Білім беру жүйесін одан әрі дамытудың негізгі факторлары.
Қазақстан Республикасындағы орта білімді дамыту концепцисы маңызды нормативтік құжат болып табылады. Онда білім беру саласының жағдайына сыни тұрғыда баға берілген. Мысалы, бала-бақшаларда Республикадағы 5-6 жасар балалардың тек 17,5 % ғана тәрбиеленеді екен, балалардың тек 79,1% жоғары сыныптарда оқиды, жастар мен жасөспірімдерді оқумен, еңбекпен қамту мәселесі төмендеп кетті. Концепция білім берудің басты үш мақсатын (шығармашылық, дүниеге көзқарас, терең білім) алуға қояды және мектептегі оқу-тәрбие процесінің негізгі мақсатын айқындайды: Қазақстан мектептерінің қызметіндегі басты бағыт оқушылардың білім, білік дағдыларын біртіндеп қалыптастыру және олардың талдау, синтездеу, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту болып табылады. Осыған байланысты концепция білім берудің әрбір кезеңінің негізгі мақсаттарын анықтайды:
-мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие: мектепке дейінгі білім беру бағдарламаларына орай білім алуда балалардың тең дәрежелі мүмкіндікке ие болуын қамтамасыз ету;
-жалпы орта білім: азаматтардың міндетті жалпы орта білім алуына және оның сапалы болуына конституциялық құқықпен камтамасыз ету;
-бастауыш және орта кәсіптік білім: бастауыш орта кәсіптік білім беру орындарын бітірушілердің еңбек рыногында бәсекеге жарамдылығын қамтамасыз ету, сонымен бірге үлкендерді кәсіби даярлау мен қайта даярлаудан өткізу:
-жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім: орта мектепті, бастауыш және орта кәсіптік оқу орындарын бітірушілерді кәсіби дайындауға, жоғары оқу орындарын бітірушілерді қайта даярлауға жағдай жасау.
Концепция еліміздегі білім беру жүйесінің одан әрі дамуын қарастырады. Бұл қадамдағы бағытты 2000 жылдың қыркүйегінде еліміздің Президенті бекіткен мемлекеттік "Білім"- бағдарламасы көрсетеді. Бағдарлама жалпы орта білім саласында мынандай негізгі міндеттерді көрсетеді:
-мектеп жасындағы барлық балаларды оқумен қамту;
-мемлекеттік жалпыға міндетті орта білім стандарттарын жүзеге асыру;
-оқыту әдістері мен мазмұнын жақсарту арқылы мектептердегі білім сапасын арттыру;
-педагогтар мен оқушы жастардың денсаулығын сақтау шараларымен қамтамасыз ету.
Бағдарламада тәрбиелеу жүйесін жетілдірудің мақсаттары анықталған: тәрбиеленушілердің бойында қазақстандық патриотизм, адамгершілік және жалпы азаматтық құндылықтарды қалыптастыру. Бұл орайда төмендегідей міндеттер айқындалды:
-оқу орындарында оқушы жастарды оларды этномәдени ерекшеліктерін ескере отырып, тәрбиелеудің тиімді жүйесін құру және енгізу;
-балалар мен жастардың қоғамдық ұйымдарын дамытуды қолдау;
-қосымша білім беретін мектептен тыс ұйымдардың жүйесін сақтау және одан әрі дамыту;
-тәрбие ісімен айналысатын басқару орындарының қызметкерлерін, академиялық топтардың жетекшілерін, сынып жетекшілерін қайта тәрбиелеу;
-балалардың, жасөспірімдер мен жастардың бақылаусыз жүруі және қылмысына, құқық бұзуына қарсы шара қолдану істерін жүзеге асыру.
Мемлекеттік "Білім" бағдарламасы оны жүзеге асырудың жолдарын анықтайды: білім мазмұнының демократиялық және гуманистік бағытта жаңаруын; оқушы жастардың сапалы білім алуға ұмтылуын; оқу-әдістемелік құралдар мен оқулықтарды жетілдіру; білім беру саласының қызметкерлері мен оқушы жастарды әлеуметтік қорғауды күшейту; мұғалімдердің жалақысын көтеру арқылы әлеуметтік ролі мен беделін жоғарлату.
Жоғарыда көрсетілген нормативтік құжаттарда тілдерді үйрену мәселесі маңызды орын алады. 1997 жылы қабылданған "Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы" Заңы мен Қазақстан Республикасының "Білім туралы" заңда елімізде мемлекеттік тіл қазақтілі, ұлтаралық қатынас тіл-орыс тілі деп көрсетілген. ҚР Конституциясы тілдердің сақталуы мен олардың еркін дамуына кепілдік береді. Заңда сондай-ақ этникалық топтардың ана тілінің кең қолданылуы ескерілген. Қазақстан
Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев атап көрсеткендей, "әрбір ұлттық топ, өз тілін, мәдениетін, дәстүрлерін, қорғауға құқылы және ешкімді бұған кедергі келтірмеуі керек." ...Басқа халықтардың өкілдері өз тілдерінде сөйлеуге, әрқашанда құқысы бар, бірақта қазақ тілін Қазақстандағы барлық ұлттық топтар меңгеруі тиіс.
Тіл туралы Заңның негізгі ережелерін жүзеге асыру, оқу-тәрбие процесінде тілдерді қолдануды кеңейтеді. Қазақ тілінде оқитын балалардың саны өсті, неміс, түрік, тәжік, өзбек, ұйғыр, украина тілдеріндегі мектептер қызмет жасайды. Көрсетілген тілдерден басқа республиканың кейбір мектептерінде әзербайжан, грек, дүнған, белорус, корей, күрд, поляк, татар, шешен тілдері оқытылады. Екі немесе одан да көп тілдерде оқытатын аралас мектептерде жұмыс істейді. Павлодар қаласында оқыту этникалық топтардың тоғыз тілінде жүргізілетін халықтар достығы мектебі бар. Республиканың жоғары оқу орындарында оқыту қазақ, орыс, өзбек, үйғыр, ағылшын, неміс тілдерінде жүргізіледі. Тілдер туралы заңды дұрыс жүзеге асыру үшін: халыққа мектептер мен оқыту тілін таңдауға кең қүқық берілуі; Республиканың барлық мектептері мен мектепке дейінгі оқыту орындарында мемлекеттік тілдің пән ретінде тереңдетіліп жүргізілуі; орыс тілін жан-жақты оқытуға қажетті жағдай жасау; мектептер қос тілді меңгерген мұғалімдермен қамтамасыз ету керек.