Орталық факторға негізделген әлеуметтік педагогика ұстанымдары
Орталық факторы педагогтың әлеуметтік-педагогикалық қызметінің ұтымдылығын не күшейтеді, не әлсіретеді. Әлеуметтік педагогика орталық факторлардың әлеуметтік педагогикалық қызмет үдерісіне оң әсерін пайдалануға ұмтылуды немесе олардың жағымсыз әсерін бейтараптандыруға немесе елеулі түрде азайтуға бағытталған әрекеттерді ұсынады.
Орталық фактордан туындайтын неғұрлым маңызды қағидалар: мәдениетке сәйкестік, әлеуметтік шарттылық, орталық шарттылық, ортаны педагогикаландыру, өмір мен тәрбие бірлігі, тәрбиелеу ортасының ашықтығы болып табылады.
Мәдениетке сәйкесті ұстанымы
Ұстанымның бастауы. Ф.-А.Дистервег тәрбиенің мәдениетке сәйкестік сипатының қажеттілігін негіздеді. «Ол тәрбиелеуде адамның туған жері немесе алда тұратын жері, орны мен уақыты, бір сөзбен айтқанда, сөздің кең және жалпы ауқымды мағынасында осы заманғы бүкіл мәдениетті, әсіресе, оқушы үшін отаны болып табылатын елдің мәдениет жағдайын назарға алу қажеттілігін»1 атап көрсетті. Әр адам «өзі жарық дүниеге келгенде өзі тұратын және ең болмағанда мәдениеттің белгілі бір сатысында тәрбиеленетін өз ортасын, өз халқын табады. Бірақ ол оны құруға, дамытуға тиіс, өйткені, ол қазірдің өзінде өмір сүруде және ол қазірдің өзінде бар болғандықтан, өмір сүруге құқықты» 2. Сондықтан, әр адам - өз уақытының, халқының және оның мәдениетінің өнімі. Аталмыш халық мәдениетінің жай-күйі «негіз, базис, деректі бір нәрсе және нақты, одан кейінгі жай-күйі дамиды... Басқаша айтқанда, біз мәдениетке сәйкес болуымыз қажет. Бұл мәдениетке сәйкес мінез қазіргі талаптарға жауап береді»3.
______________________________________________________________
1 А.Дистервег. Избранные педагогические сочинения. М.,1956.16-б.
2 Сонда.25-б.
3 Сонда.228-229-б.
Ұстанымның мәні. Адам әлеуметтік болмыс ретінде өмір сүру үшін және өмір сүру ортасының және оған сәйкес мәдениеттің нақтылы жағдайында өзін-өзі таныту үшін дамиды және қалыптасады. Адам - солардың өнімі. Мәдениетпен бірге ол ортаның өмір сүру ортасына тән менталитет сіңеді және сол ортада іске асады.
Ұстанымның негізгі талаптары:
- баланы ең жас кезінен бастап ұлттық (халықтық) мәдениетпен қауыштыру;
- бүкіл тәрбиелік қызметті халық даналығының (тілінің, дәстүрі, әдеп-ғұрпының және т.б.) мүмкіндіктерін пайдалана отырып, халықтың тәрбиесінің өзгешеліктерімен толтыру;
- әлеуметтік тәрбиені халық әндерін, аңызда отырып, ана тілінен бастау. Басқа халықтардың мәдениеті мен тілдері ана тілі мен - тәрбиеде өткен заманның мәдени мұраларын, аймақтың мәдени, жетістіктері мен мүмкіндіктерін, әлем мәдениетінің жетістіктерін белсенді түрде пайдалану.
Әлеуметтікке негізделген ұстаным
Ұстанымның бастауы. Платонның өзі мемлекеттің басқару сипаты адамдардың арасындағы белгілі бір өзара қарым-қатынастың орнауына мүмкіндік туғызады, ал бұл, өз кезегінде, адамның тиісті тұрпатын қалыптастырады. И.Г.Песталоцци өскелең ұрпақтың қалыптасуында орын алатын әлеуметтік ауытқушылықтар қоғамның кеселімен байланысты деген қорытынды жасады. Мұны жеңу үшін қоғамның өзін бұл кемістіктерден арылту керек.
Ұстанымның мәні. Әлеуметтік фактор адамға әлеуметтік-педагогикалық ықпалдың макрофакторымен байланысты. Ол көп жағынан мемлекеттік құрылыстың, идеологияның, саясаттың, діннің, мәдениеттің және әлеуметтік институттардың өзгешелігімен анықталады. Осы және басқа жағдайлар өскелең ұрпақты өз ықпалымен әлеуметтендіреді. Олар адамның өсуі кезеңінде қоғамда қалыптасқан құндылықтарды, нормалар мен ережелер, әлеуметтік мінез-құлық пен мәдениет тәжірибесін сіңіруіне сондай-ақ, оның берілу тетігінің қолданылуына жағдай жасайды.
Әлеуметтік негіздеу ұстанымы әлеуметтік тәрбиенің басқа жағын да, яғни жеке тұлға, топ (әлеуметтік, педагогикалық, медициналық, әскери) қандай орта үшін құрылатынын анықтайды. Әрбір әлеуметтік мәдени ортаның оны құрайтын адамдардың менталитеттерін анықтайтын өзіндік мұраттары, құндылықтары, дәстүрлері мен әдеп-ғұрыптары, адамгершілік нормалары мен қағидалары, кәсіби қызмет тәжірибесі болады.
Әлеуметтік негіздеу ұстанымын мына жағдайларда ескеру ерекше маңызды:
- әлеуметтік – педагогикалық қызметті (кез-келген қызметті) ұйымдастыру белгілі бір аяда іске асырылады;
- мекеменің қызметіне әлеуметтік-педагогикалық сараптама (әрбір мекемеде тәрбие оның әлеуметтік- педагогикалық саясатына сәйкес анықталады және іске асырылады);
- технологияны әлеуметтік-педагогикалық сараптауда, оның мекеменің талаптарына сәйкестігі;
- маманның қызметіне оның тиісті мекемедегі лауазымға тағайындалуы есебімен әлеуметтік-педагогикалық баға беруде;
- партияның, қозғалыстың әлеуметтік-педагогикалық қызметін сараптауда.
Өскелең ұрпақты белгілі бір әлеуметтік-мәдени ортаға бағытты түрде дайындауға практикалық тәрбиелеу қызметі орта мәдениетінің ерекшелігін және оны өз тәрбиеленушілеріне беру перспективасын неғұрлым толық есепке алу үшін ұсынылған. Ол тәрбие қызметінің тиісті оқу мекемесінде қалыптасқан дәстүрлер мен тәжірибеге негізделген.
Ортаға негізделген ұстаным
Ұстанымның бастауы. Адамның жеке әлеуметтік дамуы, тәрбиесі оның тіршілік қарекеті ортасына тікелей байланысты екенін И.Г.Песталоцци негіздеп берді. Ол бала тәрбиесіне қолайлы ортаны қалыптастыру қажеттігін атап көрсетті. Бұл ұстанымның маңыздылығын А.С.Макаренко да сезініп, ескерген болған. Ол тәрбие ісі арнаулы дайындалған ортада жүргізілуі тиіс деп санады. Бұл - отбасына да, арнаулы мамандандырылған тәрбие мекемесі үшін де маңызды нәрсе.
Орта адам өзін танытатын (бұл - тіршілік қарекеті, мақұлдау, күдіктену, қолдау ортасы немесе басқаша орта) орын ретінде қаралады; немесе кеңес беру жұмысын іске асыратын (орталықтағы арнайы жабдықталған бөлме, үй іші жағдайы, мектеп) орын.
Орта факторлары – бұл онымен өзара әрекетте адамға тікелей ықпал ететін факторлар. Олар өсу үстіндегі адамның әлеуметтену үдерісінде бойына сіңіретін тікелей әлеуметтік тәжірибе мен әлеуметтік рөлдерді атқарады. Бұл арқылы әлеуметтік қоршаған ортамен басқару және адамның олар арқылы мақсатты түрде бағытталған жеке дамуды, әлеуметтенуді ынталандырудағы өзара әрекеті қажеттігі және мұның негізінде ортаға негізделген қағида жатқаны түсіндіріледі.
Ұстанымның мәні. Әрбір фактор әлеуметтік педагог ескеруге тиісті өзінің тәрбиелік ықпалына, ерекшелікке ие (тәрбиелік әлеует). Орталық фактор тәрбиелік ықпалды ынталандыра, оны белгілі бір мазмұнмен толтыра және бейтараптандыра алады, тіпті оған қарсы тұра алады. Бұл ерекшелікті тәрбие қызметінде оны ынталандыру үшін ескеру маңызды.
Ұстанымның негізгі талаптары:
- әрбір тәрбиелік іс-шара үшін неғұрлым қолайлы (жеткіліксіз қолайлы, қолайсыз) орта болады және оны ықпал ету шараларын әзірлеу және іске асыруда ескеруді қажет етеді;
- үдерісті ынталандыруы, оның неғұрлым толық жетістікке жетуін қамтамасыз ете алатын орталық факторлар әлеуметтік-педагогикалық қызметтің мақсаттарын (түпкі ой-ниеті), субъекті мен объектінің ерекшеліктерін ескере отырып анықталады;
- әлеуметтік педагогқа ортаның ықпалын болжай білу және неғұрлым оң мүмкіндіктерді толық пайдалануға ұмтылу, онымен бір мезгілде жағымсыз ықпалдарды азайта немесе бейтараптандыра білу қажет;
- орта факторы кез-келген адамға, әсіресе өсіп келе жатқан әсершіл адамға ерекше қатты әсер ететіндіктен, оған кәсіби қызмет - орта факторы баланы тәрбиелеудің құралы рөлін жиі атқарады. Бұл баламен жұмыс істеуде орта ықпалының сипатын болжай білуді және оны әлеуметтік-педагогикалық жұмыс үдерісінде мақсатты түрде пайдалануды талап етеді.
Ортаны педагогикаландыру ұстанымы
Ұстанымның бастауы. Адамды тәрбиелеуде ортаның маңыздылығын ескере отырып, ортаның тәрбиелеуіне ұмтылу маңызды.
Ортаны педагогикаландыру ұстанымын С.Т.Щацкий және оның ізбасарлары негіздеді. Ол әлеуметтік педагогтың баланы тәрбиелеу үдерісі іске асырылатын ортаның немесе тәрбиелеу ықпалынан кейін баланың түсетін ортасы факторларының мүмкіндіктерін зерттеп-білуінің қажеттігіне және осы білімін нақтылы жағдайда адамды мақсатты түрде тәрбиелеу жұмысына пайдалануына назар аударды. Педагог орта балаға қоғамдық сипатта әсер ететіндіктен, оған қоғамдық фактор ретінде қарады. Тұрғылықты жері бойынша тәрбие жұмысын – қоғамдық педагогикалық жұмыс деп санады. Осылайша ол балалар мен жасөспірімдердің тіршілік қарекетіне орта әсерін педагогикаландырудың қажеттігіне назар аударды.
С.Т.Щацкий әрбір тәрбиеленушінің жеке ойлағанынан гөрі педагогикалық ортадан тәрбиелеудің неғұрлым биік мұратын көре білді. Тәрбиеленуші осы мұратқа жақындай отырып, тәрбиелеуші ортаның өніміне айналады. Ол баланың осы социум талап еткен субмәдениетті сіңіруіне мүмкіндік туғызады. Сондықтан, осы ортаны түсіну, яғни көру, сезіну, болжамдау және керек нәрсені құру қажет. Осы мағынасында орта факторы өзін құраушыларды тәрбиелеуде алдыңғы орынға шығады. Ол балаларды тәрбиелеудің алдыңғы құралы функциясын атқарады. Педагог үшін оң мәнді әлеуметтік- педагогикалық бағытта неғұрлым елеулі рөл атқаратын нәрсе - мектептің жақсы ұйымдастырылған педагогикалық (тәрбиелеуші) ортасы. Ерекше маңызды фактор - отбасындағы ортаны педагогикаландыру болып табылады.
Ұстанымның мәні. Ұстаным негізінде баланың неғұрлым қолайлы жағдайда дамуы және тәрбиеленуі үшін, оның өмір сүру ортасын басқару мен тәрбиелеу үдерісінде талап етілетін жағдайларды мақсатты түрде туғызуға бағытталған педагогикалық ортаның тәрбиелеуші қызметін зерттеу қажеттігі жатады.
- орта белгілі бір субмәдениетті білдіреді, оны есепке алуды, сондай-ақ, нақтылы баланы тәрбиелеу үшін неғұрлым мақсатқа сәйкес мәдени ахуалды құра білуді (ықпал ете білуді) талап етеді;
- тәрбиелеу қызметінің мақсатын, технологиясын және орталық жағдайларын білу;
- тәрбиелік мақсатқа жетуге ұмтылдыратын жағдайларды (мәдени-тәрбиелеуші ортаны) бағытты түрде құру;
- тәрбиеленушіні өзін-өзі танытатын тәрбиелеуші ортаға қосудың көптеген түрлері мен әдістерін мақсатты түрде пайдалану;
- тәрбиелеудегі ортаның жағымсыз факторларын бейтараптандыру және жеңудің мүмкіндігін қарастыру;
- тәрбиеленушінің тәрбиелеуші ортада өзін-өзі танытуына түрткі болып, белсендіретін жағдайлар туғызу.
Өмір мен тәрбиенің бірлігі ұстанымы
Ұстаным бастауы. Педагогика заңы – жас ұрпақтың аға ұрпақтың тәжірибесін міндетті түрде игеруі – мұны табиғи өмір жағдайында іске асыру идеясының тууына жағдай жасады, әлеуметтік оқу мен тәрбиені өмір мен тәрбиенің бірлігінде ұйымдастыру жөніндегі ойға нық жетеледі. Бұл идеяның іске асырыла отырып, белгілі бір заңдылықтар мен ережелерді өмірге әкеліп, біртіндеп қағидаға айналғаны А.С.Макаренконың әлеуметтік-педагогикалық жүйесінде тамаша дәлелденді. Педагогика халықтың «өмірдің өзі тәрбиелейді» деген ғасырлардан келе жатқан даналығына сүйене отырып, принципті түрде жаңа нұсқауды тұжырымдады, оның мәні - баланың бүкіл өміріне тәрбие басшылық жасауға тиіс және бұл әлеуметтік тәрбиенің аса күрделі педагогикалық проблемаларын шешуге жол ашады.
Бұл тәсілдеме жас ұрпақты дербес өмір сүруге дайындады, олардың бұған оңтайлы түрде әлеуметтік бейімделуіне негіз болды. Өмір мен тәрбиенің бірлігі балаларды тәрбиелеу үдерісінің қағидасы мен ұйымдастыру нысанын анықтайды. Онда тәрбиеленудің мақсаты педагогикада балалар араласқан өмірлік және практикалық істермен байланысты негізгі мәселеге ұйғарылып, нақтыланады. Ол тәрбиелеудің жалпы және жеке мақсаттарының – тұтас алғанда, әлеуметтену үдерісінің проблемаларын шешуде қажетті үйлесімділік пен оңтайлылықты туғызады.
Ұстанымның мәні. Өмір тәрбиелеу үдерісін жүзеге асырудың мақсаты мен мазмұнын және тәсілдерін анықтайды. Ол тәрбиешілердің педагогикалық жұмысының негізгі ұйымдастыру нысандары мен әдістерін еске салады. Нақты практика тәрбиелеу үдерісінің табыстылығы мен нәтижелілігінің басты өлшемі болып табылады. Өмір мен тәрбиенің бірлігі жинақталып жоғары нәтиже беретін тұтас құбылыс ретінде тәрбие үдерісін ұйымдастыру мен жүзеге асыру үшін жағдай туғызады. Бұл қағида қоғамдық және жеке тұлғаның маңызды мақсаттарды жолға қоя отырып, табиғатқа және мәдениетке сәйкестілік үйлесімдеріне қол жеткізуді, өскелең ұрпақты қоғам үшін даярлауда әлеуметтік тәрбиені жалпыға ортақ пайдалы етуді көздейді.
Ұстанымның негізгі талаптары:
- тәрбие мақсаты өмірдің өз талаптарымен анықталады;
- тәрбие мақсатына қол жеткізудің тәсілдерін анықтауға өмірдің өзі көмектеседі (тәрбиені ұйымдастыру нысандары мен әдістері);
- тәрбиешілікті бағалау өлшемдерін өмірлік тәжірибе мен өмір
- тәрбиелеу нәтижесіне өмірдің өзі баға береді.
Тәрбиелеуші ортаның ашықтығы ұстанымы.
Ұстаным бастауы. Тәрбиелеу жүйесінің табиғи және ашық болуының маңызын ашып, негізделен В.Н.Сорока-Росинский мен А.С.Макаренко. Мұны құруда олар әлеуметтік-мәдени орта үшін қажетті бейімделу мен өз қабілеттерін іске асыруда әлеуетті күшке ие болуға мүмкіндік туғызатын баланың жеке басын қалыптастырушы аса маңызды факторды көре білді. Тәрбиелеудің жабық жүйесі алысқа апармайтын еді. Жабық жүйеде тәрбиелеу үдерісінде туындайтын барлық жағымсыз сипатты үрдістер сақталады және оған сәйкес тәрбие ісіне кері әсерін тигізеді.
Ұстанымның мәні. Өсу үстіндегі бала өмір сүретін қоғамның әлеуметтік-мәдени өзгешелігін даму мен тәрбиенің табиғи ашық ортасы неғұрлым толығымен бейнелейді. Ол оның біртіндеп дамып, жеке тұлға ретінде қалыптасуын, тиісті әлеуметтік-мәдени ортаның құндылықтарын, қағидаларын, нормалары мен ережелерін, әлеуметтік мінез-құлықтар мен қызметтің тәжірибесін игеруге мүмкіндік береді. Білім беру (арнаулы білім беру) мекемесіндегі тәрбие үдерісінде баланың тәрбие ортасы өзімен-өзі тұйықталып, жабық кеңістікке айналмас үшін, оның өмір қаракетінің әлеуметтік-мәдени ортасының өзгешелігін мейлінше көрсету талап етіледі.
Ұстаным талаптары:
- тәрбие қоғамға және онымен өзара әрекет етуге мүдделі тұлғаларға қолжетімді ашық сипатты ортада іске асырылады;
- тәрбиешілер мен тәрбиеленушілер өмірінің бірлігін қамтамасыз ету;
- тәрбиеленушінің тіршілік қарекетінің табиғи ортасымен өзара әрекет ету, әлеуметтік тәжірибені сіңіруі және көрсетуі үшін неғұрлым қолайлы мүмкіндіктер туғызу;
- тәрбиеленушінің ұлттық және аймақтық мәдениет көздеріне қол жеткізуін қамтамасыз ету;
- әрбір балаға білім алу мүмкіндігін ұсыну;
- баланың да, тәрбиешінің де құқықтары мен жеке бастарының қадір-қасиеттерін қорғау.