Ерекше білім алу қажеттіліктері бар балалардың ата-аналарына арналған тренингтер жүргізу
Тренингмақсаты: дамуында ақауы бар балалар отбасында жағымды психоэмоционалды климат құру, ата-аналар санасына жағымды бағыттар қалыптастыру.
Міндеттері:
- Ата-аналар – балалар өзара қарым-қатынасын реконструкциялау; ерлі-зайыптар және отбасы ішінде қатынасты оптимизациялау.
- Қоршаған ортамен адекватты сөйлеу дағдысын қалыптастыру.
Топтағы жұмыс ережелері:
1) Қарым-қатынастың сенімді стилі; Басқаларға өзі туралы әңгімелеу және одан да соны күту.
2) Қарым-қатынаста шынайлылық. Егер шынайлылық болмаса, онда біз әңгімелесе алмаймыз.
3) Топта болған жайттардың барлығын құпия сақтау. Топта болған жайттарды ешкім жария ете алмайды. Кез келген адам жеке басының құпиясы топта қалатынына сенімді болуы керек.
4) Топ әрбіреуіне қолдау көрсетеді (кеңес, тыңдау мүмкіндігі, мейірімді сөздер).
Біздің сабағымыздың талқыланып жатқан отбасы мәселесі болып табылады, яғни ерекше білім беруді қажет ететін балалар тәрбиеленетін отбасы.
№1 сабақ
Жаттығу
Сәлемдесу.
Психолог топта сабақтың басталуымен барлық қатысушылармен жігерлене сәлемдеседі: «Сәлеметсіңдер ме! Сіздерді көріп тұрғаныма өте қуаныштымын, сонымен қатар осы жерде барлығымыз кездескенімізге де қуаныштымын. Ал сіздер ше? Сіздер қандай сезімдесіздер? Бөлісіңіздер?».
Психолог әрбір қатысушылардың әсер алғанын анықтайды, ата-аналардың алғашқы жайсыз белгілерінен арылтуға тырысады. «Сізге жағдайдың ғажайыптылығы әсер ете ме? Сіз осы кезде нені сезініп отырсыз?».
Психолог бәріне шеңбер болып тұруын ұсынады. Психолог шеңберде тұрып қатысушылар бір-бірімен танысуын ұсынады: «Әрбіреулеріңіз өздеріңізді одан өзіңіз ләззат ала алатын етіп таныстыруларыңызды өтінемін». Қатысушылар өздерінің шеңбердегі көршілерімен сәлемдеседі және олардан да мейірімді алғыс сөздерін естиді.
МЕНІҢ ӘСЕРІМ» ойыны
Психолог:
Шеңберде болып, көршілеріңізбен қол ұстасып тұрыңыз. Көздеріңізді жұмыңыздар. Тек өздеріңіздің сезімдеріңізге тоқталыңыздар. Қолыңыздың көмегімен (дене контактісі) өз жылуыңызбен оң жағыңыздағы көршіңізге қолдау көрсетіңіз. Бір уақытта сол жақтағы көршіңіздің берген әсерін сезінуге тырысыңыз.
Жаттығуды жүргізгеннен кейін психолог әрбір қатысушыдан өзінің сезімі туралы айтуды және бағалауды өтінеді. Сабақ үдерісі кезінде психолог үнемі әрбір қатысушыдан өзінің сезімі туралы еркін айтуды және сондай-ақ ата-аналар өз сезімін «тыңдауды» және психологиялық өзін қорғаудың әртүрлі механизмдерінен оларды «босатуды» үйретеді.
СЕРІКТЕСІҢ ҚАНДАЙ ЕКЕНІН БАҒАЛАУ?» ойыны
Психолог:
«Тағы да шеңбер болып тұрыңыздар. Көздеріңізді жұмыңыздар. Енді оң жақтағы серіктесіңізді мақсатқа бағытталғанын сезініңіз. Олар туралы әңгімелеп беріңіз. Шеңберде орындарыңызды ауыстырыңыздар. Осы жасағаныңызды тағы бір рет қайталаңыз. Тағы да сезіміңізді анықтап, оларды айтып беріңіз. Серіктесіңізден жағымды қасиеттерін сезінуді тырысыңыз, оларды қолдаңыз».
Ойын аяқталғаннан кейін тағы да әрбір қатысушыға әр түрлі серіктестерден алынған сезімдердің бағалауын анықтау мақсатында сауалнама жүргізіледі. Психологтың осы кезеңдегі негізгі міндеті серіктесінен жағымды қасиеттері мен сапасын көбірек көру, байқау.
Негізгі бөлім.
А). Психологтың топқа жұмыс ережелерімен таныстыру. Топтағы әрбір қатысушының барлық ережелерді орындау қажеттілігін талқылау және түсіндіру. Барлық топтағылар үшін ережені көрнекті жерге іліп қою.
Б). «Менің өмірлік жолым. Менің жетістіктерім және менің сәтсіздігім» тақырыпта сауалнама.
Топтағы қатысушыларға сауалнама бланкісін толтыруға таратады. Пихолог ата-аналарға жүргізіліп отырған тапсырманың мазмұнын әңгімелеп береді және оларға осы жұмысты орындауға кірісуді ұсынады. Біткеннен соң әрбір қатысушылардың жауабын толықтай талқылау өткізіледі. Осы сауалнаманы жүргізу өте маңызды, өйткені тек топ қатысушыларының бір-бірімен танысу кезеңінің жалғасы ғана емес, сонымен бірге бір уақытта өткізілген тренингтің мақсатын түсіну болып табылады.
Осы жағдайда, егер ата-ана өзінің сәтсіздік кезеңі науқас баланы дүниеге әкелу деп атаса, психолог оған қарсы аргумент табуы қажет, себебі осы айтқанын сенімсіздігін жалғандығын әшкерелеу немесе ұшырату.
Аутотренинг
Психолог жаңа сабақ кезеңін атайды және қатысушыларды оның мақсаты және мазмұнымен таныстырады. Сосын барлығына ыңғайланып отырып, көздерін жұмуды ұсынады. Мәтінді оқи отырып, психолог дауыс ырғағын өзгертеді. Ол иландыру реңктеріне ие болады.
«Ыңғайлы орнығып отырыңыз. Өзіңізді толығымен еркін ұстаңыз. Тек менің дауысыма ғана көңіл бөліңіздер. Менің айтқанымды орындауға тырысыңыздар. Тек мені ғана тыңдаңыздар. Барлық мәселелеріңізден арылыңыздар. Бұл тек бірнеше минут қана, қорықпаңыздар. Бірнеше минуттан кейін, қайта соған ораласыздар. Бірақ қазір ол мәселелеріңіз жоқ. Тек сіз және біздің түйсінуіміз бар. Басымыз жеңілденді, ол ауырлық пен мәселелерден босатылды. Кеудеңізді еркін ұстаңыз, ол да жеңілденсін. Кеудеңіз жеңіл дем алғанын сезініңіз. Терең, еркін дем алыңыз (3 рет). Қолдарыңызды еркін ұстаңыз. Қолыңыздағы жеңілдікті сезініңіз. Қолдарыңыз жеңіл, шапшаң, күшті. Аяқтарыңызды еркіндігін сезініңіз. Аяқтарыңыздың барлық ауырлығы мен шаршағаны төменге түсті, еденге, жерге кетті. Аяқтарыңыз жеңіл, тез, шапшаң. Терең, еркін тыныс алыңыз (3 рет)». Сіз жеңіл, шапшаң және күшті (3 рет) сезінесіз. Сіздің денеңіз жеңіл, шапшаң, күшті (3 рет). Сіз дем алдыңыз. Көздеріңізді ашыңыздар. Өзіңізді қалай сезіндіңіздер?».