Тақырып Күрделі сөзге тән басты белгілер
КС – р жасалуы жағынан да, құрылымы жағынан да әр түрлі болып келеді.
Тілдің ертеректегі дәуірінде әр түрлі сөздердің тіркесіп келуінен жасалған сөз тіркесінің сыңарлары оның тілдің дамуы барысында дыбыстық та, мағыналық та өзгерістерге ұшырап, соның нәтижесінде ол сыңарлар бұл күнде бөлшектенбейтін бір бүтін сөзге айналуы мүмкін. Мысалы, белбеу, ашудас, сексен, тоқсан, бүгін, биыл т.б. Бұлардың қандай түбірлерден жасалғанын этимологиялық талдау арқылы ғана анықтауға болады.
Күрделі сөздің жалпы шыққан тегі – сөз тіркесі.
Енді бұлардың бір-бірінен ерекшелік жақтарына тоқталайық.
Күрделі сөздер құрамы екі сөзбен шектелмей, одан артық сөзден де бола беретіні белгілі. Ал қос сөздер құрамы екіден аса қоймайды. Күрделі сөздер компоненттері арасына басқа сөзді сыналап қою мүмкін болмаса, көпшілік қос сөздер сыңарлары арасына үшінші бір сөзді қоюға болады. Мысалы: төсек- орын (төсек те орын); жақсы-жаман (жақсы да жаман); сөйлей-сөйлей (сөйлей де сөйлей); сарт-сұрт (сарт та сұрт) т.б.
Бұдан кейін көпшілік күрделі сөздерден сөз тудырушы жұрнақтар арқылы басқа бір сөз тудыруға болады, мысалы: биыл – биылғы, қолқап – қолқаптық, қоян – қоянша, аққу – аққудай, ән сал - ән салғыш т.б. Қос сөз бойында ондай қасиет байқалмайды.
Күрделі сөздердің арғы тегі, негізінен, сөз тіркесі; некен-саяқ болмаса, көпшілік күрделі сөздерге негіз болған сөз тіркесін тауып, оны түсіндіруге болады, ал қос сөздер олай етуге келмейді, өйткені ол сөз тіркесінен ажырамаған. Оған тарс-тұрс, ет-мет, шай-пай, у-шу, емін-еркін, тай-талас, қора-қопсы, киім-кешек, тері-терсек, әптер-тәптер, жүн-жұрқа тәрізді мысалдар да дәлел болғандай.
Морфологиялық сипаты, яғни морфемалық құрамы жағынан қос сөз сыңарлары аса күрделі болады; мәселен, қайталама қос сөздердің компоненттері жалаң түбірлерінің жай қайталануынан да (биік-биік, қап-қап), қосымшалы сөздің қайталануынан да (өзді-өзімен, сөйлей-сөйлей) бола береді. Қосарлама қос сөздердің компоненттеріне келсек, олар да, біріншіден, сөздердің қосымшасыз қосарлануынан (құрт-құмырсқа, бақа-шаян, т.б.), екіншіден, қосымшалы-қосымшасыз сөздердің қосарлануынан (төсек-орын, тері-терсек, көрген-білген, ұзынды-қысқалы, жата-жастана т.б.), үшіншіден, күрделі сөз бен жалаң сөздердің қосарлануынан (бүгін-ертең, ағайын-туған, күндіз-түні, аш-жалаңаш т.б.) жасалады. Күрделі сөздердің арғы тегі, негізінен, сөз тіркесі; некен-саяқ болмаса, көпшілік күрделі сөздерге негіз болған сөз тіркесін тауып, оны түсіндіруге болады, ал қос сөздер олай етуге келмейді, өйткені ол сөз тіркесінен ажырамаған. Оған тарс-тұрс, ет-мет, шай-пай, у-шу, емін-еркін, тай-талас, қора-қопсы, киім-кешек, тері-терсек, әптер-тәптер, жүн-жұрқа тәрізді мысалдар да дәлел болғандай.
Демек, күрделі сөз компоненттері морфологиялық құрамы жағынан жинақы, бір ізділеу болып келсе, қос сөздердікі бытыраңқы, ала-құла болып келеді. Фонетикалық жақтан қос сөздердің компоненттері буын, дыбыс жақтарынан үйлесіп, ыңғайласып, ұйқасып отырады, мысалы: емін-еркін, қалған-құтқан, есеп-қисап, олпы-солпы, тәрізді сөздердің компоненттері екі; мең-зең, у-шу, тәріздікі бір буыннан тұрады. Абысын-ажын дегенде екі компоненті де бірыңғай дауысты «а» фонемасынан басталса, жүн-жұрқа дегенде бірыңғай дауыссыз «ж» фонемасынан басталып тұр. Қос сөздер ішінде бұл сияқты ассонанс, аллитерация құбылыстары жиі ұшырайды. Ал күрделі сөзде бұл кездеспейді.
Демек, қос сөздерді сөз тудырудың аналитикалық тәсіліне жатқызғанның өзінде де оны біріккен, құрама сөздер тәрізді өнімді тәсіл деуге келмейді. Оған жоғарыда берілген талдаудан да көз жеткендей болды.
Қос сөздер, әрине, тілде лексикалық мүддені өтеуге жұмсалмайды емес, жұмсалады. Соның өзінде де барлығы емес, негізінен, қосарлама деп аталатын түрі. Бірақ олардың өзі де күрделі сөздер сияқты заттық, сапалық, сандық, іс-әрекет, қимылдық тәрізді ұғымдарды білдіріп, солардың атауы ретте емес, әр алуан жалпылама, топшыланған, экспрессиптік ұғымның атауы ретте қызмет атқарады. Оған мына төмендегі мысалдар да дәлел болғандай: абысын-ажын, ағайын-туған, кедір-бұдыр, киім-кешек, айғай-сүрен, ақыл-айла, алдап-сулап, ат-шана, әдет-ғұрып, әуре-сарсаң, бес-алты, бұлқан-талқан, дәм-тұз, делі-құлы, дос-жаран, елең-алаң, ер-тұман, ерлі-зайыпты, ел-жұрт, етек-жең, жай-жапсар, жаңалаш-жалпы, жан-жануар, жарлы-жақыбай, жат-жаран, жер-көк, жел-құз, жоқ-жітік, жөн-жосық, жік-жапар, зәр-заба, зіл-зәре, келін-кепшек, көрпе-жастық, көші-қоң, қағаз-қарындаш, қас-қабақ, қатын-қалаш, қиян-кескі. Қазақ тіліндегі жел мен самалды алайық алғашқысын күшті соққан түрі, соңғысы жанға-жайлы жеңіл түрі деп ұқсақ, қырғыздар керісінше түсінеді. Яғни шамал деп күштісін жел деп жұмсақ жел түрін айтады. Қазақтар малай деп біреудің есігінде жалданып жүрген қызметші жалшы дегенді ұғады. Ал башқұрт-татар тілдерінде малай деген сөз бала деген ұғымды білдіреді.
Кіріккен сөздердің әуел бастағы қалпынан өзгеше болып қалыптасуына үндестік заңы ұйытқы болған. Мысалы: бәйшешек, бәйтерек сөздерінің құрамындағы «бәй» әуел баста «бай» формасында болған.
Қолғанат екі сөзден: қол және қанат біріккен, бастапқы компоненттің ақырғы «л» дыбыстың ықпалынан соңғы қанат сөзінің бастапқы «қ» дыбысы ұяңданып «ғ» формасына көшкен т.б.
Біріккен сөздер әуел бастағы қалпын сақтаған: түйетабан, ұлтабар, асқазан, егеуқұйрық. Ал кіріккен сөздердің дыбыстың өзгеріске ұшырап, әуел бастағы түр-тұрпатын өзгертуі кездейсоқ емес, белгілі заңдылықтарға байланысты.
Кіріккен сөздердің құрамында мағынасы түсініксіз сөздер де кездеседі. Ондай сөздердің кейде бір сыңары болмаса екі сыңары да бірдей түсініксіз болып келеді. Тіл мамандарының зерттеулерінен олардың кейбіреулері мағынасын жоғалтқан байырғы сөздер де, енді біреулері басқа тілден енген сөздер екені мәлім.
Мысалы: шалап сөзі ол баста шала және аб дегеннен кіріккен: шала түсінікті, ал аб түсініксіз, ол су деген мағынаны білдірген, сонда шалап – шала су деген мағынадағы сөз болады, қарақат – қара түсінікті, қат түсініксіз, ол алтай тілінде жидек деген мағынадағы сөз, сонда қарақат – қара жидек, қызылқат – қызыл жидек болады; шонжар дегеннің шоң деген сыңары қырғыз тілінде үлкен, төре деген сөз, осы шоң байырғы жар деген сөзбен бірігіп, «ж» фонемасының әсерімен, «ң» фонемасы «н»-ға ауысқан (жасалу орны жағынан ж-ға «н» фонемасы жақын; «ж» тіл алды да, «н» - тіл ұшы, ал «ң» - тіл арты фонемасы), содан ол шонжар болып шыққан. Желғабыз – жел байырғы сөз, «ғабыз» моңғолдың қабас (күшті жел, дауыл) деген сөзінен өзгерген, «л» -дың әсерінен «қ» ұяңдап «ғ» болған. Сайгүлік – сай қырғыз сөзі, онда өте, асқан дегенді білдіреді; ал гүлік қазақ тілінде – күлік, ол да жүйрік деген мағынада жұмсалатын сөз. Айырма үнді «й» дыбысының әсерінен қатаң «к» дыбысы ұяң «г» дыбысына; ауысқан алаңғасар – алаң кейбір түркі тілінде ессіз деген мағынада жұмсалатын сөз, ал ғасар көріп-қасар дегендегі қасар, яғни сорлы, бақытсыз деген сөз, «ң»-ның әсерінен «қ» фонемасы ұяңданып «ғ» болып өзгеруінен кіріккен. Жиеншар сөзінің екінші сыңары – шар кейбір түркі тілдерінде тұқым дегенді білдіреді, оған жиен сөзі қосылып, жиеннің тұқымы деген мағына туады. Мұрап деген де кіріккен сөз, ол мұр және аб деген екі сөзден алынған. Мұр арабтың мир, амир, яғни әкім деген сөзі де, аб парсының су деген сөзі, сонда бұл су әкімі деген ұғымды білдіреді, ауылдық жерде бұл сөз осы мағынада жұмсалады да, «б»-ның байырғы сөз соңында келуі бізде қалыпсыз, сондықтан ол «п» болып өзгерген.
Жарнама әуел баста жар және нама деген сөздерден біріккен, ондағы нама парсыдағы хат деген сөз, бізде ол дыбыс үндестігіне байланысты дама, деме, теме болып өзгерген, бұл мінездеме, баяндама, анықтама тәрізді сөздердің де құрамында кездеседі.
Кіріккен сөздердің әуел бастағы қалпынан өзгеше болып қалыптасуына үндестік заңы ұйытқы болған. Мысалы: бәйшешек, бәйтерек сөздерінің құрамындағы «бәй» әуел баста «бай» формасында болған.
Қолғанат екі сөзден: қол және қанат біріккен, бастапқы компоненттің ақырғы «л» дыбыстың ықпалынан соңғы қанат сөзінің бастапқы «қ» дыбысы ұяңданып «ғ» формасына көшкен т.б.
Келтірілген мысалдардан көргендей, кіріккен сөздердің құрамында кездесетін басқа тілден енген сөздер де өзінің бастапқы тұлғасын үнемі сақтап отырмай, кірген тілдің дыбыс заңына лайық кейбір фонетикалық өзгерістерге ұшырайды екен.
Кіріккен сөздердің құрамындағы компоненттердің түр-тұрпатының өзгеруі жеке дыбыс қана емес, сонымен қабат кейде грамматикалық формалардың мүлде ығысып түсіп қалуымен де байланысты болуы мүмкін, ол үшін қаптесер, алжапқыш, күнбағар тәрізді сөздерді талдап көрелік. Қаптесер әуел баста қапты және тесер, алжапқыш – алды және жапқыш деген сөздерден біріккен.
Кіріккен сөздер компоненттері тегі жағынан да бірбеткей емес, әр қилы; дені байырғы сөздер, сонымен қабат басқа тілден енген де сөздер кездеседі. Былтыр тәрізді үш компоненті де байырғы сөзден болған; шалап, жиеншар тәрізді бірі байырғы екіншісі басқа тілден енген сөздерден кіріккендері де, тіптен барлық компоненттері де бүтіндей басқа тілден алынып, дыбыстық өзгерістерге түскендері де бар. Осыған орай кіріккен сөздерді үшке бөлуге болады: Бірінші – байырғы сөздерден кіріккендер: кекілдірік, белбеу, ашудас, күндіз, алжапқыш т.б.
Екінші – бірі байырғы, екіншісі басқа тілден еніп кірігіп кеткендер: қолғабыс, шонжар, алаңғасар, шалап, қарақат, баяндама т.б. Үшінші басқа тілден енген сөздер: шаһнама, мұрап, жексенбі, дүйсенбі т.б.
Жоғарыда берілген талдаудан көргендей, кіріккен сөз біріккен сөздердей оны құрастырушы сыңарлардың жай ғана қосыла салуынан жасала салмаған; тілдің дыбыс жүйесіне тән заңдар негізінде ондағы компоненттер дыбыстық өзгеріске ұшырап барып, содан кірігу арқылы жасалған. Олай болса, оның бір тұтас тұлға болып қалыптасуына тек синтаксистік тәсіл ғана емес, оған қосымша фонетикалық тәсіл де өз үлесін қосқан. Реті келгенде айта кетелік: бүтіндей сөз, сондай-ақ форма тудыру тәсілдері сөз болғанда, әдетте, морфологиялық, синтаксистік, ара-кідік семантикалық тәсіл аталады да, фонетикалық тәсіл мүлде атаусыз қалады. Тегінде кіріккен сөз ғана емес, сонымен қабат жалғау, жұрнақ жүйесіндегі варианттылық; говорлық лексикаға жататын құдағай, матыр, пысқан, суғар, тайыз т.б. сөздер мен әдеби тіл лексикасына жататын көз – көр, семір – семіз, үкімет -өкімет; ғылым – білім – ілім тәрізді сөздердің жасалуын да фонетикалық тәсілдің қатысынсыз түсіндіру мүмкін болмаса керек. Олай болса, сөз, форма тудыру жүйесінде жоғарыда аталған тәсілдермен қабат, фонетикалық тәсілге де лайықты орын берілуге тиісті.