Педагогикалық техника педагог шеберлігінің элементі ретінде.

Педагог креативтілігін дамыту технологиялары

Креативтілік мәселесі қазіргі қоғамда көкейтесті болып саналады. Ғылыми және арнайы әдебиеттерді талдасақ, «креативті тұлға», «креативті ойлау», креативті менеджер» деген сияқты жаңа терминдердің пайда болғанын көруге болады.

Білім беруде креативтілікті шығармашылық технологиялары және іс - әрекетте интерактивтілігі байқалатын жаңа әдістемелік оқыту ретінде қарастырылады. Сондықтан, тұлғаның креативті қасиеттеріне шығармашылыққа қабілеттілік, интеллектуалды дамыту ең жоғары деңгейін, продуктивті іс - әрекетті ұйымдастыра алу іскерлігін жатқызуға болады.

Әрбір адамның, сонымен қатар педагогтің шығармашылық потенциалы шығармашыл тұлға белгілері деп атайтын бірқатар тұлға ерекшеліктерімен сипатталады. Төмендегі креативтілік белгілерін ажыратуға болады:

а) тұлғаның альтернативаларының көріп, реттеу қабілеті;

б) мәселеге кіре білу және сол уақытта шынайылықтан ауытқу, перпективаны көре білу іскерлігі;

в) авторитетке бағдарланудан бас тарта білу қабілеті;

г) таныс объектіні жаңа жағынан жаңа контексте көре білу іскерлігі,

д) теориялық тұжырымдардан бас тарта білу дайындығы, «ақ» пен «қараны» айыра білу қабілеті.

Шығармашыл тұлғаға сонымен қатар, жеңіл ассоциациялануды; бағалау тұжырымдарымен сын ойларға қабілеттілік, есте сақтау дайындығы; сонымен, атқаратын іс - әрекетін шығармашылық процеске айналдыратын креативтілігі бар тұлғаны «шығармашыл тұлға» деп атауға болады.

Болашақ педагогтерді оқыту, әсіресе жоғары курстарда проективті іс - әрекет принциптерімен сәйкес құрылуы тиіс. Оқытудың мұндай ұйымдастырылуымен, болашақ педагог тұлғасының неғұрлым толық өзіндік ұйымдастыруының алғышарттарын жасайтын өзіндік құрылы мен ұйымдасу іскерліктерін дамытуға себепші боламыз.

Оқытудың тұлғалық – дамыту жүйесінің негізгі мақсаты – педагогке тұлғалық – адамгершілік жүйесін игеруге, өмірлік әлеуметтік және кәсіби өзіндік анықталуын қалыптастыруға ықпал ету. Біздің ойымыз бойынша, тұлғаның креативтілік қасиеттері маманның кәсіби және әлеуметтік құзыреттілігіне жинақталуы керек. Сонымен қатар, өзіндік дамудағы қасиетіліктер ескерілуі тиіс.

Білім мазмұнының ұлттық негізде берілуі мен оқытудың жаңа міндеттері және озат тәжірибелердің жинақталуынан білім беру креативті-педагогикалық өркениетке енуде. Мұндағы ең басты талаптардың бірі: білім беруді дамытудың жаңа бағдары - инновациялық жаңару стратегиясыңда болашақ маманның бәсекеге қабілетті тұлға ретінде кәсіби құзырлығының жоғары дәрежеде болуы.

Педагогикалық техника педагог шеберлігінің элементі ретінде.

Шебер-педагогтардың жетістіктеріне қарап отырып, олардың қолданған педагогикалық әсер ету құралдарының нақтылығын, түрлі практикалық міндеттерді дұрыс қоя білуде және шешуде шеберлігін көреміз. Нағыз шеберлік тәрбиешінің тұлғасына, оның тәрбие міндеттерін терең ұғынуына, оқу пәндерін, педагогика мен психологияны негізді білуімен байланыстырады. Сонымен қатар, бұнда арнайы білім мен тәрбиелік іскерліктердің (ұжыммен, жеке тұлғамен қарым-қатынас орнату іскерлігі, бақылау жүргізу, ұжымды ұйымдастыру, өз көңіл-күйін, дауысын, мимикасын, қимылын билеу іскерліктері) де орны ерекше. Бұл іскерліктерді әрбір педагог меңгеруі қажет.

А.С.Макаренко «дауысты дұрыс орнатудың мәні тек әдемі ән айтып, әңгімелесуде емес, өз ойын, сезімдерін нақты, бұйыра, иландыра көрсете білуде. Бұның бәрі тәрбиелік техниканың мәселелері» деп бұндай оқытудың маңызын ерекше атап көрсеткен.

«Педагогикалық техника» терминімен мұғалімнің оқушыға жеке әсер етудің түрлі құралдарын белгілеуге болады, дейді А.С.Макаренко. Оның құралдары: икемделу қабілеті, дауысты орнату, мимика, пантомимика, сөйлеу мәдениеті, ойынды түсіну қабілеті.

«Педагогикалық техника» ұғымына екі компоненттер тобы енеді. Бірінші топ: педагогтың өзін-өзі, өзінің әрекетін билеу іскерліктері - өз денесін билеуі (мимика, пантомимика); эмоцияларын, көңіл-күйін басқаруы; әлеуметтік перцепция іскерлігі (бет-әлпетінен тану); сөйлеу техникасы (дем алу, дауыс, дикция). Екінші топ компоненттері тәрбие үрдісінің технологиялық жақтарын ашады, тұлғаға, ұжымға ықпал ету іскерліктерімен байланысты. Олар мына элементтерден тұрады: педагогикалық қарым-қатынас техникасы, талап қою техникасы, тәртіп орнату техникасы, ертеңгі қуанышты ұйымдастыру техникасы, күн тәртібін ұйымдастыру техникасы, жазалау техникасы.

Бірқатар педагогтар жүргізген зерттеулер нәтижесі көрсеткендей, жас педагогтардың педагогикалық техникасында кездесетін кемшіліктер баршылық. Олар: оқушымен ашық әңгіме құра білмеуі, оның ата-аналарымен қарым-қатынас орната алмауы, ашуын ұстай немес, керісінше, көрсете алмауы, өз-өзіне сенімсіздігін жоя алмауы. Практиканттар өздерінің алғашқы сабақтары жайында жазған шығармаларында өздерінің сөйлеу мәнері үшін мазасызданғандарын, балаларға шектен тыс жылы қарап қалмаудан қорыққандарын, тым тез сөйлегендерін, тым қатал болғандарын, тіпті кейбіреулері қорыққандарын, немесе тақтаның алдында көп жүгіріп, жанталасқандарын, қолдарын жиі сермегендерін, немесе тас мүсін секілді қатып қалғандарын, қолдарын қайда жіберетіндерін білмегенін жазған. Көптеген студенттерде денесін тік ұстай білмеуі, бүкірлік, басын салбыратып жүру, қолдарын дұрыс орналастыра білмеу жиі кездеседі. Дауысты меңгерудегі басты кемшіліктер – бір қалыптылық, сөздің сылбырлығы, мәнерлеп оқу дағдысының қалыптаспағандығы болып табылады. Сөздегі үзіліс және екпін қою ешқандай мән берілмей айтылады. Сөйлеуде жеке кемшіліктер де аз емес: солғын дикция, дауыстың қажетті қаттылығын орната білмеуі.

Аталған қателіктер педагогқа оқушылармен жұмыс жасауда кедергі келтіреді. Оларды жоғары оқу орнында оқып жүрген кезде жою – мұғалімді даярлаудың маңызды міндеттерінің бірі.

Педагогикалық техникасын арттыру үшін педагог өз жұмысын неден бастағаны жөн? Сөйлеу техникасын, мимика және пантомимикасын жаттықтырудан, сыртқы келбетін дұрыстаудан бастайды.

Наши рекомендации