Психологияның оқу пәні ретінде сипаттамасы
Психология — адамның жеке бірлік ретіндегі психикасын, өзінің сан−алуан сезім, аффективтік, интеллектуалды, басқа да туа біткен функцияларымен бірге сыртқы ортамен өзара әрекетін зерттейтін ғылым, кей-кезде адам мінез-құлығын зерттеу деп те анықталады. Қыруар тараулары теориялық және практикалық бағыттарды қарастырады, қолданбалы бағыттары да сан алуан: терапевттік, қоғамдық, кәсіпкерлік, кей жағдайда саясаттық және теологиялық. Психологияның негізгі мақсаты — психиканы cубьективттік структураның, сыртқы ортаны байымдаумен, елестетумен жұптасқан айырықша іс-әрекеттің негізі ретінде зерттеу.
Психологияның зерттеу объекті — осы күннің өткен ғасырлардан бері келе жатқан дау мен талқылаудың тақырыбы. Бұл күрделі дауға шешім табатындай пікірлер қалыптасқан әдет-ғұрып бойынша бірнешеу, атап айтсақ, психологияның зерттеу объекті — мінез-құлық пен оның қалыптасуы; ойлау үдірістері; эмоциялар мен пейіл;тұлға; адамдар арасындағы қарым-қатынастар, т.б.
Психологияның әртүрлі тараулары қолданған әдіс (клинакалық немесе тәжірибелік), немесе адамның әрекеті (жұмыс, еске салу, есте сақтау, еске түсіру, сезу, тәлім тану, т.б), немесе зерттеу бағыты (бала дамуы мен руханияты, Келбет руханияты, жануар жан дүниесі) арқылы ажыратылады.
Психологияның кей тараулары басқа ғылымдармен бірге немесе өзара көрші зерттеу өрістері ретінде немесе бір зерттеу өрісінің салалары ретінде үйлеседі. Бұл тараулар, мысалы психологияның бір тарауы — рухани бұзылыстарды зерттеу үшін патологияны белгілеу өте күрделі, тұлға патологиясын ақыл−ой паталогиясынан ажырату — одан әрі күрделі.
Ақыр соңында психология мен философия арасында көп уақыт бойы қарым—қатынас өте жақын болды, ажыратылмас десе де болар, себебі бұрын психологияпәлсапаның бір бөлімі болған, ал пәлсапафизиканың ескі мағынасында (ағлақ, сана, іс әрекет, т.б. қалыптасқан пәлсапа тақырыптары психологияда кездеседі) бір бөлімі екендігін де ұмытпау қажет. Осылай психологияның кей салалары пәлсапалық тақырыптарды зерттеуге бағытталған (персонализм, гуманизм, биологизм, т.б.).
Психологияны зерттеу өрісінде басқа да антропология, социология сияқты қоғамдық ғылымдармен де соқтығыстыруға болады.
Ең аяғында психологияны теориялық немесе практикалық жағынан анықтау — бүгінгі күннің шешілген мәселесі емес.
11) Оқыту әрекетін ұйымдастыру жоспарлауОқытуды ұйымдастыру формалары түсінігінің мәні. Оқытуды ұйымдастыру формаларының даму тарихы. Сабақ – оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы ретінде. Сабақ түрлері мен құрылымы. Сабаққа қойылатын талаптар. Оқтуды ұйымдастырудың қосымша формалары.
Оқытуды ұймдастыру туралы түсінік. Оқыту жұмысының ұйымдастыру формасының даму тарихы. Сабақ – оқыту процестерін ұйымдастырудың негізгі формасы. Сабақтан бақса да оқыту формалары. Мектеп тарихында оқытудың сыныптық – сабақтың жүйесінің дамуы.
Сабақтың құрылымы және типологиясы. Оқушылардың сабақта оқу іс-әрекетін ұйымдастырудың фронтальді, топтық, жекелік формасы. Мұғалімнің сабаққа дайындығы. Тақырыптың немесе сабақ жоспары, сабақ анализі. Мектепте сабақтың нәтижелілігін жоғарлату жолдары. Әр түрлі оқыту тәрбиелік мекемелердегі, мектептегі, шағын кешенді мектептегі сабақтың құрылу ерекшелікері.
Оқыту жұмысын ұйымдастырудың басқа да формалары: тәжірибе және семинарлар және олардың оқыту жүйесіндегі орны, факултативті сабақ, оқу экскурсиялары, экскурсияларды жүргізудің дидактикалық негізі, жекеше және топтық консултация ұйымдастыру оқыту мүмкіндігін ескерту, оқу шеберханасында және сабақтан тыс жұмыстар жүргізу (пәндік үйірмелер, студия, клуб, олимпиада жарыстар).
Оқушылардың үй жұмысы және оның білімді игерудегі ролі. Оқушылардың үй жұмысы нормасы. Оқушылар үй жұмысын оқытудағы ережесі. Оқушыларда үй жұмысындағы қабілет пен дағдының қалыптасуы. Мұғалімнің оқушыларды өздік білім алуға дайындауы. Оқушылардың кітаппен және басқа да білім көздерімен жұмыс істеуі.
Психологияны оқыту әдістемесі психология ғылымының негізгі базалық саласына жатады. Психологияны оқыту әдістемесінің пәні білім беру (оқыту мен тәрбие) үрдісін ұйымдастырудың психологиялық заңдылықтары, құралдары мен тәсілдері болып табылады.
жоспар – бұл, білім негіздерін шығармашылық жолмен игеруге оқушылар қызметінің белсенділігін арттыруға ықпал ететін мұғалімнің шығармашылық ойлауының айнасы.
Әр сабақ бойынша жоспар оқып жатқан материалдың көлемі мен мазмұнын, сабақтың кезеңдерінің ретін, оқушылар қызметінің түрін, жабдықталуын, үй жұмысының көлемін көрсетеді.
Оның құрылымы мұғалімнің тұлғалық ерекшеліктеріне, оның жұмысына, оқушылар санына тәуелді.
Оқу процесін ұйымдастырушы мұғалім үшін іс-әрекеттің құрылымын білу өте маңызды. Оның негізгі компоненттерінің тізбегін беруге болады. Олар: мотив, мақсат, міндеттер, мазмұн, құралдар, түрлер, әдістер және амалдар нәтижесі. Таным әрекетінің барлық осы компоненттерін тек қана мұғалім емес, оқушылар да меңгеруі тиіс. Әрбір компоненттің өзіндік ерекшеліктерін және іс-әрекетте алатын орнын субъекті ой елегінен өткізгені жөн.
Оқыту процесінің екі жақты үрдіс екенін ұдайы есте сақтай отырып, алға қойған мақсатқа мұғалім мен оқушының бірлескен әрекеті арқылы жүзеге асыруға батыл қадам жасау қажееттілігі - бүгінгі күннің талабы. Өкінішке орай, көп жағдайларда таным әрекеттеріне оқушылар белсенді араласа алмай, енжар бақылаушы, тыңдаушы, орындаушы күйінде қалып отыратын жағдайлар жиі кездеседі. «Білім алуға үйрету» оқытушы қызметі, « Білім алуға үйрену, оны жүзеге асыру» оқушының іс-әрекетін танытады.,
12) жұмыстың баршаға бірдей формасыӘдістемелік жұмыс – бұл ғылым мен педагогикалық озат тәжірибе жетістіктеріне және оқу - тәрбие жұмысының нақтылы жағдайына сүйене жүргізілген, өзара байланысты іс - әрекеттер мен шаралар жүйесі, ол әрбір мұғалім мен тәрбиешінің біліктілігін, кәсіби шеберлігін жан - жақты арттыруға бағытталған (мұғалімдердің өз бетімен кәсіби білімін көтеруін, өзін - өзі тәрбиелеу, жетілдіру шараларын басқаруды қоса) шаралар, педагогикалық ұжымның ілімдік мүмкіндік шамасын дамыту және арттыру, сайып келгенде, оқу - тәрбие жұмысын жетілдіру, нақты оқушыны білім, тәрбие алу және даму деңгейіне жеткізу
Әдістемелік жұмыс – педагог кадрлардың ғылыми - ілімдік, кәсіптік, әдістемелік, мәдени деңгейін сапалы көтеру бойынша ұжымдық, топтық, жеке жұмыстар жүйесін қосатын кешенді және шығармашылық даму үрдісі. Ол – оқу - тәрбие жұмысын басқару, мұғалімдерді жоғары әдістемелік мәдени рухта тәрбиелеу және өз еңбегінің сапасы мен нәтижесінде талап қоя білудің маңызды бағыты – оқыту тәжірибесінде ұтымды, тиімді әдістерді шығармашылықпен игеру, бұл оқушылардың танымдық, ойлау қызметін жандандырып, терең, берік білімді, іскерлік пен дағдыны қалыптастыратын болады.
Мектептегі мұғалімдермен жүргізілетін әдістемелік жұмыстар
Мектептегі әдістемелік жұмыс – өзінің ғылыми - теориялық және әдістемелік дайындығы мен кәсіби шеберлігін арттыру мақсатында мұғалімдердің жүйелі түрде жүргізетін ұжымдық және жеке іс - әрекеттері.
Әдістемелік жұмыстың мақсаты: педагогтардың кәсіби шеберлігін жетілдіру.
Әдістемелік жұмыстың міндеттері:
1. Мұғалімдерге оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудің және дамытудың қағидалары мен әдістемелік тәсілдерін жүзеге асыруға көмек беру.
2. Мұғалімдерді педагогикалық бағыттағы шығармашылық ізденіске тарту.
Әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру формалары: педагогикалық кеңестер, әдістемелік кеңестер, әдістемелік бірлестіктер, проблемалық шығармашылық топтар, ғылыми - практикалық конференциялар, педагогикалық оқулар, шығармашылық есептер, теориялық семинарлар мен семинар - практикумдар, озат тәжірибе мектебі, жас мамандар мектебі.
Топтық жұмыс ұтымды, тиімді болу үшін белгіленген тапсырмалар мен топтың қызметі стратегиялық тұрғыдан дұрыс құрылуы тиіс, олар топта тиімді жұмыс істеуге ынталандырып/қамтамасыз етіп, жоғары деңгейдегі оқытуды, ойлауды және түсінуді дамыту үшін қолданылады
Топтық жұмыс жеке шешуге болатын тапсырмаларды емес, анағұрлым күрделі тапсырмаларды шешуді көздейді. Кез келген команда барлық мүшелері білетін және түсінетін жалпы ережелерді
Топтар түрлі тәсілдермен құрылуы мүмкін. Кей кездері мұғалімдер (және оқушылар) әріптестерінен (немесе достарынан) бірге жұмыс істеуін өтінеді, басқа жағдайларда кездейсоқ іріктеп алынған топтар құрастырылады. Ал кейде топтар жекелеген мүшелердің нақты бір мықты қасиеттеріне қарай құрылады. Топтың қандай тәсілмен құрылғанына қарамастан, жаңадан құрылған кез келген топқа бір-бірімен жұмыс істеу сипатына, дағдылары мен стиліне икемделіп, бейімделуге уақыт талап етіледі. Табысты топтар осы айырмашылықтардың артықшылығын пайдалануды, оларды бастапқы кезеңде анықтауға және тиісінше топтың қызметін ұйымдастыруды бірден үйренед