Петропавл қаласы Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектебі

Азақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

Бастауыш және мектепке дейінгі білім берудің теориясы мен әдістемесі кафедрасы

Ндірістік ( педагогикалық ) тәжірибе 1» тәжірибесі бойынша

ЕСЕП

Мамандығы: 5В010200 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

БОПӘ - 14қ тобының студенті_______________________Cатыбалды.Г.Е

Петропавл қ., Қожаберген жырау атындағы

Орта мектебі жетекшісі

Бастауыш сынып мұғалімі____________________________Латыпова.Қ.Т.

М.Қозыбаеватындағы СҚМУ жетекшісі

«БМДББТӘ» кафедрасының аға оқытушысы____________Адильбекова А.Қ.

Петропавл қ. 2016ж.

 

«Өндірістік ( педагогикалық ) тәжірибе 1»

оқу тәжірибесі

Тәжірибенің мақсаты: студенттердің білік, іскерлік дағдыларын жетілдіру және мектептің педагогикалық қызметімен танысу, өз бетінше жүргізетін кәсіби-педагогикалық қызметке бейімдеу болып табылады.

Тәжірибенің міндеттері:

1. мектептегі оқу-тәрбие жұмысы барысында студенттердің педагогикалық іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыру және дамыту;

2. болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін мынадай кәсіби – педагогикалық қызмет түрлерін орындауға қатыстыру; білімділік (пән бойынша сыныптық және сыныптан тыс өткізу);

3. әдістемелік (көрнекілік және дидактикалық материалдарды дайындау, бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің жұмысына ат салысу).

Студент тәжірибеден өту кезінде:

1. Тәжірибенің бағдарламасын, жеке тапсырманы толық орындауға, күн сайын белгіленген үлгі бойынша күнделік жүргізуге;

2. Тиісті тәжірибе базасында қолданылатын ішкі тәртіп ережелеріне бағынуға;

3. Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы мен өндірістік санитария туралы ережелерді игеруге және қатаң сақтауға;

4. Университеттегі тәжірибе жетекшісіне белгіленген үлгі бойынша кәсіпорын басшысының қолы қойылған барлық тапсырмаларды орындау туралы жазбаша есеп, күнделік тапсыруы тиіс.

Мектеп және оның міндеттерімен танысу

Петропавл қаласы Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектебі

Құрылтайшы:Қазақстан облысының Петропавл қаласының білім бөлімі

Ашылған жылы: 1996 жыл 29 наурыз Петропавл қаласы әкімінің № 121 бұйрығы негізінде ашылды.

Бастапқы аталуы: Петропавл қаласының №6 қазақ орта мектебі. Петропавл қаласының 2006 жылғы 14 шілдеде жарияланған № 1120 қаулысы негізінде «Петропавл қаласының Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектебі» мемлекеттік мекеме атауын алды.

Петропавл қаласы Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектебі - student2.ru

Сурет – 1. Қожаберген жырау

Орта жүз Ашамайлы Керейдің Бәйбіше Көшебе руының Таузар тайпасынан шыққан атақты батыр, әйгілі суырып салма ақын Қожаберген Толыбайұлының есімі ежелден еліне белгілі болған.Қожаберген 1663 жылы, қоян жылы, қазіргі Солтүстік Қазақстан облысына қарасты Жамбыл ауданының Күлтөбе деген жерінде Толыбай сыншының отбасында дүниеге келген.Қожабергеннің араб, парсы тілдерін жетік білгендігіне байланысты ол Әз-Тәукенің сенімді елшілерінің бірі болған. Сондай-ақ, шежіреші, білімдар адам болған. Қазақ шаңырағында туған. Анасы Ақбілек Орта жүз, Арғын Айдабол бидің қызы. «Дабыл», «Аңырақай», «Бозайғыр», «Күлдірмамай», «Шұбырынды», «Сұлама» күйлерін шығаруы Қожабергенді күйшілік қырынан танытады. Атынан белгілі болып отырғанындай, күйлерінің тақырыбы да күрес, майдан, ел басына туған қиын кезең. Жырау сол кездегі халық зарын күй тіліне айналдырады.

1. 2004 жылдың 2 сәуірінде Солтүстік Қазақстан облысының Білім департаментінің Жарғысына сәйкес мерзімі шектелмеген АА №0010814 мемлекеттік лицензия берілді.

2. 2003-2004 ж.ж. және 2005-2006 ж.ж. оқу жылдарының қорытындысы бойынша қалалық білім бөлімінің «Құрмет кітабына» енгізілді.

3. 2000-2007 ж.ж. аралығында жаңа буын оқулықтарын апробациялау бойынша тірек мектебі болды.

4. 2006 жылы тамыз айынан бері «RWCT мектебі» / «Оқу және жазу арқылы сыни ойлауды дамыту» жобасы мектебі аталды.

Наши рекомендации