Пәннің қысқаша сипаттамасы. бұл пән «қылмыстық құқықтық қатынастар» модулінің таңдау пәніболып табылады

Бұл пән «қылмыстық құқықтық қатынастар» модулінің таңдау пәніболып табылады. Бұл курс арқылы студенттер құқық қорғау органдары жұмысымен танысады және оны терең оқу арқылы Сот, Прокуратура, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Ішкі істер органдары, Әділет органдары, Адвокатура және адвокаттық қызмет, олардың құрлысы, құқықтық негіздері, құрылымы, атқаратын міндеттері мен функциялары туралы толық мәліметтер беріледі. Пәннің бағдарламалық мазмұны 4 модульге бөлінген.

Оқытудың мақсаты:Студенттерді құқық қорғау органдары жұмысымен терең таныстыру және болашақта осы органдарда жұмыс істеуге ниет білдірудің негізін қалау.

Оқытудың міндеті:Құқық қорғау органдары туралы толық мәлімет беру арқылы, бұл органдардың адам,қоғам және мемелекеттің қауіпсіздігін қорғауға, заңдылықтың сақталуын,адам мен азаматтың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған іс-әрекетін түсіндіру, студенттерді құқықтану мамандығына баулу, ой өрісін кеңейту.

- оқыту процесінің әдіснамалық негіздерімен, оқыту процесінің заңдылықтарымен, оқыту мазмұнымен таныстырады;

- студенттерді жаңа риторикалық сөз-сөйлеу технологиялармен таныстырады.

Оқыту теориясын оқыту барысында студенттердің төмендегідей білім мен іскерліктерді меңгереді:

- оқытудың әдіснамалық негіздерін;

-оқыту процесінің іргелі идеяларын, заңдарын және заңдылықтарын, тұжырымдамаларын, және прициптерін;

- оқытудың мәнін, заңдылықтарын, принциптерін, мазмұнын, формалары мен әдістерін;

- оқытудың жаңа педагогикалық технологияларының мәнін;

- курс бойынша алған білімдерін тәжірибеде өз бетімен қолдануды;

- оқыту процесін жобалау мен жүзеге асыруды;

Қалыптасатын құзіреттіліктер:

- коммуникативті: қазақ, орыс, шетел тілдері, қарым-қатынас технологиясы, педагогикалық риторика және конфликтология, коммуникативті стратегия саласындағы білімдерді меңгеру, конструкциялық диалог ауқымындағы біліктері мен дағдыларының болуы, көпмәдениетті, көпэтикалы, көпконфессионалды қоғамдағы қарым-қатынас, педагогикалық ынтымақтастыққа қабілетті және толерантты болу;

- технологиялық: педагогикалық инноватика, педагогикалық технология саласындағы білімдерді меңгеру, педагогикалық технологияларды пайдалану мен осы салада іздену, бағалау, саралау және қолдану біліктері мен дағдыларын меңгеру, жаңашылдыққа қабілетті болу, педагогикалық шеберлікті жетілдіруге ұмтылу, ынталылығы мен еңбекқорлығын көрсете білу;

- бақылаушы: педагогикалық менеджмент саласындағы білімдерді меңгеру, педагогикалық мониторингті іске асыру, педагогикалық өлшемдер мен индикаторлар жүйесін жасау, бақылау-бағалау материалдарын әзірлеу, алынған нәтижелерді түсіндіріп беру біліктері мен дағдыларын меңгеру, өзін-өзі бағалау мен өзін-өзі бақылауға, әділдікке, ақиқатқа ұмтылу.

Осы пәнді оқыту үрдісінде келесі компетенцияларды қалыптастыруға бағытталған:

а) түйіндік құзіреттілік (ТҚ)

- кәсіби қызметінде заман талабына сай білімді болу;

- алған білімі негізінде құқықтың әр саласынан хабары болып, білімін көрсете білуі;

- үнемі ізденісте болу.

б) пәндік құзіреттілік (ПҚ)

- сөйлеу шеберлігі, дауыс мәнері, өзіне қарата білу қабілеті мен мәдениетті болуы, қызметінде ортамен тіл табысуға бейім болуы;

- инновациялық технологияларды қолдану шеберлігінің болуы;

- өзінің жан-жақтылығын арттыруға ұмтылысының болуы;

в) арнайы құзіреттілік (АҚ)

- теориялық алған білімін, дағдыларын іс жүзінде дұрыс пайдалана білуі;

- біліктілігі жоғары, тәжірибесі мол адамдардың тәжірибесінен үлгі алып, кеңейтіп, қолдана білуі;

- нормативтік-құқықтық актілер туралы білімінің болуы мен оның өзгерістеріне ілесе алуы, нормативтік құқықтық құжаттармен жұмыс жасай білуі тиіс;

- кез келген тығырықтан шығу үшін шешім қабылдай білу қабілеті мен сын айта білу, ойын жүзеге асыру қабілетінің болуы.

Бағалау саясаты

Білімді бағалаудың балдық-рейтингтік жүйесі

Әріппен белгіленген баға Бағаның цифрлік эквиваленті Пайыздық мөлшері Дәстүрлі түрде бағалау
A 4.0 95-100 Өте жақсы
A- 3.67 90-94
B+ 3.33 85-89 Жақсы
B 3.0 80-84
B- 2.67 75-79
C+ 2.33 70-74 Қанағаттанарлық
C 2.0 65-69
C- 1.67 60-64
D+ 1.33 55-59
D 50-54
F 0-49 Қанағаттанарлықсыз

Наши рекомендации