Баяндама тезисін ресімдеуге қойылатын талаптар

Конференцияға сырттай қатысуға болмайды.

Баяндама тезистері мен толтырылған өтінімдер қағаз жүзінде және СD-дисктеұсынылады. Тезис және өтінім файлдарының атаулары автордың тегімен аталып, оның алдынан секцияның номері қойылады. Мысалы, 19 «Физика» секциясына қатысатын тегі Елікбаев деген автор өз файлдарын: 19-Елікбаев-тезис және 19-Елікбаев-өтінім деп атайды.

Басқа қалалардан қатысатындар өз өтінімдері мен баяндама тезистерін Ұйымдастыру комитетіне электронды пошта бойынша бір хабарламамен жібере алады («Хабарлама тақырыбында» – «Кіші ғылым академиясының конференциясына ___ (қатысушының тегі)___». «Хабарлама тақырыбын» орыс тілінде толтыруыңызды сұраймыз, өйткені пошталық бағдарламалар қазақ тілі қаріптерін танымайды да хабарлама бұрмаланған түрде келеді.

Бірнеше баяндамалар мен тіркеу нысандарын бір CD-дискіге жазуға және электронды пошта арқылы бір файлмен жіберуге рұқсат етілмейді.

Атысу өтінімінде және баяндамалар тезистерінде бір ғана баяндамашы (бірлескен авторлық рұқсат етілмейді) және бір жетекші көрсетіледі. Секцияда баяндама жасау үшін бір автордан бір ғана тезис қабылданады.

Ұйымдастыру комитеті баяндама тезистері материалдарын электронды жинаққа жарияламау құқығын сақтайды.

Баяндама тезистерін қарастыру нәтижелері бойынша қатысушыны конференция бағдарламасына енгізу туралы шешім шығарылады.

Павлодар қаласында тұратын конференция қатысушылары өтінім мен тезистерін тиісті секция хатшысының өзіне тапсырады.

Конференция жұмысының басталуына дейін баяндамалар тезистерінің жинағы электронды форматта СD - дискіде шығарылады.

Конференцияға қатысу – тегін. Конференция тезистерінің материалдары жинағын аламын деген қатысушылар 850 теңге төлеп, ол туралы қатысу өтінімінің 8-тармағында көрсетеді. Секция хатшысы баяндаманың конференция бағдарламасына қосылғандығын растағаннан кейін 7 (жеті) күнтізбелік күн ішінде төлемақы жасалу керек.

Төлемақы университет кассасына немесе есеп айырысу шотына төленеді. Төлеу түбіртегінде «ҚР КҒА конференциясы жинағы үшін __Тегі, аты, әкесінің аты__» қатысушыдан деп көрсетілу қажет. Жинақ үшін төлемақы туралы құжатта конференцияға баяндамамен қатысушының өзі емес, оның ғылыми жетекшісі немесе туысы төлеген жағдайда да қатысушының тегі, аты, әкесінің аты міндетті түрде көрсетілуі керек.

Жинақ үшін төлем жасалғаннан кейін төлемақы туралы құжаттың көшірмесі секция хатшысына беріледі, ал басқа қалалардан қатысатындар түбіртектіJPEG (jpg) немесе pdf форматында сканерленген түрінде электронды пошта арқылы мына секцияның мекенжайына жібереді. Түбіртектің сканерленген суреті бар файлдың атауында «Секция номері», «Тегі» және «түбіртек» сөзі болу керек, мысалы, 19 «Физика» секциясына өтінім берген қатысушы Елікбаев үшін файл атауы былай болады: 19-Елікбаев-түбіртек.

Қатысушылар жол, тұру және тамақтану шығындарын өздері төлейді.

Қатысушылардың Ұйымдастыру комитеті жариялауға ұсынған баяндама тезистері конференция жұмысы аяқталғаннан кейін 30 күн өткен соң ИнЕУ веб-сайтының «Ғылым» бөлімінде (URL: http://ineu.edu.kz/nauka/konferentsii) орналастырылады.

Секцияда баяндама жасау туралы барлық сұрақтар бойынша қатысушылар тікелей секция хатшысына хабарласады.

Баяндама тезисін ресімдеуге қойылатын талаптар

Баяндама мәтіні және тіркеу формасы компьютерде .doc (Microsoft Word 97/2000(XP/2003) қаріптер: Times New Roman, жолдар аралығы - жалқы, символ мөлшері – 12 pt, барлық жиектері – 20 мм форматында жолдардың ені теңестіріліп, автоматты тасымалдауды орнатпай терілуі керек. Парақ бағытталуы - «кітаптық (книжная)» (кестелер мен суреттерді қоса) болу керек. CD-дискіге жазылады. Парақтар толық. Пайдаланылған дереккөздер тізімі қажеттілігіне қарай келтіріледі.

БАЯНДАМА ТЕЗИСТЕРІН РЕСІМДЕУ ҮЛГІСІ

ШЕТЕЛ ТІЛІН ОҚЫТУДАҒЫ КОММУНИКАТИВТІ ТАКТИКАЛАРДЫҢ РӨЛІ   А.Б. Еликбаев, Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті, ИН -01 тобы Ғылыми жетекші - Н.Ж. Олжабаев, филол. ғ. к., доцент   Баяндама тезистерінің мәтіні (символ мөлшері - 12 pt)   (көлемі – бір немесе екі толық бет)

Төлемақы жасауға қажетті реквизиттер:

ЖЖК (ИИК) (есеп айырысу шоты) KZ246010241000003340, БЕК (КБЕ) 17, ТТК (КНП) 861,

«Қазақстан Халық банкі» АҚ, БЖК (БИК) HSBKKZKX,

БЖН (БИН) 070740000364

Наши рекомендации