Оқу жылына арналған жарыстар күнтізбесі
Ақпараттық хат
Рметті бесінші-жетінші сынып оқушылары және олардың ата-аналары!
Рметті математика мұғалімдері!
Сіздерді және Сіздердің тәрбиеленушілеріңізді
Жыл сайынғы ашық «ПОНИ®» Халықаралық турниріне қатысуға шақырамыз!
Жақынымызға деген сүйіспеншілік, тату отбасы, өз-өзімізді тәрбиелеу – міне, осы адамгершілік қасиеттері жайында классиктер ғасырлар бойы жырлап келеді. Біз турнирдің жас қатысушылары осы жолды жалғастырғанын қалаймыз: өсіп-дамып, қуанып, дос болып, және әрине, танып-білсе екен дейміз! Бұл орайда сіздерге ПОНИ® және танымал әдеби кейіпкерлер көмектесе алады.
Біз тек бастауыш мектеп оқушыларын ғана емес, сонымен қатар, 5-7 сынып оқушыларынПОНИ® Турниріне қатысуға екінші рет шақырып отырмыз.
«ПОНИ® Турнирі - 5-7 сынып оқушылары үшін» екі турда өткізіледі:
«ПОНИ® - белгілер әлемінде»
ПОНИ® - жаңа ғылымдар».
Турлардың қорытындылары жеке-жеке өткізіледі, ал екі турдың жеңімпазы болған мектеп оқушылары арнайы сыйлықтармен және дипломдармен ескеріледі. Бірінші «ПОНИ® - белгілер әлемінде» математикалық туры өтеді.
Тапсырмалар үйде орындау үшін ұсынылады.Біздің қағидатты ұстанымымыз: біз турнирдегі табыс тек «зейінділікке» және тез әрекет ету қабілетіне ғана емес, сондай-ақ, ұзақ уақыт бойы бірқалыпты әрі асықпай ойлануға бейімділікке байланысты болуы тиіс деп санаймыз.
Әдебиеттер мен Ғаламтор желісінің ресурстарын пайдалануға рұқсат етіледі және тіпті құпталады. Біз жұмысты ұжымдық түрде орындауға кеңес бермейміз. Қатысушыларда ең көп қиындық тудырған тапсырмалар үшін қосымша баллдар есептеу көзделген.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: Тапсырманың шешімімен жолдасымен «бөліскен» турнир қатысушысы өзінің бонустық балл алу бойынша мүмкіндігін төмендетеді.
Тапсырмалар жинағының ерекшелігі.
Турнирдің әр бір параллельге арналған тапсырмалар жинағы 10 есептен тұрады, олардың әр қайсысы 2 балмен бағаланады. Есептердің бір бөлігі аралық шешімдерден тұрады, олар 1 балмен бағаланады. Ықтимал бонустарды ескерумен максималды нәтиже 25 балды құрайды. Бірінші тапсырмалар өте оңай әрі тек ынта және мектеп бағдарламасының шеңберінен шықпайтын ең қарапайым математикалық ұғымдарды меңгеруді ғана талап етеді. Тақырыпты таңдау кезінде біз мектеп математикасының стандартты бөлімдерімен аз байланысатын, бірақ айналадағы нақтылыққа математика тұрғысында мағына беруге бағытталған тапсырмаларға аса назар аудардық. Бұл симметрия ұғымын білуді, кеңістіктік елестетуге жаттығуды, күнтізбе мен алфавит құрылымының принциптерін түсінуді меңгеру тапсырмалары.
Біз математикамен айналысу тек кәсіби машықтарды дамыту тәсілі ғана емес, сондай-ақ, мектеп оқушысының мәдени деңгейін арттыру құралы болып табылады және болуы тиіс деп санаймыз. Нақ сондықтан да, әр бір тапсырмада міндетті түрде математикалық терминдердің шығу тегіне байланысты сұрақ болады. Біздің тапсырмаларымыз математикамен тереңдете шұғылданатын тек мектеп оқушыларына ғана емес, сондай-ақ, ойлауды жақсы көретін және жаңа тапсырмаларды бағалайтындар үшін де өте қызықты!
ПОНИ®» халықаралық турнирі - бұл оның барлық субъектілерінің — балалардың, оқушылардың, ата-аналардың маңызды білім беру қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған ғылыми-педагогикалық кешен.
оқу жылына арналған жарыстар күнтізбесі
Өткізілу күні | «ПОНИ® 5-7 сынып оқушылары үшін» | |
2014 жылдың 10 қазаны | «ПОНИ® - белгілер әлемінде» | |
2014 жылдың 28 қарашасы | «ПОНИ® - жаңа ғылымдар» |
Турнирге қатысқысы келетін білім беру ұйымдарына:
1. Графикке сәйкес өтінім беру қажет:
Өтінімді толтырып, әр бір турдың өткізілуіне дейін 10 күн бұрын [email protected] электрондық мекенжайы бойынша жіберуі тиіс.
2. Берілген өтінімде көрсетілген тәсілмен турнирді өткізуге арналған материалдар мен нұсқауларды алу қажет:
· Турнирдің ұйымдастырушыларының жеке өздері әр бір тур өткізілгенге дейін 2-3 күн бұрын ПОНИ Турнирінің аймақтық үйлестірушілерінен, ал елордалық білім беру ұйымдары үшін: Астана қаласы, Сарыарқа көшесі, 17, 12-кеңсе мекенжайы бойынша. Осы мерзімдерде материалдарды тікелей Ұйымдастыру комитетінен алу мүмкіндігі жоқ шалғай аудандардағы мектептерге материалдарды ертерек беру мәселесі жеке шешіледі;
· әр бір тур өткізілгенге дейін 2-3 күн бұрын өтінімде көрсетілген [email protected] электрондық мекенжайға;