Орталық факторға негізделген әлеуметтік педагогика қағидалары

Орталық факторы педагогтың әлеуметтік-педагогикалық қызметінің ұтымдылығын не күшейтеді, не әлсіретеді. Әлеуметтік педагогика орталық факторлардың әлеуметтік педагогикалық қызмет үдерісіне оң әсерін пайдалануға ұмтылуды немесе олардың жағымсыз әсерін бейтараптандыруға немесе елеулі түрде азайтуға бағытталған әрекеттерді ұсынады.

Орталық фактордан туындайтын неғұрлым маңызды қағидалар: мәдениетке сәйкестік, әлеуметтік шарттылық, орталық шарттылық, ортаны педагогикаландыру, өмір мен тәрбие бірлігі, тәрбиелеу ортасының ашықтығы болып табылады.

Мәдениетке сәйкестік қағидасы

Қағиданың бастауы. Ф.-А.Дистервег тәрбиенің мәдениетке сәйкестік сипатының қажеттілігін негіздеді. «Ол тәрбиелеуде адамның туған жері немесе алда тұратын жері, орны мен уақыты, бір сөзбен айтқанда, сөздің кең және жалпы ауқымды мағынасында осы заманғы бүкіл мәдениетті, әсіресе, оқушы үшін отаны болып табылатын елдің мәдениет жағдайын назарға алу қажеттілігін»1 атап көрсетті. Әр адам «өзі жарық дүниеге келгенде өзі тұратын және ең болмағанда мәдениеттің белгілі бір сатысында тәрбиеленетін өз ортасын, өз халқын табады. Бірақ ол оны құруға, дамытуға тиіс, өйткені, ол қазірдің өзінде өмір сүруде және ол қазірдің өзінде бар болғандықтан, өмір сүруге құқықты» 2. Сондықтан, әр адам - өз уақытының, халқының және оның мәдениетінің өнімі. Аталмыш халық мәдениетінің жай-күйі «негіз, базис, деректі бір нәрсе және нақты, одан кейінгі жай-күйі дамиды... Басқаша айтқанда, біз мәдениетке сәйкес болуымыз қажет. Бұл мәдениетке сәйкес мінез қазіргі талаптарға жауап береді»

Қағиданың мәні. Адам әлеуметтік болмыс ретінде өмір сүру үшін және өмір сүру ортасының және оған сәйкес мәдениеттің нақтылы жағдайында өзін-өзі таныту үшін дамиды және қалыптасады. Адам - солардың өнімі. Мәдениетпен бірге ол ортаның өмір сүру ортасына тән менталитет сіңеді және сол ортада іске асады.

Қағиданың негізгі талаптары:

- баланы ең жас кезінен бастап ұлттық (халықтық) мәдениетпен қауыштыру;

- бүкіл тәрбиелік қызметті халық даналығының (тілінің, дәстүрі, әдеп-ғұрпының және т.б.) мүмкіндіктерін пайдалана отырып, халықтың тәрбиесінің өзгешеліктерімен толтыру;

- әлеуметтік тәрбиені халық әндерін, аңызда отырып, ана тілінен бастау. Басқа халықтардың мәдениеті мен тілдері ана тілі мен мәдениетінің аясында үйретіледі;

- тәрбиеде өткен заманның мәдени мұраларын, аймақтың мәдени, жетістіктері мен мүмкіндіктерін, әлем мәдениетінің жетістіктерін белсенді түрде пайдалану.

Әлеуметтікке негізделген қағида

Қағиданың бастауы. Платонның өзі мемлекеттің басқару сипаты адамдардың арасындағы белгілі бір өзара қарым-қатынастың орнауына мүмкіндік туғызады, ал бұл, өз кезегінде, адамның тиісті тұрпатын қалыптастырады. И.Г.Песталоцци өскелең ұрпақтың қалыптасуында орын алатын әлеуметтік ауытқушылықтар қоғамның кеселімен байланысты деген қорытынды жасады. Мұны жеңу үшін қоғамның өзін бұл кемістіктерден арылту керек.

Қағиданың мәні. Әлеуметтік фактор адамға әлеуметтік-педагогикалық ықпалдың макрофакторымен байланысты. Ол көп жағынан мемлекеттік құрылыстың, идеологияның, саясаттың, діннің, мәдениеттің және әлеуметтік институттардың өзгешелігімен анықталады. Осы және басқа жағдайлар өскелең ұрпақты өз ықпалымен әлеуметтендіреді. Олар адамның өсуі кезеңінде қоғамда қалыптасқан құндылықтарды, нормалар мен ережелер, әлеуметтік мінез-құлық пен мәдениет тәжірибесін сіңіруіне сондай-ақ, оның берілу механизмінің қолданылуына жағдай жасайды.

Әлеуметтік негіздеу қағидасы әлеуметтік тәрбиенің басқа жағын да, яғни жеке тұлға, топ (әлеуметтік, педагогикалық, медициналық, әскери) қандай орта үшін құрылатынын анықтайды. Әрбір әлеуметтік мәдени ортаның оны құрайтын адамдардың менталитеттерін анықтайтын өзіндік мұраттары, құндылықтары, дәстүрлері мен әдеп-ғұрыптары, адамгершілік нормалары мен қағидалары, кәсіби қызмет тәжірибесі болады.

Әлеуметтік негіздеу қағидасын мына жағдайларда ескеру ерекше маңызды:

- әлеуметтік – педагогикалық қызметті (кез-келген қызметті) ұйымдастыру белгілі бір аяда іске асырылады;

- мекеменің қызметіне әлеуметтік-педагогикалық сараптама (әрбір мекемеде тәрбие оның әлеуметтік- педагогикалық саясатына сәйкес анықталады және іске асырылады);

- технологияны әлеуметтік-педагогикалық сараптауда, оның мекеменің талаптарына сәйкестігі;

- маманның қызметіне оның тиісті мекемедегі лауазымға тағайындалуы есебімен әлеуметтік-педагогикалық баға беруде;

- партияның, қозғалыстың әлеуметтік-педагогикалық қызметін сараптауда.

Өскелең ұрпақты белгілі бір әлеуметтік-мәдени ортаға бағытты түрде дайындауға практикалық тәрбиелеу қызметі орта мәдениетінің ерекшелігін және оны өз тәрбиеленушілеріне беру перспективасын неғұрлым толық есепке алу үшін ұсынылған. Ол тәрбие қызметінің тиісті оқу мекемесінде қалыптасқан дәстүрлер мен тәжірибеге негізделген.

56. Әлеуметтік педагогтың құжаттарды жүргізу мен рәсімдеуде негізгі талаптарды көрсетіңіз.------57. «Әлеуметтік педагогтың жұмыс әдістері» атты кесте құрастырыңыз.

Әлеуметтік педагогтың проблемалық тақырыбы:
«БАЛАЛАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТЕНУ МӘСЕЛЕЛЕРІНЕ ТОҚТАЛЫП, ОҒАН ЗАМАН ТАЛАБЫНА САЙ КӨМЕК, ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ, ӨМІР СҮРУ МҮМКІНДІГІНЕ, ӘЛЕУМЕТТІК РЕАБИЛИТАЦИЯ МЕН БЕЙІМДЕЛУІНЕ, ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСУЫ МЕН ТҰРҒЫН ҮЙ КЕЗЕГІНЕ ОТЫРҒЫЗЫЛУЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖҰМЫСТАРЫН ТАЛДАП, ЖАНДАНДЫРУ»
«Өмір сапасын жақсарту және әлеуметтік қорғаубасты стратегиялық бағыттардың бірі. Алдағы онжылдықтың аса маңызды міндеті – Қазақстанның барлық азаматтарының өмір сапасы мен деңгейін жақсарту, әлеуметтік тұрақтылық пен қорғалуды нығайту. Ел халқы санының 2020 жылы 10%-ға өсуі үшін мемлекет барлық қажетті жағдайларды жасайтын болады. Әлеуметтік қызметтер тек мұқтаж адамдарға көрсетіліп, заманғы стандарттар мен Қазақстандағы өмір деңгейіне сәйкес болуы керек».
Н.Ә.Назарбаев.
Әлеуметтік педагогтің қызметі
Әлеуметтік тәрбие – бұл адам- адам қатынастары желісінде жүргізілетін тәрбие, яғни тікелей адамаралық байланыстар және осы мақсатқа арнайы ұйымдастырылған қоғамдық мекемелер ( қайырымдылық қорлары, ұйымдар, бірлестіктер т. б) тарапынан болатын істер. Қоғамдық тәрбие проблемаларын арнайы педагогика саласы зерттейді. Оның пәні- тұлға. Қалыптастырушы ықпал жасайтын қоршаған орта заңдылықтары. Дәлірек айтқанда, отбасы, ресми ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары. Әлеуметтік жұмыстар – адам мен адамның инабаттылық қатынастары қажеттігінен туындаған әлеуметтік іс-әрекет құбылысы. Қазіргі күнде әлеуметтік тәжірибе жұмыстары келесі салаларға бөлінген ортасы,балаларға жәрдем, денсаулық және салауатты өмір салты, білім көтеру, тәрбие түзету мәселелері.Әлеуметтік жұмыстың мамандық ретінде қалыптасуы және негізгі міндеті – бала мен жасөспірімдерге құзырлы көмек көрсету, әлеуметтік мәдени ортаны ізгілендіру, тұлғаның әлеуметтік қалыптасуына ықпал ету болып табылады.Бүгінгі мектеп психологтары мен әлеуметтік педагогтардың алдында үлкен де, күрделі міндеттер тұр.
Әлеуметтік педагог мектепте төмендегідей негізгі бағыттарда жұмыс жасауы қажет:
1.Диагностикалық қызметі
2.Өз қызметі шеңберінде көмекті қажет ететін балаларды әлеуметтік қорғау.
3.Кәмелетке толмағандардың, ата-аналардың құқықтық тәрбиесін ұйымдастыру.
4.ерекше назардағы оқушылармен жұмыс.
5.Сынып жетекшілеі, медициналық қызметкерлер, ата-аналар комитетімен т.б. өзара қарым-қатынасты үйлестіру.
Өз қызметінде әлеуметтік педагог ҚР Конституциясын, бала құқығы туралы Конвенцияны,ҚР 2002 ж 8 тамыздағы «Бала құқығын қорғау туралы» Заңын, ҚР Ү 2011 ж 26 желтоқсандағы «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексін және ҚР басқа да нормативтік актілерін басшылыққа алуы қажет.
Өз қызметін атқару барысыныда төмендегіше дерек көздерін негізге ала отырып негізгі бағытта жұмыс атқарады:
• білім беру мекемелерінің әлеуметтік педагогтарының құжаттары мен әдістемелік әдебиеттерінің тізімі;
• әлеуметтік педагогтың лауазымдық міндеттері;
• әлеуметтік педагогтың жылдық және айлық жоспарлары
• 0-18 жасқа дейінгі балалар тізімі.
• мектепішілік бақылауда тұратын балалар тізімі
• қорғаушылық органдарының бақылауында тұратын көп балалы бір ата-анасымен аз қамтамасыз етілген отбасы балалары
• қолайсыз отбасы балалары мүгедек балалар тізімі.
• патрионаттық отбасы тәрбиесіндегі балалардың жеке карточкалары.
• ата-аналар үшін жадынама,
• әдістемелік нұсқаулар
• баланың әлеуметтік мәселелерін шешу және мұғалім мен оқушы арасындағы кикілжіңді реттеуге арналған әдістемелік нұсқаулар
• облыс пен аудан бойынша оқушылар мен ата-аналарға арналған, олардың өзекті мәселелерін шешу жолдарына көмектесетін анықтамалық ақпарат
• кіріс және шығыс құжаттары
• атқарылған жұмыстардың есебі
1.Әлеуметтік педагогтың негізгі міндеттері мен қызмет мазмұны:
1.Әлеуметтік педагог өз қызметін үш бағытта жүргізеді
Балалар мен отбасының мүшелеріне жүргізілетін психодиагностикалық, психокоррекциялық қызмет әдістерін негіздеп сараптайды және өңдейді.
Социумдағы әлеуметтік жағдайды зерттеп және оған болжам жасау арқылы отбасы мен балаларға әлеуметтік- педагогикалық нақты көмек формаларын және түрлерін ұсынады.
Баланың жан-жақты психологиялық дамуына жағдай жасау, оқу мен тәрбиеге теріс көзқарасты жою, салауатты өмір салтына оңды көзқарас қалыптастыру, бала тұлғасы дамуының бұзылу себептерін анықтап, алдын-ала сақтандыру шараларын жүргізу, үгіт-насихат жұмыстары арқылы педагогтар мен балалардың психологиялық, құқықтық біліктілігінің жоғары болуымен анықталады.
2.Әлеуметтік педагогтың міндеттері:
Баланың жас ерекшелігінің әрбір кезеңіне байланысты жеке дамуына кешенді ықпал ету
Өзара қарым-қатынаста,оқу барысында қиындыққа ұшыраған оқушыларға әлеуметтік-педагогикалық көмек беруді қамтамасыз ету
Оқушы отбасының тәрбие жағдайын зерттеу
Баланың жеке дамуындағы ауытқушылықтың алдын-алу және болдырмау
Мектеп пен тұрғылықты мекен жайында тұлғаны қорғау, тәрбиелеу және оқу-ағартудың кешенді жүргізеді
Оқушылардың жеке психо-медициналық және педагогикалық ерекшеліктерін зерттейді
Оқушының қызығушылығын, сұранысын, мінез ауытқышылығын ,шиеленісті жағдайларын анықтап, мезгілінде көмек көрсетеді
Тәрбиеленушілердің өмірін қорғауды, қауіпсіздендіруді қамтамасыз етеді, оқушының қиындығы мен проблемаларына, тәртібіндегі ауытқулары кезеңінде тез арада әлеуметтік көмек және қолдау көрсетеді
Тұлғаның дамуы мен тәрбие проблемаларын шешуде отбасылармен серіктестік, әріптестік қарым-қатынастар орнатып, ынтымақтастықпен жұмыс жүргізеді
Әлеуметтік-педагогикалық диагностика әдістемесін анықтайды
Патрионат бойынша тұрғын үй, зейнетақы беру, жетім балалалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған баланың мүліктік және мүліктік емес құқы бойынша жұмыс жүргізеді.
Сабақтан тыс уақытта оқушының физикалық және дарындылық талабын дамытуға жағдайлар жасайды.
Медициналық-әлеуметтік тәуекелшілдер тобына жататын балаларды анықтайды.
Мемлекеттік, қоғамдық ұйымдар мен балалар арасында қарым-қатынас орнатады.
Әлеуметтік ортадағы гуманистік, рухани- адамгершілік қатынастардың қалыптасуына ықпал етеді.
Тұлғаның қоғам өміріне тиімді кірігуіне, Отанды сүю, қоршаған табиғи ортаны аялауына және азаматтық тәрбие беру шараларына ықпал етеді.
Психологпен, мұғалімдермен, ата-аналармен немесе оларды ауыстыратын адамдармен бірлесіп, тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейді.
Білім беру ұйымдарының білім бағдарламаларын құрастыруға, бекітуге, оны жүзеге асыруға қатысады және өзінің құзіреттілігі бойынша олардың орындалуына жауап береді
Әлеуметтік педагогтың құқығы баланың педагогикалық медициналық құжаттарын қарауға
сабақтарға қатысып отыруға, баланың денсаулығы мен құқығын қорғау бойынша мектеп әкімшілігінің, медициналық, педагогикалық қызметкерлерінің және қоғамдық ұйымдардың алдында көкейтесті мәселелерді қоюға, медициналық- әлеуметтік мәселелер бойынша білім мекемелерінің эксперттік шешімдеріне араласуына, отбасы мүшелерінің мектеп пен отбасындағы кепілдігін анықтау мәселесін (даулы жағдай) қоюға, қажетті кезде тиісті органдарға ата-ана құқығынан айыру мәселесін ұсынуға, балалар мүддесін сотта қорғауға жетеді.
Әлеуметтік педагогтың әрекет ету кезеңдері
1-кезең-оқушылардың әлеуметтік өмірінің шынайы болмысын зерттеу
2-кезең-зерттеу материалдарының қорытынды құжаттарына сәйкес мақсат-міндеттерді анықтайды, проблемалық жағдайға тап болған субъектілердің әлеуметтік өмірінің мүмкіндіктерін есепке алады және жұмысты жоспарлайды
3-кезең-әрбір іспен әлеуметтік-педагогикалық қызмет кезеңдеріндегі зерттеу нәтижелері мен жоспардың іске асырылу барысында жеткен жетістіктерді конструкциялау жұмысын жүзеге асырады.
Әлеуметтік педагогтың, психологтың, дәрігердің бірлескен қызметі төмендегідей:
1.Отбасына әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету
2.Балаларға әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету
3.Отбасы мен балаларға дәрігерлік, психологиялық, педагогикалық кеңес беру
4.Балаларды күйзелтетін даулы мәселелерді шешуге көмектесу
5.Мінезінде ауытқушылығы бар балаларға диагностика және коррекция жасау
6.Профилактикалық шаралар ұйымдастыру
Әлеуметтік педагог пен психологтың бірлесіп шешетін проблемаларына мына мәселелерді жатқызуға болады
Оқушылардың мектепке келмеуі
Оқушы тәрбиесіндегі, мінезіндегі ауытқушылық
Баланың құрбыларымен қарым-қатынасындағы қиыншылықтар:
-Мұғалім мен оқушы арасындағы дау-дамай, кикілжіңді шешуге көмек
-Білім алудағы қиыншылықтарды жеңуде оқушыларға көмек
-Оқушының болашақ кәсібін таңдауына көмек
-1-сынып оқушысын мектептік өмірге бейімделуі
-Ата-аналарға отбасындағы тәрбиені ұйымдастыру
-Баланың тұлғалық қалыптасуы мен дамуы
-Ата-ана мен бала арасындағы кикілжің
-Ата-ана мен бала арасындағы жағымды тұлғааралық қарым-қатынасты қалыптастыру
Әлеуметтік педагогтың отбасымен бірлесе әрекет етуін ұйымдастыруы:
-өз балалары мен сынып оқушыларын тәрбиелеуде отбасының этнопедагогикалық мүмкіндіктерін анықтау мақсатында отбасын зерттеу
-бала тәрбиесіне байланысты отбасының адамгершілік мүмкіндіктеріне қарай отбасыларын топтарға бөлу
-әлеуметтік педагогпен ата-ана бірлескен әрекетінің бағдарламасын құру
-бірлескен тәрбие қызметіндегі ағымдағы және ақырғы нәтижелерді талдау
-оқушының отбасын зерттеу әлеуметтік педагогқа баланың өмір сүру сипатын,оның көпқұрылымдығын, дәстүрін, рухани құндылықтарын, тәрбиелеу мүмкінділігін ата-ана мен оқушы арасындағы қарым-қатынасты түсінуге көмектеседі.
Әлеуметтік педагог отбасымен жұмыс жүргізу барысында психологиялық-педагогикалық диагностика түрлерін пайдалана алады- бақылау, байқау, пікірлесу, тесттеу, анкета жүргізу,іскерлік ойындар өткізу,балалар шығармашылығын пайдалану.
Әлеуметтік педагог отбасымен жұмыс жүргізу барысында төмендегі ережелерді ұстануы тиіс-
1.бала мен оның ата-анасы өздерін зерттеу объектісі ретінде сезінбеуі тиіс
2.зерттеу мақсатты, жоспарлы, үздіксіз және жүйелі түрде жүргізілуі тиіс
3.зерттеу әдістері тәрбиелеу әдістерімен байланыста болуы тиіс
4.психологиялық-педагогикалық әдістер әралуан, кешенді түрде пайдалануы тиіс
Отбасын зерттеудің психологиялық-педагогикалық диагностика түрлері
Ата-аналармен жұмысты ең алдымен әртүрлі әдістерді қолдана отырып, отбасын мұқият зерттеуден бастау керек- бақылау,баланың үйіне бару,мінездеме жүйесі,сұхбаттасу,сауалнама,баланың шығармашылық жұмысы, т.б.Бұл әдістер бір-бірін толықтырып отырады.

Леуметтік педагогикалық процестің мәні отбасы – тұлғаны тәрбиелеу мен дамытудың әлеуметтік- мәдени ортасы екендігін дәлелдеңіз.

Отбасы қоғамның элементарлы құрылымы ретіндегі алғашқы әлеуметтік бөлігі болып табылады. Отбасындағы адамдардың бiр-бiрiмен өзара қарым-қатынасының сипатына қарай М. Галагузова оларды авторитарлы, демократиялық және эгалитарлық деп бөлдi. Авторитарлық отбасы өзiнiң қарым-қатынастағы қаталдығымен сипатталады. Мұндай отбасыларында әйел ерiне бағынышты немесе ерi әйелiнен аса алмайды және балалары ата-аналарының дегенiнен шыға алмайды. Демократиялық отбасыларындағы қарым-қатынас толық өзара түсiнiстiк пен сыйластыққа негiзделедi. Мұнда отбасы мүшелерiнiң үйiшiлiк қызметтерi қабiлеттерi мен мүмкiндiктерiне қарай тең бөлiнген, отбасындағы әрекеттердi ұйымдастыру мен атқаруға бәрi жұмыла қатысып отырады. Ал эгалитарлық отбасылары ондағы ересектердiң тең құқылығымен ерекшеленедi. Мұндай отбасыларындағы адамдар үшiн отбасы проблемаларына қарағанда жеке басының проблемалары бiрiншi орында тұрады. Мысалы, жұмыстағы жетiстiктер және т.б. Мұндай отбасыларында үйiшiлiк жұмыстар тең бөлiнген, барлығы ұжым болып жабыла кiрiсiп атқарады және шешiм қабылдайды. Бос уақытты да бiрге өткiзуге тырысады. Мұндай отбасыларындағы қарым-қатынастың кемшiлiгi отбасы проблемаларын шешуде кейбiрiнiң жеке мүддесi немесе қызығушылығы ескерiлмесе, кикiлжiң тууы мүмкiн.

Енді осы қарастырылған отбасыларының ішіндегі бірқатар отбасы типтеріне сипаттама беріп, тоқталып өтейік:Жас отбасы. Бұл отбасылар жұбайлық өмір дамуының алғашқы сатысында және жұбайлық таңдау міндеттерін жүзеге асыру кезеңінде. Бұл кезеңде олар бір-бірін енді танып біліп, мінез-құлықтарындағы алшақтықты түзетуге, үйреншікті өмір сүру салтынан жаңа өмірге бейімделу кезеңін бастан кешіреді.Орташа жастағы жұбайлар отбасы. Қарым-қатынастарына қарай мұндай отбасыларына тәрбиеленушілерді тәрбиелеушілік айқындалатын өзіндік ұжымдық сипат тән. Көптеген жұбайлар бұл жас кезеңінде тек сөз ғана емес, отбасындағы іс-әрекет пен ерлі-зайыптылық өнегесінің тәрбиелік ықпалын қолданатын өздерінің жеке тәжірибелеріне сүйенеді. Ересек жұбайлар отбасы. Мұндай отбасыларына өздері жеке немесе ересек балаларымен және немерелерімен тұратын жұбайлар отбасы жатады. Оларға зейнеткерлікке шыққан жұбайлар жатады. Мұндай отбасыларының мәселелеріне олар жаңа мекенжайға көшкенде бейімделудің қиындығы, жұмыс орнын ауыстыруға байланысты туындаған қиыншылықтар және т.б. жатады. Баласыз отбасылары. Әдетте мұндай отбасыларына он жылдан бері некелерінде бала болмаған жағдайда осылай аталады. Әрбір үшінші баласыз отбасы ерінің бастамасымен ажырасады. Әйтсе де ажырасу арыздарын бергендер олардың ішінде аздаған бөлігі ғана баланың болмауын ажырасу себебі ретінде көрсетеді, көп бөлігі көрсетпейді екен. Көп балалы отбасы. Мұндай отбасыларына төрт баласы бар отбасылар кіреді. Мұндай отбасылары өздерінің ауызбіршілігімен ерекшеленеді және ажырасу көрсеткіштері де салыстырмалы төмен болады. Аз балалы отбасы. Бұл қазіргі кезде ең көп тараған отбасылар, оларға екіден немесе жалғыз баласы бар отбасылар жатады. Күрделі отбасы. Бұл бірнеше ұрпақ өкілдерінен тұратын толық отбасыларын, тіпті бірнеше некелік отбасыларын қамтитын ұжым. Оны жұбайлардың ата-аналары, жұбайлардың өздері және олардың балалары құрайды. Жыл өткен сайын мұндай отбасыларының саны азайып барады. Қолайлы отбасы. Мұндай отбасыларына жас отбасылар, орташа жастағы, ересек жастағы жұбайлар отбасы және т.б. кіреді. Сонымен қатар, мұндай отбасыларына баласыз, көп балалы, күрделі отбасылар және т.б. да енеді. Қолайсыз отбасы. Қолайсыз отбасыларына нақтылы бір уақыт барысында отбасыаралық және отбасыішілік тұрақсыздық қалыптастырып келген ықпалдарға қарсы тұруға қабілетсіз отбасыларын жатқызамыз. Аралас отбасы немесе қайталанған некелі отбасы. Бұл бірінші неке сәтсіз болғанда қайта некелесуден пайда болған отбасылары. Ондағы мүшелердің жартысы бұрынғы некеден туылған балаларды қамтиды. Мұндай отбасыларын Ресей ғалымдары үш түрге бөледі (Ф. А. Мустаева):

1. Балалы әйелдің баласыз еркекке тұрмысқа шығуы;

2. Балалы еркектің баласыз әйелге үйленуі;

3. Балалы еркек пен балалы әйелдің ортақ отбасылық тұрмыс құруы.

Некесіз отбасы. Бұл өз қарым-қатынастарын заңды ресми түрде рәсімдеуді қажет етпеген әйел мен еркектің ұзақ уақытқа созылған ортақ тұрмыстық одағы. Бұған некеге дейінгі жастардың ұзақ уақыт бойы бірге тұрған келісімді ортақ одағы жатуы мүмкін, көп жағдайда мұндай отбасыларында өмірге сәбидің келуімен заңды некеге тұру қажеттілігі орын алады.

Толық емес отбасы. Бұл көбінде ажырасудан кейнгі отбасылары немесе ерлі-зайыптылардың бірінің қайтыс болуына байланысты пайда болған отбасылары, кейде жалғыз адамдардың бала асырап алуынан пайда болған отбасылары болып табылады.

«Аналық» отбасы. Бұл толық емес отбасыларының бір түрі десек те болады. Ата-анасы некеге тұрмай әйел азаматтың жеке қалауымен бала табуы нәтижесінде пайда болған отбасы болып табылады.

Ажырасудың нәтижесінде пайда болған толық емес отбасы. Ажырасудан кейінгі отбасы көп уақытқа дейін осындай көңіл-күйді басынан кешіреді. Ажырасқан отбасыларының үштен бір бөлігі ғана қайта толық отбасы жағдайына ие болады.

Ата-аналарының біреуінің қайтыс болуынан пайда болған толық емес отбасы. Бұл отбасыларында ата-ана рөлін ана немесе әке орындайтын болады.

Әйел (немесе еркек) тарапынан бала асырап алу негізінде қалыптасқан отбасы. Мұндай отбасыларына өмірге деген құлшынысының жоғары болуы тән.

Дистанттық отбасы. Мұндай отбасыларына қалыпты отбасыларын жатқызамыз. Оларға ерлі-зайыптылардың бірінің кәсіби қызметінің ерекшелігіне байланысты өмірінің көп бөлігін бөлек өткізетін баласыз отбасылары, аз балалы және көп балалы отбасылары кіруі мүмкін. Әртүрлі деңгейлі отбасы. Мұндай отбасыларындағы жұбайлардың кәсіби бағыты мен білімі әртүрлі деңгейде болады. Аралас ұлтты отбасы. Бұл ата-аналарының әртүрлі ұлт өкілдерінен тұратын адамдар некесі, мұнда тіпті олардан туылған балаларының өзі кәмелет жасына толғанда ата-аналарының бірінің ұлтын таңдауға құқылы болады. Содан әр ұлтты отбасы болып шыға келеді. Бала тәрбиесiне деген ата-аналар көзқарасының әртүрлiлiгi және отбасындағы тәрбие жұмысының жүйесiз әдiстерiнiң қолданылуы, ата-аналар мiнез-құлқының жиi өзгерiп отыруы, баланың мiнез-құлқынан тыс мадақтау мен жазалау тәсiлдерiнiң сәйкессiз қолданылуы (ата-аналардың мiнез-құлқына қарай) отбасындағы баланың мiнезiнiң терiс қалыптасуына әсер етедi.Толық емес отбасыларындағы балалар тәрбиесi де өзiндiк ерекшелiкке ие. Көптеген зерттеу жұмыстары толық емес отбасыларындағы жалғыз ананың бала тәрбиесiнде әкенiң орнын толтыра алмайтындығын, яғни бiр сөзбен айтқанда баланың толыққанды әлеуметтенуiн қамтамасыз ете алмайтындығын айтады. Соған қарамастан көп жағдайда толық емес отбасыларында ана баланың кезiнде ала алмаған әке қамқорлығын беруге тырысады. Осы мақсатта ана балаға қамқоршы болу, қорғаушы, бақылаушылық позицияны ұстанады.

Дени Дидро: «Жақсылық көп жасағандықтан көрінбейді, оны әдемі жасаудан көрінеді» бұл принцип әлеуметтік педагогтың тәжірибесінде кімдерге қолдану керектігіне мысал келтіріңіз.

Әлеуметтік тұрғыдан алғанда жақсылық жасау деген әр бір адамға рухани көмек беру, ол адамды қоғамға тарту, ортаға бейімделуіне көмектесу, қоғамнан шеттетпеу деп түсінемін. Адам баласы тумысынан жақсылыққа да жамандыққа да бейім жаратылған. Бұл екеуі бір-бірімен астасып жатқан қасиеттер. Жаратушы Ие осы арқылы адамды тепе-теңдікте ұстап, оны қай жаққа да бейімділікте жаратқан. «Әрбір сәби әу баста мұсылмандық сипатпен дүниеге келеді, кейіннен оны ата-анасы яхуди, христиан немесе мәжуси етеді» деген хадис мұның дәлелі. Демек, әрбір сәби дүниеге алғаш келгенде мұсылмандыққа жақындық танытқанмен, кейін өскен ортасы оны өзіне бейімдетіп кетуі мүмкін.

Адамдағы сана-сезім мен қарым-қабілеттер әр алуан. Жаратушы Аллаһ тағала адам бойына осыншалық қабілеттерді белгілі бір өлшеммен тиянақтап орналастырған. Негізгі мәселе, жаратылыстан бар осы қабілеттерді дұрыс ұштап, тәрбиелей білуде. Мәселен, әр адамның бойында өзін-өзі басқару қабілеті бар, осы қабілетін шыңдай білген адам барша тіршілік иелерінен басып озып, тіпті періштелерді де артта қалдырады. Сондай-ақ адамда «раббани латифа» немесе Ғазалиша айтқанда «маад ақыл» деген бар. Оны тура қолданған адам материалдық әлемнің тысындағы ғайып әлеміндегі тылсым дүниелерді көріп, ғайыптан сыр аулайтын қасиетке қол жеткізеді. Бұған қоса, адамға «мааш ақыл» деп аталатын осы дүниені терең сезінуге, түйсінуге мүмкіндік беретін ақыл да берілген.

Адам бойында сондай-ақ тәнқұмарлық, ашу, қырсықтық, ерегісу, қызғаныш сынды қисық мінездер де бар. Мәселе осы мінездерді өз ықтиярыңа бағындырып, дұрыс тәрбиелей білуде. Кез келген адам ар-ұжданды құрайтын – ақыл-қайрат, сезім, «раббани латифа» сияқты қасиеттерін жетілдіре білсе кәміл адам болуға талпынып, әлемнің түпкі мазмұнын түсінеді. Таным көкжиегін барынша тереңдете алған адам ғана нәпсісіне, мансапқұмарлыққа, атаққұмарлыққа жеңілмей, үлкен күнәлардан аулақ тұрады. Сондай-ақ ол қызғанышқа барып, амалдарының сауабын зая етпейді және қырсықтықтан арылып, уақытын текке кетіруден сақтанады.

Ең бастысы жасаған жақсылығымыз пайдалы болуы тиіс. Қазақта жақсы мақал бар: «Жақсылыққа жақсылық әр адамның ісі, жамандыққа жақсылық ер адманың ісі».

Наши рекомендации