiн ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету республикалық бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
Мемлекеттік сот орындаушыларын әлеуметтiк қорғаушаралары. Мемлекеттік сот орындаушылары қызметтiк мiндеттерiн орындау кезiнде қаза тапқан жағдайда қаза тапқандардың отбасылары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғынжай алуға құқылы.
ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
Негізгі әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу құқығы (Жобалар альбомы): Оқу құралы / Е.Б. Ахметов.- Алматы: ЖҚ Отан, 2014.- 80б.
2. Қылмыстық іс жүргізу қағидаларын қолданудың теориялық және тәжірибелік мәселелері: Магистрлік диссертация. Мамандығы: 6М030100 Құқықтану / А.А. Базарлинова.- Талдықорған, 2015.
3. Қылмыстық іс жүргізу ғылымындағы қылмыстық істі қысқартудың мәні мен маңызы: Магистрлік диссертация. Мамандығы: 6М030100 Құқықтану / Д.Т. Байдуакасова.- Талдықорған, 2015.
4. Қылмыстық іс жүргізу ғылымындағы қылмыстық істі қысқартудың мәні мен маңызы: Магистрлік диссертация. Мамандығы: 6М030100 Құқықтану / Д.Т. Байдуакасова.- Талдықорған, 2015.
5. Қылмыстық іс қозғау сатысындағы дәлелдеу мәселелері: Магистрлік диссертация. Мамандығы: 6М030100 Құқықтану / О.К. Куренбеков.- Талдықорған, 2015.
6. Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу құқығы: Оқу құралы / Ү. Нұрмашев.- Алматы: Жеті жарғы, 2008.- 368б.
7. Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу құқығы. Қысқаша курс: Оқу құралы / Ү. Нұрмашев, Н. Апахаев.- Өңд. толық. 2-бас.- Алматы: Жеті жарғы, 2013.- 320б.
8. Қазақстан Республикасының қылмыстық іс-жүргізу құқығы: Дәрістер кешені / М.А. Рахметова.- Талдықорған: І.Жансүгіров атындағы ЖМУ, 2015.- 59бет.
9. Типтік оқу бағдарламасы. Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу құқығы (жалпы бөлім). 5В030100»Құқықтану» бакалавриат мамандығы бойынша = Типовая учебная программа. Уголовно-процессуальное право Республики Казахстан. По специальности бакалавриата 5В030100 « Юриспруденция».- Астана, 2014.- 92б.
10. Қылмыстық істі қысқартудың өзекті мәселелері: Магистрлік диссертация. Мамандығы: 6М030100 Құқықтану / А.К. Тусипова.- Талдықорған, 2015.
11. Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу құқығы: Оқу құралы / Ү. Нұрмашев, Ф. Нұрмашева.- Алматы: Жеті жарғы, 2009.- 400б.
12. Типтік оқу бағдарламасы. Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу құқығы. 5В050301<<Құқықтану >> бакалавриат мамандығы бойынша = Типовая учебная программа. Гражданское процессуальное право Республики Казахстан. По специальности бакалавриата 5В030100 << Юриспруденция>>.- Астана, 2014.- 48б.
Қосымша әдебиеттер тізімі:
1. Жадбаев С.Х. Криминология: Краткий курс лекции .Алматы: Жетi жарғы, 2002.- 144с.
2. Жампейісов Д.Ә. Еңбек құқығы және әлеуметтік қамсыздандыру құқығы: Оқулық Астана: Фолиант, 2007.- 664б.
3. Кодекс Республики Казахстан: О налогах и других обязательных платежах в бюджетLEM, 2008.-396с.
4. Комментарий к Уголовному кодексу Республики Казахстан. Общая и Особенная часть. Алматы: Жетi жарғы, 2007.- 992с.
5. Кодекс Республики Казахстан: Об административных правонарушениях от 30 января 2001 года №155-II Алматы: LEM, 2008.- 388с.
6. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумы қаулыларының жинағы.1961-1997.- Алматы: БОРКИ, 1998.- 244б.
7. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiне түсiнiк.- Алматы: ЖШС Баспа, 2001.- 704б.
8. Қазақстан Республикасының Қылмыстық -атқару құқығы.- Алматы: Жетi жарғы, 2002.- 256б.
9. Қазақстан Республикасының Қылмыстық iс жүргiзу құқығы: Ерекше бөлім. Сотқа дейінгі сатылар.- Алматы: КазГУ, 2002.- 304б
10. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Iс жүргiзу кодексi.- Алматы: Жетi жарғы, 1998.- 368б.
11. Қазақстан Республикасының Қылмыстық атқару кодексi.-Алматы:Юрист,2003.- 79б
12. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi.- Алматы: Жетi жарғы, 1997.- 560б.
13. Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару құқығы: Оқу құралы.- Алматы: Жетi жарғы, 2002.- 256 бет.
14. Наумов А.В. Қылмыстық құқығы. Жалпы бөлім: Лекциялар Астана:Фолиант, 2001.-660б.
15. Наумов А.В. Ресей қылмыстық құқығы. Жалпы бөлім: Лекциялар курсыАстана:Фолиант, 2005.- 712б.
16. Правоохранительные органы: Учебник для вузов М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2005.- 384с
17. Правоохранительные органы Республики Казахстан: Сборник нормативных правовых актов. Алматы: Жетi жарғы, 2003.- 184с.
18. Пятаков В.А. Семейное право: Конспект 2005.- 144с.
Нормативтік-құқықтық актілер:
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 ж. (02.02.2011 өзгерістер мен толықтырулар)
2. ҚР Қылмыстық Кодексі. Алматы. «Юрист» 2016.
3. ҚР Қылмыстық процесуалдық кодексі. Алматы. «Юрист» 2016.
4. ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексі. – Алматы. «Юрист». 2016.
5. ҚР Азаматтық кодексі. –Алматы. «Юрист». 2016
6. Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушының мәртебесі туралы ҚР заңы. 2010 2 сәуір (01.01.2017 ж. өзгертулер мен толықтырулармен).