Бұқаралық коммуникация теориясының мәнін ашыңыз
Бұқаралық коммуникация ұғымы «коммуникация» (байланыс, ақпарат) термині (лат. тілінен «сommunicatio»-хабар, ақпарат және «сommunicare»-жалпылау, әңгімелесу, байланысу, хабарлау, жіберу) ғылыми әдебиетте ХХ ғасырдың басында пайда болды. Коммуникация - адамдар, топтар, ұлттар, мемлекеттер арасындағы өзара әрекеттің қажетті элементі болып табылады.Коммуникация - бұл адамдардың тіршілік әрекеті үрдісіндегі олардың өзара әрекетінің ерекшелікті формасы. Коммуникация негізінде қоғамда индивидуалды(жеке) және ұжымдық мінез-құлық қалыптасады. Коммуникация мынадай түрлі формада іске асады:тұлғааралық байланыстың тілдік және паралингвистикалық (ым, қылық); мәдениет саласында - әдебиет, өнер және бұқаралық ақпарат құралдары.Коммуникация адами белгілер жүйесі (тілдер) арқылы индивидтер, топтар, ұйымдар, мемлекеттер, мәдениеттер арасында жүзеге асырылады. Коммуникация тұтас белгі хабарларын алмасу ретінде адамдар арасында қарым-қатынас кезінде жүреді, онда білім, ойлар, идеялар, қарым-қатынас жасаушылардын көңіл-күй сезімдері мен бағдарламалары бейнеленген.Коммуникация индивидуалды және топтар арасындағы сөйлеу тәртібі қалыптасатын әлеуметтік келісу процессі. Сондықтан да әлеуметтануда коммуникация тұлғааралықпен қатар бұқаралық коммуникация кең түрде зерттелді.Әлеуметтану әлеуметтік факторларды, яғни бұқаралық коммуникацияның қоғамдық пікірді қалыптастырудағы әсерін, адамдардың әлеуметтік шындық пен құндылықтарға қатынасын зерттейді.Коммуникациялық процестің тұрақты элементері болып: 1)жіберуші (коммуникатор, хабарды тасымалдаушы); 2)канал немесе арна ақпаратты жіберу құралы; 3)жеке хабар; 4)ақпараттың бағытталған тұлғасы-алушы.Бұқаралық коммуникация (БК)-бұл ақпаратты бұқаралық коммуникация құралдары (баспасөз, радио, киномотография,телевизиа), арқылы көпшілік аудиторияға адамдардың бағалау, көзқарасымен іс-қимылына әсер етуі арқылы хабарлау процесі.Бұқаралықкоммуникация тұжырымдамалары.Жалпы әлеуметтанылық контексттегі БК туралы алғашқы зерттеулер 20ғ. басынан басталды. БК жӛніндегі зерттеуледің негізі Г.Тард, Г.Лебон, П.Лавров, Н.Михайловский, Н.Кареева, П.Сорокиннің еңбектерінен қаланған. Алғашқы БК туралы тұжырымдамада бұқараны тобырдан бөліп қарастырады. Тобыр адамдарды басқаруға қабілетсіз және мүлдем жауапкершіліксіз қылады. Ол (тобыр) талқыламай эмоцияға, көңіл-күйге беріледі. Лебонның айтуына қарағанда, 20ғ. басты сипатын индивидтің тобырдың санасыз іс-әрекетін саналы іс-қимылға ауыстыруын санады.Француз әлеуметтанушысы және криминалисті Г.Тард өзінің тұжырымдамасын ӛз әріптесіне қарағанда тереңірек қарастырды. Лебон секілді Тард адам тобыр арасында тым эмоцияға берілгіш, саналы ойламайды деп есептеді. Адамдардың тобырдағы орташа саналық денгейі, әрбірін санаған кездегі деңгейден төмен екендігін айтты. Егер Лебон тек «шашыраңқы тобыр» туралы айтса, онда Тард жаңа әлеуметтік бірлестік –публиканы ерекше бөліп көрсетті. Публиканың құрылуының негізіне ол бұкараға әсер ету тәсілін алды. Публика ортақ ақпараттың көздерімен біріккен әлеуметтік топ.Танымал «Қоғамдық пікір (1920ж)» еңбегінің авторы В.Липпман қазіргі заман адамындағы дүниетанымының қалыптасу процесі БК-ң ықпал етуі стериотиптер негізінде іске асады. БАҚ хабарлайтын фактілерді өздерінің қарауына сәйкес түрлендіреді, кейде оны өзгертіп те жібереді. Қоршаған орта туралы түсініктері жөнінде жүктеп, БК олардың сана-сезімдері арқылы адамдар әрекетіне ықпал етеді. Осылайша баспасөздің адамдарды шексіз билеуі жүзеге асады.Американ әлеуметтанушысы Г.Ласуэлль 1948ж. өзінің «Дүниежүзілік соғыстағы насихаттау техникасы» атты кітабында тұңғыш және ең танымал, бес элементен тұратын: кім? (хабарды жібереді) -коммуникатор, не? жіберіліп жатыр)-хабар: қалай? (жіберілудің іске асырылып жатуы) -арна; кімге?(хабарламаның жеткізілуі)- аудиторияға; қандай? (хабардың әсерлілігі)-нәтиже.«Ең аз мөлшердегі әсер» (минимальный эффект) теориясының негізін қалағандардың бірі Н.Лазерефельд болып табылады. Қоғамдық пікірді сайлау науқаны кезінде зерттеудің нәтижесінде, ол, БК-ң аудиторияға шектеулі түрде, яғни, белгілі бір дәрежеде ғана әсер ететіндігін қорытты. Бұл зерттеулердің қорытындысы ретінде БК-ң аудиторияға екі сатылы әсер ету моделінің пайда болуына әкеліп, онда басымдық күшті БК емес, көшбасшының тұлғалық ықпал етуі атқарды. Кейіннен, Дж. Клаппер БК құрылымының адамдардың өміріне ықпал етуі шексіз еместігін, дегенмен, қабылдаған аудиторияға әсер ете алады деген қорытындыға келді. Сондықтан, БК халықтын сана-сезімінің ауысуының негізгі себепкері бола алмайды.Лазерефельд пен Клаппердің қорытындыларын саяси коммуникациядағы БАҚ-ң рөлі туралы кейінгі зерттеулері де дәлелдеп, БК ықпал ететін келесі факторларды анықтады:1) ақпарат көзі әрқашан хабарлаушымен(комментатор) байланысты, яғни, ақпараттың қалай және кіммен берілуі маңызды;2) хабардың контексі маңызды болып саналады;3) ақпарат көзі мен коммуникатордың арасында бір жағынан хабар мен аудитория, келесі бір жағынан «ақаулар», шудың болуы;4) референттік топтардың болуы маңызды.1953ж. К.Ховланд, А.Джанинс, Х.Келли «Коммуникация және сенім» атты кітәбін жарыққа шығарып сендіруші коммуникация тұрғысынан индивидтің(коммуникатор) екінші бір индивидтердің аудитория пікірін және мінез-құлқын өзгертуді ынталандыруды енгізетін процесс. Осынау енгізудің нәтижесі ақпараттың сапасы мен ақиқаттылығына, рецепиенттердің жеке тәжірибесі мен құндылық жүесінің негізінде анықталатын ақпарат көзінің мәртебесі мен беделіне де тәуелді болады.БК зерттеу жұмыстарында Б.Барельсонның жасаған аудитория қажеттіліктерін қанағаттандыру тұжырымдамасы аса үлкен рөлді атқарадыОның пікірінше БК аудитория қажеттіліктеріне бағыт ұстап ол белгілі бір дәрежеде ақпарат мазмұның анықтайды. Барельсон БК мен қоғамдық пікірдің өзара әрекеті туралы және де олар бір-біріне әсер етеді деген қорытынды жасайды. БК өзі қызметін іске асыру үшін, ол көпшілік аудиторияға назар аударып, оның қызығушылықтары мен дүниетанымын есепке алу тиіс. Сондай-ақ ол БК-ң қоғамдық пікірге ақпаратпен ықпал етуінен гөрі ақпаратты бағалау жағы басым деген қорытындыға келеді. Қоғам дамуын ақпараттық байланыстың техникалық құралдарымен байланыстырылған құрал теориясын жасап шығарған канадалық ғалым Г.М. Маклоэн болды.Маклоэн тұжырымдамасының басты тезисінде хабардың өзі құрал деп алады. Аудиторияға бағытталған ақпараттың сапасы, қабылдау деңгейі, сол ақпарат тасымалдайтын немесе жіберетін құрал немесе арна мен анықталады. Ақпаратты жіберетін әрбір құрал бір ғана арнайы тіл мен актуализацияландырылған әдіспен, қоғамға әсер ететін сол ақпараттың сипатын қалыптастырады соған сәйкес дүние қабылданады. Бұқаралық коммуникация жүйесінің құрылымы және бұқаралық коммуникация құралдарындағы жарнама.Өркениетті қоғамда баспа сөз, радио, және теледидар өмірдің ажырамас бөлігіне айналды. Адам санасына әсер ету процесінде БАҚ әрбір арнасы және жанрының ерекшеліктері бар.БК құралдары жүйесіндегі баспасӛз. Баспа ісі өнімдеріне газеттер, журналдар, кітаптар, альманахтар жатады. Ал коммуникациялық құралдарға нақты газеттер, журналдар, күнтізбеліктер жатады. Бұлар мұнымен қатар коммуникация басқа да қызметтер атқарады. Баспасөз арналары бойынша таратылатын, басылған мәтін ақпаратты тасушы болып табылады. Ақпарат берудің мұндай тәсілі көптеген артықшылықтарға ие:Олар мыналар1) оқырман белгілі бір материалдардың, газет немесе журналдардың кең мазмұны мен және қайсыбір материалдардың маңыздылығын анықтауға мүмкіндік алады.Ол мәтіндегі ең маңызды бөліктерін сақтап қалуға,өзін қызықтырған тақырыптар бойынша мәліметтер базасын құру мүмкіндігі бар; 2) оқырман баспа өніміндегі ақпаратты қайталап оқу үшін,терең талдау және игеру үшін қайта орала алады;3) газет немесе журналды өзімен бірге алып жүріп, үзілістерде,транспортта, оқуға, басқаша айтқанда арнайы бос уақытын бөлуге мүмкіндігі болады;4) баспасөздегі ақпаратпен танысу психологиялық тұрғыда жайлы жерлерде іске асады. өйткені оқырман ретінде оқу процесін ол жайлы темппен, ырғақта оқуға мүмкіндігі бар. Бұл баспасөздің оң жақтары; БК құралдар жүйесіндегі радио. Радио БК құралдары ретінде екінші болып пайда болған. Оның тұрақты түрде танымалдылығы мына себептерге байланысты:Біріншіден, радио халықты ең жедел ақпараттандырудың арнасы болып табылады.Екіншіден, радио БАҚ ішінде ең жайлысы болып табылады.Тыңдарманоның ақпараттарымен өз жұмысынан қол үзбей-ақ таныса алады.Үшіншіден, БК құралдары арасынан қаржының және ақпараттың жеткізілу мүмкіндіктеріне байланысты ең қолжетімді құрал. Шындығында, радио үлкен көлемдегі қаржыны қажет етпей-ақ, әлемнің барлық түпкіріне еркін тарала алады.Трөтіншіден, радио ақпаратты хабарлау мен қабылдауды қымбат техникасыз-ақ, бар ғаламға тарата алады.Сондай-ақ әлемдік қауымдастықты қалыптастыруда маңызды орын алатын бірінші халықаралық БК құралы.БК құралдары жүйесіндегі телевизия. БК құралдары ішінде уақыты бойынша соңында пайда болған телевизия болды. Телевизияның өз ерекшеліктері бар. Олар: кез-келген кеңістікте таратылып,бір уақытта үлкен аудиторияны қамти алады;радиодан артықшылығы аудиовизуалды көркемдік тәсілдерді қолданады,көру мен естуді үйлестіреді. Солардың арқасында телевизияны көпшілік көрермендер тез қабылдайды.Бұл ерекшелікті экрандық дейді; хабарды тікелей беруі мүмкіндігі болып жатқан оқиғаны бір уақытта және кескін арқылы көрсетуін теледидар дейді; теледидардың ойын-сауықтылығы аудиторияны қызықтыру мен назарын ұстап тұруда сан алуан ойын-сауқты берүдің алуан түрлі тәсілдерін қолданады; монтаждың техникалық мүмкіндектірі бейне-магниттік жазбаны тек бір тікелей хабарда ғана емес, басқа да хабар да және мазмұндас, тақырыбы ұқсас сюжеттерде де қолданылабереді, мұнда аудиторияға ақпараттық ықпал етудін басқа мақсаттары көзделеді.Жарнаманы зерттеушілер оны латын тіліндегі «reclamare» (жариялау,хабарлау және қарсы болу қанағаттанбау, осыдан «рекламация»-шағымдар айту) шыққан дейді.Жарнама адам өмірінің барлық кезеңінде де болып, сауда және айналым мағынасын білдіргенімен, оның көпшілікке бағытталуы, мыңдап тираждалуы ақпараттық құралдар нарығының пайда болуымен өркендеді.БК құралдары әрдайым жақсы төленген жарнаманы жасап шығарады. Жарнама қоғамдық пікірге әсер ете отырып, тұтынушыларға жарнамамен мадақталған тауарды т.б. сатып алуға итермелеп отырады. Сол тауардың қажет екендігін, оны сатып алуды үгіттеп,тауарды немесе қызмет көрсетуді жарнамалау арқылы, жанама сауда айналыманың нағыз жетекші күшіне айналып отыр. БК құралдарында жарнама көбінесе баспа, радио, телевизияда және сыртқы жарнамаларда хабарландыру түрінде колданылады.